Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


 суасты жасақтарының жабындарын жөндеу және бақылау



Pdf көрінісі
бет98/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

8.8 суасты жасақтарының жабындарын жөндеу және бақылау
Пайдаланылып жатқан жабындылардың жағдайына кезеңдік баға беру 
– коррозияның ерте кезеңінде минималды ақаулар береді, бұл жасақтарды 
пайдаланудың шығыны аз кезінің мерзімін өсуіне әкеледі. Бірақ суасты 
жасақтары жағдайында «бақылау» өте көптеген проблемелармен байланыс-
ты болады. Мысалы, суасты ыдысының суүстіндегі жабдықтарының сақталу 
жағдайын көру үшін, ыдыстың ішіндегісін басқа жаққа ауыстыру қажет бола-
ды. Ыдысты көруден алдын оны тазарту қажет. Қарау үдерісінде құрғақ жа-
бын арқылы жүру керек болады, жиі мостасты құрылғысынсыз немесе басқа 
да жабдықтарсыз жасақтың үстіңгі бөлігін қарауға болмайды. Мұндай бақылау 
нәтижесі болып жиі жабынның және беттік толық бөлінуі болады.
Соңғы кезге дейін суасты жасақтарының бақылауына көп көңіл бөлінбеді, бұл 
инженер-коррозионистердің немесе инспекторлардың олармен байланысының 
шектелгенінің нәтижесі болды.
Суасты жасақты жабынды жүргізудің технологиясында күрделілердің 
бірі болып келеді және ереже бойынша атмосфера жағдайында жұмыс істеген 
жасақтарға қарағанда, қажаулы ортада пайдаланылады. Суасты компоненттерінің 
бұзылуы әдетте жасақтардың пайдалану сипатына айтарлықтай әсерін тигізеді.
Көптеген жағдайларда сүңгуіршілерді пайдалану жабындар мен беттердің 
жағдайын бақылаудың бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. Бірақ 
сүңгуіршілерді пайдалану – бақыланып отырған нысанды сусыздандыру 
мүмкіндігі туғанда мүмкін екендігінің бірқатар сепептері бар. Суасты бақылауы 
барлық ортада химиялық, биологиялық және радиологиялық былғанған ортада 
да жақсы жүргізілуі мүмкін.
Жабынды дұрыс жүргізу жұмысы негізінен техникалық қызметке тәуелді. 
Техникалық қызметтің толық программасы мыналардан тұрады: күшті пробле-
малы облыстарды анықтау; тексеру квалификациялы мамандарды нақты доку-
ментация құрастыру; жабынның ерте ақауын және бұзылыстарды табу; жоспар-
лы жөндеу.
Көптеген жағдай батпалы оқабында тексеру мұндай жұмыстар қосымша 
операциялар арқылы жүргізіледі, кептіру, тексеру немесе жүйенің жеке 


205
компоненттерінің жөндеуі және жобаға сәйкес модификацияны енгізу. 
Мұндай проблемелар болған жағдайда жабындар асығыс бақыланады және 
негізгі жұмыстарды жасау аралықтарында сол сияқты асығыс жөндеу 
жүргізіледі. Мұн-дай практика әдетте жабынның жұмыс жүйесінің 
қанағаттандырылмағандығына әкеледі. Суасты кезеңдік тексеру жабынды 
жөндеу графикаға сәйкес жүреді.
Қорғау жабындары батылған жабындарды қорғауға мынадай ортаның 
әсеріне төзуі керек: тұнулы су, былғанған тұнулы су (радиологиялық және 
органикалық қалдықтар); тұзды су; қышқыл химиялық орта (рН=2...5); бейта-
рап химиялық орта (рН=5...10); сілтілі химиялық орта (рН=10..12); химиялық 
ортаның әлсіз еріткіштері; өте қауіпті химиялық орта (қышқылдар, күшті 
еріткіштер, рН жоғарғы мөлшерлі және осы орталардың жоғарғы t-сы).
Жабыны зақымдалған бөліктер қорғалатын беттің барлық ауданының 
өте үлкен емес 15%-ын қамтиды. Және оларды жабын жүйесінің бұзылуына 
дейін табуға болады. Бұл ақаулардың бәрі беттің коррозиядан қорғалуына 
әкеледі. Коррозия жылдамдығы бірқатар факторларға тәуелді: гальваникалық 
элементтердің, әркелкі металдары болуы судың химиялық құрамы, температура 
және т.с.с. Көптеген жағдайларды суасты зерттеулері және жергілікті жөндеу 
жұмыстары бірінші жалда көрсетілген ақауларды шеттетеді және жасақтың 
қызмет мерзімін ұзартады.
Механикалық зақымдау деңгейі үлдір қалыңдығының азаюы, нүктелі 
тесіктер мен пісірілетін жіптердің қиындықтары ереже бойынша өте қатты 
бақылау үстінде болады. Жабынның ісінуі өте қиын ақаудың бірі болып табыла-
ды. Ісіну – бұл жабынның өздігінен бұзылысқа ұшырауы екендігін көрсетпейді. 
Жиі мұндай жабындар коррозиядан ұзақ уақыт қорғайтындар болып табылады. 
Бірақ жабын жағдайында коррозия қорғанысы көбінесе көпіршікке қарағанда 
көпіршіксіз кезде қолайлы болады. Уақыт өте барлық көпіршіктің іші тоттануға 
ұшырайды және оның ішінде белсенді коррозия үдерісі басталады. Басқа 
жағынан алғанда қуыс қауіпті болып келетін кіріккен химиялық өнімдермен 
толы болады.
Батырылған беттерді құрғату кезінде көбіктер құрғайды. Жабын гүлдері 
құрғату кезінде осындай кернеуге ұшырайды және жабынның жарықтануы 
жүзеге асады. Көбік ішіндегі қысым сыртқы ерітінділердің қысымына тәуелді 
болып, солар арқылы анықталады. Батырылған беттері құрғағанда көбіктер 
құлайды және олардың ішінен күшпен сұйық итеріледі. Егер көбік қалақтанбаса, 
онда су көбік қуысынан жабын бетіне қарай көшеді, бұл көбіктің (пузырьдың) 
бұзылуына әкеледі. Осылай егер батырылған бет құрғатылатын болса, олардағы 
көбіктің жағдайы қарастырылуы қажет.
Құрғату үдерісінің өзі жабынның ісінуімен бұзылысқа ұшырауының немесе 
оған ауадағы оттегінің әсерінің салдары болуы мүмкін.
Көптеген жағдай – суасты жасақтарын құрғатудың қажеті жоқтығын 
көрсетеді. Зерттеу, жөндеу немесе жабында ауыстыру су астында жүргізілуі 


206
қажет. Егер жабдықтарда құрғату өте қажет болса, онда суасты операцияла-
рына техникалық қызмет программасында кіргізілген болуы керек. Суасты 
зерттеулерінің негізгі дәлелі жоғарыда көрсетілгендер болып табылады: құрғату 
– жабынды өздігінен бұзылуына әкеледі. Сұйықтың типі және оның мөлшері; 
құрғату бағасы және сұйықты жылжыту; сұйықтың араласу құны; қоршаған 
ортаның шектеулері; құрғату кезінде және одан кейінгі жұмыс персоналына 
қауіптілігі; жоспарлау әрекеті және жай құны сияқты факторларды есепке алу 
қажет.
Құрғату айтарлықтай қымбат әрекет. Көптеген жағдайда ыдысты құрғатуға 
кеткен шығындар суастын бірнеше жыл бұрғылауға кеткен шығындардан да 
артық болады. Мысалы, бақылауға екі суасты қоймасын көлемі 1136 м
3
алайық, 
жоғарғы таза судан суасты бақылауды бақылаудан кейін қойманы қайта толты-
рады.
Ауыстыру мөлшері 1 толлонға – 1 доллар болады. Суасты тексеру құны 
және жергілікті зерттеу құны екі қойма үшін ауыстыру бағасының 10%-ын 
құрайды. Бұл мысалдан көрініп тұрғандай жұмыс бағасы суасты бақылау әдісіне 
қарағанда төмен болады.
Мұндай жағадайларда операциялардың келесі кезекпен жасалуын 
қабылдайды: ыдыс құрғатуы және тазартуы; егер қажет болса, онда бет 
құрғатылуы; жабынды және бөліктерді тексеру; жөндеу керек болған; ақаулы 
бөлік бетті дайындау және оған жататын зоналарды жөндеу жабынын жүргізу; 
(әдетте, көпқабатты жүйенің) ыдыстың ішіндегі ауыстыру; жасақты пайдалануға 
қайтару.
Суасты тексерудің қолдану әдісі және жөндеудің негізгі дәлелі мыналар: жа-
бын жүйесі ылғалдану циклдеріне ұшырамайды, құрғату жүргізуге уақыт керек 
болмайды; өнім уақытша сақтауға ыдыс керек болмайды алғашқы тексеру және 
жабынның жағдайына баға беру кезкелген уақытта жүргізілуі мүмкін, резеңке 
киімдегі сүңгуірші бақылап жатқан жабынға кедергі жасамайды; жөндеу 
жағдайы тұрғанда бір қабатты жабын қолданылады.
Суасты бақылау жүргізілу мақсатында тәуелді үш категорияда, деңгейде 
жүргізілуі мүмкін олар І, ІІ, ІІІ.
І деңгей. Визуалды бақылау – тексерілген бетті тазалаусыз бақылау. Ол екі 
адамннан тұратын бригада арқылы жүргізілуі мүмкін, олар мүмкін болса ар-
найы дем алу аппараттарын қолданғандары жөн. Маңызды деректер суастын-
да грфельді тоқтауларға жазылады, кейін арнайы журналдарға көшіріледі. Бұл 
деңгейде жабынның ақаулары құжатталады және анықталады.
ІІ деңгей. Зерттелетін ауадан тексеру үдерісін жеделдету үшін әртүрлі 
әдістермен тазаланады. Вакумды әдіс ыдысты құрғатпай тазалауда өте қолайлы 
болады. Дәлдікті бақылау үшін әртүрлі асапатар және қарапайым сыналар 
(қалыңдықты өлшеу, адгулені өлшеу, басқа ақауларды табу, жабынның химиялық 
және биологиялық құрылуы) қолданылады. Тексерудің бұл деңгейі зерттелініп 
отырған беттердің үлкен және ұсақ ақауларын шығару мүмкіндігін береді. Бұл 


207
жағдайда тексеру бригадасы 3-5 адамнан тұрып, олар қолданылатын жабдықтар 
беттік ауадан алынады. Мұндай модель суастында ұзақ болуды және инспектор-
сүңгуіршімен және бригадамен сенімді байланысты талап етеді. Берілген 
жағдайда құжатталу – инспектор-сүңгуіршінің дауысжазғышынан, фотосурет-
терден және видеотаспалардан тұрады.
ІІІ деңгей. Бұл тексеру деңгейі құрылымдық элементтердің жабындардың 
коррозиялық зақымдалуға ұшыраған барлық құрылымының жалпы 
тұрақтылығын, қалдықты беріктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. ІІІ 
деңгейлі тексеру ІІ деңгейлі тексерумен бір уақытта жүргізілуі мүмкін. Бұл зерт-
теулерде келесі операциялар жүргізілуі мүмкін: видеотаспа; стереофотография; 
фотограмметрия; болат пен бетонның бұзылмайтын құрылымды бақылауы; ка-
тод потенциалдарының өлшемдері; бетоннан сынама алу.
Зерттеу басталғанға дейін оны жүргізудің жалпы жобасы жасалады. Жоба 
осы жұмысқа қатысты барлық құжаттарды жинақтағаннан кейін, бақылаудың 
спецификалық әдістері, осы жағдайда қолданылатын аспаптар қолданылады. 
Тексеру жұмыстары барысында жауапты инженер үнемі әрекеттерден 
құлақтанылып отырлуы керек. Сонымен бірге жазбаларды, фотосуреттерді
аудио және видеқұжаттарды қолданылып отырылуы қажет. Инспектормен 
тығыз байланыс суасты тексеруде ерекше маңызды болады, өйткені инспектор 
тексеріліп жатқан бетті өзі көре алмайды.
Сүңгірушіні қолданғанда қауіпсіздік негізгі тапсырманың бірі болып та-
былады. Бүкіл жұмыстар бұл жағдайда профессионалды қауіпсіздік және 
денсаулық қорғау заңдарына сай жүргізіледі. 
Зерттеулерді жүргізу жиілігі жабынның жағдайына байланысты болады. 
Бірінші зерттеу ыдысты пайдалану бір жылдан асқаннан кейін жүргізіледі. 
Кейін зерттеулер әр жылы қауіп орталарда екі жылда жүргізілуі ескертіледі.
Қорытындылай келе ескере кететін жайт қазіргі кезде әртүрлі жасақты суас-
тында бақылау алдын ала жобалануы мүмкін.
Квалификациялы персонал жүргізген жабынды бақылау және жергілікті 
жөндеу жасақтың қызметінің ұзақтығына және шығынның үнемделуіне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет