3.3 Өздігінен жылжымалы тіректер арқылы көтерілетін жүзбелі
бұрғылау қондырғылары
Теңіз жүзбелі бұрғылау қондырғыларының өндірісте ең көп тараған түрі –
өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары. Олардың жалпы саны, әр
түрлі мәліметтер бойынша шамамен теңіз жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
64%-на тең.
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары санының өсуін, ең
алдымен, олардың жұмыс жағдайларымен түсіндіруге болады. Егер жарты-
лай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары немесе бұрғылау кемесін
қолданғанда, ауа райы нашар болған жағдайда олардың бұрғылау жұмыстарын
тоқтатуға тура келсе, өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларымен
ауа райының қандай жағдайда болса да жұмыс жүргізе беруге болады, себебі
олар жұмыс кезінде теңіз түбіне тіреледі де, қондырғының жағдайына толқын
мен желдің (жүктемелік) әсері болмайды.
50
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары, алыс қашықтыққа
өз бетімен жүзбегенімен, арнайы тасымалдайтын кемелерді қолданғанда олар-
ды, әр теңіздің акваториясына жылдам жеткізуге болады. Статистикалық
мәліметтер бойынша, дүние жүзінде 98 фирма 448 өздігінен көтерілетін жүзбелі
бұрғылау қондырғыларын пайдаланады.
448 қондырғының – 58-і (немесе 12,5%) 1956-1969 жж.; 149-ы (32%) 1970-
79 жж. және 246-ы (53,5%) 1980-86 жж. кезінде құралған. Қондырғылардың бұл
түрі 10-122 м теңіз тереңдігінде жұмыс жасай алады. Мұндай қондырғылармен
әр түрлі фирмалар мұнай мен газды 6100-7625 м тереңдіктерде іздестіруде. Бұл
тереңдіктерде қондырғылардың 343-і (75%) жұмыс жасай алады; 64-і (14%)
ұңғымаларды 1525-6490 м тереңдікке бұрғылауға қолданылады. Соңғы жылда-
ры мұндай қоңдырғыларды тереңдігі 9150 м-ге дейінгі ұңғымаларды бұрғылауға
пайдаланып жүр, олардың саны 28 (6%).
3.4 Жартылай батырмалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары
Жартылай батырылмалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының жаңа буыны,
теңізде бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіруде, әсіресе ауа райы
тым қатал күрделі аймақтарда елеулі әсерін тигізуде. Мұндай жүзбелі бұрғылау
қондырғыларының сапалық сипаттамаларын таңдау төменгі бөлімдерден
тұрады: ережелер мен пайдалану жағдайлары, қоршаған ортаның белгілері,
шайқалыс сипаттамалары, платформаға (палуба үстіне) берілетін жүктеме,
қондырғылар түрлерінің құрылымы, энергетикалык қондырғылар, козғалтқыш
жүйелері, (платформаны болат немесе шынжыр арқан арқылы құрылысқа
байлап ұстау жүйелері, динамикалық позициялау жүйелері) және бұрғылау
жабдықтары. Жартылай батырылмалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
бұрғылау нүктесіндегі орнықтылығы – понтон тұрқының формасына, олардың
арақашықтығы мен диаметрлеріне тығыз байланысты. Мұндай жүзбелі
бұрғылау қондырғыларының мүмкін тік шайқалысы 1,8 м шамасында крен мен
дифференті ±3° шамасында, толқындардың көтерілу биіктігі 12 м шамасында
болуы тиіс.
1984 ж. күзінде дүние жүзінде, пайдаланыста және құрылыста 179 жартылай
батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары болды. Алпысыншы жылдарда мұндай
жүзбелі бұрғылау қондырғыларының 18 немесе 10,2% жасалды; жетпісінші жыл-
дарда – 89 немесе 49,8%; ал сексенінші жылдарда құрылыстағы қондырғыларды
қоса санағанда – 9 немесе 38,9% тұрғызылған; жетпісінші (18 жүзбелі бұрғылау
қондырғылары), сексенінші (7 жүзбелі бұрғылау қондырғылары) жылдарда
өздігінен қозғалатын жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылар
тұрғызылған. Бірақ бұларды пайдалану нәтижелері – олардың тиімді еместігін
дәлелдеді.
Жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғыларының құрылысын
игерумен байланысты ұңғымаларды бұрғылауда теңіз суының тереңдігі өсуде.
51
Мысалы 5 жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары 1000 м
жоғары теңіз тереңдігінде ал «Генри Гудрич» 3050 м дейінгі тереңдікте жұмыс
атқаруда, 183+201 м су терендігінде 53 жүзбелі бұрғылау қондырғылары 29,6%;
244-тен 400 м – 61 немесе 34%, 450-500 м – 45 немесе 25,2%; 610 м жоғары – 20
немесе 11,2% және 1373 м терең – 5 немесе 2,8%.
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, сексенінші жылдары тұрғызылған
жүзбелі бұрғылау қондырғылары 450 м теңіз тереңдіктеріне арналған. 1986
ж. аяғында «Одеко» фирмасының жобасы бойынша тұрғызылған – бірінші
жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғылары пайдалануға берілді
(құны 20 млн. долл.). Ол Мексика шығанағында тереңдігі 7625 м ұңғымаларды –
915 м теңіз тереңдігінде бұрғылауға арналған. Қондырғыны бұрғылау нүктесінде
ұстау жағдайын динамикалық позициялау жүйесі қамтамасыз етеді.
1990 ж. Америка компаниялары Норвегиялық әріптестерімен бірігіп, аса
терең теңіз суларында (Мексика шығанағының Америка бөлігінде) бұрғылау
үшін жартылай батырылатын жүзбелі бұрғылау қондырғыларын жасап
шығарды. Жаңа қондырғы «Америка» деп аталды. Оның қысқаша техникалық
сипататтамасы:
1. Қондырғыны пайдалану кезіндегі су тереңдігі 610 м зәкірленген
жағдайда; 914 м зәкірленген жағдайда және рулдеу құрылғысын
пайдаланғанда; 1830 м динамикалық позициялау жүйесін қолданғанда.
2. Бұрғылау тереңдігі 7620 м.
3. Сақтау орнының сыйымдылығы – үйінді материалдарға 540 м
3
, сұйық
бұрғылау ерітінділері 668 м
3
, мұнай отыны 1900 м
3
, жуу суы 1200 м
3
,
ауыз суы 500 м
3
, тұзды су 600 м
3
.
4. Бұрғылау жабдығы – Лебедка (шығыр) қуаты 2237 кВт, 1257 мм орталық
тесігі бар ротор, қуаты 1491 кВт, үш бұрғылау сорабы құбырларды бе-
руге арналған толық автоматтандыру жүйесі, райзерді 556 кН күшпен
керуге арналған 16 құрылғылар, 6 – алғашқы қозғалтқыштар, жалпы
қуаты 25400 кВт.
5. Мұнара биіктігі 53 м, статикалық жүк көтергіштігі 907 т. Аспаптың
жоғары жетекші жүйесі бар.
6. Превенторлар және райзер. Төрт 476 мм қыстырмалы превентор блогы,
қысымы 103 МПа (бағыттаушы арқансыз қондырылады), 553 м райзер-
пенопластық және ауалық қалытқы элементтермен жабдықталған.
7. Позициялау жүйесі. Динамикалық позициялау жүйесі (алты азимуталдық
рулдеу құрылғыларымен, қуаты 2650 кВт).
8. Зәкірлеу жүйесі. Сегіз нүктелік тізбектік жүйе, тізбектің диаметрі
84 мм, әр зәкір салмағы 15 т.
Бұрғылау қондырғысы пайдалануда және апаттық жағдайларда 7000 т
салмақ көтере алады, тасымалдау кезінде 5000 т көтереді.
52
Жетілдірілген бүрғылау райзерін қолданғанда, судың жұмыс тереңдігін
3050 м дейін өсіруге болады.
Превенторларды басқару жүйесі толық автоматтандырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |