Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Суасты саға жабдықтарының мультиплексті



Pdf көрінісі
бет97/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   274
8.7.3 Суасты саға жабдықтарының мультиплексті 
электрогидравликалық басқару жүйесі
Электрогидравликалық басқару жүйесі жұмыс сұйығының превен-
торлар блогының жұмыс цилиндріне ағынын басқарады. Оны сәйкесті су 
асты клапандарын электронды сигналдармен іске қосу арқылы жүргізеді. 
Электрогидравликалық жүйеде кейбір ішкі модификациялы гидравликалық 
жүйенің тораптары қолданылады (
8.13-сурет
).
Мультиплексті электрогидравликалық жүйе су бетіндегі басқару 
жабдығынан, біріктіргіш түйіндерден және су астындағы бөліктен тұрады.


202
Су бетіндегі жабдық суасты саға жабдықтарының жұмысын басқару мен 
бақылауын қамтамасыз етеді және құрамында:
• бұру құрылғысы мен (дивертор) басқару құрылғысы бар гидравликалық 
қондырғысы (13);
• аккумуляторлар блогы (5);
• бұрғылаушының басқару панелі (1);
• орталық басқару панелі (4);
• энергия беру құрылғысы (2), батарея блогы (3);
• күш кабелінің электробайланыс лебедкасы (6), қосымша гидрошланга 
лебедкасы (11) және 12,7 мм-лік шланга лебедкасы (10);
8.13-сурет. Мультиплексті электрогидравликалық басқару жүйесінің сұлбасы
Гидравликалық басқару жүйесінде қолданылатын гидравликалық 
қондырғыдан айырмашылығы клапандарды электросигналдардың көмегімен 
жұмыс сұйығының ағыны арқылы басқарылатын болғандықтан суасты саға 
жабдықтарының функциясын басқарушы гидравликалық панель болмайды. 
Бірақ панельдегі бұру желісіне арналған клапандар (дивертор) және бұрғылау 
ерітіндісінің атқарушылары сақталған, себебі бұл функцияларды гидравликалық 
сигналдар арқылы басқару электронды сигналдармен басқарғандағыға 
қарағанда ыңғайлырақ және жоғарыдан басқарылады. Аккумуляторлар блогы 


203
гидравликалық қондырғыдағы блоктан аккумуляторлардың саны мен көлемімен 
ғана ерекшеленеді.
Бұрғылаушының электрогидравликалық жүйесіндегі панель гидрав-
ликалық жүйедегі панельден соленоидпен реттелетін клапандардың басқары-
латындығымен және бұрғылаушы панелінде су бетіндегі мультиплекстік бай-
ланыс торабы барлығымен ерекшеленеді. Орталық басқару панелі бұрғылаушы 
панелінен бұру желісінің функциясының аздығымен ғана ерекшеленеді. Электр 
энергиясымен қамтамасыз ететін күштік қондырғы батареялар блогын заряд-
тайды және басқару жүйесі үшін тұрақты айнымалы токқа айналдырады. Бата-
реялар блогының қондырғысына энергия беру тоқтап қалған жағдайда күштік 
қондырғыларға электр энергиясы беріледі.
Шланга лебедкасы оны лебедкадан жинау немесе орау үшін арналған. 60 
мм-лік шланга 12 арқылы превенторлар блогын басқару торабына жұмыс 
сұйығы жіберіледі, ал апатты операция жағдайы кезінде жұмыс сұйығы 12,7 
мм-лік шланга арқылы жіберіледі.
Қосымша шланга арқылы тұғырдың біріктіруші муфталарына және ұңғы 
сағасындағы жабдыққа жұмыс сұйығы жіберіледі. Бұл шланга суасты басқару 
манифольдіне байланыспай-ақ тұғыр мен превенторлар блогын ажыратуды 
жүргізе береді. Суасты күштік және коммуникациялық кабельдер (7) суасты 
мультиплексті басқару жүйесінің торабына электр энергиясын береді. Суасты 
басқару манифольдінің ішінде екі кабель болады (әрбір су асты басқару стан-
циясында бір-біреуден). Суасты басқару манифольді (8) екі станциядан тұрады: 
операциялық және қосымша.
Әрбір басқару станциясында: күштік қамтамасыз ету торабы, электронды 
және соленоидты клапандар торабы, су асты электрлі штекерлі қосылыстар, 
гидравликалық қысым реттегіштер, пилотты жетектері бар гидравликалық кла-
пан және алынбалы-салынбалы біріктіргіш болады.
Күшпен қамтамасыз ету торабы мультиплексті жүйенің суасты бөлігіне 
және т.б. су асты электрлік құрылғыларына электр энергиясын береді.
Электронды торап мультиплексті жүйенің суасты бөлігінен екі қабылдағыш 
және бір таратқыштан, сонымен қатар соленоидты клапан және қысым өзгерткіші 
бар қоздырғыштан тұрады. Соленоидты клапандардың өзгерткіштері мен 
электрлік ұштары кабель қорабында орналасқан және су кіруден қорғалған. Су-
асты электрлік тораптар мен соленоидты клапандар блогы электрлік штекерлік 
қосылыстардың көмегімен электрондық торапқа қосылады. Жұмыс сұйығының 
қысымы қысым реттегішпен реттеледі. Жұмыс сұйығының ағыны превентор-
лар блогының торабына пилотты жетегі бар гидравликалық клапандар арқылы 
бағытталады. Жиналмалы біріктіргіштер суасты манифольдінің гидроағын 
желісін превентор блогының төменгі бөлігіндегі гидроағын желісімен біріктіреді.
Мультиплексті жүйе суүсті басқару қондырғысының панеліндегі электрлік 
басқару сигналдарын екілік кодқа айналдырады. Кодталған командалар суасты 
басқару манифольдінде орналасқан суасты мультиплексті торапқа екі өткізгіш 


204
сым арқылы жіберіледі, онда командалар салыстырылады. Егер командалар 
сәйкес болса, онда суасты басқару манифольдіндегі жұмыс сұйығының ағынын 
превентор бөлігінің (9) торабына жіберетін клапандармен басқаруды жүргізеді. 
Командалардың орындалуы басқару панеліндегі бақылау құрылғыларының жа-
нуымен бақыланады.
Мультиплексті электрогидравликалық суасты саға жабдықтарын басқару 
жүйесінде «Shaffer» фирмасымен шығарылған ең жетілген компьютерлік тех-
нология қолданылады, ол оның жұмысын икемді етіп, оның элементтерінің 
жұмысының тиімділігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет