Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75


Оқытуда баланың өз нәтижелерін өзіндік бақылауы



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Оқытуда баланың өз нәтижелерін өзіндік бақылауы
Процесті және кез келген іс-әрекетті бағалауға үйрету керек. Балалар 
өздерін  бағалауды  үлкендердің  өз  әрекеттерін  бағалау  тәжірибесінен 
үйренеді.  Балалар  өз  нәтижелерін  үлгімен,  іс-әрекетке  талаптармен, 
басқа  балалардың  іс-әрекет  өнімдерімен  салыстыру  арқылы  өздерін 
бағалайды.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  көбінесе  материалдық 
көрініс беретін (сурет, қолдан жасалған заттар, құрастырылған заттар) 
өнімді іс-әрекет нәтижелерін бағалайды.
Оқыту нәтижелерін зерттеу процесінде педагог баланың білімдік, 
тәрбиелік  және  дамытушылық  міндеттерді  орындау  дәрежесін  ғана 
бағалап қоймайды, сонымен қатар өзінің дидактикалық сауаттылығын, 
оқыту  процесін  құру  сипатын,  оның  құрылымдық  компоненттерінің 
біріне-бірінің 
сәйкестігін, 
жасалған 
ұйымдастырушылық, 
психологиялық, педагогикалық жағдайларды да бағалайды.

112
Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар:
1.  «Заңдылық»,  «принцип»  ұғымдарының  мазмұнын  ашыңыздар. 
«Мектепке  дейінгі  оқыту  заңдылықтары  мен  принциптері»  деген  ке-
сте құрыңыздар. Кестеге олардың қысқаша мазмұнын жазып, олардың 
заңдылықтары  мен  принциптерінің  арасындағы  өзара  байланы-
сты  стрелкалар  арқылы  көрсетіңіздер.  Тапсырмаларды  орындағанда 
«Мектепке  дейінгі  педагогика»,  «Педагогика»  базалық  оқулықтарын 
пайдаланыңыздар. 
2. Мектепке дейін балаларды оқыту процесінің құрылымын схема 
түрінде бейнелеңіздер. Әрбір компонентті ашып көрсететін тірек жазу-
ларын жазыңыздар.
3.  Оқытуда  қайшылық  неге  қозғаушы  күш  болатындығын 
түсіндіріңіздер.  Бұл қайшылықтарды ашып көрсетіңіздер, практикалық 
мысалдар келтіріңіздер.
4.  Мектепке  дейін  балаларды  оқытудың  әрбір  кезеңіндегі 
педагогтың рөлін анықтаңыздар. Зерттеу нәтижелеріңізді көрнекі түрде 
көрсетіңіздер.  Тапсырманы  орындау  үшін  тақырып  бойынша  негізгі 
және қосымша әдебиетті пайдаланыңыздар.
5. Педагогикалық сөздіктерді пайдаланып, «даралап» оқыту және 
«саралап» оқытудың анықтамасын жазып алыңыздар. Мектепке дейінгі 
оқыту  процесінде  оларды  жүзеге  асыру  мүмкіндіктерін  көрсетіңіздер 
(тақырыпты және «Мектепке дейінгі педагогика» курсының қосымша 
тақырыптары  бойынша  өзіндік  жұмыстарды  орындауға  ұыныстарды 
қараңыздар).
Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. Тақырып бойынша соңғы бес жылдағы «Дошкольное воспита-
ние», «Управление ДОУ» журналдарының негізінде мақалалар библио-
графиясын құрыңыздар.
2. Қазіргі кезеңде мектепке дейін білім беру нәтижелері жөніндегі 
өз түсініктеріңізді кесте түрінде көрсетіңіздер.
3. «Мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесінің сапасы. Мектепке 
дейін білім беру сапасын арттыру жолдары» тақырыбына педагогикалық 
талапқа негізделген шағын конспект жазыңыздар.
Ұсынылатын әдебиет
1. Баранов С. П. Сущность процесса обучения. – М., 1981.
2. Буре Р. С. Когда обучение воспитывает. – СПб., 2002.

113
3. Воспитатели и дети: источники роста / Под ред. В. А. Петровского. 
– М., 1994.
4.  Груба  Г.  В.  Современные  тенденции  дошкольного  обучения// 
Современное образование ребенка дошкольного и младшего школьного 
возраста. – СПб., 1997.
5. Давидчук А. Н. Индивидуально-ориентированное обучение де-
тей. – М., 2000.
6. Доман Г. Дошкольное обучение ребенка. –М., 1995.
7. Дошкольник: обучение и развитие. – Ярославль, 2001.
8. Дидактика детского сада // Дошкольная педагогика В 2 ч./ Под 
ред. В. И. Логиновой, П. Г. Саморуковой. Ч.2.- М., 1988.
9. Обучение детей в дошкольных учреждениях села. / Под ред. А. 
С. Алексеевой. – М., 1990.
10. Обучение детей раннего и дошкольного возраста // Козлова С. 
А., Куликова Т. А. Дошкольная педагогика. – М., 2001.
11. Особенности обучения и воспитания дошкольника.- СПб., 1987.
12. Усова А. П. Обучение в детском саду. – М., 1981
8–7463

114
7-ТАРАУ
МЕКТЕП  ЖАСЫНА  ДЕЙІНГІ  БАЛАЛАРДЫҢ  ІС-ӘРЕКЕТІ 
РЕТІНДЕГІ ОЙЫННЫҢ МӘНІ
Жоспар
7.1 «Ойын» ұғымының мазмұны. Педагогика және психология са-
ласында балалар ойынын зерттеушілер. Балалар ойынының пайда бо-
луы.
7.2 Балалар ойынының ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі ба-
ланы дамыту, тәрбиелеу, оқытудағы ойынның маңызы.
7.3 Ойынның адамзат мәдениетінің феномені ретіндегі функцияла-
ры. Балалар ойындарын классификациясы.
7.4  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  ойын  іс-әрекетінің 
құрылымы, оның элементтерінің сипаттамасы.
7.5 Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібіндегі ойынның 
орны.
7.1 «Ойын» ұғымының мазмұны. Педагогика және психология 
саласында балалар ойынын зерттеушілер. Балалар ойынының 
пайда болуы
Ойын – күрделі әлеуметтік мәдени феномен, туғаннан бастап өмірінің 
соңына  дейін  бірге  жүретін  адамның  бөлінбес  өмірі,  -  деп  көрсетеді 
адам туралы әртүрлі ғылым саласындағы көптеген зерттеушілер (Н. П. 
Аникеева, Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин және т.б.).
Ойын  дегеніміз  не?  «Ойын»,  «ойын  әрекеті»  ұғымдарының 
мазмұнына анықтама өте көп.
Орыс  тілі  сөздігінде  «ойын»  сөзі  «белгілі  бір  ережелер,  тәсілдер 
жиынымен  және  бос  уақытты  өткізу,  көңіл  сергіту  үшін  жүргізілетін 
іс-әрекет» деп анықталған.
Психологиялық-педагогикалық  тұрғыда  «ойын»  дегеніміз  не? 
Педагогикалық энциклопедияда «Ойын – үлкендердің істерін, олардың 
арасындағы қарым-қатынастарын  қайталайтын балардың іс-әрекетінің 
бір түрі… дене, ақыл-ой және адамгершілік тәрбие құралдарының бірі» 
деп анықтама берілген.
Ойын өзін-өзі басқаруда қоғамдық тәжірибені меңгеру ситуацияла-
ры  жағдайындағы  іс-әрекет түрі ретінде қарастырылады.

115
Ерте уақыттан бері ойын адам өмірінің маңызды бөлігі болып сана-
лады. Ойынның шығу тарихы осы бағыттағы басты мәселелердің бірі.
Зигмунд  Фрейд  өзінің  психоаналитикалық  теориясында  ойынға 
көзқарасты  биологиялық  себептерге  (инстинкт,  қызығу)  байланысты, 
яғни  тұрақты,  тарихтан  тыс  сипаттағы  іс-әрекетке  көзқарас  ретінде 
көрсетеді.  Оның  теориясының  қандай  да  бір  дәрежеде  көптеген  
психологтарға (Коффка К., Левин К., Пиаже Ж. және т.б.) ықпалы бол-
ды.  Ол  қазір  де  жеткілікті  түрде  кеңінен  тараған.  Т.  А.  Куликованың 
пікірінше,  мұндай  көзқарастардың  жарамсыздығын  бала  ойында-
ры  дәлелдейді,  олар  өздерінің  мазмұндары  бойынша  тарихи  дәуірге 
ғана  тәуелді  емес,    бір  дәуірде  өмір  сүретін,  бірақ  әртүрлі  мәдени, 
экономикалық, географиялық жағдайларда тұратын  адамдарға да бай-
ланысты.
ХХ ғасырдың басында зерттеушілерде адамзат тарихында алғашқы 
болатын – еңбек пе немесе ойын ба? -  деген сұрақты шешуде ортақ 
пікір болған жоқ.  Ойын еңбектен бұрын пайда болған деген болжам-
дар айтылды. Ең алғаш бұған қарама-қарсы пікірмен, яғни «ойын – бұл 
бала еңбегі» деген пікірді неміс психологы және философы В. Вундт, ал 
кейіннен бұл көзқарасты орыс философы Г. В. Плеханов «Мекенжайсыз 
хат» деген жұмысында ары қарай дамытты. Ол балалар ойынын өнердің 
пайда болуын қарастыра отырып зерттеді. Әр халықтың ойындарының 
мазмұнын талдау (негізінен ерте дүниенің) оған ойын адамзат тарихын-
да  өнер сияқты еңбектен кейін және соның негізінде пайда болғандығы 
туралы тоқтамға келуіне мүмкіндік берді. Ойында адамдардың еңбек іс-
әрекеті көрініс табады. Еңбек ету процесінде кездескен іс-әрекеттерден 
алған  сезімдерін  қайталауға  деген  ынта  ерте  дүние  адамдарын  салт-
дәстүр  ойындарына,  биге,  әнге  алып  келді.  Сонымен,  Г.  В.  Плеханов 
ойынның  көпғасырлық  тарихы  бар  және  еңбектің  негізінде  алғашқы 
қоғамда пайда болған деген қорытындыға келеді.
Жеке адам өмірінде ойын,  Г. В. Плехановтың пікірінше, еңбектен 
бұрын  болды.  Мұнда  ойынның  әлеуметтік  орны  бар:  ол  «мәдени 
мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құрал» болып саналады, бала-
ларды еңбекке дайындайды.
 Г. В. Плехановтың ойлары жаңа буын ғалымдардың еңбектерінде 
дамытылды,  оларды  толғандырған  мәселе:  бала  өмірінде  оның 
келешектегі еңбек іс-әрекетке дайындайтындай ойын іс-әрекеті әрқашан 
да болды ма?
Д. Б. Эльконин рөлдік ойындардың тарихи пайда болуы мен оның 
дамуы  туралы  болжам  жасады.  Ол  адамзат  өмір  сүре  бастағанда  ба-

116
лалар  ойыны  болған  жоқ.  Еңбектің  және  оған  қажетті  құралдардың  
қарапайымдылығынан балалар үлкендердің жұмысына өте ерте арала-
са бастады (жеміс, шөптің тамырларын жинау, балық аулау және т.б.).
Еңбек  құралдарының  күрделенуі,  аң  аулауға,  малшылыққа,  жер 
өңдеуге көшу баланың қоғамдағы жағдайының өзгеруіне алып келді: ол 
енді үлкендердің жұмысына тікелей араласа алмады, өйткені оған білім, 
білік, және т.с.с. қажет болды. Үлкендер балаларды еңбек әрекетінде 
жаттықтыру үшін ойыншықтар дайындай бастады (садақ, найза, арқан 
және  т.б.).  Ойын-жаттығулар  пайда  болды,  олармен  ойнау  барысын-
да  бала  қажетті  еңбек  құралдарын  пайдалануға  дағдыланды,  өйткені 
ойыншық солардың моделі болды.
Д. Б. Эльконин әртүрлі кәсіпорындарының пайда болуымен, техни-
ка мен күрделі еңбек құралдарының дамуына байланысты ойыншықтар 
олардың моделі болудан қала бастады деп атап көрсетеді. Олар функ-
цияларымен емес, сыртынан ғана еңбек құралы сияқты болды. Басқаша 
айтқанда,  ойыншықтар  еңбек  құралының  бейнесі  сияқты  болды. 
Мұндай  ойыншықтармен  еңбек  ісінде  жаттығуға  болмайтын  болды, 
бірақ  оларды  бейнелеуге  болады.  Рөлдік  ойындар  пайда  болды,  одан 
кішкене балаға тән қанағаттанғандық алады, үлкендердің өміріне бел-
сене  қатысуға  ұмтылады.  Шынайы  өмірде  мұндай  араласу  мүмкін 
болмағандықтан,  бала  қиялындағы  ситуацияда  үлкендердің  амалда-
рын жүріс-тұрысын, өзара қарым-қатынасын қайталайды. Яғни, рөлдік 
ойын ішкі, туа біткен инстинктің әсерінен емес, қоғамдағы бала өмірінің 
толығымен  анықталған  әлеуметтік  жағдайларының  нәтижесінде  бо-
лады.  Үлкендер  өз  кезегінде  арнайы  жасалған  ойыншықтардың, 
ережелердің, ойын техникаларының көмегімен балалар ойынының та-
ралуына ықпал етеді, олар ойынды қоғам мәдениетінің бір бөлігіне ай-
налдыра отырып ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді.
Сонымен,  ойын  туралы  заманауи  психологиялық-педагогикалық 
ғылыми көзқарастар тарихи шығу тегіне, әлеуметтік табиғатына, адам-
зат қоғамындағы мазмұны мен атқаратын міндетіне негізделеді.
Психологтардың  (Л.  С.  Выготский,  А.  Н.  Леонтьев,  С.  Л. 
Рубинштейн, Д. Б. Эльконин және т.б.);  педагогтардың  (М. Я. Басов, 
Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, К. Д. Ушинский және т.б.) зерттеулері 
ойын өзінің мотивтеріне, шығу тегіне, мазмұнына, құрылымына, функ-
цияларына қарай әлеуметтік екендігін көрсетті.
К. Д. Ушинский өзінің «Адам тәрбие пәні ретінде» деген еңбегінде 
ойынды «өзін қоршаған айналасындағы дүниенің барлық күрделілігіне 
кірудің    бала  үшін  шамасы  келетіндей  тәсіл»  деп  анықтама  берген. 

117
Оның  пікірінше,  балалар  ойындары  қоршаған  әлеуметтік  ортаны 
бейнелейді.
А.  Н.  Леонтьевтің,  Д.  Б.  Элькониннің  зерттеулері  көрсеткендей, 
мектеп жасына дейінгі кезеңнің барлық уақытында ойынды дамыту ой-
ыннан шынайылық,  үлкендердің ісін қайталау, рөлдік ойнау, адамдар 
арасындағы қарым-қатынастың көрінісі бағытында жүреді. Сонымен, 
ойын арнайы жасалған жағдайда адамдардың өзара қарым-қатынасын 
анықтау және модельдеу құралы болады, яғни әлеуметтік тәжірибені 
меңгеруге қызмет ете бастайды.
Авторлардың пікірінше, балар ойынының мазмұны оны қоршаған 
шынайы  ортаның  бейнесі  –  үлкендердің  кәсіби  іс-әрекеті,  олардың 
өзара қарым-қатынасы, балаларға көзқарасы және т.с.с. болып табыла-
ды. Д. Б. Эльконин  ойында «тікелей утилитарлы іс-әрекет жағдайынан 
тыс адамдар арасында әлеуметтік қатынастар жасалады» деп жазды. 
Ойын, зерттеушілер атап көрсеткендей, шынайы өмірді бейнелеу 
жағынан да және оны жүзеге асыру тәсілдері жағынан да әлеуметті. 
Ойын әрекетін,  В. В. Давыдов, А. В. Запорожец, Н. А. Короткова, Н. 
Я.  Михайленко,  Д.  В.  Менджерицкая  тұжырымдарына  сәйкес,  бала 
жасамайды,  үлкендердің  көрсетуімен  болады,  олар  баланы  ойнауға 
үйретеді,  ойын  амалдарының  қоғамда  қалыптасқан  тәсілдерімен  та-
ныстырады.  Үлкендермен  қарым-қатынаста  әртүрлі  ойындардың 
техникасын  меңгеру  арқылы,  бала  ойын  тәсілдерін  түсініп  басқа 
жағдаяттары қолданады. Ойын қозғалыс әрекеті, ол баланың өзіндік 
шығармашылық түріне айналады, ал бұл оның дамуы үшін тиімді се-
беп болады.
Сонымен,  ойынның  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  жетекші  іс-
әрекеті  ретінде  баланың  психикалық  дамуында  өте  үлкен  маңызы 
бар.  Ойын  әрқашан  педагогтар  мен  психологтардың  назарынан  тыс 
қалған емес. Балалар ойыны саласындағы көрнекті психологтар, тео-
ретиктер  Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. 
Эльконин.  Педагогикада ойын теориясын белсенді түрде қарастырған 
К. Д. Ушинский, Р. И. Жуковская, Н. Я. Михайленко, Н. А. Короткова, 
С.  А.  Шмакова  және  т.б.  Түрлі  ойындардың  маңызы  мен  оларды  да-
мыту жолдарын қарастырған В. Н. Аванесова, Н. В. Артемова, З. М. 
Богуславская, Н. Я. Михайленко, Е. Н. Радина, И. Сорокина және т.б. 
Көркем өнерге тәрбиедеудегі ойынның маңызын Н. А. Ветлугина, Н. П. 
Сакулина және т.б. зерттеген. Шетелдік психология мен педагогикада 
ойынның ерекшеліктерін Э. Берн,  Д. Дьюи,  Ж. Пиаже, З. Фрейд, Э. 
Фромм, И. Хейнзорге өз еңбектеріне арқау еткен. Олардың еңбектерінде 

118
әрекет  ретінде  ойынның  мәнін,  тұлға  онтогенезіндегі  оның  рөлін, 
әлеуметтендіру  процесінде  –  адамның  қоғамдық  тәжірибені  меңгеру 
және пайдалану орнын түсінудің түрлі тұжырымдамалары баяндалған.
7.2 Балалар ойындарының ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі 
баланы дамыту, тәрбиелеу, оқытудағы ойынның маңызы
Ойын  -  баланың  өз  ынтасынан  туған  белсенді  шығармашылық 
сипаттағы  және  жоғары  эмоционалдық  толыққандылығымен  
ерекшеленетін еркін, өзіндік іс-әрекет.
Ойынның мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде өзінің 
ерекшеліктері болады.
Балалардың  ойынында  еркіндігі  мен  өзіндік  жұмыс  істей  алуы 
баланың  қалауымен  болады.  Бала  ойынды  тікелей  ынталылықтан, 
сұраныстан  бастайды.  Ойын  қанағаттанғандық  сезімін  алу  үшін  ой-
налады,  ойынның  мотиві  –  өзі  үшін  шындықтың  маңызды  жақтарын 
бастан  өткізу  (С.  Л.  Рубинштейн).    Еркіндік  және  өз  беттілік  ойын-
ды, оның мазмұнын, рөлдерді, басқа балалармен бірлесуде еріктілікті, 
ойынға кіру және шығу еркіндігін  таңдағанда көрінеді.
Ойын  үшін  іс-қимылын,  әрекетін,  ойынға  қатысушылардың 
тәртібін өзі реттеу сипаты тән. Ойын белгілі бір талаптармен және ере-
желермен реттеледі. Әр ойында ереже әртүрлі (ойын амалының реті, 
тәртіп ережелері, өзара қарым-қатынас ережелері).
Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты – ойын ынтамен, баланың 
рөлді,  сюжетті,  ойыншықтарды,  қосымша-заттарды  таңдағандағы 
шығармашылығымен  байланысты.  Ойынды  құрғанда,  ойын 
кейіпкерлерін жасағанда баланың ойлауы мен қиялы белсенді жұмыс 
істейді.
Ойынның  эмоционалдық  тұрғыда  қанықтылығы  –  бала  ойын-
да  шынайы  күйзеледі,  ойнаған  оқиғасын  өз  басынан  кешіреді.  Бала 
ойыннан  ләззат  алады,  өз  сезімін  басқаларға  береді,  оларды  әртүрлі 
рөлдерде  көреді.  Ойында  теріс  көңіл-күй  де  бастан  өтеді  –  өкпе, 
қанағаттанбағандық, жеке жағымсыз күйзелістер, бұларды анықтау аса 
маңызды және олардан арылу керек. Бәрібір ойыннан жалпы әсер – оң 
болады.
Ойынның іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегідей (сурет салу, еңбек, 
музыкалық)  айқын  материалдық  нәтижесі  болмайды.  Ойынның 
құндылығы  –  жастарына  қарай  жан-жақты  дамыту  мүмкіншілігінде, 
диагностикалық, психотерапевтік, көңіл сергіту құралдары болуында.

119
Ойында  балалардың  арасындағы  екі  түрлі  қарым-қатынас 
байқалады:
-  ойын  мазмұнымен,  ережесімен  анықталатын  ойын  қарым-
қатынасы;
-  ойын  үстінде  көрінетін  нақты  қарым-қатынас  (ойынға  келісім 
жасау, рөлдерді бөліп беру, келіспеушіліктен шығу, ұстанатын ережені 
қою). 
Олар  балалар  қоғамын  ұйымдастырудың  негізі  болады,  ол  өз 
кезегінде ойынды олардың өмірін ұйымдастыру түрі етеді. Ойынның 
мазмұнын  көрсететін  тура  немесе  қосымша  ережелердің  болуы  оны 
дамытудың логикалық және уақытша реттілігін қамтамасыз етеді.
Ойында  өзінің  ішкі  мазмұнына  қарай  жеке  адам  үшін  маңызды 
мақсаты бар амалдар жасалады.
Сонымен,  біз  мектеп  жасына  дейінгі  бала  ойынының  әрекет 
ретіндегі  жалпы  ерекшеліктерін  бөліп  көрсеттік.  Ойынның  әрбір 
түрінде өзінің әлеуеті мен ерекше белгілері бар, олар оларды бірінен 
бірін айырып тұрады.  Сонымен бірге жалпы белгілер педагогтар мен 
ата-аналарға  балалармен  ойын  әрекетін  ұйымдастыру  және  дамыту 
тәсілдерінде бағдар береді.
Педагогикалық  ғылымда  ойын  мектеп  жасына  дейінгі  баланың 
жетекші  іс-әрекеті  ретінде  қарастырылады  (Н.  П.  Аникеева,  В.  С. 
Выготский, Я. Л. Коломинский, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин). Жетекші 
іс-әрекет  бала  психикасындағы  басты  өзгерістерді  анықтайды  және 
дамудың жаңа сатысына көшуге дайындайды.
Іс-әрекеттің  жетекші  түрі  туралы  айта  келіп,    А.  Н.  Леонтьев: 
«Жетекші  іс-әрекет  –  дамуы  дамудың  осы  кезеңінде  тұлғаның 
психикалық  процестерде  және  психологиялық  ерекшеліктерінде 
дамудың басты өзгерістеріне себепші болатын іс-әрекет» деп көрсетеді.
Жетекші  іс-әрекет  бірден  дамыған  түрде  болмайды,  өзінің 
қалыптасуында белгілі бір жолдан өтеді, оның қалыптасуы оқыту және 
тәрбиелеу процесінде үлкендердің жетекшілігімен жүреді.
Мектепке дейінгі жаста ойынның жетекші рөлі баланың оған жіберген 
уақытымен  емес,  негізгі  сұраныстарын  қанағаттандырғандығымен 
анықталады, ойынның негізінде іс-әрекеттің басқа түрлері туындайды 
және дамиды; ол психикалық дамуға үлкен ықпал етеді.
Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин және т.б. ғалымдар 
ойында балалардың негізгі сұраныстары көрініс табады: өзіндік әрекетке 
ұмтылу, үлкендердің өміріне белсенді араласу, қоршаған дүниені тану 
ниеті, белсенді қозғалыста, қарым-қатынас жасауда деп көрсетеді.

120
Ойынның негізінде еңбек, үйрену сияқты іс-әрекеттің басқа түрлері 
туындап дамиды. А. С. Макаренко  ойында тұлғаның сапасы мен еңбек 
әрекетіне қажетті дағдылар қалыптасады деген.
Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, А. В. Запорожец, Д.Б. Эльконин 
және т.б. ойын көбінесе бала психикасында, оның процестерінде (ой-
лау,  елестету,  зейін  және  т.с.с.)  жаңа  өзгерістер  қалыптасуына  ықпал 
етеді деп атап көрсеткен.  
Педагогикалық теорияда ойынды үйретуге мектеп жасына дейінгі 
балаларды тәрбиелеу құралы ретінде ерекше назар аударылады. Мектеп 
жасына  дейінгі  баланың  іс-әрекетінің  негізгі  түрі  бола  тұрып,  ойын 
тәрбиелеу  мен  дамытудың  басты  құралы  болып  табылады.  Бірақ  бұл 
ойынды ұйымдастыруға және басқаруға болатын педагогикалық про-
цеске енгізген жағдайда ғана болады.
Білім беру бағдарламасы талаптарын басшылыққа ала отырып, пе-
дагог бағдарламалық мазмұнды жоспарлайды, міндеттерін, амалдарын 
анықтайды,  яғни  ойынның  өзіндік  ерекшелігін  және  өзіндік  сипатын 
бұзбай, оның барысын жобалайды.
С. А. Козлова мен Г. А. Куликованың пікірінше ойынға мынадай 
сипаттар тән болуы тиіс:

мазмұнның  тәрбиелік-танымдық  құндылығы,  бейнелетін 
көрсетілімдердің толыққандылығы мен дұрыстығы;

қажеттілігі,  белсенділігі,  ұйымдастырылғандығы,  ойын 
амалдарының шығармашылық сипаты;

жекелеген балалардың және барлық ойыншылардың мүдделерін 
ескере отырып ережелерге бағыну және ойында оларды басшылыққа 
алу қабілеті;

ойыншықтарды,  ойын  амалдарын  және  материалдарды 
мақсатты пайдалану;

жылы қарым-қатынас және балалардың жағымды көңіл-күйі.
Ойында педагог бала тұлғасының барлық жағына әсер етеді: оның 
санасына,  сезіміне,  еркіне,  тәртібіне;  ойынды  ақыл-ой,  адамгершілік, 
эстетикалық, дене тәрбиесі мақсатында пайдаланады.
Ойын  барысында    баланың  өзін  қоршаған  айналасы  жөніндегі 
білімі,  түсінігі  нақтыланады  және  тереңдейді.  Ойында  қандай  да  бір 
рөлді  орындау  үшін  бала  өз  түсінігін  ойын  амалына  көшіруі  керек. 
Бірақ ойын балалардың бар білімі мен түсінігін бекітіп қана қоймайды,  
үлкендердің жетекшілігімен жаңа білім алу процесіндегі белсенді та-
ным іс-әрекетінің өзіндік бір түрі болып табыдады.
Ойында  баланың  айналасындағы  шындықты  өзгерту  талабы, 

121
жаңаны жасау қабілеті  дамиды. Бала ойын сюжетіндегі нақтылы және 
ойдан  құрылған  құбылыстарды,  таныс  заттарды  жаңа  қасиеттермен 
және  функциялармен  байланыстырады  (мысалы,  кресло  –  космостық 
ракета).    Бұл  процестердің  нәтижесі  баланың  елестетуі  мен 
шығармашылығының дамуы болады.
Өзіне қандай да бір рөлді алып  (дәрігердің, шофердің) бала өзіне 
мамандықты және басқа тұлғаның ерекшеліктерін жай ғана қолданып 
қоймайды, ол сол рөлге кіреді, кірігеді, оның сезімі мен көңіл-күйіне 
енеді, сөйтіп өз тұлғасын байытады және тереңдетеді.
Дегенмен,  кез  келген  ойынның  жағымды  маңызы  бола  бермейді. 
Н. К. Крупская іс-әрекет мазмұнына қарай ойынның баланың дамуына 
кері әсері болуы да мүмкін екендігін атап көрсетті: ойынмен аңды да 
тәрбиелеуге болады, қоғамға пайдалы тамаша адамды да тәрбиелеуге 
болады.
Балалармен дұрыс, әдепті өзара әрекеттестік орнаса, ойын баланың 
ақыл-ойын кеңейтуге, танымның бейнелік түрлерін дамытуға (бейне-
леп ойлау, елестету), мүддесін реттеуге, тілін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның өзара қарым-қатынас ережелерін, социумда тәртіп нор-
маларын  меңгеруде  маңызы  зор.  Ол  балалардың  қоғамдық  тәртібі, 
өмірге және бір-біріне қарым-қатынасы неғұрлым жақсы қалыптасатын 
іс-әрекет түрі. Бірге ойынды ұйымдастыру арқылы балалар ұжымына, 
ал ұжым арқылы  – әрбір балаға әсер етеді. Ойында бала  белгіленген 
тәртіпке  бағына  отырып,  өз  ойын,  істерін  басқалармен  келісу 
қажеттілігіне тап болады. Бала тек қана ойын тәжірибесін ғана алып 
қоймайды,  өзін-өзі  көрсету,  өз  аяғына  тұру  және  коммуникативтік 
тәжірибесін алады.
Ойындарда  шығармашылдық  қабілет  дамиды.  Ол  ой  құрауда, 
рөлдер ойнағанда, қолдан қажетті ойыншықтарды, костюм элементтерін 
жасағанда көрініс табады. Ойын кезінде баланың сөзі, қол қимылы, бет 
әлпет қимылы күнделікті өмірдегіге қарағанда айқынырақ болады.
Ойын мектеп жасына дейінгі мекемеде балаларды тәрбиелеу мен 
дамытудың басты құралы. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың іс-
әрекеті ретінде жетекші болады, онда мектепке дейінгі балалық шақтың 
барлық  жаңа  түрлері  қалыптасады.  Бала  ойынының  мектеп  жасына 
дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемеде және одан тыс іс-әрекет 
түрлерін бір-бірінен айыратын өзіндік ерекшеліктері бар.

122

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет