Əйелдердің күштік, жылдамдықты-күштік жəне анаэробтық
мүмкіндіктері
Бұлшық ет күші
Бұлшық еттің максималды ерік күші (МЕК) орта есеппен алғанда
қыздар мен ұлдарда жыныстық жетілу кезеңіне дейін шамалас болып
келеді де, ал 12-14 жастан кейін қыздарда азырақ болады (68-сурет).
Бұл жекеленген бұлшық еттер күшімен қатар негізгі бұлшық
ет топтарының максималды күштік көрсеткіштерінің жиынтығы
ретінде анықталатын жалпы бұлшық еттік күшке де қатысты.
Əйелдерде жалпы бұлшық еттік күш ер адамдардағы осы
көрсеткіштің шамамен, 2/3-сін құрайды. Дегенмен, əртүрлі бұлшық
ет топтарында айтарлықтай айырмашылықтар орын алған. Ер
адамдармен салыстырғанда əйелдерде қол, иық белдеуі жəне кеу-
де бұлшық еттері неғұрлым əлсіздеу болып келеді. Олардың МЕК
ерлердің осы бұлшық еттерінің МЕК-нің 40-70%-ын құрайды. Со-
нымен қатар дененің төменгі бөлігінің, соның ішінде аяқ бұлшық
еттерінің МЕК ер адамдарға қарағанда шамамен, тек 30% -ға төмен
357
болады. Бұл жүру, жүгіру, т.б. кезіндегі аяқ бұлшық еттерінің
тұрмыстық жаттығуының нəтижесі болуы ықтимал.
0
20
40
80
100
10
20
40
,
, %
70
68-сурет. 20-30 жас аралығындағы жынысқа байланысты бұлшық еттің
максималды ерік күші (%) (Я. М. Коц бойынша)
Ерлер мен əйелдердің күштік қабілеттерінің ерекшелігі ең бас-
тысы дене мөлшерінің, нақтырақ айтқанда, бұлшық ет ұлпасы
көлемінің айырмашылығына байланысты болады. Шынында да, ер-
лер мен əйелдер арасындағы абсолютті бұлшық ет күшіне қарағанда
салыстырмалы бұлшық ет күші бойынша айырмашылық неғұрлым
азырақ. Əйелдердегі дененің төменгі бөлімі бұлшық еттерінің са-
лыстырмалы күші ер адамдарға қарағанда, орта есеппен тек 8%-ға
төмен болады. Егер МЕК абсолютті көрсеткіштерін айтарлықтай
дəрежеде бұлшық ет салмағына тəуелді болып келетіндіктен оларды
дене массасының майсыз салмағына жатқызса, күштік көрсеткіштер
бойынша айырмашылық тіптен аз болады. Бұл жағдайда əйелдерде
дененің төменгі бөлімі бұлшық еттерінің орташа күші ер адамдарға
қарағанда тек 6%-ға ғана төмен болып келсе, ал орта есеппен
алғанда санның бүгуші жəне жазушы бұлшық еттерінің күші бо-
йынша ерлермен салыстырғанда ешқандай айырмашылық болмай-
358
ды. Көлденең кесіндісі ауданы 1 см
2
келетін иықтың бүгуші бұлшық
еттерінің МЕК ерлер мен əйелдерден шамамен, бірдей болып келеді.
Бұл əйелдер мен ерлердегі бірдей мөлшердегі, яғни жуандықтары
шамалас бұлшық еттің күштік қабілеттерінің бірдей болатындығына
тағы бір дəлел болып табылады.
Бұлшық еттердегі жылдам жəне баяу талшықтардың пайыздық
қатынасы бірдей спорт түрлерімен айналысатын ер мен əйел
спортшылардағы сияқты жаттықпаған əйелдер мен ер адамдар-
да ұқсас болады. Əйелдерде барлық бұлшық ет талшықтарының
жуандығы орта есеппен ерлерге қарағанда жіңішкерек келеді.
Секіруде жəне спринтерлік (қысқа қашықтыққа) жүгірудегі
нəтижелер, əсіресе, жылдам қозғалыстарда көрініс беретін бұлшық
ет күшімен белгілі бір дəрежеде тəуелділікте болады. Əйелдер
бұл жаттығулар бойынша ер адамдардан біршама артта қалады.
Дене массасының майсыз салмағына қатысты изометриялық жəне
динамикалық (изокинетикалық) күш аз жылдамдықты қозғалыстарда
əйелдер мен ер адамдарда шамалас болғанмен, жылдамдығы жоғары
қозғалыстарда көрінетін динамикалық күш ер адамдарға қарағанда
əйелдерде нақты азырақ болады. Егер секірудегі нəтижені дене
салмағына шақсақ, онда əйелдер бұл көрсеткіштер бойынша ер
адамдардан еш қалыс қалмайды. Мəселен, биіктікке рекордтық
секіру кезінде ерлер мен əйелдерде – 3,2 см/кг болса, ал ұзындыққа
рекордтық секіруде ер адамдарда 12,5 см/кг, əйелдерде 12,3 см/кг
көрсетеді. 100 метрге жүгіруде спортшылардың дене салмағына
шақсақ, рекордшы-ер адамдарда орташа жылдамдық 8,4 м/мин/кг,
ал рекордшы-əйелдерде 9,5 м/мин/кг болады. Сайып келгенде, егер
спортшылардың жүгіру жылдамдығын олардың дене салмағына
шаққанда тіпті, əйелдер ер адамдардан біршама «озып» та кетеді.
Бұлшық ет күшінің жаттықтырылу дəрежесі, яғни
бағытталған күштік жаттығу ықпалынан бұлшық ет күшінің арту
қабілеті ер адамдарға қарағанда əйелдерде салыстырмалы төмен бо-
лады (69-сурет). Бұл айырмашылық 16-30 жас аралығында айрықша
көрінсе, жыныстық жетілу кезеңіне дейін (12-14 жасқа дейін)
жəне жыныстық инволюция (40 жастан кейін) кезеңдерінде аса
байқалмайды. Бұл бұлшық ет күшінің дамуында еркек жыныстық
гормондарының (андрогендердің) маңызды рөл атқаратынын жана-
ма көрсетеді.
359
8
8 10
20
40
60
80
100
12 14 16 18 20 22 24 26 28 30
35 40 45 50 55 60
,
,
%
69-сурет. Ерлер мен əйелдердегі түрлі жас кезеңдеріндегі күштік
жаттығудың бұлшық еттің максималды ерік күшінің өсуіне ықпалы
(Я. М. Коц бойынша)
Əйелдерде күштік жаттықтыру ер адамдармен салыстырғанда
май ұлпаларының азаюына зор, дене салмағы мен бұлшық ет
массасының артуына аз ықпал етеді. Тіпті, əйелдерде күштік
жаттықтыру нəтижесінде бұлшық ет күшінің артуы жоғары болған
жағдайлардың өзінде ер адамдарға қарағанда олардың бұлшық ет
массасының ұлғаюы салыстырмалы түрде аз болады. Бұл бəлкім,
бұлшық еттік гипертрофия дəрежесінің əйел адамдарға қарағанда
қалыпты жағдайда қандағы концентрациясы 10 есе жоғары бо-
лып келетін еркек жыныс гормондарымен айтарлықтай шамада
реттелуімен түсіндірілуі мүмкін.
Əйелдердің анаэробтық энергиялық жүйелері
Анаэробтық энергиялық жүйелерге фосфагендік (АТФ + КФ)
жəне лактацидтік (гликолиздік) жүйелер жататындығы белгілі.
Əйелдерде олардың сыйымдылығы ер адамдарға қарағанда төмендеу
болып келеді. Бұл ең алдымен, əйелдердегі бұлшық ет массасының
аз болуымен байланысты. Анаэробты энергия өндіру жүйесінің
360
төмен сыйымдылығы соғұрлым төменірек анаэробтық жұмысқа
қабілеттілікпен анықталады.
Əйел адамдар бұлшық еттеріндегі АТФ пен КФ концен-
трациялары шамамен, ер адамдармен (АТФ үшін бұлшық ет
салмағының 4 мм/кг жуық жəне КФ үшін бұлшық ет салмағының
16 мм/кг жуық) бірдей келеді. Бұлшық ет ұлпаларының көлемінің
аз болуы салдарынан бұлшық еттік фосфагендердің жалпы саны
ерлермен салыстырғанда əйелдерде төменірек. Əйелдердегі
фосфагендік жүйелер сыйымдылығының аз болуы жөнінде оттектік
қарыздылықтың жылдам (алактатты) фазасының мөлшері бойын-
ша бағамдауға болады. Тіптен есуге маманданған жоғары санаттағы
спортшы əйелдердің өзінде фосфагендік жүйелердің максимал-
ды сыйымдылығы (дене салмағына 100 кал/кг жуық) орта есеппен
сондай жаттықпаған жас ер адамдармен тең келеді. Жаттықпаған
жас əйелдерде ол айтарлықтай (дене салмағына 60 кал/кг жуық)
төмен. Спортшы əйелдер мен спортшы ер адамдар арасындағы
айырмашылық бұдан да жоғары. Егер фосфагендік жүйенің
сыйымдылығын дене массасының майсыз салмағына (бұлшық ет
массасының салмағына) шақсақ, онда əйелдер мен ерлер арасында
айырмашылық азырақ болады.
Қысқа мерзімдік тест жұмыстары (максималды мүмкін болатын
жылдамдықпен баспалдаққа жүгіріп шығу) кезінде анықталатын
фосфагендік жүйелердің қуаттылығы жаттықпаған əйел адамдарда
орта есеппен 130 кгм/с жуық келеді. Ол жаттықпаған ер адамдарға
(160 кгм/с) қарағанда 20%-ға төмен. Дене салмағымен есептегенде
ол əртүрлі жас кезеңдеріндегі ерлер мен əйелдерде шамалас (70-су-
рет). Бұл егер мұны да дене салмағына шағып есептесе, спринтерлік
(қысқа қашықтыққа) жүгіру жылдамдығы бойынша ерлердің
əйелдерден басым болмайтындығы жөніндегі мəліметтермен сəйкес
келеді.
Əйелдерде ер адамдарға (жаттықпағандарға да жəне жоғары
дəрежеде жаттыққандарға да) қарағанда максималды аэробты
жұмыстан кейін қандағы сүт қышқылы концентрациясы аз бола-
ды. Осы мəліметтер негізінде ерлерге қарағанда əйелдерде анаэ-
робты лактацидті жүйелер сыйымдылығы да төмен келеді деп
топшылауға болады. Айырмашылық оны дене салмағына шағып
анықтағанда да айқындалады. Мысалы, орта есеппен жаттықпаған
əйел адамдарда – 100 кал/кг жуық, ал жаттықпаған ер адамдар-
361
да – 200 кал/кг жуық, ескекші-əйелдерде – 170 кал/кг жуық бол-
са, ал ескекші-ер адамдарда – 250 кал/кг-нан асады. Сəйкесінше,
лактацидті энергиялық жүйелер сыйымдылығы бойынша жыныстық
айырмашылық тек дене мөлшерінің (бұлшық ет массасы көлемінің)
айырмашылығына ғана тəуелді емес. Міне, осыған орай əйелдер
энергиямен қамтамасыз етілуі неғұрлым көп дəрежеде лактацидтік
(гликолиздік) энергиялық жүйелерге сүйенетін қашықтық жарыста-
рында ер адамдармен салыстырғанда соғұрлым төмен нəтижелер
көрсетеді. Бəлкім, осыдан болар басқа жаттығуларға қарағанда 400
жəне 800 м-ге жүгіруде, 100 м-ге жүзуде əйелдер нəтижелері ер
адамдардың нəтижелерінен салыстырмалы түрде көп артта қалады.
70-сурет. Түрлі жас кезеңдеріндегі əйелдер мен ер адамдардағы
максималды анаэробтық қуаттылық (Я. М. Коц бойынша)
Əйелдердің аэробтық жұмысқа қабілеттіліктері (төзімділіктері)
Оттегіні максималды пайдалану
Ұлдар мен қыздарда дене мөлшері мен құрамы бойынша
ерекшеліктері минималды аз болатын жыныстық жетілу кезеңіне
дейін ОМП мəні шамалас деуге болады. Ол орта есеппен жас ер
адамдарда өздерімен құралпас əйел адамдарға қарағанда, 20-30%-ға
артық келеді. Қартаю барысында ОМП айырмашылығы ерлер мен
əйелдер арасында азая түседі.
362
Əйелдер мен ер адамдардағы ОМП арасындағы айырмашылық
дене салмағымен есептегенде шамамен, 15-20%-ға дейін төмендейді.
20-30 жастағыларда дене салмағының 1 кг-на ОМП орта есеп-
пен əйелдерде 35-40 мл/кг*мин, ал ер адамдарда 45-50 мл/кг*мин.
құрайды. ОМП дене массасының майсыз салмағына шаққанда
айырмашылық одан да əрі азаяды, өйткені май ұлпасы метаболизмдік
активті (белсенді) емес болып табылады əрі мүлдем оттегі пайда-
ланбайды. Егер ОМП активті бұлшық ет массасына сəйкестендірсе,
əйелдер мен ер адамдар арасындағы ОМП айырмашылығы жойыла-
ды.
Бір жас кезеңіндегі ерлер мен əйелдер арасында ОМП өлшемінің
айтарлықтай индивидуалды (жеке дербес) өзгерістері болуы
ықтимал. Дене жүктемесімен барынша жаттыққан əйелдердегі ОМП
дене жаттығуларымен аз айналысқан ер адамдардағы сияқты бола-
ды. Спортпен шұғылданбайтын топтарда шамамен, 75% əйелдердің
ОМП өлшемі 50% ер адамдардың ОМП өлшемімен сəйке келеді.
Төзімділікке байланысты спорт түрлері өкілдерінде – спортшы
əйелдерде ОМП, 1 кг дене салмағына шаққандағы ОМП сияқты
басқа спортшы əйелдерге қарағанда (қатардағы спортшы əйелдерде
орта есеппен 55-60 мл/кг*мин, ал айтулы спортшыларда, əсіресе,
шаңғышыларда 70-75 мл/кг*мин) айтарлықтай артық болса, ал
спортпен шұғылданбайтындармен салыстырғанда тіптен көп бола-
ры сөзсіз. Алайда, орта есеппен ОМП айырмашылығы жаттықпаған
əйелдер мен ер адамдарға қарағанда спортшы əйелдер мен ерлер-
де көп болады. Дене салмағына шаққандағы ОМП спортшы-ер
адамдарға қарағанда спортшы-əйелдерде 20-25%-ға төмен. Ал
жаттықпаған тұлғаларда бұл айырмашылық 15-20%-ды құрайды.
Тіпті, дене массасының майсыз салмағына шаққандағы ОМП айту-
лы марафоншы-əйелдерде (76,5 мл/кг*мин) ер адамдарға (96,6 мл/
кг*мин) қарағанда 8,6%-ға азырақ болады. Финдік ұлттық коман-
да мүшелері болып табылатын шаңғышы ер адамдар (89,8%) мен
шаңғышы əйелдер (86,4%) арасындағы айырмашылық тек орта
есеппен 3,7%-ды құраған.
Жоғарыда келтірілген мəліметтер ер адамдармен салыстырғанда
əйелдерде максималды аэробтық өнімділіктің (қуаттылықтың)
төмен болатындығын көрсетеді. Бұл əйелдердің төзімділікті талап
ететін спорт түрлерінде төменірек нəтижелер көрсетуін айғақтайды.
Атап айтқанда, қашықтықтың артуына сəйкес ер адамдармен
363
салыстырғанда əйелдердің рекордтық нəтижелерінің салыстырмалы
төмен болу себебін түсіндіреді.
Оттегі-тасымалдау жүйесінің максималды мүміндіктері
Əйелдердегі неғұрлым төменірек ОМП əйел организмдерінің
оттегі-тасымалдау мүмкіндіктерінің төмен болуымен негізделеді.
Артерия
қанымен
тасымалданатын
оттегінің
максималды
мөлшері ер адамдарға қарағанда əйелдерде азырақ болады. Бұл
айырмашылық əйелдерде қан айналымдағы қан көлемінің, қандағы
гемоглобин концентрациясының, АВА-О
2
, жүрек көлемінің, макси-
малды жүректің қан айдау мөлшерлерінің аз болуымен байланысты
(17-кесте).
17-кесте
Жас ер адамдар мен əйелдердегі тыныштық күйде жəне макси-
малды жұмыс кезіндегі орташа қан көрсеткіштері
Көрсеткіштер
Əйелдер
Ерлер
Тыныштық
күйде
Макси
малды
жұмыс
кезінде
Тыныш
тық күйде
Макси
малды
жұмыс
кезінде
Қан
айналымдағы
қан көлемі
(ҚАҚК) (л)
4,3
4,0
5,7
5,2
Эритроциттер
концентрациясы
(млн/мм
3
)
4,6
5,0
5,4
5,9
Лейкоциттер
концентрациясы
(мың/мм
3
)
7,0
15,0
7,0
15,0
Гемоглобин
концентрациясы
(г%)
14,0
15,4
16,0
17,6
Гематокрит (%)
42,0
45,0
47,0
50,0
Артерия
қанындағы
О
2
мөлшері
(мл/100мл)
16,8
17,7
19,0
20,0
Вена (сан
венасы)
қанындағы О
2
мөлшері
9,0
3,0
9,0
3,0
364
17-кестенің жалғасы
Оң жақ
жүрекшедегі
аралас вена
қанындағы О
2
мөлшері
12,0
6,2
14,0
6,0
Жүйелік
АВА-О
2
(мл/100мл)
4,8
11,5
5,0
14,0
Фик теңдеуі бойынша ОМП максималды жүрек қан айдауы мен
максималды жүйелік АВА-О
2
арқылы анықталады, яғни ОМП=
ЖҚ
макс
*(АВА – О
2
)
макс
. Бұл екі көбейткіш те ер адамдарға қарағанда
əйелдерде төменірек келеді.
Ұлдар мен қыздарда жыныстық жетілуге дейін қандағы гемогло-
бин концентрациясы шамалас мəнге ие. Ол əйелдерде ер адамдарға
қарағанда орта есеппен 10-15% аз. Сондықтан əйелдерде қанның
оттектік сыйымдылығы жəне сəйкесінше, артерия қанындағы
О
2
мөлшері де төмен келеді. Максималды аэробты жұмыс кезінде
жұмыс атқарушы бұлшық еттерден келетін вена қанында, аралас
вена қанындағы сияқты О
2
мөлшері ер адамдар мен əйелдерде шама-
мен, бір деңгейлес болады. Сонымен, ерлерге қарағанда əйелдерде
қандағы гемоглобин концентрациясы төмен болуымен байланысы
бар максималды жүйелік АВА-О
2
кем келеді.
Ер адамдармен салыстырғанда əйелдерде қан айналымдағы қан
көлемі (800 жəне 600 мл), сонымен қатар жүректің жалпы көлемі де
(12 жəне 9 мл/кг дене салмағына) аз болады. Бұл ерлерге қарағанда
əйелдерде жүрек қуысы (қарыншалары) мөлшерінің орта есеппен
төмен екендігін көрсетеді. Осылардың барлығы ер адамдармен са-
лыстыра қарағанда əйелдерде максималды систолалық көлемнің де
аз болуына əкеледі. Жаттықпаған əйел адамдарда ол орташа 90 мл-
ге, ал жаттықпаған ер адамдарда 120 мл-ге жуық келеді.
Жаттықпаған əйел адамдарда (205 екп/мин) максималды
ЖЖЖ (жүректің жиырылу жиілігі) жаттықпаған ерлерге (200 екп/
мин) қарағанда орта есеппен біраз жиірек болады. Алайда, ол аз
систолалық көлемді өтей алмайды, сондықтан орташа максималды
жүректің қан айдауы жаттықпаған əйелдерде (18 л/мин) жаттықпаған
ер адамдармен (24 л/мин) салыстырғанда айтарлықтай төмен мəнге
365
ие. Осылайша, əйелдерде аз болатын максималды жүректің қан
айдауы ер адамдармен салыстырғанда төменкелетін систолалық
көлеммен лимиттеледі.
Организмнің оттегі тасымалдау мүмкіндіктері ӨТС (өкпенің
тіршілік сыйымдылығы) мен максималды өкпелік вентиляциямен
(желденуімен) байланыста болады. Əйелдерде ӨТС орта есеппен
1 л-ға, ал максималды өкпелік желдену шамамен, 30%-ға аз. Дене
мөлшеріне коррекция жыныстық ерекшеліктерді азайтады, деген-
мен, толығымен оларды жоймайды. Одан басқа əйелдерге бұлшық
еттік жұмыс кезінде тыныс алуды реттеуде белгілі бір физиология-
лық ерекшеліктер тəн. Осылай əйел адамдар тыныс алу жиілігі мен
тереңдігінің барынша тиімсіз қатынасымен ер адамдардың өкпелік
вентиляция өлшеміне жетеді. Белгілі бір шамада бұл əйелдердегі
өкпелік көлемнің азаюымен жəне барынша əлсіз тыныс бұлшық
еттерімен негізделген. Бұдан басқа əйелдерде О
2
үшін өкпенің
диффузиялық қабілеті айтарлықтай төмен болып келеді.
Төзімділікке жаттықтыру организмнің оттегі тасымалдау
мүмкіндіктерін жоғарылатады. Алайда, оның түрлі буындарындағы
бұл өзгерістер бірдей емес. 17-кестеде көрсетілген гематологиялық
көрсеткіштер арасынан төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде тек
қан айналымдағы қанның жалпы көлемі ғана өзгеретінін, яғни арта-
тынын көреміз. Қан айналымдағы гемоглобиннің жалпы саны про-
порциялы жоғарылайды, сондықтан қандағы оның концентрациясы
өзгеріссіз қалады.
Спортшы-əйелдерде артерия қанындағы О
2
мөлшері тыныштық
күйде де, максималды аэробты жұмыс кезінде де жаттықпаған
əйелдердегі деңгейдей болады. Осымен қатар максималды аэроб-
ты жұмыс кезінде жұмыс атқарушы бұлшық еттерден келетін вена
қанындағы О
2
мөлшері төзімді спортшы-əйелдерде 1,8 мл О
2
/100мл-
ге (спортшы-ер адамдарда орта есеппен, 1,4 мл/О2 /100мл қанға)
дейін, ал аралас вена қанында 4 мл О
2
/100 мл-ге дейін (спортшы-
ерлерде орташа осы деңгейлес) төмендейді. Бұл цифрлар спортшы-
əйелдерде жаттықпаған əйелдерге қарағанда бұлшық еттің қаннан
оттегіні утилдейтін жəне жүректің қан айдауын барабар (адекватты)
тарату қабілетінің жоғары екендігін көрсетеді. Спортшы-ер адам-
дар да осылай болады. Спортшы-əйел адамдарда спортшы-ерлерге
қарағанда артерия қанындағы О
2
мөлшерінің төмен, АВА-О
2
мəнінің
кем болғанымен жаттықпаған əйелдерге қарағанда олардың мөлшері
366
жоғары болып табылады. Төзімділікті жаттықтырған білікті спорт-
шы əйелдерде максималды жүйелік АВА-О
2
орта есеппен 13 мл О
2
/100 мл қанға келсе, ал спортшы ер адамдарда 15,5 мл О
2
/100мл-
ді құрайды. Жоғарыда айтылып өткендей, бұл айырмашылық
əйелдердің артерия қанындағы О
2
мөлшерінің төмендеуіне əкелетін
олардың қанындағы гемоглобиннің барынша төмен концентрация-
сымен айқындалады.
Жүрек көлемі спортшы-əйелдерде жаттықпаған əйелдерге
қарағанда орта есеппен алғанда айтарлықтай үлкенірек болады жəне
жаттықпаған ер адамдардың жүрек мөлшеріне дейін жетеді. Макси-
малды жүрек көлемі шаңғышы-əйелдерде – 1150 мл жəне ватерпол-
шыларда – 1700 мл байқалған. Дене салмағына шаққандағы жүрек
көлемі спортшы-əйелдерде ер адамдардың көрсеткіштеріне (16 мл/
кг дейін) тақау келеді.
Максималды систолалық көлем спортшы-əйелдерде жаттықпа-
ған əйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Ол айтулы стайерлер-
де (ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде) 140-150 мл-ге дейін жетеді.
Максималды ЖЖЖ спортшы-əйелдерде (195 екп/мин. жуық)
спортпен шұғылданбаған əйел адамдарға (205 екп/мин. жуық)
қарағанда төмен болады.
Алайда, систолалық көлемнің ұлғаюы есебінен максимал-
ды жүректің қан айдауы спортпен айналыспайтын əйелдерге
қарағанда көбірек. Ол айтулы шаңғышы əйелдерде 28-30 л/мин-
ге жетеді. Сонымен, төзімділікті жаттықтыратын ер адамдардағы
сияқты əйелдерде де систолалық көлемнің көп болуы организмнің
оттегі тасымалдау мүмкіндіктерін жоғарылатудың басты механизмі
болып саналады.
Ер адамдарға да қатысты іспеттес айтулы спортшы-əйелдердің
жоғары аэробтық мүмкіндіктері оттегі тасымалдау мен оттегі
утилдейтін жүйелерді жаттықтыру нəтижесі ме, əлде осы жүйелердің
жоғары мүмкіндіктері тұқым қуалай (генетикалық) беріле ме, оны
нақты топшылау қиын.
Бірнеше апта жəне ай бойы жүйелі түрде төзімділікке жаттықты-
ру ОМП-дың айтарлықтай (бұрын жаттықпаған əйелдерде 25-30%-
ға дейін) артуына əкеледі. Мұнда ОМП-дың салыстырмалы өсуі
мен оның бастапқы деңгейі арасында кері тəуелділік орын алады,
яғни, неғұрлым бастапқы ОМП төмен болған сайын, ол жаттықтыру
нəтижесінде соғұрлым көбірек арта түседі. Осы мəліметтерді
367
талқылай келе, əйелдер мен ер адамдардың максималды аэробты
мүмкіндіктерінің жаттықтырылу дəрежесі негізінен бірдей деу-
ге болады, дегенмен, ерлерге қарағанда əйелдерде абсолютті өсу
азырақ болса, ал жаттықтыру əсерінің индивидуалды өзгерістері
(вариациялығы) басымырақ келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |