Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75


Дамытушы ортаны жобалау. Мектеп жасына дейінгі бала



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

10.4 Дамытушы ортаны жобалау. Мектеп жасына дейінгі бала 
үшін оны құру принциптері
Педагогикалық жоба – бұл жоспарланатын және іске асырылатын 
амалдардың, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қажетті шарттар мен 
құралдардың жүйесі. Мектепке дейін білім беру жүйесін жобалағанда 
мамандар  оларға,  білім  беру  бағдарламасының  педагогтарының 
біліктілігіне  мемлекеттік  нормативтік  талаптарды  ғана  қоймай,  со-
нымен  бірге  мектепке  дейінгі  мекемеде  тәрбиеленушіні  қоршаған 
ортаның  қажетті  сипаттарын  анықтайды.  Ортаны  жобалау  алдында 
бала тұлғасын жобалау – орта білімнің бастауыш кезеңіне көшкенде 
оның  дамуының  қажетті  нәтижесін  жобалау.  Мектеп  жасына  дейінгі 
бала  тұлғасын  педагогикалық  жобалау  –  уақытты,  оның  жас  және 
жеке  мүмкіндіктерін,  жанұя  мен  мектепке  дейінгі  мекемедегі  нақты 
жағдайларды  ескере  отырып,  оны  дамытудың  мүмкін  болатын 
нұсқасын суреттеу және жасау.
Дамытушы  орта  жобасы  мектепке  дейін  білім  беру  жүйесінің 
әлеуметтік  сұранысын  ескере  отырып  жасалады,  қарастырылып 
отырған  сатыдағы  мемлекеттік  стандартқа  сүйенеді,  аймақтық, 
ұлттық,  мәдени,  климаттық  жағдайларға  қарай  нақтыланады.  Орта 
оның  тұлғаға  тәрбиелеушілік,  оқытушылық,  дамытушылық  және 
баланың  іс-әрекетіне  әсері  тұрғысынан  қарастырылады.  Мектепке 
дейінгі  мекеменің  дамытушы  ортасына  мектепке  дейінгі  мекеме-
де  қабылданған  білім  беру  бағдарламасының  талаптары  ерекшелік 
береді. Ондағы қойылған мақсаттар, міндеттер, ұсынылатын балалар-
мен жұмыс мазмұны, түрлері және әдістері оны тиімді түрде жүзеге 
асырудың қажетті (өзіне тән) шарттарын анықтайды.
Сонымен  бірге,  мектепке  дейінгі  мекеменің  ерекшелігіне 
қарамастан  мектепке  дейін  білім  берудің  жалпы  міндетті  стандар-
тында  белгіленген  мектепке  дейінгі  барлық  мекемелер  орындауға 
міндетті баланың даму ортасына қойылатын талаптардың нормативтік 

195
құжаттар кешені бар. Онда  «балабақша орнын және алаңын заттық-
кеңістіктік ұйымдастыру баланың мүддесі мен сұранысына, ал оның 
элементтері  (жабдығы,  ойындар,  ойыншықтар,  дидактикалық  ма-
териал)  –  оның  дамуына  қызмет  етуі  тиіс»  деп  атап  көрсетілген. 
Топтық  орындардың  құрылымы  балаға  ойынға  және  ойыншықтарға, 
материалдарға  еркін  қолы  жетуін  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Кеңістіктің 
жабдықталуы  мен  ұйымдастырылуы  балалардың  уақытпен  шек-
телмеген  қозғалыс  белсенділігі  мүмкіндіктерін  қарастыруы  керек, 
баланың  біріккен  және  жеке  іс-әрекетіндегі  сұранысты  қамтамасыз 
етуі  тиіс.    Ойын  бұрыштарының  жиі  өзгеруімен  қатар  іс-әрекеттің 
басқа түрлері үшін де орын алаңын жасау, зат-орынбасарлар ретінде 
пайдалануға болатындай табиғи материалдармен толықтыру    керек. 
Материалдар балалардың жасына сай болуы тиіс, білім беруге замана-
уи талаптарды ескеріп толықтырылуы керек. Мектепке дейінгі меке-
меде педагогикалық процесте көптеген функциялар орындайтын ком-
пьютерлер басым орын алуы қажет. Мектепке дейінгі мекеме ортасын 
үй  жағдайына  жақындастыру  балалардың  эмоционалдық  жайының 
жақсы  болуына  ықпал  етеді,  оларда  сенімділік  және  қорғалғандық 
сезімі ұялайды.
Мектепке 
дейінгі 
мекемелерді 
аттестациялау 
мен 
аккредитациялағанда  даму  ортасын  бағалай  отырып,  сараптау  ко-
миссиясы  «Мектепке  дейінгі  мекемедегі  материалдық-техникалық 
және  балалардың  медициналық-әлеуметтік  жағдайларын  бағалау 
критериилеріне»  сүйенеді.  Критерийлер  екі  блокқа  бөлінген. 
Бірінші  блок  3  жасқа  дейінгі  бала  үшін  дамытушы  ортаны  бағалау 
критерийлерін  құрайды,  екінші  блок  3  жастан  7  жасқа  дейінгі  бала 
үшін дамытушы ортаның критерийлерін қамтиды. 
Мектепке  дейінгі  мекмелердің  дамытушы  ортасын  жобалау 
бағдары  ретінде  оны  құру  принциптері  де  жүреді.  Мектепке  дейінгі 
педагогикада  оған  анықтама  беруде,  идеялық  тұрғыда  негіздеуде 
және практикаға енгізуде әртүрлі көзқарастар бар. В. А. Петровский 
мен М. Н. Полякова ұсынған принциптер мазмұнын анықтаудағы екі 
көзқарасты көрсетейік.
Дамытушы ортаны құру принциптері.
Дамытушы  ортаны  құру  принциптерінің  мазмұны  (В.  А. 
Петровский)
Дамытушы  ортаны  құру  принциптерінің  мазмұны  (М.  Н. 
Полякова)

196
1.  Арақашықтық  принципі  –  үлкендер  мен  баланың  өзара 
әрекетіндегі  позициялар:
- қарым-қатынастағы серіктестік;
- оңашалану мүмкіндігі.
2. Белсенділік, өзінділік және шығармашылдық принциптері:
- балалар іс-әрекетінің өзіндігі мен шығармашылдығы үшін жағдай;
- баланың іс-әрекет нәтижелерін сыйлау.
3.  Тұрақтылық  принципі  –  қоршаған  кеңістіктің 
динамикалылығы:  топтық  орындарда  ортаны  жайлы  етіп  өзгерту 
мүмкіндігі.
4. Комплексиялау және ыңғайлы аймаққа бөлу принциптері:
- белсенділіктің қиылыспайтын сферасын құру;
- функционалды орындар дайындауды ұйымдастыру.
5.  Әр  бала  мен  үлкен  адамның  эмоционалдық  жағдайының 
жақсы  болу  принципі:  оңашалану  бұрыштары,  әр  бала  үшін  жеке 
кеңістік.
6. Ортаны эстетикалық тұрғыда ұйымдастыруда үйреншікті 
және ерекше  элементтерді үйлестіру принципі: өнердің әр түрінде 
эстетика санаттарын үйлестіру.
7. Әр балаға ортаның ашықтық-жабықтық принципі: қоғамға, 
табиғатқа, мәдениетке, өзінің  «Мен»-іне ашықтық.
8.  Ортаның  компоненттерін  қалыптастырғанда  және  оны 
толтырғанда  жыныстық  және  жас  айырмашылықтарын  ескеру 
принципі.
1.  Баланың  сұранысына  сыйластық  принциптері  (қозғалыстағы, 
қарым-қатынастағы, танымдық, қолдаудағы, өз беттілігіндегі сұраныс):
- еркін кеңістіктің болуы;
- жабдықтың қолжетімділігі және оның көптүрлілігі;
- топтық орындардың аймақтарға икемді (қатаң емес) бөлінуі.
2. Баланың пікіріне сыйластықпен қарау принципі: ортаны құрғанда, 
оны өзгерткенде, байытқанда балалардың пікірлнрі мен ұсыныстарын 
ескеру.
3. Заттық-кеңістіктік ортаның функционалдылық принциптері:
- балалар талап еткен және әртүрлі дамытушы функциялар орын-
дайтын материалдар мен жабдықтарды жинақтау;

уақыттың 
ағымына 
сәйкес 
материалдардың 
өзара 
ауыстырылымдығы;
-      құралдар  көпфункционалды,  комбинаторлық,  нұсқалы  болуы 
тиіс.

197
4. Білім берудің озықтық сипаты: топтық орындарда материалдардың 
15%-ы келесі жас сатысындағы балаларға бағытталуы керек (диагно-
стика  үшін  негіз,  дамудың  әртүрлі  деңгейіндегі  балаларға  бағдарлау 
мүмкіндігі, танымдық белсенділікті жеделдету).
5. Ортаның динамикалық-статикалық принциптері:
- орта жағдайлы, тартымды бола отырып баланың өзгеруіне қарай 
өзгеруі тиіс;
- баланың ортаны өзгертуге өзі өзгеріс енгізе алатындай, оны өзіне 
ыңғайлайтындай мүмкіндігі болуы керек.
Айтылған  көзқарастарды  талдай  келе,  олардың  кейбір  ортақ 
тұстарын, көптеген принциптердің мазмұны жағынан үндес екендігін 
атап  көрсету  қажет.  Олар  педагогикалық  іс-әрекеттің  гуманистік 
бағытталғандығы, балаларды тұлғалық-бағдарлық тәрбиелеу мен оқыту 
мақсаттарын  жүзеге  асыруды  көздейтіндігі,  мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың тұлғасын және іс-әрекетін дамыту үшін көпфункционалды 
кеңістік  құру.  Дамытушы  ортаны  құру  принциптерін  анықтаудағы 
әртүрлі  көзқарастың  болуы  мектепке  дейінгі  мекеме  педагогтарына 
өз көзқарасын білдіруге және соның негізінде дамытушы шарттардың 
оңтайлы кешенімен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Баланың даму ортасын жобалау процесі үздіксіз, оны аяқталды деу-
ге болмайды. Мектеп жасына дейінгі бала өседі, дамиды, барлық салада 
онда өзгерістер болады (мотивациялық, физикалық, интеллектуалдық, 
коммуникативтік,  креативтік).  Баламен  бірге  оны  жаңа  белсенділік 
түрлеріне жетелейтін қоршаған кеңістік өзгереді. М. Н. Полякова педагог 
құрған бастапқы орта өз функцияларын екі айда орындайтындықтарын, 
одан кейін оның түрленіп өзгеретінін айтады. Оның үстіне статикалық 
кезең  бойы  баланы  қоршаған  кеңістікке  түрлі  өзгерістер  енгізіп  тұру 
қажеттігін атап көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың даму ортасын жобалағанда және 
құрғанда  педагог  мынаны  түсінуі  керек.  «…балалардың  өмір  сүретін 
ортасындағы  жағдай  оларды  тәрбиелеуде  еш  нәрсемен  салыстыруға 
келмейтін  зор  рөл  атқарады.  Орта  жағдайы  әсер  етпейтін  тәрбиенің 
ешқандай  жағы  жоқ,  баланың  тікелей  нақты  қоршаған  ортасының 
тәуелді емес қабілеті жоқ…» - деп көрсетеді Е. И. Тихеева.
10.5 Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы ортаны құрудың зама-
науи тұжырымдамалары
Мектепке дейінгі мекемеде дамытушы ортаны мақсатты бағытты, 
педагогикалық  тұрғыдын  ақталған  жобалау  мамандардың  ортаның 

198
тұлғаға  тәрбиелік,  оқытушылық,  дамытушылық  әсерін  және  қазіргі 
заманғы балалардың іс-әрекетін айқын түсінудің негізінде жүзеге асы-
рылуы тиіс. Бұл процесте түрлі факторлар кешенін есепке алу қажеттілігі 
мектеп жасына дейінгі балалар үшін дамытушы орта құрудың жалпы 
тұжырымдамасын  жасаудың  маңызының  жоғары  екендігін  көрсетеді. 
Ол педагогиканың онымен сыбайлас ғылымдардың ғылыми негізделген 
деректеріне сүйенуі тиіс, оған қойылатын неғұрлым жоғары талаптар-
ды ескеруі керек және жергілікті жерлерде педагогтардың нақты білім 
беру  мекемелерінің  ерекшеліктеріне  бағытталған  шығармашылығына 
кең жол ашып беру қажет.
Тұжырымдама  –  жобалау  түрі,  ол  арқылы  негізгі  көзқарас, 
жүйені құрудың жетекші ойы баяндалады. Оған оны негіздейтін тео-
рия қосылады, қарастырылатын құбылыстың түсініктемесі енгізіледі, 
жүйені тікелей ұйымдастырудың теориялық қағидалары беріледі.
Мектепке  дейінгі  педагогикада  дамытушы  ортаны  жобалаудың 
тұжырымдамалақ негізін жасау С. Л. Новоселованың, Л. М. Кларинаның, 
В.  А.  Петровскийдің,  Л.  П.  Стрелковтың,  М.  Н.  Полякованың  және 
т.б.  аттарымен  байланысты.  В.  А.  Петровскийдің  басшылығымен 
жасалған тұжырымдамада мектепке дейінгі мекемеде дамытушы орта 
құрудың маңызы мен принциптері анықталған, оны іс жүзіне асырудың 
нұсқалары ұсынылған.
М. Н. Полякова мектепке дейінгі мекемеде дамыту ортасының жал-
пы сипаттамасын анықтаған, онда дамытушы ортаны құру принциптері 
берілген, бұл принциптерді педагогикалық практикаға енгізу мектепке 
дейін білім беруді гуманизациялауды қамтамасыз етеді.
С. Л. Новоселованың жетекшілігімен Мәскеу аймақтық «Астана-лық 
білім беру» бағдарламасы аясында біртұтас тұжырымдама жасалды, ол 
тұжырымдаманың  ғылыми  психологиялық-педагогикалық  негіздерін; 
балалық  шақтың  дамытушы  заттық  ортасының  тұжырымдамасының 
негізгі қағидаларын; мектепке дейінгі мекемеде дамытушы заттық орта 
жүйесінің базалық компоненттерін негіздеуді қамтыды.
Тұжырымдамамен  дамытушы  ортаның  базалық  компоненттерін 
жобалау жөнінде әдістемелік ұсыныстар бірге жүреді.
Мынадай  сұрақтарға  жауап  бере  отырып,  С.  Л.  Новоселованың 
тұжырымдамасына қысқаша сипаттама берейік: мектеп жасына дейінгі 
балалар үшін дамытушы ортаны жобалағанда педагог қандай теориялық 
негіздерге сүйенуі тиіс? Ортаның маңызды компоненттерін іріктей оты-
рып  нені  ескеруі  керек?  Тұлғаны  қалыптастыру  және  балалардың  іс-
әрекеті үшін, олардың субъективтік қасиеттері үшін олардың қайсысы 

199
қажетті (базалық)? Бала толыққанды, жан-жақты даму үшін орта қандай 
қандай негізгі талаптарға сай болуы тиіс?
Тұжырымдаманың  ғылыми  психологиялық-педагогикалық 
негіздері
Тұжырымдама  әрекеттік-жас  ерекшелікке  негізделеді  және 
іс-әрекетінің  заттық  сипатының  заманауи  түсініктеріне,  баланың 
психикалық  және  тұлғалық  дамуы  үшін  маңыздылығына    сүйенеді. 
С.  Л.  Новоселова  іс-әрекет    өзінің  іс-әрекет  тәжірибесі  субъектісінің 
қорытындысына  байланысты  өзінің  психологиялық  мазмұнын 
үнемі  өзгертіп  тұратындығын  пайымдаған.  Іс-әрекеттің  бала  әлемін 
қалыптастыратын  қорытынды  тәжірибесі  қандай  да  бір  іс-әрекетте 
нақты  істің  мақсаттарына  жету  жағдайында  бағдарды  анықтап  қана 
қоймайды,  оның  келесі  мазмұнын  байытады  (А.  В.  Запорожец,  П.  Я. 
Гальперин, Д. Б. Эльконин, М. И. Лисина). Іс-әрекет психиканы құрады, 
әрекетсіздік тұлғаны депривацияға, оның мүмкіндігін шектеуге әкеліп 
соғады.
Бала  дамуының  күшті  байытушы  факторы  –    әлеуметтік-мәдени 
айналасы  және  оның  заттық  ортасы.  Әрбір  бала  өзінің  дамуында 
сөзсіз жанұяның, оның тұрмысының, мәдени артықшылықтарын және 
үлкендердің іспен шұғылданатындығын, бос уақыт мазмұнын көреді. 
Мектепке дейінгі мекеме білім беру орталығы ретінде «бағдарланған» 
мәдениет  зарядын  алып  қана  қоймайды,  балалардың  өмірін  түрлі 
жағдайларда  байытып  жүрген  мөлтек  ауданның,  қаланың,  ауылдың 
мәдени ахуалын да, олардың іс-әрекет және эмоционалдық-құндылық 
қатынастарындағы  тәжірибесін  де  көреді.  Әр  жас  сырттан  өзі  үшін 
керектіні алады.
Іс-әрекетті құраушы фактор болып оның пәні есептеледі. Іс-әрекет 
пәні (оның мотиві,  А. Н. Леонтьев бойынша) әжептәуір материалдық 
және    идеалдық  нәрсе  болуы  мүмкін.  Сәбилік  кезде  мотив  пен  пән 
бірге  болады.  Ары  қарай  пән  қоғамдық-берілген  мәнді  айқындайды, 
және іс-әрекет мотиві заттың өзі емес, оның атқаратын қызметі бола-
ды,  кейіннен  оның  түрлену  маңызы,  мүмкіндігі  болады.  Бір  мезгілде 
пәннің функциясы өзгереді. Баланың өсу процесінде іс-әрекет мотиві 
мен пәннің функциясының бұл ауысуы, С. Л. Новоселованың пікірінше, 
балабақшада дамытушы ортаны құру негізі болып табылады.
Балалық шақтың дамытушы ортасының негізгі қағидалары
Ерте  балалық шақтан  бастап  баланы  толыққанды дамытудың  ба-
сты тетігі баланың іс-әрекеті, оның сан алуан түрлері болып табылады. 
Тәрбиенің әртүрлі кезеңінде іс-әрекет түрлері жетекші есебінде жүреді. 

200
Баланы толыққанды дамытуды қамтамасыз ету үшін дамытушы заттық 
орта  мен  үлкен  адамдардың  балалармен  мазмұнды  қарым-қатынасы 
қажет.
Дамытушы заттық орта, С. Л. Новоселова көрсеткендей, - бұл бала 
іс-әрекетінің, рухани және физикалық бейнесін дамытудың мазмұнын 
функционалды түрде модельдейтін материалдық объектілерінің жүйесі. 
Байытылған орта дегеніміз - баланың сан алуан іс-әрекетін қамтамасыз 
ететін әлеуметтік және табиғи құралдардың бірлігі. Бұл ортаның негізгі 
элементтеріне архитектуралық-ландшафтық және табиғи-экологиялық 
объектілер;  көркемдік  студиялары,  ойын,  спорттық  алаңдар  және 
олардың жабдықтары; ірі габаритті, баланың бойына мөлшерлес мас-
штабты  (бойына шақ) конструкторлар; ойыншықтардың, құралдардың 
тақырыптық жинақтары; оқыту мен тәрбиелеудің аудиовизуалды және 
ақпараттық құралдары жатады.
Дамытушы  орта  білім  беру  мекемелерінің  әртүрлі  типтерінде: 
яслиде,  балабақшасында,  балалардың  бос  уақыттарын  өткізу 
орталықтарында  және  т.с.с.,  сол  сияқты  дамуында  ауытқуы  бар 
балалардың  реабилитациялық  мекемелерінде  өзіндік  ерекшеліктерге 
ие болады.
Балалар мекемелерінің құрылысын салуды жобалағанда студиялар, 
шеберханалар, тірі бұрыш, компьютерлік кешендер және т.с.с.  орынды 
қарастыру қажет. Олар ғимараттың ішінде де, даладағы алаңдарда да 
бала іс-әрекетіне қажетті барлық жабдықтармен, ойын және спорттық 
алаңдармен, көгалдандырылған аулалармен толық қамтамасыз етілген 
болуы тиіс.
Халыққа  білім  беру  мекемелерінің  қызметі  балалар  алаңдарын, 
аулалардағы  ойын  алаңдарын,  саябақтарды  салуға,  оларда  штаттағы 
мамандарды ұстауға арналуы тиіс.
Тұжырымдама  нұсқалы  дамытушы  ортаның  дизайн-жобаларын 
және балалар үшін арнайы орындар жасауды қарастырады.
Дамытушы ортаға қойылатын талаптар
Ортаның  дамытушы  сипаты.  Ол  объективті,  өзінің  мазмұны  мен 
қасиеттері арқылы, баланың шығармашылдық іс-әрекетіне жағдай жа-
сауы  керек,  физикалық  және  психикалық  даму  мақсаттарына  қызмет 
етуі,  ақпаратты  және  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  жуық  арадағы 
даму  зонасына  бағытталған  болуы  керек.  Ортаның  дамытушы  функ-
циясы  баланың қарапайым іс-әрекет түрінен неғұрлым күрделі түріне 
көшуіне  ықпал  ететін  дәстүрлі  және  жаңа,  өзгеше  компоненттердің 
есебінен қамтамасыз етілуі тиіс.

201
Ортаның бала іс-әрекетінің когнитивтік (танымдық) құрылымына 
сәйкес  болуы,  яғни  ортада  балаға  белгілі  және  зерттеуге  жататын 
проблемалық компоненттер болуы керек.
Ортаның  нұсқалылығы.  Мектепке  дейінгі  мекеменің  типіне, 
мақсаттары  мен  білім  мазмұнына,  мәдени  дәстүрлеріне  қарай  орта 
қайталанбас  түрге  енеді.  Бұл  материалдардың  көптігімен,  көркемдік-
бейнелік  шешіммен,  оның    компоненттерінің  ауқымдылығымен 
қамтамасыз етіледі.
Орта функционалдық сенімділік және қауіпсіздік деңгейінде жайлы 
болуы керек. Орта компоненттері – мөлшерлес масштабты және балалр 
мен  үлкен  адамдардың  іс-әрекетінің  макро-  және  микрокеңістігімен 
өлшемдес болуы тиіс.
Бала іс-әрекетінің объектілері мен құралдары, олардың  эстетикалық 
және  гигиеналық  көрсеткіштері  ғылыми  негізделген  сипатта  болуы 
қажет.
Іс-әрекеттің көшпелі және тұрақты құралдары мен объектілерінің 
болуы  әрбір  балаға  іс-әрекетті,  оны  орындаудың  қарқынын,  мерзімін 
және шарттарын өз бетімен таңдауға мүмкіндік жасайды.
Мектепке  дейінгі  мекемені  архитектуралық-жоспарлау  шешімі 
әртүрлі  жастағы  және  әрекетті  меңгеруде  әртүрлі  деңгейдегі  
балалардың  біріккен  іс-әрекеті  үшін  жағдай  туғызуды,    жергілікті 
этнопсихологиялық, мәдени-тарихи және табиғи-климаттық жағдайды 
ескеруді қарастырады.
Білім  беру  мекемесінде  заттық  орта  жүйесі  отбасы,  тұрғын 
мөлтекаудан жағдайларымен сәйкес болуы тиіс.
Заттық  ортаның  барлық  компоненттері  мазмұны,  масштабы, 
көркемдік шешімі жағынан бір-бірімен байланысты болуы керек.
Заттық  орта  бала  іс-әрекетінің  объектісі  мен  құралы  ғана  емес, 
педагогикалық  процесс  мәдениетін  жеткізуші  болып  табылады, 
педагогқа шығармашылық үшін мүмкіндік жасайды, тұлғалық-кәсіптік 
өзін-өзі сыйлауды қолдауға қызмет етеді. Қазіргі кезде қажетті дамыту-
шы заттық ортаның жеткіліксіздігінен  іс-әрекетті депривация жасауға 
жол  берілмеуі  керек.  Заттық  вакуум  жағдайында  баланың  жаңаны 
білуге ынтасы жойылады, аптия туындайды.
Баланың шығармашылық дамуының үлкен резерві мектепке дейінгі 
балалық шаққа балалардың ойындары мен басқа да іс-әрекет арқылы 
енетін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Мектепке  дейінгі  мекеменің  дамытушы  ортасын  жобалау 
мемлекеттік, қалалық деңгейлерде жасалуы керек.

202
Дамытушы заттық ортаның базалық компоненттері
Балалық шақтың дамытушы ортасын жобалауға талаптың жоғары 
болуы мектепке дейінгі мекеме басшылары мен педагогикалық ұжымға 
тиісінше  жауапкершілік  артады.  Жобалағанда  ортаның  біртұтас 
жүйесін  құрайтын    базистік  компоненттері  болатындығы  ескерілуі 
керек.  Базистік  компоненттер  топтық  орындарды  ғана  емес,  басқа  да 
функционалдық  кеңістікті  қамтуы  тиіс.  Түрлі  базалық  компонент-
тер  педагогикалық  процесті  формалды  ұйымдастыруға  мүмкіндік 
бермейді.  Тұжырымдама  аясында  балалар  үшін  мектепке  дейінгі 
мекеменің функционалдық орындары үлкендерге арналған орындарды 
да есептегенде қолжетімді болуы керек. Кейбір жекелеген орындарға 
(әдістемелік кабинет, тамақ жасайтын бөлме) бару шектеулі болуы тиіс, 
бірақ жабық болмауы керек. Балалар мекемелері ата-аналар үшін де өз 
таланттарын кеөрсете алатындай мәдени орталыққа айналуы тиіс.
Мектепке дейінгі мекеменің заттық дамытушы ортасының базалық 
компоненттері мыналар:

топтық орындар;

компьютерлік-ойын кешені;

балалар кітапханасы, видеотека;

дизайн-студия;

музыкалық және  и театр-би кешені;

дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

мектепке дейінгі мекеме жанында аула-саябақ;

аула-саябақта жануарлар ұстау орындары;

қысқы бақ және жануарлар ұстау үшін бұрыштар;

мектепке  дейінгі  мекеменің  архитектуралық  бейнесі  және 
сыртқы көрінісі;

мектепке дейінгі мекеменің аула-саябағының және ғимаратының  
территориясына кіреберісі;

баспалдақ марштары және рекреациялар;

балалар мен үлкендер үшін жалпы асхана;

мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің демалатын бөлмесі;

әдістемелік кабинет;

меңгерушінің кабинеті;

психологтың кабинеті;

медициналық кабинет;

балалар  мекемесінің  тұрмыстық  жағдайын  қамтамасыз  етуге 
арналған орын;

қосымша орындар.

203
Көрсетілген орындар дамытушы ортаның заманауи тұжырымдамасы 
аясында  педагогикалық  процесті  толыққанды  ұйымдастыру  үшін 
қажетті  (базалық)  болады.  Оларды  жоспарлауға  және  жабдықтауға 
мамандардың  (эргономистердің,  дизайнерлердің,  психологтардың, 
педагогтардың) ерекше назары керек.
Белгіленген  базалық  компоненттер  дамытушы  ортаны  құрудың 
көпнұсқалылығының  негізін  құрайды.  Әрбір  жобаға  барлық  компо-
ненттер  немесе  олардың  бөлігі  кіруі  мүмкін.  Мектепке  дейінгі  меке-
ме  жұмысының    практикасында  жүйелілікті,  масштабы  мен  стилінің 
бірлігін сақтай отырып заттық орта мазмұнының біртіндеп өсуі жаңа 
элементтерді  енгізу  арқылы  байытылуы  мүмкін.  Сонымен  бірге 
орта  азфункционалдылықпен,  артық  заттармен  толтырылмауы  тиіс. 
Оның міндеті – әрбір баланы  қызықты, пайдалы іспен шұғылдануды 
қамтамасыз ету.
Баланың даму ортасын жобалағанда бала үш кеңістікте: оның қол 
қимылымен (масштаб «көз-қол»), бойы мен үлкендердің заттық әлемімен 
шамалас әрекет болмай, жан-жақты дамыту мүмкін болмайтындығын 
ескеру керек. Ендеше, мектепке дейінгі мекемеде баланы дамыту орта-
сы бала әрекет жасайтын заттық ортаның үш масштабы болуы керек.
Дамытушы  орта  өзінің  мүмкіндіктерін  баланың  осы  ортада 
үлкендермен қарым-қатынасының арқасында ашады. С. Л. Новоселова: 
«Үлкен адамдардың дайындығынан, біліктілігінен, олардың балаларға 
мейірімділік  мен  мүдделілік    қарым-қатынасынан  заттық  ортаның 
әсерлілігі,  баланың  өз  іс-әрекетінде  оны  меңгергісі  келетіндігі  және 
меңгере алатындығы белгілі болады» деп көрсетеді. Мектепке дейінгі 
мекеменің түрлі базалық компоненттерінің жобаларының нұсқалары С. 
Л. Новоселованың жұмысының маңызды бөлігін қояды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет