Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет102/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

9.4.1 Зәкірлік ұстау жүйелері
Жүзбелі бұрғылау құралдары және зәкірлік жүйесі, төтенше ауа райы 
жағдайларын ескермегенде, біртұтас комплекс ретінде қарастырылады.
Әлемдік практикада мойындалған жобалау және зәкірлеу операцияларының 
орындалу критерийлері (
9.1-кестеде
) келтірілген.
Зәкірлеу жүйесіне зәкірлік шынжырлар, лебедка, тоқтатқыш 
құрылғы, роульс (зәкірлік арқанның ауысу бағытын өзгертуге арналған 
құрылғы) кіреді.
Жергілікті жағдайларға, жүзбелі бұрғылау құралының сипаттамасына және 
басқа факторларға байланысты, ЖБҚ-на қатысты зәкірлік шынжырлардың не-
месе арқандардың әр түрлі орналасуы қолданылады. Әлемдік практикада ең 
көп таралған жүктеменің кез келген жақтан әсер ету кезіндегі зәкірлеудің 
алты вариантты (
9.1-суретте
) көрсетілген.
Зәкірлік шынжырларды немесе арқандарды, оларға берілетін мүмкін 
жүктемеге, теңіз тереңдігіне, жұмыс жабдығының сипаттамасына, құнына, 
палубалық құрылғыларға арналған кеңістік көлеміне және т.б. факторларға 
байланысты таңдайды.
Зәкірлеу үшін тіректі жалпақүзбелі шынжырлардың екі түрі қолданылады: 
түйістіріп пісірілген үзбелі шынжыр және кұлыптық шынжыр.
Көптеген жағдайларда зәкірлеу үшін диаметрі 57-76 мм және кей-
де 90 мм дейін металдық арқандар қолданылады. Металл арқандарының 
артықшылығы: теңіз суында арқанның массасы шынжыр массасынан 5 есе 
аз және бағасы да 2 есе төмен. Металл арқанның кемшілігі: массасының 
аздығына байланысты, арқан созылудың тангенциальды қисығының керекті 
шамасына дейін көбірек жазылуы қажет. Арқан істен шыққан жағдайда 


217
оның бүкіл ұзындығын ауыстыру керек. Нейлон арқанның массасы металл 
арқанның массасынан екі есе аз.
Зәкірлік жүйелер зәкірлік арқандарды тартуды реттейтін кұралдармен 
жабдықталған және оның құрамына тензометрлер, зәкір арқандарының тар-
тылуын үзіліссіз басқаратын және тіркейтін құралдар кіреді. Олар операторға 
толқын шамасының немесе жел бағытының өзгерулері туралы мәліметтер 
беріп тұрады.
Тарту жүйесін басқару арқандарда орнатылған датчиктерден алынатын 
ақпараттар негізінде басқару пультінен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет