Ұлпалық бейімделу. Төмен О
2
парциалдық кернеуі жағдайында
жүретін ұлпалардағы негізгі өзгерістер аэробтық жолмен энергия
түзілу үшін оттегіні алу мен утилдеу тиімділігінің жоғарылауына
бағытталған.
Бұл адаптациялық өзгерістер:
– ұлпалардың капиллярлануының күшеюінен (капиллярлар
(қылтамырлар) саны мен тығыздығының артуынан);
– қаңқа бұлшық еттерінде миоглобин концентрациясының
жоғарылауынан;
– митохондрия мөлшерінің ұлғаюынан;
– тотығу ферменттерінің мөлшері мен белсенділігінің артуынан
тұрады.
Сипатталынған бейімделудің физиологиялық механизмдерінен
ерекшелігі бұл өзгерістер ұзақ уақыт барысында жүреді жəне
сондықтан тек жоғары биіктікте ұзақ мекендеген адамдарда ғана
байқалады.
Неғұрлым тауда мекендеуші адамдардың жасы кіші болса,
соғұрлым адаптациялық өзгерістер көп болады. Тауда ұзақ мекен-
деуге акклиматизацияланудың қолайлы уақыты баланың өсу жəне
даму кезеңдері болып табылады.
324
ОМП өзгерістері. Акклиматизация барысында ОМП көбіне,
біртіндеп артады, яғни биіктікте бірнеше апта болған соң ол
алғашқы күндерге қарағанда жоғары болады. Осылай ОМП артуы
жоғары биіктіктерге қарағанда орта биіктіктерде көбірек байқалады.
Орта биіктікте 3-5 апта болған соң ОМП төмендеуі жазықтағы ОМП
қарағанда тек 6-16% құрайды. Гипоксияның бірдей дəрежесі кезінде
ОМП төмендеуі тауда уақытша мекендейтін жазық тұрғындарына
қарағанда тау тұрғындарында азырақ болады. Биіктікте жүргізілген
жаттықтыру биіктікке акклиматизация үдерісіне жағымды ықпал
етеді: тауда жаттыққан адамдарда жаттықпағандарға қарағанда
ОМП өсуі жоғары келеді. Дегенмен, тіпті ұзақ уақыт белсенді ак-
климатизациядан кейін де биіктікте ОМП жазықпен салыстырғанда
төмен болады.
Тіпті, тауды үнемі мекендейтін жаттыққан спортшыларда теңіз
деңгейіне қарағанда өз биіктігінде ОМП көрсеткіші көбірек төмен
болады. Мысалы, 3100 м биіктікте тұрақты мекендейтін спортшы-
ларда теңіз деңгейіне қарағанда ОМП 27%-ға төмен.
Биіктікте ОМП артуына (қалпына келуіне) гипоксиялық
жағдайға компенсаторлық бейімделудің сан алуан механизмдері:
өкпе вентиляциясының күшеюі, өкпенің диффузиялық қабілетінің
жоғарылауы, қанның оттектік сыйымдылығының, жалпы қан
айналымдағы қан көлемінің, жүректің минуттық қан көлемінің ар-
туы, қаңқа бұлшық еті мен миокард капиллярлануының күшеюі,
қаңқа бұлшық еттеріндегі миоглобин мөлшерінің, бұлшық
ет жасушаларындағы митохондрияның жоғарылауы, тотығу
ферменттерінің белсенділігінің артуы жəне т.б. əкеледі.
Орта биіктік жағдайында жəне теңіз деңгейіне оралғаннан
кейінгі спорттық жұмысқа қабілеттілік
Адамның дене жұмыс қабілеттілігі биіктікке көтерілген сай-
ын төмендейді. Бұл ең алдымен жəне бастысы, төмендеуі 1200
м биіктікте-ақ байқалатын аэробтық жұмысқа қабілеттілікке
(төзімділікке) қатысты. Осы тұрғыдан алғанда жаттыққан жəне
жаттықпаған адамдар арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
Екеуінде де тауға шығудың бас кезінде жазықтағы деңгейге
қатысты жұмысқа қабілеттілік шамамен, бірдей төмендейді.
325
Айтарлықтай биіктікте спортшыларда биіктік ауруының симптом-
дары соншалықты жиі жəне тіпті, елеулі айқын дəрежеде байқалады.
Жылдамдықты-күштік (анаэробтық) жаттығуларды орын-
дау кезіндегі спорттық жұмысқа қабілеттілік. Қысқа мерзімдік
максималды күш салу кезінде бұлшық ет күші мен қуаттылығы, соны-
мен қатар қозғалыс координациясы (үйлесімділігі) тауға шыққанда
немесе құрамындағы оттегі төмен газ қоспасымен тыныс алғанда
өзгеріссіз қалады. Сондықтан тау жағдайларында орындалатын ұзақ
емес (1 минутқа дейін) жылдамдықты-күштік сипаттағы спорттық
жаттығулар жəне координациялық (үйлесімділік) жаттығулар
кезінде жазықтағы жағдаймен салыстырғанда нəтижелердің
айқын төмендеуі байқалмайды. Мұнымен қатар биіктікте ауа
тығыздығының (орын ауыстыру кедергісінің) төмендеуі салдары-
нан қысқа (спринтерлік) қашықтыққа жүгіру, əсіресе, велобəйге
кезіндегі нəтижелер тіпті, теңіз деңгейінен жоғары болуы да мүмкін.
Дегенмен, организмдегі қалпына келу үдерістерінің биіктік
жағдайында баяу жүретінін ескерген жөн. Сондықтан теңіз деңгейіне
қарағанда осы жағдайларда тіпті, қысқа мерзімдік жаттығулардың
өзін қайталап орындау неғұрлым қажуды (жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуін) тез тудырады.
Биіктікте
жылдамдықты-күштік
жəне
координациялық
жаттығулар бойынша өткізілетін жарыстарға қатысу үшін спортшыға
осы биіктікке арнайы алдын ала акклиматизация қажет емес. Егер
спортшы биіктік ауруымен зардап шекпесе, оның жарысқа келу
мерзімі өз еркімен таңдалуына болады.
Төзімділік жаттығуларын орындау кезіндегі спорттық
жұмысқа қабілеттілік. Биіктікте шекті ұзақтығы 1 минуттан асатын
спорттық жаттығу нəтижелері теңіз деңгейіне қарағанда төмен бо-
лады. Тек бұған нəтижесіне ауа кедергісі (тығыздығы) мөлшері көп
ықпал ететін салыстырмалы ұзақ емес жаттығулар, мысалы, тректегі
велобəйге жатпайды. Бұл жаттығулар барысында спортшының
физиологиялық мүмкіндіктерінің төмендеуі оларды орындау
кезіндегі механикалық жағдайлардың жақсаруымен өтеледі.
Қаншалықты арақашықтық (жаттығудың шекті ұзақтығы) ұзақ
болған сайын соншалықты нəтижелердің төмендеуі айтарлықтай
болады. Неғұрлым биіктік артқан сайын соғұрлым ОМП азаюы-
мен қатар жүретін физикалық аэробтық жұмысқа қабілеттіліктің
төмендеуі күштірек болады. Биіктікке төзімділіктің азаюының басты
326
себебі аэробтық өнімділіктің төмендеуі болып табылады. Жұмысқа
қабілеттіліктің төмендеуіне байланысты ықпал ететін жаттығу
жүктемелерінің қарқындылығы биіктік сайын азаяды.
Биіктік
гипоксиясына
адам
организмінің
бейімделу
механизмдерінің дамуына қарай өте айтарлықтай дəрежеде
жəне барлық жағдайда болмаса да, дегенмен оның сол биіктікте
дене жұмыс қабілеттілігі жақсарады. Мұнда биіктікте неғұрлым
ұзақ жаттығуларды орындауға бейімделу үшін соғұрлым
акклиматизацияның ұзағырақ кезеңі қажет етіледі. 2000 м жəне
одан жоғары биіктікте максималдыға жуық жəне максималды
аэробтық қуаттылықты жаттығуларды орындау барысында жақсы
нəтижелерге жету үшін акклиматизацияның минималды кезеңі (2-3
апта) қажет болады. Орта биіктік жағдайында бұдан əрі қарай болу
аэробтық жұмысқа қабілеттілікті жақсарта қоймайды, сондықтан да
оның ешқандай мəні жоқ.
Жақсы жаттыққан адамдар жаттықпаған адамдарға қарағанда
жоғары биіктікке тезірек немесе неғұрлым тиімдірек акклиматиза-
цияланбайды. Биіктік жазық тұрғындарының жұмыс қабілеттілігіне
сияқты таудың тұрғылықты халқының да жұмыс қабілеттілігіне ық-
пал етеді. Жазық тұрғындары сияқты таудың тұрғылықты халқының
да спорттық нəтижелері жазықтағы нəтижелерімен салыстырғанда
арақашықтық артқан сайын (жұмыс мезгілі) төмендейді.
Орта биіктік жағдайындағы жаттықтырудың теңіз
деңгейіндегі аэробтық жұмыс қабілеттілікке ықпалы. Жоғарыда
баяндалған мəліметтерден биіктік гипоксиясына акклиматизация
теңіз деңгейіндегі төзімділікке жаттықтыру үдерісінде жүретін
өзгерістермен көп жағынан ұқсас физиологиялық өзгерістер туды-
ратыны көрінеді. Аталмыш екі жағдайда да аэробтық энергия өндіру
үшін ұлпалардың (жұмыс атқарушы бұлшық еттердің) оттегіні
утилдеу қабілетімен жəне организмнің оттегі тасымалдау
мүмкіндіктерімен байланысты оның аэробтық мүмкіндіктері
жоғарылайды. Биіктікте жаттықтыру жазықта спортшылардың
аэробтық өнімділіктерін жəне физикалық аэробтық жұмыс
қабілеттіліктерін
(төзімділіктерін)
күшейтетін
қосымша
физиологиялық өзгерістер тудыра ма, басқаша айтқанда биіктікте
болғанан кейін теңіз деңгейіндегі жұмыс қабілеттілік жоғарылай ма,
теңіз деңгейіндегі жаттықтыруға қарағанда биіктікте жаттықтыру
неғұрлым тиімдірек пе деген сұрақтар туындайды. Жазық
жағдайында төзімділікті жоғарылату мақсатында биіктікте мекен-
327
деу мен жаттықтырудың əсері туралы ғылыми мəліметтер қарама-
қайшылықтарға толы.
Егер төзімділік жарыстары теңіз деңгейінің тұрғылықты спорт-
шылар жағдайында жүргізілген болса, тау жағдайында тұрақты
мекендейтін адамдарда артықшылықтар бар екені күмəн келтірмейді.
Орта биіктікте максималды аэробтық жұмыс кезінде таудың
тұрғылықты тұрғындарында сол жаттықтыру деңгейіндегі жазық
тұрғындарына қарағанда неғұрлым қанның оттектік сыйымдылығы,
жүректің минуттық қан көлемі, жүйелі АВА-О
2
жəне сəйкесінше,
ОМП жоғары болады.
Басқа жағынан алып қарағанда, жоғары биіктікте үнемі не-
месе ұзақ уақыт мекендеу жазықта көрінетін аэробтық төзімділік
жағынан артықшылық əкелмейді. Жақсы жаттыққан спортшылар-
да орта биіктікте бірнеше апталап тұру жəне қарқынды жаттықтыру
теңіз деңгейіндегі эквивалентті жаттықтырумен салыстырғанда
əрқашан қосымша əсер бере бермейді. Тіпті, өте жоғары биіктікте
ұзақ уақыт болудың өзі жазықтағы аэробтық жұмыс қабілеттілік
көрсеткіштеріне нақты ықпал етпейді.
Орта биіктікте дайындалудың жазық жағдайындағы орындалған
нəтижелерге ықпалын сараптау кезінде айтарлықтай жеке-дара ва-
риацияларды ескеру қажет: бір спортшыларда мұндай дайындық
жазықтағы нəтижелердің жоғарылауына, екіншілерінде, керісінше,
төмендеуіне əкелсе, ал үшіншілерінде, мүлде елеулі өзгерістер ту-
дырмайды. Осымен қатар реакклиматизация кезеңінде функциялық
күй мен спорттық жұмысқа қабілеттілігінің фазалық сипатта бо-
латынын, яғни спорттық жұмыс қабілеттіліктің жоғарылауы оның
уақытша төмендеуімен кезектесіп отыратынын ескерген жөн (61-су-
рет).
Жазықтағы жұмысқа қабілеттілікті жоғарылату мақсатында тау
жағдайында жаттықтыру үдерісін арнайы ұйымдастыру, сонымен
қатар реакклиматизация кезеңі де маңызды рөл атқаруы ықтимал.
Тау жағдайында ұзақ уақыт болу үдерісінде осы арнайы
жағдайларда жұмыс қабілеттіліктің жоғарылауына əкелетін ор-
ганизмде адаптациялық өзгерістер туындайды. Осымен бірге бұл
өзгерістер басқа арнайы жағдайларда, соның ішінде теңіз деңгейінде
жұмыстарды орындау кезінде елеулі артықшылықтар бермейді.
Осының барлығы спорттық жаттықтыру жарыс өткізілетін жағдайда
жүргізілу қажеттілігін көрсетеді.
328
61-сурет. Орта биіктік жағдайынан оралғаннан кейінгі 2 ай барысында
ОМП (А) жəне 1 ай барысында спорттық нəтижелердің (Ə) динамикасы
(Ф. П. Суслов бойынша)
(Тауларда болғанға дейінгі жазықтағы көрсеткіштер 100% деп алынған)
Жаңа климаттық орта жағдайындағы спорттық жұмысқа
қабілеттілік
Эволюция үдерісінде қалыптасқан организмнің қоршаған ор-
тамен байланысы оның тіршілік етуі үшін қажетті жағдай екенінін
И.М. Сеченов еңбектерінің өзінде көрсетілген болатын. Табиғи фак-
торлар кезеңдік өзгерістерге ұшыраған. Адам организмінің тіршілік
əрекетінің барлық көріністері де тұрақты болып қалмайды, ырғақтық
сипатта болады. Мұнда басты орынды тəуліктік ырғақ алады.
Адамның биологиялық ырғақтары. Биологиялық ырғақ –
тіршілік барысында, өсіп-дамуда, организм жүйелерінің қызметінде,
зат алмасуда, олардың үнемі белгілі бір уақытта, маусымда күшейіп
жəне баяулап отыратын табиғи құбылыс. Басқаша айтқанда, тірі
организмдердегі биологиялық үдерістер мен құбылыстардың си-
паты мен қарқындылығының кезеңмен қайталанатын өзгерістері.
Биологиялық ырғақтың тəуліктік, апталық, айлық, маусымдық,
жылдық жəне бірнеше жылдық болатыны анықталған. Ол
329
организмнің ішкі ортасының тіршілік тəртібіне, организмдердің
қызметіне,
тамақтануына
да
байланысты
қалыптасады.
Физиологиялық қызметтердің биологиялық ырғақтары сонша дəл,
нақты болғандықтан оларды көбіне, «биологиялық сағат» деп те
атайды. Уақытты есептеу механизмінің адам денесінің əр молеку-
ласында, соның ішінде генетикалық ақпаратты сақтайтын ДНҚ мо-
лекулаларында орналасқанын жорамалдауға негіз бар. Жасушалық
«кіші» биологиялық сағаттардан басқа мида орналасқан жəне
организмдегі барлық физиологиялық үдерістерді синхрондайтын
«үлкен» сағаттар бар.
Биоырғақтардың жіктелуі. Ішкі «сағаттармен» немесе ырғақ
жүргізушілермен қалыптасатын эндогендік жəне сыртқы факторлар-
мен реттелетін экзогендік деп аталатын ырғақтар болады. Көпшілік
биологиялық ырғақтар аралас, яғни жартылай эндогендік жəне жар-
тылай экзогендік болып келеді.
Көпшілік жағдайларда ырғақ белсенділігін реттейтін басты
сыртқы фактор – фотопериод, яғни күннің ұзақтығы болып табыла-
ды. Бұл уақыттың сенімді көрсеткіші болатын жалғыз фактор жəне
ол «сағаттарды» құруға қолданылады.
«Сағаттардың» нақты табиғаты белгісіз, бірақ мұнда жүйкелік
сияқты эндокриндік компоненттер қатысатын физиологиялық
механизмдердің əсер ететіндігі күмəн келтірмейді.
Көпшілік ырғақтар жеке даму (онтогенез) үдерісінде
қалыптасады. Мəселен, баланың түрлі қызметтері белсенділігінің
тəуліктік тербелісі дүниеге келгенге дейін байқалады. Оларды
жүктіліктің екінші жартысында-ақ тіркеуге болады. Адамдағы
көптеген қызметтердің тəуліктік циклділігі дүниеге алғаш келген
күндерде көрініс береді.
Биологиялық ырғақтар қоршаған ортамен тығыз өзара қатынаста
жүзеге аса отырып, осы ортаның циклді өзгеретін факторларына
организмнің бейімделу ерекшелігін көрсетеді. Жердің Күнді айна-
луы (жылға жуық кезең), Жердің өз осінде айналуы (24 сағатқа жуық
кезең), айдың Жерді айналуы (28 күнге жуық кезең) жарықтың,
температураның, ылғалдылықтың, электромагниттік өрістердің,
т.б.-дың өзгерістеріне əкеледі жəне «биологиялық сағаттар» үшін
уақыттың датчиктері болып табылады.
Биологиялық ырғақтардың жиілігі немесе кезеңдері бойын-
ша көптеген айырмашылықтар бар. Тербеліс кезеңі шамамен, се-
330
кунд үлесінен жарты сағатқа дейін болатын жоғары жиілікті
биологиялық ырғақтар деп аталатын топқа мысал ретінде ми,
жүрек, бұлшық ет, басқа мүшелер мен ұлпалардың биоэлектрлік
белсенділігінің тербелісін келтіруге болады. Оларды арнайы аппара-
тура (ЭЭГ, ЭМГ, ЭКГ, т.б.) көмегімен тіркей отырып, осы органдар
қызметінің физиологиялық механизмі туралы құнды ақпарат алуға
болады жəне ауруларды анықтауда (диагностикада) қолданады. Осы
топқа тыныс алу ырғағын да жатқызуға болады.
20-28 сағат кезеңді биологиялық ырғақтарды циркадты немесе
тəуліктік ырғақтар деп те атайды. Мысалы, тəулік барысында дене
температурасы, пульс жиілігі, артериялық қан қысымы, жұмысқа
қабілеттілік, т.б. кезеңдік өзгерістер.
Төмен жиілікті биологиялық ырғақтар тобына: аптаға жуық,
айға жуық, маусымдық, жылға жуық, көп жылдық ырғақтар жата-
ды. Осылардың əрқайсысының негізінде қандай да бір функциялық
көрсеткіштің нақты тіркелген тербелісі жатады. Мысалы, аптаға
жуық биологиялық ырғаққа зəрмен бөлінетін кейбір физиологиялық
белсенді заттардың деңгейі, айға жуыққа – əйелдердің етеккір циклі,
маусымдық биологиялық ырғаққа – ұйқы ұзақтығының, бұлшық ет
күшінің, сырқаттанудың, т.б. өзгерістері сəйкес келеді.
Көптеген ішкі ырғақтардың басқарушысы рөлін атқаратын адам
организміндегі ең маңыздыларының бірі – циркадты биологиялық
ырғақ барынша зерттелген. Циркадты ырғақтар түрлі жағымсыз
факторлардың əсеріне өте сезімтал келеді жəне осы ырғақты жоятын
жүйенің жұмысының бұзылуы организмдегі сырқаттың алғашқы
симптомдарының бірі болып табылады. Адам организмінде 300-
ден аса физиологиялық қызметтердің циркадалық тербелістері
анықталған. Барлық бұл үдерістер уақытпен келісілген. Тəулік
барысындағы ОЖЖ əртүрлі күйі көп жағдайда организмнің басқа
физиологиялық жүйелерінің түрлі белсенділігін анықтайды. Ересек
адамда қан айналу, тыныс алу көрсеткіштері, дене температурасы
жəне т.б. қызметтері түнгі сағат 2-4-ке дейін минималды болады.
Физиологиялық үдерістер оптималды активті болып, күндізгі сағат
1-2-ге дейін сақталады. Көптеген тəулікке жуық үдерістер күндізгі
сағат 4 пен 8 аралығында максималды жəне түнде немесе ерте таңғы
сағаттарда минималды мəндерге жетеді. Мысалы, адамның дене тем-
пературасы түнде ең төменгі температураны көрсетеді. Таңға жуық
ол жоғарылайды жəне күннің екінші жартысында максималдық
мəнге жетеді.
331
Адам организміндегі физиологиялық қызметтердің тəуліктік
тербелісінің негізгі себебі зат алмасуды төмендететін немесе
жоғарылататын жүйке жүйесі қозғыштығының кезеңдік өзгерісі
болып табылады. Зат алмасу өзгерісінің нəтижесінде түрлі
физиологиялық қызметтердің өзгерістері де туындайды. Мыса-
лы, тыныс жиілігі түнге қарағанда күндіз жоғары, түнгі уақытта ас
қорыту мүшелерінің қызметі төмен болады.
Дене температурасының тəуліктік динамикасы толқын тəріздес
сипатта болатыны анықталған. Шамамен, кешкі сағат 6-да темпера-
тура максимумға жетсе, ал түн ортасында төмендейді: оның мини-
малды мəні түнгі сағат пен таңғы 5 аралығында болады. Тəулік ба-
рысында дене температурасының өзгерісі адамның ұйқыда болуына,
немесе қарқынды жұмыспен шұғылдануына байланысты емес.
Дене температурасы биологиялық реакциялар жылдамдығын
анықтайды, күндіз зат алмасу барынша қарқынды жүреді. Тəуліктік
ырғақпен ұйқы жəне ояну тығыз байланысты. Ұйқыға өзіндік ішкі
сигнал дене температурасының төмендеуі болады. Тəулік барысын-
да ол 1,3°С-қа дейінгі амплитудамен өзгереді. Бірнеше тəулік бойы
əр 2-6 сағат сайын дене температурасын тіл астынан өлшей отырып,
ұйқыға кету моментін, ал температуралық шыңдар бойынша макси-
малды жұмысқа қабілеттілік кезеңдерін анықтауға болады. Күндіз
ЖЖЖ өседі, артериялық қан қысымы жоғары, тыныс алу жиірек
болады. Келесі күні оянған соң ЖЖЖ, артериялық қан қысымын
жоғарылататын, барлық организм қызметін белсендіретін қанда
адреналин мөлшері жоғарылайды, осы уақытта қанда биологиялық
стимуляторлар жинақталады. Кешке қарай бұл заттардың
концентрациясының төмендеуі тыныш ұйқыға жағдай жасайды.
Ұйқының бұзылуы көбіне, толқу мен абыржумен қатар жүретіні
белгілі: мұндай жағдайларда қанда адреналин жəне т.б. биологиялық
белсенді заттардың концентрациясы жоғарылайды, организм ұзақ
уақыт «жауынгерлік дайындық» күйінде болады. Биологиялық
ырғаққа бағына əр физиологиялық көрсеткіш тəулік барысында өз
деңгейін айтарлықтай өзгерте алады.
Биологиялық ырғақтар адам өмірін дұрыс регламенттеудің
(тəртіппен белгіленудің) негізі болып табылады, себебі жоғары
жұмысқа қабілеттілік пен өз-өзін жақсы сезінуге өмір ырғағы
организмнің физиологиялық қызметінің ырғағына сəйкес келген
жағдайында ғана жетуге болады. Осыған орай еңбек (жаттықтыру)
332
пен тынығу, сонымен қатар ас қабылдау режимін дұрыс ұйымдастыру
қажет. Тамақтанудың дұрыс режимінен ауытқу артық салмаққа
əкеліп, ол өз кезегінде организмнің өмірлік ырғағын бұзып, зат алма-
су өзгерістерін тудырады. Мысалы, егер жалпы калориясы 2000 ккал
асты таңертең қабылдаса, салмақ азаяды, ал егер сол тамақты кешкі
сағаттарда қабылдаса, онда салмақ артады. 20-25 жастағы дене
салмағын сақтау үшін жеке тəуліктік энергия жұмсалуына сəйкес
жəне біраз қарын ашу сезімі байқалатын сағаттарда күніне 3-4 рет
тамақтану керек.
Бірақ бұл жалпы заңдылықтар биологиялық ырғақтардың жеке
ерекшелігінің əр алуандығын ашып көрсетпейді. Барлық адамдарға
жұмыс қабілеттіліктің бір типті тербелістері тəн емес. Осыған орай
адамдарды таңертеңгілік («бозторғайлар»), күндізгілік («кептерлер»)
жəне кешкілік («жапалақтар») деп үш түрге бөледі. «Бозторғайлар»
деп аталатын адамдар тобы күннің бірінші жартысында, ал
«жапалақтар» кешке жақсы жұмыс атқарады. «Бозторғайлар»
кешқұрым ұйқылары келіп ұйықтауға ерте жатады, бірақ ерте тұрып
өздерін сергек жəне жұмысқа қабілетті сезінеді (62-сурет). Олардың
ауқымды жұмыс қабілеті түске дейін байқалады. Ал «жапалақтар»
керісінше, кеш жатып кеш оянады, іске баяу қосылады, жұмысқа
қабілеті кешке қарай, көбінесе, түнде көтеріледі. «Кептерлер»
аралық типке жатады, оларда «бозторғайлар» мен «жапалақтардың»
қасиеттері болады. Олар ерте тұрғанды ұнатпайды, оған қоса кеш
жатқанды да жаратпайды. «Кептерлердің» жұмысқа қабілеттілігінің
екі шыңы: 10-12 жəне 15-18 сағаттарда байқалады. Мұндай типті
адамдар 7-8 сағат ұйықтағанды, қалыпты күн режимін сақтағанды
ұнатады. Адам егер (күніне 3-5 рет) ыстық тағам мен адаптогендер,
дəрумендік комплекстер қабылдаса, ал дене жүктемелерін оларға
бейімделуі бойынша біртіндеп арттырып отырса тезірек акклимати-
зацияланады. Жылы аймақтан келген студенттердің суық климаттық
жағдайға бейімделу барысында орын алған иммунологиялық
ауытқулар кезінде пантогематоген жəне аралия адаптогендерін
қабылдау иммунитет жүйесінің функциялық белсенділігінің
жоғарылауын қамтамасыз еткен.
Бұл жағдайларды сақтамаса десинхроноз (өзіндік паталогиялық
жағдай) туындайды. Десинхроноз құбылысы əсіресе, ыстық жəне
ылғалды климатта немесе орта биіктік жағдайында жаттыққан
спортшыларда байқалады. Сондықтан халықаралық жарыстарға
333
ұшып баратын спортшы жақсы дайындалу қажет. Қазір үйреншікті
биоырғақтарды сақтауға бағытталған тұтас шаралар жүйесі бар.
Адамның биологиялық сағаттары үшін тек тəуліктік емес жəне
де төмен жиілікті (мысалы, апталық) ырғақтарда дұрыс жол табу
маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |