Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет234/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   258
Дене салмағы жəне спорт
Адамның дене салмағы оның бойына, жасына, жыныс 
ерекшелігіне жəне денсаулығына байланысты екендігі белгілі. 
Артық салмақ денсаулыққа зиян. Бұл қан қысымын жоғарылатуға, 
жүрек сал ауруларына, бүйрек, өт жолдарында тас пайда болуы-
на, қант диабетіне (сусамыр), аяқ-қол артритіне, буындар, əсіресе, 
тізе ауруына, аяқтың қан тамырлары сыздауына, тромбоз пайда 
болуына, дененің əртүрлі жерлеріне май жиналуына, денедегі зат 
алмасудың өзгерістеріне жəне басқа да сырқаттарға шалдықтыруға 
əкеп соқтыруы мүмкін. Н. Приходько, М. Лукьяненко зерттеулерінде 
ер адамның салмағы 13%-ға артқанда оның өмірі 10% қысқаратыны, 
20%-ға артқанда 25%, 30%-ға артқанда 42% қысқаратыны 
анықталған. 
Спортпен шұғылдануға қолайлы қажетті дене салмағы 
Қазіргі кезде антропометриялық көрсеткіштерді пайдалана оты-
рып, қалыпты массаны анықтау үшін көптеген төмендегідей индекс-
тер қолданылады. Мұндай индекстер анатомиялық-физиологиялық 
негізделмегендіктен көбіне олар халықты жаппай тексеру кезінде, 
секцияларға сұрыптау, т.б. жағдайларда қолданысқа ие.
Брок-Бругш индексі 
Қалыпты салмақ = (бой ұзындығы (см) – 100) – 10.
Мұнда бойға байланысты алынатын мəн төмендегідей болады:
155-165 см бойлы адамдар – 100,
166-175 см бойлы адамдар – 105,
175 см жоғары бойлы адамдар – 110.


467
Брейтман индексі. Қалыпты салмақ = бой ұзындығы (см)*0,7 – 
50 кг.
Давенпорт индексі. Салмақ (г) квадратталған бой ұзындығына 
бөлінеді (см). Мəні 3,0-ден жоғары шықса, салмағыңыз артық екенін 
көрсетеді.
Ноорден индексі. Қалыпты салмақ бой ұзындығы (см)*420/1000.
Татон индексі. Қалыпты салмақ = бой ұзындығы-(100+(бой 
ұзындығы-100)/20)
Жоғарыдағы индекстердің арасында дене массасының индексі 
(Кетле индексі) – адамның дене массасының бойына шаққандағы 
шама кең қолданылады. Дене массасының индексі мына формула 
бойынша анықталады: 
I=m/h
2
мұндағы:
m – дене массасы, кг;
h – бой ұзындығы, м.
Бұл шаманы 1869 жылы бельгиялық социолог жəне статистик 
Адольфом Кетле ойлап тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау 
ұйымы дене массасының индексінің мынандай түсініктемесін 
ұсынып отыр(35-кесте).
35-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет