Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Əртүрлі жастағы тұлғаларға арналған дене жүктемесінің оп-



Pdf көрінісі
бет233/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   258
Əртүрлі жастағы тұлғаларға арналған дене жүктемесінің оп-
тималды көлемі
Жас, жылмен
Аптасына сағат 
саны
6-8
13-14
9-12
12-13
13-15
11-12
16-20
8-9
24-30
7-8
30-60
5-6
60-тан жоғары
8-10
Организмнің қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылатуға əкелетін 
жүктеменің минималды қарқындылығы анықталған. Оны 220-
дан адам жасын шегеру арқылы анықталған максималды ЖЖЖ 
(екп/мин) мөлшері арқылы есептейді. Максималды ЖЖЖ 
(ЖЖЖ
макс
) анықтаудың қарапайым ережесі ретінде мына формула 
қолданылатындығы бізге өткен тараулардан таныс: ЖЖЖ
макс
=220-
жас (жылмен). Оптималды дене жүктемесі ЖЖЖ максималды 
ЖЖЖ-нің 65-85%-ға тең болғанда орындалады. 
Демек, 20 жастағы жас адам үшін (оның ЖЖЖ
макс
(220-20) 200 
екп/мин) ЖЖЖ 130-170 екп/мин. диапазоны кезінде орындалған 
жүктеме оптималды болып табылады, ал 60 жастағы егде адамға 
(ЖЖЖ
макс
220-60=160 екп/мин) оптимум жүктеме ЖЖЖ 104-136 
екп/мин. диапазонына сəйкес келеді. 
Барлық ресейлік жəне шетелдік ғалымдар бірлесе ересек дені 
сау тұлғалардың кардиореспираторлық қызметтерін, дене құрамын 
(денедегі бұлшық ет массасы, май массасы жəне су арақатынасын), 
бұлшық ет күші мен төзімділіктерін қажетті деңгейде ұстап тұру 
мен оларды дамыту мақсатында жаттығу жүктемелерінің мөлшері 
бойынша жалпы ұсыныстар енгізген. 
1. Жаттығу сабақтарының жиілігі – аптасына 3-5 күн.
2. Жұмыс қарқындылығы ЖЖЖ
макс
-нің 65-85%-ы немесе ОМП-
дың 50-85%-ы.


464
3. Сабақтың ұзақтығы – қарқындылығына байланысты үздіксіз 
аэробты жұмыс 20-60 минут (ЖЖЖ 90-100%-ға дейін 1-2 мин. бо-
йына жүктеменің «шыңына» 2-3 рет жетуге рұқсат етіледі).
4. Жаттығу түрі – ырғақтық жəне аэробты жұмыстар кезіндегі 
көптеген бұлшық ет топтары қатысатын кез келген жаттығулар. 
Мысалы, жүгіру, жортақтап жүгіру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, 
жүзу, ескек есу, би, ойындар. 
5. Орташа қарқындылықты жаттығулардың организмнің ана-
эробты мүмкіндіктерін сақтау үшін, майсыз салмақ пен сүйек 
беріктілігін ұстап тұру жəне дамыту үшін əсері мол. Үлкен бұлшық 
ет топтарына жасалатын 8-10 жаттығулар аз дегенде аптасына 2 күн 
болуы тиіс. 
Ұсынылған қимыл режимі дене жұмыс қабілеттілігін, дене 
құрамы (денедегі бұлшық ет, май массалары мен су арақатынасы) мен 
денсаулықты оптималды деңгейде ұстап тұруға, тыныштықта ЖЖЖ 
төмендеуіне, организмнің аэробты жəне анаэробты мүмкіндіктерінің 
жоғарылауына, қажудың азаюы мен қалпына келу үдерістерінің 
жылдамдауына əкеледі.
Тəуліктік энергия жоғалту 1200 ккал-дан аз болмағанда оптимал-
ды салмақ жоғалту аптасына 1 кг-нан көп болмайды. 
Сауықтыру дене шынықтыру жаттығулары кезіндегі энергия 
шығыны туралы толығымен жоғарыда айтылып өткен болатын (32-, 
33-кестелерді қараңыз). 
Ересек дені сау адамға арналған оптималды қимыл белсенділігін 
анықтау үшін аяқ адымы (қадамы) санының тəуліктік көрсеткішін 
қолдануға болады. Мысалы, 1 күнде 10000 адым тəулігіне 2200-
2400 ккал энергия жұмсаудың орташа деңгейін қамтамасыз етеді, 
мұнда 1700 ккал негізгі алмасу, 500-700 ккал бұлшық ет жұмысына 
жұмсалады. Халықтың əртүрлі контингенттері қимыл белсенділігін 
зерттеу тəжірибелері кемел жаста адамдар орта есеппен, 10-15 мың 
адым, ал егде жаста 6-8 мың адым жасайтындықтарын көрсетеді. 
Мектеп жасына дейінгі жəне төменгі мектеп жасындағы балалардың 
қозғалғыштығы өте жоғары. Мектеп жасына дейінгі балалардың қыс 
мезгілінде 1 күнде жүріп өткен адым саны 3-4 жастағы қыздарда 11,2 
мың жəне ұлдарда 11,9 мың болады, ал 5 жаста қыздарда 12 мың 
жəне ұлдарда 13,5 мың, 6-7 жаста қыздарда 13,6 мың жəне ұлдарда 
15,0 мың, 8 жаста қыздарда 16,2 мың (22 мыңға дейін) жəне ұлдарда 
18,1 мың (24 мыңға дейін) болады. Алайда осы қозғалғыштықтың 


465
деңгейі əрқашан жүзеге аса бермейді. Балабақшаларда, əсіресе, 
мектептерде балалар мен жасөспірімдердің қимыл белсенділігінің 
айтарлықтай тапшылығын сезінуі аурулардың артуына, семіздікке, 
жалпақ табандылыққа жəне т.б. денсаулық күйінің ауытқуларына 
əкеп соғады. 
Аталмыш ауытқулардың алдын алу мақсатында қолданылатын 
дене жаттығуларының организмдегі қан айналысын жақсартып
жұмысқа қабілеттілікті арттыратыны белгілі. Алайда, балалардың 
жүйке жүйесінің қозуы тежелуінен басымырақ болғандықтан, 
дене жаттығулары мен спорт ойындары кезінде олар тез шар-
шайды, ынтасы мен зейіні төмендейді, көңіл-күйі тұрақсыз бо-
лады. Сондықтан бұлшық еттерді біркелкі дамыту, шаршатпай, 
олардың күрделі қимылдарын арттыру үшін дене шынықтыру
балалардың жасына лайықталуы тиіс. Бұл жағынан мектептегі дене 
шынықтыру сабақтарына осы күнге дейін жеткілікті дəрежеде 
мəн берілмейтіндіктен, көпшілік жағдайларда сабақ оқушылардың 
өзін-өзі дамытуға емес, қалыптасқан талаптарды орындауға 
бағытталғандықтан біржақты өтеді де, балалардың қанағаттанба-
уына есірткі қабылдауға немесе басқаша қоғам талаптарына сай 
келмейтін қызығушылықтардың пайда болуына себепші болып
денсаулықты нығайтудың орнына ауру тудырады. 
Организмнің 
қызметтік 
мүмкіндіктерін 
жоғарылатуға, 
денсаулықты сақтауға, кəсіби психика-физиологиялық ерекшелік-
терінің, дене сапасының дамуына жəне қимыл дағдыларының 
қалыптасуына кəсіби-қолданбалы дене дайындығы ықпал етеді. 
Дене тəрбиесі арқылы жұмысшы халықтың кəсіби қызметке, əскери 
еңбекке бейімделуі міндеттері шешіледі. Мысалы, жүзу, акробати-
ка, гимнастика, спорттық ойындар көмегімен адамның тепе-теңдік 
қасиетін жоғарылатудың ұшқыштар, ғарышкерлер үшін маңызы зор. 
Ситуациялық спорт түрлері арқылы дамитын реакция шапшаңдығы, 
жоғары сезім мүшелерінің дəйектігі, ақпараттың қайта өңдеу 
жылдамдығы оператор, радиотелеграфист, машинист мамандары, ал 
күш пен төзімділік дамуының жоғары деңгейі геологтар үшін қажет. 
Дене шынықтыру мəселелері елдің, халықтың əлеуметтік 
жағдайларына байланысты. Дене тəрбиесі гигиенасын, жағдайларын, 
əсерін, дене шынықтырумен айналыса білуді балалар мен жастардың 
санасына жеткізу ата-аналардың, тəрбиешілер мен мұғалім-
ұстаздардың басты міндеті. Жаттығулар мен спорт ойындарын жасқа 


466
сай шектеп, дұрыс жағдай тудыру мектепке дейінгі жəне мектептер 
мен жоғары білім беру мекемелеріндегі тəрбие бағдарламасының 
негізі болуы тиіс. Жалпы алғанда, дене шынықтыру денсаулықтың 
əлеуметтік көрсеткіші екенін естен шығармау керек. Оны елдің, 
халықтың мəдениет көрсеткішінің материялық негізі, өмір 
салтының экономикалық, əлеуметтік-психикалық көрсеткіші деп 
қараған жөн. Қазақстан мектептерінде дене тəрбиесі сабағы апта-
сына 3 сағат өткізілетін болуы – жоғарыда айтылып өткен көптеген 
ауытқулардың, гиподинамияның алдын алу, салауатты өмір салтын 
насихаттау мақсатында атқарылған шаралардың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет