Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет237/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   258
78-суретДене құрамының 4 моделі:
1 – химиялық;
2 – анатомиялық;
3 – Бенке компоненті;
4 – компоненттік (Уилмор бойынша, 1992).
Спортшының дене құрамы дене мөлшеріне қарағанда оның 
мүмкіндігі туралы барынша нақтырақ ақпарат береді. Спортшының 
артық салмағы аса проблема тудырмайды, ал организмдегі 
майдың тым көп мөлшері көбіне, спорттық нəтижелерге теріс 
ықпалын тидіріп жатады. Жоғарыда атап өтілген бой мен салмақ 
бойынша есептелетін стандартты индекстер онда дене құрамы 
ескерілмегендіктен, оптималды масса туралы толық мəлімет беруге 
жеткіліксіз болып табылады. Мəселен, стандартқа сай спортшының 
артық салмағы болса да, оның организмінде майдың өте аз мөлшері 
ғана болуы да ықтимал. 
Денситометрия əдісі арқылы спортшының дене тығыздығын (D) 
есептеуге болады. Дене тығыздығын (D) дене салмағын (массасын) 
дене көлеміне бөлу арқылы анықтайды: D=M
дене
/V
дене
.


471
Мұндағы дене көлемін анықтау үшін түрлі əдістер, көбіне, 
спортшыны суға толық батырып анықталатын гидростатикалық 
өлшеулер қолданылады. Ол кəдімгі жағдайда өлшенген салмақ пен 
судың астындағы дене массасы арасындағы айырмашылық пен су 
тығыздығын ескере отырып есептеледі. Дене массасының таза 
тығыздығына жас, жыныс жəне нəсіл ықпал етеді. 
Денситометриядан басқа көптеген зертханалық: радиография-
лық, магнитті резонанс, гидрометрия (организмдегі судың жалпы 
мөлшерін өлшеу), фотондық абсорбциометрия жəне т.б күрделі 
əрі қымбат құрал-жабдықты қажет ететін əдістер де бар. Денсито-
метрия, радиографиялық əдістер дене құрамын, яғни организмдегі 
майдың салыстырмалы мөлшерін, дененің таза жəне май массасын 
нақты анықтауға мүмкіндік береді. Май қатпарлары қалыңдығын 
анықтау əдісі де дене құрамын дəл анықтай алады. 
Сонымен, спортшының бойы мен салмағынан гөрі дене құрамын 
білу арқылы оның спорттық мүмкіндіктерін дұрыс болжауға бола-
ды. Организмдегі майдың аса көп болуы спорт түрлерінде бұлшық 
ет қызметінің төмен деңгейімен байланысты. Майдың айтарлықтай 
көп мөлшері жылдамдық, төзімділік, координация, қозғалмалылық 
жəне секіру қабілеттеріне теріс ықпал етеді. Сайып келгенде, орга-
низмде майдың мөлшері неғұрлым аз болса, соғұрлым бұлшық ет 
қызметі де жоғары келеді. Алайда, бұл тұжырым ауыр салмақты-
штангашылар (зілтеміршілер), сумо күресімен шұғылданатындар 
мен жүзгіштерге қатысты емес. Организмдегі май мөлшері дене мас-
сасына қарағанда бұлшық ет қызметі деңгейіне көп дəрежеде ықпал 
етеді.
Көптеген спорт түрлерінде дене салмағының стандартты 
нормалары қалыптасқан. Спортшылар мен жаттықтырушылар 
спортта жетістіктерге жетудің жолдарын үнемі іздеп келеді. 1940 
жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың бас кезінде бірнеше штан-
гашылар мен культуризммен айналысушыларға жүргізген экспери-
менттер нəтижелері жарық көргеннен соң анаболикалық стероидтар 
көп қолданыла бастаған. Қазіргі таңда бұл спорт əлеміндегі нөмір 
бірінші проблема болып табылады. Бұл салмақ түсіруге де қатысты. 
Дене салмағын айтарлықтай азайту дегидратация (сусыздану), со-
зылмалы қажу, асқорыту бұзылулары, етеккір қызметінің бұзылуы 
мен сүйектердегі минералдық заттар мөлшерінің ауытқуы тəріздес 
денсаулыққа залал келтіруі мүмкін. Көбіне, дене массасын елеулі 


472
төмендету кезінде байқалатын созылмалы қажу белгілері шама-
дан тыс шыныққандық жағдайында байқалатын белгілермен ұқсас 
келеді. Қажудың туындауына организмдегі тіршілікке қажетті заттар 
қорының түгесілуі себепші болады. 
Дене салмағының стандартты нормалары жалпы дене масса-
сына емес, дене құрамына, атап айтқанда, организмдегі майдың 
салыстырмалы мөлшеріне негізделуі тиіс. Əрбір спорт түріне 
организмнің жеке дара ерекшеліктерін, əдіснамалық терістігін жəне 
жыныс айырмашылықтарын ескере отырып, дене салмағы бойынша 
стандартты нормалар жасалуы тиіс. 
Дене салмағын оңтайлы түсірудің ең дұрыс жолы тамақты 
шектеп пайдаланумен қоса қозғалыс белсенділігін жоғарылату бо-
лып табылады. Адамның тəбеті организмнің калория тұтынуымен 
анықталады. Американдық ғалым Уилмор бойынша егер адам 
үйреншікті қимыл белсенділігінің деңгейін сақтай отырып, күніне 
небəрі 100 ккал (май жағылған бір тілім нан) төмендетсе, онда дене 
массасын жылына 4,5 кг-ға жуық түсіре алады. Ал егер осыған ап-
тасына 3 рет жортақтап жүгіру арқылы қимыл белсенділігі деңгейін 
арттыра отырып, аптасына 0,1-0,2 кг салмақ жоғалтуды «қоссақ», 
онда 1 жылда дене массасы 10-16 кг дейін азаяды. Жəне бұл 
организмдегі май қорының төмендеуі есебінен орын алады. 
Егер спортшы шұғылданатын спорт түрі бойынша ұсынылған 
масса диапазонының жоғары шегінен асып кетсе, салмақ тастау 
аптасына 1 кг-ға жетер-жетпес ғана болу керек. Таза дене массасы 
есебінен жүретін болғандықтан дене салмағын көп жоғалтпау керек. 
Масса диапазонының жоғары шегіне жеткен кейінгі одан əрі салмақ 
түсіру жаттықтырушы немесе команда дəрігерінің бақылауымен 
ғана іске асырылуы тиіс. Сондай-ақ бұлшық ет қызметіне теріс əсер 
етудің алдын алу мақсатында салмақ жоғалту дəрежесі аптасына 
0,5 кг-нан да кем болуы қажет. Егер аталмыш дене массасын 
төмендету дəрежесі бұлшық ет қызметінің деңгейіне ықпал етсе 
немесе қандай да бір организм қызметінің бұзылу белгілері пай-
да болса, онда дене массасын азайтудың қарқындылығын одан да 
бəсеңдеткен абзал. 
Тамақ калориясын күніне 200-500 ккал төмендету, бұл 
əсіресе, дене жаттығулары бағдарламаларымен қатар жүрсе, дене 
салмағының аптасына 0,5 кг азаюына əкеледі. Бұл белгілі бір 
мерзімде дене массасының айтарлықтай төмендеуіне əкелетін шы-


473
найы дұрыс жол. Сондай-ақ спортшы күніне 3 рет ас қабылдау ке-
рек. Көптеген спортшылар таңғы, сəскелік, т.б. астардан бас тартып
түскі аста солардың «есесін қайтарып» қателікке бой ұрындырады. 
Жануарларға жүргізілген тəжірибелер тамақтың калориясы бірдей 
болса да, оны күніне 1-2 рет жеген жануарлардың күні бойы асты 
пайдалану үдерісін созып отырғандарға қарағанда дене массасының 
айтарлықтай артқанын көрсеткен. 
Дене массасын төмендету бағдарламасының мақсаты – таза 
дене салмағын емес, май массасын азайту. Үнемі орындалған дене 
жаттығулары таза дене салмағының артуына, ал майдың кемуіне 
əкеледі. Өзгерістер дəрежесі дене жүктемелерінің түріне байланысты 
ауытқып отырады. Дене жаттығулары арқылы дене құрамын елеулі 
шамада өзгертуге болады. Күштік жаттығуларды орындау таза дене 
массасын артуын қамтамасыз етсе, ал оларды циклдік сипаттағы 
жүктемелермен қатар орындау организмдегі май мөлшерін барынша 
азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен, спортшы ден салмағын түсіру үшін тамақтану 
рационының калориясын шамалап шектей отырып, аса жоғары 
емес қарқындылықты күштік жəне циклдік жаттығуларды орын-
дау керек. Тамақтану рационы спортшы организмін дəрумендер 
мен минералдық заттармен толық қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. 
Егер тамақтану рационында құнарлы заттардың мөлшері аз болса 
ғана мультидəрумендерді пайдалануға болады. Алайда, 5-тарауда 
атап өтілгендей дəрігердің нұсқауынсыз, өз еркімен дəрумендерді 
көп қабылдау зат алмасу үдерістерінің бұзылуларына əкелетіндігін 
ескерген жөн. Мəселен, дəрумендерді артық қабылдаудан организм-
де субстраттық ферменттер өндірілетіндіктен, олар дəрумендердің 
артық мөлшерін катализдеп, гиповитаминозға əкеледі.
Қорытындылай келе, дене салмағы қалыптан жоғары болған 
жағдайларда таза дене салмағын сақтау үшін аптасына біртіндеп 1 кг-
ға жуық мөлшерден артық салмақ жоғалтуға болмайды. Ең оңтайлы 
əдіс – күштік жəне циклдік сипаттағы дене жүктемелерін қолдана 
отырып, күнделікті тағам калориясын 200-500 ккал төмендету. 


474


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет