7.3 Ойынның адамзат мәдениетінің феномені ретіндегі функция-
лары. Балалар ойындарының классификациясы
Функция – бұл міндет, іс-әрекет аясы, рөл, амалдар жиынтығы.
Ойын іс-әрекеті, С. А. Шмаковтың пікірінше, - адам жаратылысының
таң қаларлық феномені. Адамзат практикасында ойын бірқатар функ-
циялар орындайды.
Әлеуметтік-мәдени функция. Ойын – баланы әлеуметтендіруде ең
күшті құрал. Ол тұлғаның, оның қасиеттерінің, мінез-құлқының, еркінің
қалыптасуына әсер етеді; балалардың білім, білік, құндылықтарды,
тәртіп нормаларын, қарым-қатынас амалдарын меңгеруге көмектеседі.
Ойындағы әлеуметтік тәжірибені меңгеру балаға кез келген
қоғамдастықтың (балалардың, үлкендердің) толық құқылы мүшесі
ретінде міндеттерін атқаруға мүмкіндік туғызады. Ойын – мәдениет
эталоны, ұлт ерекшелігін, оның салт-дәстүрін толық бейнелейтін,
бақыланатын феномен. Ойын әлеуметтік тәртіптің типтік дағдыларын,
құндылықтардың өзіндік жүйелерін, кооперацияны, топтық немесе
жеке амалдарды бейнелейді. (Мысалы, итальяндықтар өздерінің ұлттық
белгілерін карнавалдарда, театрларда іске асырады. Испандықтар кор-
ридде еркінсиді).
Ұлтаралық коммуникация функциясы. Ойындар – жалпы адамзаттық
құндылықтар банкісі. Олар - әмбебап, әртүрлі ұлт қоғамдастығы
оларды жеңіл меңгереді. Бұл - бір-бірімен қарым-қатынас жасуға
жағдай жасайтын жалпы қабылданған тіл. Ойындар өмірдегі әртүрлі
жағдаяттарды модельдеуге, келіспеушіліктен шығуға мүмкіндік береді,
эмоцияны түрлендіріп отыруға үйретеді, сезімнің бүкіл бір гаммасын
бойға сіңіреді. Бұл адамның тұлға ретінде өзін-өзі көрсетуі. Оның
үстіне балаға ойынның нәтижесі емес, процесі маңызды. Ойын іс-
әркетке, практикаға өз тәжірибесін қолдану мен тексерудің тәсілдерін
көрсететін жол. Ойын нәтижелері баланың практикалық әрекетін
жетілдіруге ауысады. Мектеп жасына дейінгі балада нақты белсенді
өмір үшін тәжірибе аз, сондықтан ойын – өз түсінігіндегі ситуаци-
яда белсенді іс-қимыл жасауға, үлкендерге тән рөлдерді орындауға
мүмкіндік. Үлкендердің рөлі бұл процесте – айналасындағы заттар мен
құбылыстарды түсінуге, оларды өзінің ойнау контекстіне енгізуге ынта-
ландыратын ойнау кеңістігін ұйымдастыру.
Коммуникативтік функция. Балалар қауымдастығында қарым-
қатынасты ұйымдастыру функциясы. Ойын – коммуникативтік іс-
әрекет, онда коммуникацияның екі жоспары бар – нақты және ойындық.
123
Ойын балаға қарым-қатынас нормаларын меңгеруге көмектеседі, оның
коммуникативтік белсенділігін арттырады. Ойында балалар тез тіл та-
бысады, тәжірибе алмасады. Қарым-қатынас жасау О. С. Газман бой-
ынша, - ойынның негізгі энергетикалық көзі. Ойындар балада адаммен
тіл табысу, араласу әрекеттерін қалыптастырады. Ойын іс-әрекетінде
қоғамдық қатынас бар. Ойында әркім өзінің тұлғалық, шығармашылық,
әрекеттік әлеуетін іске асырады және өз әрекетін басқа ойынға
қатысушылармен ақылдасып келісуге үйренеді.
Ұжымдық ойын тәжірибесі еңбек, ұйымдастырушылық,
коммуникативтік тәжірибеге ауысады.
Баланың «ойыннан тыс қалуы», яғни оны ойыншылардың
қабылдамауы назар аударуға белгі болып табылады және ол мектеп-
ке дейінгі мекемеде педагогтың бұл баламен жеке жұмыс жүргізуін
қажет етеді. Мұндай жұмыс орын алған ситуацияның себептерін
диагностикалауға негізделеді және оны мақсатты, бағытты, ретімен
және корректі түрде өзгерту қажет болады.
Ойынның диагностикалық функциясы. Ойында баланың
сапалық қасиеттері, белсенділігі, білімі, білігі, оның басқалармен
қарым-қатынасы, басқалардың оған көзқарасы, жанұялық ситуаци-
ясы, қорқынышы, толғанысы, эмоционалдық күйі туралы барын-
ша ақпараттар байқалады. Бала ойында өзінің күшін, қабілетін, өзін
көрсету мүмкіндігін диагностикалайды. Ойын баланың өзін-өзі тану
сезімін оятады. Көпшілік ойындар «Өзіңді-өзің таны» принципінде
(дидактикалық, қозғалыс, ұжымдық, компьютерлік ойындар) құрылған.
А. С. Макаренко: «Бала ойында қандай болса, ол өскенде жұмыста да
сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткерді тәрбиелеу, ең алды-
мен, ойында болады». Ойында баланың қасиеттері, өмірден алғандары,
оған не жетіспейді, тәрбиеші немен шұғылдануы тиіс деген сияқты
мәселелер айқын көрінеді» деген.
Ойынның терапиясы (емдік) функциясы. Бұл баланың
ойнағандағы күйзелісін, толқынысын, қорқынышын сейілту функ-
циясы. Ойын – басқалармен қарым-қатынаста, оқуда, тәрбиеде кез-
дескен қиыншылықтарды жеңу құралы. Мысалы, әзіл-өлең, мазақ-
өлең, санамақ, жаңылтпаш ойын терапиясының қуатты құралы және
мәдени салт-дәстүрді жеткізуші болып табылады. Д. Б. Эльконин:
«Ойын терапиясының тиімділігі баланың рөлдік ойында алған жаңа
әлеуметтік қатынас практикасымен анықталады» деп көрсетті. Жаңа
қарым-қатынас практикасы баланың өз проблемаларын шешуге алып
келеді. Ойынның терапиялық функциясы релаксациялық функцияны
124
эмоционалдық күйзеліс, ауыр ой еңбегі салдарынан жүйке жүйесіне
түскен салмақты, эмоционалдық, дене, интеллектуалдық жүкті алып та-
стау немесе азайтуды қамтиды. Қазіргі күнде арнайы ойын тренингілері
бар («ән салатын төсектер», тыныштандыратын ойыншықтар).
Ойынның түзету функциясы. Жеке адамның тұлғалық
көрсеткіштерінің құрылымына жағымды өзгерістер енгізу функциясы.
Ойын танымдық, эмоционалдық-еріктілік, іс-әрекеттік, тұлғалық сфе-
раларды түзету, психикалық процестер мен сөйлеуді дамытудың, ойлау
процестерінің, қозғалыс әрекетінің құралы ретінде жүреді.
Сарапшылар мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарының 96%-
ы психокоррекцияға мән бермейді, ойынды бұл мақсатта пайдалан-
байды деп көрсетеді. Бүгінде мектепке дейінгі балалар мекемелеріне
ЗПР бар балалар, яғни жанұя қарым-қатынасының бұзылуының,
туғандағы алған зақымның, экологиялық, экономикалық және басқа да
проблемалардың салдарынан шошынған, жүйкесі әлсіз, ызалы балалар
барады. Бұл факт ойынның барлық міндеттерімен және көріністерімен
қоса тағы да бір рет маңызды екендігін дәлелдейді.
Алдандыру функциясы. Ләззат, қуаныш, жағымды эмоция беру,
өзара қарым-қатынаста, әрекетте сұранысты қанағаттандыру құралы
функциясы. Бұл көңілдендіру, бір нәрсеге ынтасын ояту құралы.
Функция жайлы жағдай жасайды, эмоционалдық хал-ахуал туғызады.
Ойын – баланы өзінің тікелей шеңберінен тысқа шығаратын бірден-
бір іс-әрекет. Ойын – баланың алданыштан дамуға өтетін, қиялына
азық беретін стратегиялық тұрғыда нәзік ұйымдастырылған мәдени
кеңістік.
Дж. Локк: «Балалар бақытты және көңілді өмір сүруі керек.
Алданыш та еңбек пен тамақ сияқты қажет. Алданыш рахатсыз бо-
луы мүмкін емес, ол көбінесе ақыл-парасатқа, қиялға байланысты.
Сондықтан балаларға өздеріне ұнаған істі істеуге мүмкіндік беру
қажет, тек денсаулығына және басқа адамдарға зиян келмейтіндей
болуы тиіс» деп көрсеткен. Қалған жағдайларда ойынды тыйым
салушылықпен байланыстырмау керек.
Э. Фроммның тұжырымдауынша: «Тура үлкен адам жұмыс істегені
сияқты баланың ойнауы қажет. Ол үшін ойын үлкендердің жұмыс
істегені сияқты, екеуі де бірдей жемісті. Балалар ойнай жүріп, ең алды-
мен, үйренеді, соңынан алданады» деп түйіндейді.
Балалардың
ойындары
алуан
түрлі.
Олар
мазмұны,
ұйымдастырылуы, ережесі, көрініс сипаты, балаға әсері, пай-
даланылатын тәсілдері, шыққан тегі және т.б. жағынан әртүрлі.
125
Балалар ойындарының көптүрлілігі оларды классификациялау-
ды күрделілендіреді. Ойындарды классификациялауға көптеген
көзқарастар мен негіздер бар.
Балалар ойындарын классификациялау
Ф. Фребель классификацияның негізіне ойындардың әсерін сара-
лау принципін қояды:
•
ақыл-ойды дамытатын – ойлау ойындары;
•
сезімнің сыртқы органдарын дамытатын – сенсорлық ойындар;
•
қозғалысты дамытатын – моторлы ойындар.
К. Гросс ойындардың түрлерін олардың педагогикалық маңызына
қарай бөлуді қарастырады:
« жай әдеттегі функциялы ойындар» - қозғалыс, ойлау,
сенсорлық, дамытушы;
« арнайы функциялы ойындар» - инстинкті жетілдіру
мақсатындағы ойын-жаттығулар – жанұялық ойындар, аң аулау ойыны,
қызмет көрсету ойындары.
Ж. Пиаже ойынды ақыл-ой дамуы факторы ретінде ашып берді.
Ойынның құрылымында ол жаттығуларды, символды, ережелерді бөліп
көрсетті. Барлық ойындарды ол былайша бөлді:
•
ойын-жаттығулар немесе сенсорлық-қозғалу ойындары;
•
символикалық (ойдан шығарылған) ойындар;
•
ережелері бар ойындар.
Ф. Лесгафт ойындарды екі топқа бөлді:
•
имитациялық (еліктеушілік) – өзіндік шығармашылдық ойын-
дар;
•
қозғалыс ойындары (ережесі бар ойындар).
Н. К. Крупская былай көрсетеді:
балалардың өздері ойлап тапқан ойындары – шығармашылық
ойындары;
үлкендердің ойлап тапқан ойындары - ережесі бар ойындар.
Мұндай классификация шартты түрде, шығармашылдық ойындар-
да да оларды реттейтін, рөлдерді анықтайтын және өзара әрекетті сипат-
тайтын ереже болады. Ережесі бар ойындарда балалар шығармашылығы
орын алады.
В. В. Давыдов Ресей педагогикалық энциклопедиясында балалар
ойындарының екі негізгі түрін бөліп көрсетеді:
- жасырын ережелі ойындар – сюжеттік-рөлдік ойындар, онда ере-
желер жасырын сипаттағы сюжетпен және рөлмен анықталады;
- ашық (бекітілген) ережелі ойындар, онда арнайы ереже жасала-
126
ды, олар дайын және ойынның міндетті бөлігі болып саналады, ойынға
жол береді (дидактикалық, қозғалыс, дамытушы, көбінесе музыкалық,
ойын-ермек, интеллектуалдық ойындар).
И. Я. Михайленко, Н. А. Короткова балалар ойынының классифи-
кациясына мыналарды кіргізеді:
сюжеттік ойындар – ерекшелігі амалдардың шартты сипатында;
ережесі бар ойындар – нақты анықталған және орындау үшін
міндетті ережелері бар, қатаң, формалды іс-әрекет. Бұл ойындардың
ерекшелігі – қатысушылар арасындағы жарыс, нәтиженің ерекше бо-
луы (ұтыс) және үлкен табысқа жеткен жеңімпаздың болуы.
Сюжеттік ойындар жеке және ұжымдық болуы мүмкін. Ережелі ой-
ындар, кем дегенде, екі адамы бар іс-әрекеттің біріккен түрі.
Ережелі ойындардың үш типі бар:
•
шанстық ойындар – жеңіс ойыншылардың күш-жігеріне тәуелді
емес;
•
физикалық (дене) компетенциясына тәуелді ойындар – жеңіс
физикалық білігіне, дағдыларына, сапаларына тәуелді;
•
ойлау компетенциясына тәуелді ойындар (стратегиялық ойын-
дар) - онда зейін, ес, комбинаторлық қабілеттер қажет;
•
ойынның аралас түрі, онда физикалық та, ойлау компетенттілігі
де талап етіледі, жеңіске жетудің барлық элементтері қатыстырылады.
С. Л. Новоселова балалар ойындарын 3 топқа бөледі:
Ойынның 1-ші тобы – балалардың қалауынан туған ойындар.
Олар сюжеттік (сюжеттік-бейнелеу, сюжеттік-рөлдік, режиссерлық,
театрландырылған) ойындар және ойын-эксперимент (табиғи
объектілермен, құбылыстармен, материалдармен, жануарлармен,
ойыншықтармен және заттармен) ойындар.
Ойынның 2-ші тобы – үлкендердің қалауынан туған ойындар:
оқытушылық (автодидактикалық, заттық, сюжеттік-дидактикалық,
қозғалу, музыкалық, оқу-заттық ойындар; қол бос уақыттағы (ойын-ер-
мек, алданыш, театрлық, мерекелік, карнавалдық, компьютерлік) ойын-
дар.
Ойынның 3-ші тобы – этностың тарихи қалыптасқан дәстүрінен
келетін ойындар (халықтық): салттық (культтік, отбасылық, кезеңдік;
тренингілік (интеллектуалдық, бейімділік, сенсомоторлық); қол бос
уақыттағы (ермектік, алданыш) ойындар.
П. Г. Саморукова барлық балалар ойындарын үлкен екі топқа
бөледі: шығармашылық және ережелі ойындар.
Шығармашылық ойындарда балалар өз әсерлерін білдіреді,
127
қоршаған дүние жөніндегі және оған қатынасы туралы түсінігін
білдіреді. Шығармашылық ойындардың негізгі түрін сюжеттік-рөлдік
ойындар құрайды. Бұл топқа сол сияқты құрылыстық-конструктивтік
ойындар, драматизациялық, театралдық, театрландырылған,
режиссерлік ойындар да кіреді.
Ережелі ойындарды балаларды оқыту және тәрбиелеу мақсатында
үлкендер жасайды. Дидактикалық ойындарда ең алдымен балалардың
ойлау қабілеттері дамиды, олардың білімі жүйеленеді. Дидактикалық
ойындар үстелдік-баспалық, заттық, сөздік болып бөлінеді. Қозғалу ой-
ындарында әртүрлі қимылдар жетілдіріледі. Сонымен қатар музыкалық
қабілетті дамытатын әртүрлі музыкалық ойындар, ермек-ойындар және
т.с.с. бар. Авторлық классификацияның көптігіне қарамастан онда
жалпы және ортақ белгілері байқалады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің сипаты жаста-
рына қарай өзгереді.
Мектепке дейінгі кіші жаста балалар үшін қарапайым өмірлік си-
туацияларды көрсететін сюжеттік ойындар маңызды. Ереже көбінесе
оқиғаның өзінде, жасырын сипатта болады. Сол сияқты бұл жаста зат-
тармен – доппен, шеңбермен ойын жиі қолданылады, қозғалыс ойын-
дары да маңызды.
Мектепке дейінгі ересек жаста неғұрлым қозғалыс ойында-
ры, ережелі ойындар, шығармашылық ойындар (театрландырылған,
драматизацияланған, режиссерлік ойындар) аса қызықты болады.
7.4 Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің
құрылымы, оның элементтерінің сипаты
Ойынға іс-әрекет құрылымының барлық компоненттері тән: мотив,
мақсат, жоспарлау, орындау құралдары, ойын әрекеті, нәтиже.
Ойынның құрылымдық элементтеріне қысқаша сипаттама берейік.
Ойын әрекетінің мотивациясы оның еріктілігімен, таңдау
мүмкіндіктерімен және жарыс элементтерімен, балалардың белсенділік
танытудағы сұранысын қанағаттандырумен, қолдаумен, аяғынан
тұрғандығымен, өзін көрсете алумен қамтамасыз етіледі.
Ойынның мақсаты. Әрбір ойынның мақсаты болады. Ол нақты
әрі бала түсінген (қуыршақты тамақтандыру, космосқа ұшу, тығылып
қалғандарды табу, карточкаларды түсіне қарай бөлу және т.с.с.).
Мақсаттар еліктеуден ойланғанға, мотивтендірілгенге қарай эволюци-
яландырылады.
128
Ойын әрекетін жоспарлау дегеніміз - алдын ала немесе ойын ба-
рысында оның процессуалдық жақтарын ойластыру (амалдардың
реттілігі, сюжетпен жұмыс істеу, рөлдер кешені, олардың қатынастық
үлесі, өзара ықпалдастық ережесі). Бұл компонент толыққанды түрде
мектепке дейінгі ересек жасқа қарай көрінеді.
Ойын үшін балалар өздері немесе үлкендердің көмегімен ойын
құралдарын – ойыншықтарды, заттарды, материалдарды, ойын
жағдайын таңдайды.
Ойын амалдары көмегімен ойын сюжеті, рөлдер орындалады.
Рөлдердің әрқайсысына өзінің негізгі ойын амалдарының комплексі тән
болады. Мысалы, дәрігер тыңдайды, дәрі жазып береді, ауруды емдейді
және т.б. – ережелі ойындарда ойын амалдарының сипаты мен реті
анық белгіленеді, өйткені онсыз ойын ойнау мүмкін емес.
Ойын нәтижесі іс-әрекеттің өнімді түрлерінен айырықша, жағымды
эмоцияда, баланың негізгі сұранысын қанағаттандырғандықта,
белсенділікте,
қолдауда,
қорғалғандығында,
қарым-қатынаста
көрінеді. Жасына сай ойын әрекетін дамыту деңгейінде ойынның
тәрбиелік, оқытушылық, дамытушылық эффектісі бар және әлеуметтік,
коммуникативтік, психотерапевтік, коррекциялық, диагностикалық,
алдандырушылық функцияларын орындайды.
7.5 Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібіндегі ойынның
орны
Ойынның педагогикалық теориясының негізгі ережелерінің бірі оны
мектеп жасына дейінгі балалардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру
норма деп қабылдау. Педагогикада балалар бақшасының өмірі түрлі ой-
ындармен толы болуы керек деген ойды белсенді түрде дамытқан Н.
К. Крупская. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның ерекше
маңызын айта келіп, Н. К. Крупская: «…ойын олар үшін – оқу, ойын
олар үшін – еңбек, ойын олар үшін – тәрбиенің парасатты түрі, ойын
мектепке дейінгі жастағы бала үшін –айналадағы дүниені тану тәсілі»
деп жазды. Педагогтың басты міндеті, Н. К. Крупскаяның пікірінше, -
балаларға ойын ұйымдастыруда көмектесу.
Кішкентай баланы «өмір бойы ойынмен қоректендіру» қажеттілігі
туралы идеяны А. С. Макаренко айтты. Ол ойынды дамытуда бірнеше
кезеңді, әр кезеңде – басқарудың белгілі бір міндеттерін көрсетті.
Балабақшасында балалардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру
түрі ретінде ғылыми негіздеу А. П. Усованың еңбектерінде бар. Оның
129
пікірінше, педагог бала өмірінің ортасында болуы керек, болып
жатқан жағдайды түсінуі тиіс, ойнап жүрген балалардың мүддесіне
еніп, оны түзетіп отыруы қажет. Педагогикалық процесте ойын
ұйымдастырушылық функциясын орындау үшін педагогқа ойын
арқылы оқыту мен тәрбиелеудің қандай міндеттерін неғұрлым тиімді
етіп шешуге болатындығын жақсы түсінуі керек. Барлық топқа қатысты
міндеттерді және жеке балаға қатысты міндеттерді жоспарлаған жөн.
Ойынның ерекшеліктеріне қарай балалардың көмегімен шешілетін
міндеттерді, балалардың ойын әрекетінің қалыптасқандық деңгейін
педагог өзінің ойынға қаншалықты қатысы бар екендігін, әрбір нақты
жағдайдағы жұмыс әдістерін анықтайды.
Мектепке дейінгі педагогика ойынды бала тұлғасын жан-жақты
тәрбиелеу құралы және балалар өмірін ұйымдастыру түрі, бала-
лар қоғамын қалыптастыру және жеке тәжірибе (өмірдің әртүрлі
жағдаяттарында өзін тұлға етіп көрсету) жинақтау құралы ретінде
қарастырады).
Сонымен, ойын балалардың өмірі мен әрекетін ұйымдастыру түрі
ретінде күн тәртібінде және педагогикалық процесте тұтас өзінің нақты
орнын алуы тиіс. Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасында
күн тәртібінде ойын үшін бекітілген уақыт көрсетілген (ертеңгі жаттығу,
серуенде, күндізгі ұйқыдан кейін). Педагог балаларды ынталандыру
үшін, белсенділігін арттырып, жағымды эмоция туғызу үшін қандай
тәртіптік процестерді ойын түрінде беру керек екендігін ойластыруы
тиіс.
Егер ойын іс-әрекеттің басқадай бір түрімен тығыз байла-
ныстырылса, онда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері арта-
ды. Ойынды еңбекпен, бейнелеу және конструктивтік іс-әрекетпен
ұштастырған неғұрлым тиімді. Педагог балалардың іс-әрекетін ойын
түрінде ұйымдастыра отырып, біртіндеп олардың белсенділігі мен
ынталылығын дамытады, ойында өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын
қалыптастырады. Педагогикалық процесте ойынды жан-жақты пай-
далану оны мектепке дейінгі кезеңде тұлғаны дамытудың объективті
заңдылықтарымен сәйкестендіреді.
Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар
1. Жеке сөздіктерге «ойын» ұғымының түсініктемесін жазыңыздар.
Олардың ортақ және айырмашылық белгілерін бөліп көрсетіңіздер.
2. Бөлім бойынша ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, бала-
лар ойындарының 2-3 классификациясын кесте түрінде беріңіздер.
9–7463
130
Классификация негізіне жататын белгілерді айқындаңыздар. Мына
сұраққа жауап беріңіздер: «Неге бір де бір аяқталған (бір мәнді)
классификация жоқ?». Балалар ойындарын классификациялауда өз
нұсқаларыңызды ұсыныңыздар. Тапсырманы орындау үшін мына
әдебиеттерді пайдаланыңыздар: «Дошкольная педагогика» оқулығы,
С. Л. Новоселованың «О новой классификации детских игр» атты
мақаласы (Дошкольное воспитание. 1997. №3.).
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі ба-
лалар ойындарының маңызын мысалдар арқылы көрсетіңіздер.
4. «Балалар ойындарының функциялары» тақырыбына конспект
жазыңыздар. Тапсырманы орындау үшін С. А. Шмаковтың «Игры уча-
щихся как феномен культуры» атты құралын пайдаланыңыздар (М.,
1994).
Ұсынылатын әдебиет
1. Аникеева Н. П. Воспитание игрой.- Новосибирск, 1994.
2. Артемова Л. В. Окружающий мир в дидактических играх до-
школьников.- М., 1992.
3. Касымова Г. М. Развивающие игры детей дошкольного возрас-
та. – А., 1998.
4. Артемова Л. В. Театрализованные игры дошкольников.- М., 1991.
5. Богуславская З. М., Смирнова Е. О. Развивающие игры для детей
младшего дошкольного возраста.- М., 1991.
6. Бондаренко А. К. Дидактические игры в детском саду.- М., 1985.
7. Воспитание детей в игре/ Состав.: А. К. Бондаренко, А. И.
Матусик.- М., 1983.
8. Дошкольная педагогика / Под ред. В. И. Логиновой, П. Г.
Саморуковой.- М., 1988. Ч.1,2.
9. Игра дошкольника / Под ред. С. Л. Новоселовой.- М.,1991.
10. Козлова С. А., Куликова Т. А. Дошкольная педагогика.- М.,2000.
11. Психология и педагогика игры дошкольника/ Под ред. А. В.
Запорожца, А. П. Усовой.-М., 1966.
12. Шмаков С. А. Игры учащихся – феномен культуры. – М., 1994.
13. Эльконин Д. Б. Психология игры.- М., 1978.
131
8-ТАРАУ
СЮЖЕТТІК-РӨЛДІК ОЙЫН МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРІ РЕТІНДЕ
Жоспар
8.1 «Сюжеттік-рөлдік ойын» ұғымының мазмұны, оның балалар
ойыны құрылымындағы орны.
8.2 Мектепке дейінгі кезеңде сюжеттік-рөлдік ойындардың
ерешеліктері. Сюжеттік-рөлдік ойындардың мектеп жасына дейінгі ба-
лаларды дамыту мен тәрбиелеудегі маңызы.
8.3 Сюжеттік-рөлдік ойындардың құрылымы. Құрылымдық
элементтердің сипаты.
8.4 Сюжеттік-рөлдік ойындардың даму кезеңдері мен деңгейлері.
8.5 Мектепке дейінгі мекемеде сюжеттік-рөлдік ойындарды
ұйымдастыру (Н. Я. Михайленко, Н. А. Короткованың әдістемесі).
8.1 «Сюжеттік-рөлдік ойын» ұғымының мазмұны, оның балалар
ойыны құрылымындағы орны
Ойын – мектепке дейінгі кезеңдегі іс-әрекеттің негізгі түрі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетінің жетекші
түрі сюжеттік-рөлдік ойындар. Сюжеттік-рөлдік ойындар мектеп жа-
сына дейінгі балаларға тән ойындардың негізгі қорын құрайды. Оның
құрамына құрылыс-конструктивтік, театрландырылған және басқа да
ойындардың элементтері кіруі мүмкін.
Психолог Д. Б. Эльконин сюжеттік-рөлдік ойындарға мынадай
анықтама береді: «Рөлдік, немесе мектеп жасына дейінгі балалардың
шығармашылдық ойыны деп аталатын ойын дамыған түрде балалар
өздеріне үлкендердің ролін (функциясын) алатын және жалпы түрде ар-
найы жасалған ойын жағдайында үлкендердің әрекетін және олардың
арасындағы қарым-қатынасты қайталау әрекеті».
Л. С. Выготский сюжеттік-рөлдік ойындардың негізі жорамал не-
месе ойша елестету жағдаяттары, онда бала өзіне үлкеннің ролін ала-
ды да, өзі жасаған ойын жағдайында ойын амалдарын орындайды деп
көрсетті.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың көзі – балаларды қоршаған әлемдегі
заттар, адамдар, табиғат, өздері мен үлкендердің өмірі мен әрекеттері.
132
А. В. Запорожец былай деп көрсетті: «Ойын, ертегі сияқты, бала
күнделікті әсер шеңберінен шығып, адамзат ұмтылысының және
ерлік істерінің неғұрлым кең әлеміне ене отырып, оны өзі бейнелейтін
адамдардың санасы мен сезіміне кіруге үйретеді».
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың өмірінде маңызды орын
алады және баланың өзіндік іс-әрекетінің басым түрі болып саналады.
Сюжеттік-рөлдік ойындарда амалдарды түсіну, адамдар арасындағы
қарым-қатынасты бағдарлау, кооперацияның алғашқы дағдылары да-
миды (А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, Л. А. Венгер,
А. П. Усова).
Еркін сюжеттік ойын – мектеп жасына дейінгі бала үшін ең қызық
ойын, ойында бала іштей еркіндіктің субъективтік сезімін, өзіне
бағынышты заттарды, амалдарды, қатынастарды басынан өткізеді, ал
мұндай әсер мектеп жасына дейінгі баланың өнімді іс-әрекетінің басқа
түрлерінде бола бермейді. Сюжеттік ойын баладан нақты «өнім» талап
етпейді. Онда бәрі «солай сияқты» болады. Бала үлкендердің кез келген
ісін табысты істей алады, кез келген ситуацияға кіре де алады, «қалаған
оқиғасын» басынан өткізеді. Бұл мүмкіндіктер баланың практикалық
әлемін кеңейтеді, дамуына жағымды эмоционалды рең береді.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың көзі – балаларды қоршаған орта.
Сюжеттік-рөлдік ойындар балалардың ұйымдастырылған және
өзіндік іс-әрекетінің әр түрлеріне қосылады және оларды дамыту мен
тәрбиелеуде басты маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |