Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет31/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47

62-сурет. Тəулік барысындағы жұмысқа қабілеттілік ырғағының қисық 

сызығы (В. М. Смирнов бойынша)

Қазіргі кезде апталық ырғақтың жасанды өндірілгені анықталған: 

адамда  туа  пайда  болған  жеті  күндік  ырғақтардың  болуы  туралы 

нақты мəліметтер жоқ. Бұл эволюция барысында қалыптасқан əдет 

екені күмəнсіз. Жеті күндік апта тіпті, ежелгі Вавилонда ырғақ пен 

тынығудың  негізі  болған.  Мыңдаған  жылдар  барысында  апталық 

əлеуметтік ырғақ қалыптасқан, яғни адам аптаның ортасында оның 

басына немесе соңына қарағанда өнімді еңбек етеді. 

Адамның биологиялық сағаттары тек тəуліктік табиғи ырғақтар-

ды ғана емес жəне ұзақтығы көп болатын маусымдық ырғақтарды да 

бейнелейді. Ол көктемде зат алмасудың жоғарылауымен жəне күзде, 

қыста  оның  төмендеуімен,  қандағы  гемоглобин  концентрациясы-

ның  артуымен  жəне  көктемгі,  жазғы  уақыттарда  тыныс  орталығы 

қозғыштығының  өзгерістерімен  көрінеді.  Жазғы  жəне  қысқы 

уақыттардағы организм күйі қандай бір дəрежеде оның күндізгі жəне 

түнгі  күйіне  сəйкес  келеді.  Мəселен,  қыста  жазбен  салыстырғанда 

қандағы қант мөлшері төмендейді (балама құбылыс түнде де жүреді), 

АТФ жəне холестерин мөлшері артады.


334

Биоырғақ жəне жұмысқа қабілеттілік

Жұмысқа  қабілеттілік  ырғақтары  физиологиялық  үдерістер 

ырғақтары  іспеттес  өзінің  табиғаты  бойынша  эндогендік  бо-

лып  келеді.  Дене  температурасы,  алмасу  реакциялары,  ұйқы 

жəне  сергектік  сияқты  физиологиялық  үдерістер  тəуліктік 

ырғақтары  жеткілікті  тұрақты  келеді.  Дене  жұмыс  қабілеттілігі 

ырғағы  тəуліктің  түрлі  кезеңінде  айқын  емес  жəне  жарыс  немесе 

төтенше  күш  сала  орындалатын  жаттығу  жүктемелері  ықпалынан 

айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Бұл өзгерістердің ырғағы көбіне, өмір 

салтының  стереотиптілігіне  сəйкес  келеді.  Жұмыс  қабілеттілік 

күндізгі сағаттарда жоғары, таңғы жəне түнгі уақытта төмен бола-

тыны  белгілі.  Мұнда  жылдамдықты-күштік  сипаттағы  жаттығулар 

(жеңіл  атлетикалық  секіру,  лақтыру,  т.б.)  көрсеткіштері  барын-

ша  өзгерістерге (7-10%-ға  дейін)  душар  келеді.  Айтарлықтай  емес 

өзгерістер төзімділік жаттығулары нəтижелерінде байқалады. Ресми 

жарыстарда спортшылардың жоғары нəтижелерді көрсетуі көпшілік 

жағдайларда ерте кешкілік сағаттарда орын алады. 

Жұмысқа қабілеттілік жеке немесе бірлесе əсер ететін көптеген 

факторларға  байланысты.  Бұл  факторларға  мотивация  деңгейі, 

ас  қабылдау,  сыртқы  орта  факторлары,  физикалық  дайындық, 

денсаулық күйі, жас, т.б. жатады. Жұмысқа қабілеттілік динамикасы-

на дегенмен, қалай ықпал ететіні толық түсініксіз болғанмен, қажу 

(таңдаулы  спортшыларды – созылмалы  қажу)  да  əсер  етуі  мүмкін. 

Жаттығуды (жаттықтыру жүктемелерін) орындау кезінде туындаған 

қажуға жеткілікті мотивацияланған спортшының өзінің мойынсын-

бауы  қиынға  соғады.  Қажу  жұмысқа  қабілеттілікті  төмендетеді, 

ал  қайталап  жаттығу  (біріншіден  кейін 2-4 сағат  интервалдан  соң) 

спортшының функциялық күйін жақсартады. 

Биологиялық  ырғақтарды  қалпына  келтіру  қарқынды  дене 

жүктемелерін орындауға мүмкіндік береді, ал бұзылған биологиялық 

ырғақтар кезіндегі жаттықтыру түрлі функциялық бұзылуларға, кей-

де сырқаттануға да əкеледі. 



Климаттық  белдеу  жағдайының  ауысымы.  Шығыстан 

батысқа  немесе  керісінше,  бағытта  орын  ауыстырғанда  (ұшқанда) 

бірнеше сағат белдеуін қиып өткеннен кейін жаңа белдеу уақытымен 

психофизиологиялық 

қызметтердің 

тəуліктік 

ырғақтарының 

келісімсіздігі  орын  алады.  Мұнда  оларда  ұшып  келгеннен  кейінгі 



335

алғашқы  күндері  жаңа  мекен  орнының  күн  мен  түн  ауысымымен 

келісімсіздігі (сыртқы десинхроноз), одан кешірек қайта құрылудың 

əртүрлі жылдамдығы нəтижесінде олардың өзара келісімсіздігі (ішкі 



десинхроноз) жүреді. 

Жаңа 


климаттық 

белдеу 


жағдайында 

десинхроноздың 

айғақталуы,  қызметтердің  адаптациялық  қайта  құрылуының  сипа-

ты  мен  жылдамдығы  уақыт  белдеулерінің  өзгерістеріне,  ұшудың 

бағытына, тұрақты жəне уақытша мекен орындарындағы климаттық 

ауа  райы  режимінің  айырмашылықтарына  (контрастылығына), 

спортшының  қимыл  əрекетінің  арнайы  ерекшеліктеріне  байланыс-

ты.


Адам  организмі  функциялық  күйінің  елеулі  өзгерістері 2-3 

сағаттық  белдеулерді  қиып  өткен  кезде-ақ  байқалады.  Белдеу 

айырмашылығы 4-5 сағат жəне əсіресе, 7-8 сағат болатын жерлерге 

жылдам  орын  ауыстырған  кездерде  организм  қызметінің  тəуліктік 

ырғағының айтарлықтай бұзылулары  орын алады.

Климаттық белдеулік адаптация тек негізгі тіршілік қызметтердің 

жаңа  тəуліктік  ырғағының  өндірілуімен  ғана  емес,  сонымен  бірге 

биологиялық  маңызы  жаңа  өмір  жағдайында  физиологиялық 

жүйелер қызметінің адекватты жүйе аралық жəне жүйе ішілік инте-

грациясына жетуден тұратын жасуша жəне ұлпалық деңгейдегі аса 

терең үдерістермен сипатталады. 

Қайта  құрылудың  ерекшелігі  айтарлықтай  шамада  эндогендік 

жəне  экзогендік  ырғақтардың  қатынасымен  анықталады. 7-8 

сағаттық  белдеу  айырмашылығымен  батыс  бағытқа  ұшу  кезінде 

экзогендік  ырғақ  белгілі  тəулік  кезеңі  барысында  эндогендік 

ырғақпен бірлесіп, тəуліктік ритмиканың «шайылуына» əкеледі. Бұл 

функциялық  күйдің  жаңа  тəуліктік  стереотипін  салыстырмалы  тез 

қалыптастыруға негіздейді. 7-8 сағаттық белдеу айырмашылығымен 

батыстан шығысқа ұшу кезінде экзогендік ырғақ негізінен эндогендік 

ырғаққа қатысты қарсы фазада болады. Бұл жағдай жаңа өмір орта-

сына  организмнің  адаптациялық  қайта  құрылуын  күрделендіретін, 

тежейтін фактор болып табылады. 

Трансконтиненталды  ұшу  кезінде  түрлі  қызметтердің  циркада-

лық  ырғақтары  əртүрлі  жылдамдықпен – 2-3 күннен 1 айға  дейін 

қайта құрылады (R. Wever, 1980). Циклділікті қалпына келтіру үшін 

ұшуға дейін əр күн сайын ұйықтайтын уақытты 1 сағатқа жылжытып 

отыру керек. Егер ұшуға дейін осыны 5-7 күн бойы орындап қараңғы 


336

бөлмеде ұйықтаса, сонда акклиматизация тезірек өтеді. Жаңа уақыт 

белдеуіне келгенде жаттықтыру үдерісіне бірқалыпты, баяу ену ке-

рек (қалыпты дене жүктемелері жарыс өткізілетін сағаттарда орын-

далу керек). Жаттығулар «соққылық сипатта» болмау керек. 

Тұрақты мекен орнына қайта оралғанда реадаптация адаптацияға 

қарағанда  неғұрлым  қысқа  кезеңде  өтеді.  Адаптациялық 

үдерістерге  қорғаныс  əрекетінің  ерекшелігі  айтарлықтай  ықпал 

етеді.  Жылдамдықты-күштік  спорт  түрлері  мен  спорт  ойында-

ры  өкілдерінде  адаптациялық  реакциялар  көбірек  көрінеді,  бірақ 

төзімділіктің  көрінуін  қажет  ететін  спорт  түрлері  өкілдеріне 

қарағанда тезірек өтеді.

Организмнің  тіршілік  əрекетінің  табиғи  ырғағы  тек  ішкі 

факторларға ғана емес сыртқы жағдайлармен де байланысты екенін 

атап  өткен  жөн.  Зерттеулер  нəтижесінде,  жаттықтыру  барысында 

жүктеме  өзгерісінің  толқындық  сипаты  анықталған.  Жаттықтыру 

үдерісіндегі  жүктемелер  өзгерісінің  толқын  тəріздес  сипаты 

адамның ішкі биологиялық ырғақтарымен байланысты. Жаттықтыру 

«толқынының» 3 категориясы бар: «аз» 3-7 күнді (немесе одан біраз 

көбірек) қамтиды, «орташа» –  көбіне 4-6 апта (апталық жаттықтыру 

үдерістері) жəне «үлкен» – бірнеше айға созылады. 

Жаңа  климаттық  белдеу  жағдайында  спортшылардың  арнайы 

жұмыс  қабілеттілігі  динамикасы  бірізді  фазалар  ауысымынан 

тұрады: (ұшудан кейін 2-5 тəуліктерде) 0,7-5,5%-ға төмендеуі, (6-10 

тəуліктерде) толық емес қалпына келуі жəне келесіде оны бастапқы 

деңгейден 1-3,5%-ға артуы (63 А-сурет).

ОМП есептеп анықтау алыс жерлерді уақытша мекендеудің 2-3 

тəулігінде бұл көрсеткіштің 1,5 мл/кг-мин. төмендейтінін, одан соң 

бейімделудің 7-13 күндері 2,9 мл/кг-мин-қа  (бастапқы  деңгейге 

салыстырмалы)  артатынын  жəне  адаптацияның 18-20 күндері 

қалпына келетінін көрсетеді. Осыған сəйкес қалпына келу кезеңіне 

3 мин. дейін пульстік сома жəне жұмысқа қабілеттілік өзгереді (63 



Ə-сурет). Аталмыш құбылыс (феномен) тіршілік əрекетінің күрделі 

жағдайларында  организмнің  функциялық  резервінің  мобильденуі 

нəтижесін  көрсетеді.  Бұл  мобильдену  механизмдерінің  бірі 

симпатикалық жүйке жүйесі адаптациялық-трофикалық қызметінің 

күшеюі болып табылады. 


337

47

48

49

50

51

52

53

54

2-3

5-6

7-8

/

 

 

63

64



65

66

67



68

154


153

152


151

150


149

280


290

300


310

320


2-3

4-5


6-7

8-9


 (

 

)

,

/

-

,

/

t, 

t

 

 

63-сурет. Тұрақты мекен орнынан айырмашылығы 7 сағаттық белдеу 

болатын батыс бағытына спортшылардың ұшуы кезіндегі функциялық 

көрсеткіштер динамикасы (О. П. Панфилов бойынша).

А – анаэробтық жұмысқа қабілеттілік (30 с ішінде 15 рет биікке секіру);

Ə – 3 минуттағы жұмысқа қабілеттілік (200 м əртүрлі əдістермен жүзудің 

орташа уақыты, t), ОМП (бағаналар) жəне ЖЖЖ сомасы



338

Х ТАРАУ

ЖҮЗУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Жүзу спорт түрі ретінде жастар үшін де əрі кемел мен егде жаста-

ғы  адамдар  үшін  дене  дамуы,  төзімділікке  жаттығу  мен  шынығуы 

үшін таптырмас құрал. Сулы орта жағдайындағы спорттық əрекеттер 

(жүзу) кəдімгі ауа орта жағдайында орындалатын дене жұмысынан 

өзгеше бірқатар физиологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл 

ерекшеліктер  судағы  қозғалыстармен,  дененің  горизонталды  орна-

ласуымен  жəне  судың  үлкен  жылу  сыйымдылығымен  байланысты 

механикалық факторлармен анықталады.

Механикалық факторлар

Жүзу  кезіндегі  жылдамдық  пен  энергиялық  шығын  үш  негізгі 

механикалық факторларға: 

1) дене салмағына қарсы əсер ететін немесе оның өлшеміне кері 

– батырушы күшке көтеруші (жүзбе, қалқымалы) күш өлшеміне; 

2) суда дененің жылжуына тіке кедергіге;

3)  жүзгіштің  тиімді  алға  жылжуға  (пропульсивті)  күш  салуы 

нəтижесінде туындайтын қозғаушы күшке байланысты.



Көтеруші  (немесе  оған  кері – батырушы)  күш.  Архимед 

заңына  сəйкес  суға  түскен  денеге  осы  денемен  ығыстырылған  су 

көлемі салмағына тең көтеруші (итеріп шығарушы) күш əсер етеді. 

Бұл күштің өлшемі біріншіден, түрлі дене ұлпаларының, ең ал-

дымен,  бұлшық  ет  пен  май  ұлпаларының  салмағына  (көлеміне) 

жəне  сол  адамның  денесіндегі  олардың  қатынасына;  екіншіден, 

суға  дененің  ену  дəрежесіне,  нақтырақ  айтқанда,  судың  үстіңгі 

жəне астыңғы бетіндегі дене бөлімінің салмағына (көлеміне) жəне 

үшіншіден,  өкпедегі  ауа  көлеміне  байланысты.  Архимед  заңы  бо-

йынша  гипогравитация  судағы  адам  денесі  массасының 1-1,5 кг 

аспауға  əкеледі,  яғни  судағы  дене  салмағы  біраз  ғана  килограмды 

құрайтын  мұндай  жағдайларда  тыныштық  күйдегі  түрлі  мүшелер 

мен жүйелердің қызметі олардың салмақсыздық жағдайындағыдай 

болады. Бұған жүзу кезіндегі дененің горизонталды қалпы да əсер 

етіп, жүрек жұмысын жеңілдетеді, бұлшық еттердің босаңсуы мен 

буындардың қызметін жақсартады.    



339

Денесінде май мөлшері көп адамдарда батырушы күш (судағы де-

не салмағы) 0-ге тең, сондықтан олар су бетінде қандай да бір қосымша 

күш  салусыз  ұстап  тұрылуға  қабілетті.  Неғұрлым  əйелдерде  май 

ұлпалары көлемі салыстырмалы көбірек болғандықтан ер адамдарға 

қарағанда  олардың  судағы  денелерінің  қалпы  көбіне,  соғұрлым 

жоғары болады. Жүзгіштер арасында денелері көбірек горизонтал-

ды  көріністе  болатын  (су  бетіне  жуық)  жоғары  қалқымалылыққа 

(жүзбелілікке)  ұзақ  қашықтыққа  жүзгіштер-стайерлер  ие.  Себебі 

оларда қысқа қашықтыққа жүзгіштер-спринтерлерге қарағанда май 

қоры көбірек жəне дененің салыстырмалы салмағы неғұрлым төмен 

(сəйкесінше 1,0729 жəне 1,0786).

Дене  суда  оңай  ұстап  тұрылғанда  дененің  кейбір  бөліктері 

су  үстінде  болады  жəне  өкпенің  тек  біраз  бөлігі  ауамен  толады. 

Сондықтан  денеге  батырушы  күш  əсер  етеді.  Оған  қарама-қарсы 

бағытталған күш арқылы бұлшық ет белсенділігі қарсы тұра алуы 

керек. Бұл белсенділіктің дəрежесі туралы толық тыныштық күйдегі 

деңгейден  жоғары  оттегі  пайдалану  мөлшері  бойынша  бағалауға 

болады.  Неғұрлым  батырушы  күш  көп  болған  сайын  су  бетінде 

денені  ұстап  тұру  үшін  соғұрлым  бұлшық  ет  жұмысы  күштірек 

жəне  соғұрлым  оттегі  пайдалану  жоғарырақ  болу  керек  (64-су-

рет).  Əйелдерде  бұл  күш  шамамен, 1,6-4,7 кг,  ерлерде 4,9-5,8 кг 

аралығында болады. 



64-сурет. Су бетінде денені ұстап тұру кезіндегі О

2

 пайдалану мен 



батырушы күш арасындағы байланыс (Я. М. Коц бойынша)

340

Тіке кедергі. Жүзу кезінде негізгі бұлшық ет жұмысы суда денені 

ұстап тұруға емес, тіке кедергі деп аталатын дене қозғалысына кедергі 

күшті  жеңуге  жұмсалады.  Оның  өлшемі  судың  тұтқырлығына, 

дененің  өлшемі  мен  пішініне  жəне  ең  бастысы – оның  алға  жыл-

жу  жылдамдығына  байланысты.  Дене  беткейі  үлкен  адамдар  дене 

беткейі кіші адамдарға қарағанда айтарлықтай көбірек су кедергісін 

сезінеді. Сəйкесінше, ер адамдарда əйелдерге қарағанда тіке кедергі 

орта  есеппен  жоғары  болады.  Бірақ  дене  беткейі  өлшемін  ескеру 

кезінде  бұл  айырмашылық  əйелдер  мен  ерлер  арасында  маңызды 

болмайды. Тіке кедергі өлшеміне түрлі жүзу əдісіндегі судағы дене 

қалпы мен жүзу циклінің түрлі фазалары ықпал етеді. 

Суда жоғары жылдамдықпен алға жылжу кезінде тіке кедергіден 

асып  түсу  (оны  жеңу)  жүзгіш  үшін  дене  жүктемесінің  негізгі 

компонентін құрайды. Егер сүйреу жолымен адамның денесін суда 

тартса,  онда  тіке  кедергі  бұл  пассивті  алға  жылжытуға  шамамен, 

сүйреу жылдамдығының шаршысына пропорциялы өседі. Бас, кеуде 

жəне аяқ-қол қозғалыстары арқылы салдарынан тіке кедергі кролль 

əдісімен  жүзу  кезінде 1,5 есеге,  брасс  əдісімен  жүзуде 2 есеге  көп 

болады. 

Қозғаушы  немесе  пропульсивті  күш.  Бұл  күш  жүзгіштің 

белсенді  бұлшық  ет  əрекеті  нəтижесінде  туындайды  жəне  жүзу 

қозғалысы  кезінде  туындайтын  тіке  кедергі  мен  көтеруші  күш 

екеуінің  əсерінің  жиынтығы  болып  табылады.  Ол  жүзгіштің  дене 

қозғалысының бағыты мен жылдамдығын анықтайды. Пропульсивті 

күшті  тура  өлшеу  мүмкін  емес,  оны  спортшыда  өлшегіш  құрал 

арқылы анықтайды. 

Өлшегіш  құрал  арқылы  анықталған  барынша  қозғаушы  күш 

брасс  əдісімен  жүзу  кезінде 22 кг  жуық  тіркелген.  Басқа  əдістер 

арқылы  жүзу  кезінде  бұл  күш  шамамен,  бірдей – максималды 13-

14 кг болады. Брасс əдісімен жүзуде барынша үлесті аяқ жұмысы, 

ал  кролль  əдісімен  жүзуде  қол  жұмыстары  атқарады.  Баттерфляй 

əдісімен жүзу кезінде аяқ, қолдың қозғаушы күші шамамен, бірдей.

Жүзу  жылдамдығы. 100 м  жүзу  кезінде  (бассейн  ортасында) 

максималды орташа таза арақашықтық жылдамдық кролль əдісімен 

жүзуде 1,9 м/с,  дельфинде – 1,8 м/с,  шалқалап  жүзуде – 1,7 м/с, 

брасс əдісімен жүзуде – 1,5 м/с болады. Сонымен, неғұрлым жоғары 

жылдамдық  кролль  əдісімен  жүзуде,  ал  аз  жылдамдық – брасс 

əдісімен жүзу кезінде тəн. 



341

Жүзу энергетикасы

Жүзу  кезіндегі  энергия  шығыны  шамамен,  осындай  ұқсас 

өлшемдегі балықтарға қарағанда 30 есе жəне сондай жылдамдықпен 

жүгіруге  қарағанда 5-10 есе  көп.  Өте  төмен  жылдамдықпен  жүзу 

кезіндегі  адамдардағы  энергиялық  шығынның  айтарлықтай 

айырмашылықтары олардағы батырушы күштің (қалқымалылықтың) 

əртүрлі болуымен түсіндіріледі. Бірдей жылдамдықпен жүзу кезінде 

əйелдер ер адамдарға қарағанда энергияны аз жұмсайды. Бұл ең ал-

дымен əйелдерде қалқымалылықтың жоғары болуымен байланысты.

Еркін жүзу кезінде жүзу жылдамдығы артқан сайын оттегі пай-

далану  экспоненциалды  (шамамен,  жылдамдық  шаршысына  про-

порциялы), ал брасс жəне дельфин əдісімен жүзу кезінде тек үлкен 

жылдамдықтарда біраз баяулап сызықтық артады. Энергиялық шы-

ғын (О


2

 пайдалану) мен түрлі əдіспен жүзу жылдамдығы арасындағы 

мұндай тəуелділік сипаты ең алдымен, механикалық тиімділік пен 

тіке  кедергі  өзгерістерінің  ерекшеліктерімен  түсіндіріледі.  Брасс 

жəне дельфин əдістерімен жүзу кезіндегі энергиялық шығын еркін 

жүзу кезіне қарағанда екі есеге көбірек болады. 

100  м  арақашықтықта (50-60 с)  шамамен,  энергияның 80%-ы 

анаэробтық  жолмен  (максималдыға  жуық  анаэробтық  қуаттылық) 

қамтамасыз етіледі. Арақашықтық артқан сайын энергия өндірілудің 

аэробтық компоненті жоғарылайды: 400 м арақашықтықта ол жалпы 

энергия өндірілуден 50% асады. 800 жəне 1500 м арақашықтықтарда 

оттектік жүйенің қуаттылығы мен сыйымдылығы өте маңызды рөл 

атқарады. 

Қандағы  сүт  қышқылы  мөлшері  жылдам  артуынан  басталатын 

(анаэробтық  лактацидемиялық  табалдырық)  жылдамдық  ОМП-

дың  шамамен, 80%-на  сəйкес  келеді.  Жаттыққан  жүзгіштер  О

2

 

пайдаланудың  салыстырмалы  жоғары  деңгейінде  (ОМП-дың 60-



70%)  қандағы  лактат  мөлшерінің  жоғарылауынсыз  жұмыс  істеуге 

қабілетті  болады.  Жүзудің  максималды  жылдамдығы  кезінде 

анаэробтық  гликолиз  энергияның 50-60%-ын  қамтамасыз  етеді. 

Жоғары білікті спортшыларда қандағы лактаттың максималды кон-

центрациясы 18 моль/л-ге жетеді. 

Жүзудің  тиімділігі  (эффектілігі).  Жұмыс  тиімділігі  пайдалы 

жұмыстың  оны  орындауға  жұмсалған  энергияға  пайыздық  қатысы 

ретінде  анықталады.  Жүзу  тиімділігі  аса  төмен.  Тіпті,  жоғары 


342

білікті  жүзгіштерде  ол 4-7% құрайды  (Салыстыру  үшін:  жүру, 

жүгіру,  велоэргометрдегі  жұмыс  сияқты  жер  үсті  жұмыстарында 

механикалық  тиімділік 20-30%. Бірақ  тиімділік  «құрғақтағы»  қол 

эргометрімен жұмыс кезінде де – шамамен, 10% төмен екенін атап 

өту керек). Жоғары тиімділік кролль əдісімен жүзу кезінде – 6-7% 

(максимум 15% дейін),  ал  төмен  тиімділік  брасс  əдісімен  жүзу 

кезінде (4-6%) байқалады. 

Жүзудің (бірдей əдіспен) бірдей жылдамдығы кезінде жаттыққан 

жүзгіш  жаттықпаған  адамдарға  қарағанда  энергияны  аз  жұмсайды 

(65-сурет). 

65-сурет. Брасс əдісімен əртүрлі жылдамдықпен жүзудің энергиялық 

құндылығы (Я. М. Коц бойынша)

Жүзу  тиімділігі  жаттықпаған  адамдарда  жоғары  білікті 

жүзгіштерге  қарағанда 8 есе  төмен  болуы  мүмкін.  Жүзуде 

механикалық  тиімділіктің  жеке-дара  өзгерістері  жер  беті  спорт 

түрлеріне (жүгіруге, жүруге, велоэргометрде жұмыстарға) қарағанда 

айтарлықтай жоғары болады.

О

2



  пайдаланудағы  үлкен  айырмашылықтардың  тек  жаттықпа-

ған  мен  жаттыққан  адамдар  арасында  ғана  емес,  тіпті,  жоғары 

дəрежеде жаттыққан жүзгіштер арасында болуы ең алдымен, жүзу 

техникасының күрделілігін көрсетеді. Осымен қатар бұрын аталып 



343

өткендей (тіке кедергіні анықтайтын) дененің өлшемі мен пішінінің, 

судағы  дене  қалпының,  қозғаушы  күшті  түзетін  «ескектердің» 

өлшемі мен қозғалмалылығының маңызы зор. 

Жүзу жылдамдығының оптималдыға дейін артуымен белгілі бір 

шекте  тиімділік  өседі.  Жылдамдықтың  əрі  қарай  артуы  кезінде  ол 

кемиді. Оптималды жылдамдық жүзгіштің техникасына жəне жүзу 

əдісіне  байланысты.  Салыстырмалы  аз  жылдамдық  диапазонын-

да (0,4-1,2 м/с) сол адам үшін энергиялық құндылық 1 км (кролль 

əдісімен)  жүзуде  тұрақты,  яғни  жүзу  жылдамдығына  байланысты 

емес.  Техникасы  нашар  жүзгіштер  кез  келген  жылдамдық  кезінде 

арақашықтық бірлігінде көп энергия жұмсайды. 

Ұлдар  мен  қыз  балалардың  салыстырмалы  салмағы  бойынша 

жыныстық жетілу кезеңіне дейін елеулі айырмашылықтар болмай-

ды.  Сəйкесінше,  дене  өлшемдерін  ескере  арақашықтық  бірлігіне 

жүзудің  энергиялық  құндылығы (0,7 м/с  жылдамдықпен)  олар-

да  бірдей  болады.  Шамамен, 15 жастан  бастап  бұл  көрсеткіш 

айтарлықтай қыздарда төмендейді жəне ұлдарда жоғарылайды. Өте 

ұзын  арақашықтықтарда  əйелдерде  тіке  кедергі  мен  механикалық 

тиімділік  арасындағы  оптималды  қатынас  олардағы  салыстыр-

малы  төмен  ОМП-ды  өтейді.  Бұл  өте  ұзын  арақашықтарға  жүзуде 

ер  адамдарға  қарағанда  əйелдердің  белгілі  бір  артықшылығын 

көрсетеді. 1 км  арақашықтықта  жүзудің  энергиялық  құндылығы 

жаттықпаған əйелдерде 250-300 ккал, жаттықпаған ер адамдарда – 

400-500 ккал, спортшы əйелдерде – 75-150 ккал, спортшы ер адам-

дарда – 150-200 ккал құрайды. 



Оттегіні максималды пайдалану (ОМП)

Жүзуге  жаттықпаған  адамдарда  жүзу  кезінде  ОМП  жер  үсті 

жағдайларына  (мысалы,  тредбанда  жүгіру  кезіне)  қарағанда  орта 

есеппен, 15-20% төмен.  Неғұрлым  жүзгіштің  жаттығу  дəрежесі 

жоғары болған сайын соғұрлым оның «жүзгіш» ОМП (жүзу кезінде 

анықталатын)  абсолютті («жер  үсті»)  мөлшеріне  жуық  болады. 

Жоғары дəрежеде жаттыққан жүзгіштерде байқалған «жүзгіш» ОМП 

тредбанда «тауға» жүгіру кезінде анықталған абсолютті мөлшерден 

орта  есеппен  шамамен,  тек 6-8% төмен  жəне  шамамен,  велоэрго-

метрде жұмыс кезіндегі ОМП тең болады. Айтулы жүзгіштерде жүзу 



344

кезіндегі ОМП жүгіру кезіндегідей немесе тіпті, одан біраз жоғары 

да болады. 

Бұл  мəліметтер  судағы  дененің  горизонталды  қалпы  (жер  үсті 

жағдайындағы  жұмыс  кезіндегі  кəдімгі  вертикалды  қалыптан 

айырмашылығы), аз бұлшық ет массасының активациясы жəне қол 

мен иық белдеуі бұлшық еттерінің басым жұмыстары (жер үсті локо-

моциялары кезінде аяқ жəне кеуде бұлшық ет жұмыстарының басым 

болуынан  айырмашылығы)  сияқты  жүзудің  бірегей  ерекшеліктері-

мен  байланысты  жүзу  жаттығуының  жоғары  ерекшелігі 

(спецификалығы) туралы көрсетеді. 

Сəйкесінше, жер үсті жағдайында өлшенген ОМП-ды жүзгіштің 

аэробтық жұмысқа қабілеттілігін бағалау үшін қолдануға болмайды, 

ал оның максималды аэробтық қуаттылықты арттыруға бағытталған 

жаттықтырулары негізінен жүзу болу керек.

Түрлі  əдістермен  жүзуде  ОМП-ға  жету  əртүрлі  жылдамдық 

кезінде болады: басқа əдістерге қарағанда брасс əдісімен жүзуде – аз 

жылдамдықпен жетеді. Бірдей əдістермен жүзу кезінде аз жаттыққан 

спортшылар  көбірек  жаттыққан  жүзгіштерге  қарағанда  өздерінің 

ОМП деңгейіне неғұрлым төмен жылдамдықта жетеді. 

Айтулы  жүзгіштер,  əсіресе,  стайерлер  (ұзақ  қашықтыққа 

жүзгіштер)  жоғары  ОМП  ерекшеленеді:  жүзу  кезінде  орта  есеп-

пен 5,2 л/мин. (4-6 л/мин) жəне тредбанда жүгіру кезінде 5,4 л/мин. 

(4,7-6,4  л/мин),  яғни  айырмашылық  орта  есеппен, 5,6% құрайды. 

Сəйкес көрсеткіштер əйелдерде – 3,4 л/мин. (2,9-3,7 л/мин) жəне 3,6 

л/мин. (3,4-4 л/мин)  болады.  Салыстырмалы  «жүгіру»  ОМП  (дене 

салмағының 1 кг-на)  ерлерде  орта  есеппен 68,6 мл/кг-мин. (62,5-

76,4),  əйелдерде – 55,3 мл/кг-мин. (47,8-61,2), яғни  төзімділіктің 

көрінуін  қажет  ететін  спорттың  «жердегі»  түрлері  өкілдеріне 

қарағанда төмен болады. 

Жүзгіштердің  көбіне  стайер-жүгірушілерге  қарағанда  салмағы 

көбірек. Сондықтан оларда салыстырмалы ОМП жақсы стайерлер-

ге  қарағанда  азырақ  келеді.  Жүзу  кезінде  дене  салмағы  өте  аз  бо-

лады жəне «жер үсті» локомоцияларынан айырмашылығы жүктеме 

факторы ретінде ешқандай рөл атқармайды. Жүзу кезіндегі энергия 

шығыны жүгіру кезіндегі сияқты дене салмағына пропорциялы емес. 

Сондықтан  жүзгіштердің  максималды  аэробтық  мүмкіндіктерін 

абсолютті ОМП (л/мин) бойынша бағалаған дұрыс. 



345


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет