4.3. Мәдениет формалары және әлеуметтік мәдениет
Кез-келген мәдениет көпқырлы және оның мазмұны әр түрлі
формада болады. Мәдениеттің негізгі формалары: миф, өнер, дін, мораль,
философия, құқық, саясат, ғылым, техника.
Миф-адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф
(аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне
формасы. Мифология гректің mifos-аңыз, ертегі және logos-ілім, білім
деген сөздерінен шыққан. Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар
тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік мазмұны арқылы
адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді.
Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың
формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние
75
мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік
дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейіннен пайда
болды. Мифологияда олардың барлығы тұтасып жатты. Ол дүние
жанындағы біртұтас түсінік болып табылды. Белгісіз дүниені түсіндіруге
тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде
ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, құпия ғаламат күшке сілтеме
жасау мифтің өзіне тән ерекшелігі.
Өнер мәдениеттің бір түрі ретінде алғашқы қоғамда пайда болды,
адамдардың өмірі мен рухани өмірін көркем образдарда бейнелейді.
Антикалық дәуір өнердің жекелеген түрлерін бөліп көрсетті: би, ән,
музыка, кескіндеме, мүсін, сәулет, театр, әдебиет, поэзия, кино және т.б.
Өнер көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі
сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен
адам танымының формасы.
Өнер-бұл өзі адам мен сөйлесетін ерекше мәдениет тілі. Өзінің
стильдік бірлігін сақтай отыра, өнер дүние мен адамды олардың қандай
да кезең мен дәуірде қалайша көрінгендігін суреттейді. Өнердің
ерекшелігі өзінің негізгі міндетіндегі шешілетін әлеуметтік мақсаттар
сипатынан да көрінеді. Өнер ғылымы мен қатар ең алдымен, қоғамның
өзін тану құралдарының бірі. Әлемнің көркемдік үлгісі, осы «екінші
ақиқат» арқылы шынайы табиғи және әлеуметтік ақиқатты барынша
тереңірек тануға болады.
Дін-мәдениеттің маңызды құбылысы. Діннің халықтар өміріндегі
алатын орнының маңыздылыңы соншалықты, діндердің негізін түсінбей,
діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас
қалыптастыру мүмкін емес.
Дінді мәдени құбылыс ретінде түсінуде оның шығу төркіні мен
міндетін түсіндіру маңызды рөл атқарады. Мәдениеттегі діннің рөлін
әрбір мәдениеттің жүйе құрастырушы факторы деп анықтауға болады.
Дін қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі.
Діннің адам мәдениетіндегі орнын, яғни мәдениеттің дінді
тудыратындығын немесе діннің мәдениетті тудыратындығын түбегейлі
іздеу мен пайымдау жүргізіліп келеді. Алғашқы мәдениеттанушы-
теоретик және мәдениет тарихшысы болып неміс ағартушысы Иоган
Гердер саналады. Оның «Адамзат тарихының философиясына апаратын
идеялар» жұмысын мәдениеттану білімінің бастауы деп атайды. Дін,
Гердердің көзқарасы бойынша, мәдениеттің ең көне элементі. Дін барлық
халықтарға мәдени және ғылыми білімнің шымылдығын ашты. Діннің
мәдениеттің дамуындағы озық рөлін бағалауға ұмтыла отыра, Гердер
египеттіктер мен басқа шығыс халықтарының, ертедегі барлық көзі ашық
еуропалық ұлттардың-этрустардың, гректердің, римдіктердің ғылыми
білімді діни көзқарастардан алғандығын атап өтеді.
Мораль-адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-
қатынастарды реттейтін қағида, адамның мінез-құлқын реттеу
76
қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт, яғни әлеуметтік сапалар
жиынтығы. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын
бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады.
«Мораль» бұл субъектінің өзінің көпқырлылығымен, көп
өлшемділігімен
байланысты.
Адамдардың
бірлесе
өмір
сүру
тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан моральдық нормалар шығады және
оның орындалуын қоғамдық пікір қадағалап отырады. Адамгершілікті
нығайтатын қалыптар мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға
қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей
алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға
моральдық баға бере алады. Нәтижесінде адам қасиеттерін дамыта алатын
субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз, намыс,
ізгілік секілді жоғары моральдық қасиеттер қалыптасады.
Философия-бұл әлемнің жалпыланған бейнесін және адамдардың
ойлауының концептуалды-категориялық құрылымын тұжырымдайтын
мәдениеттің бір түрі. Мәдениет-бұл адамның тіршілік етуінің арнайы
адами тәсілі, оның барысында адам уақытында кеңістіктің ерекше түрін
жасайды және сіңіреді. Мәдени кеңістік шартты және танылған
шындықтың сөзсіз заңдарынан қалыптасады.
Философия мәдениетте интеграциялық рөл атқарады. Бұл олардың
дүниетанымын ғана емес, мәдениеттің барлық түрлерін түсінуге,
рефлексияға, олардың синтезінің принциптері мен әдістерін біртұтас,
үйлесімді тұтастыққа табуға, анықтауға және тұжырымдауға тырысады.
Философия-дүниетанымның теориялық негізі. Егер дүниетаным-
бұл қоршаған шындықтағы адамның рухани бағдарының тәсілі, сипаты,
философиялық, экономикалық, әлеуметтік-саяси, этикалық және т.б.
көзқарастар, наным-сенімдер, мұраттар, философиялық дүниетаным
қоршаған әлемге және адамның орны туралы жалпы көзқарастардың
теориялық негізделген жүйесі ретінде тұтасымен дүниетанымның негізін
құрайды. Философия бүкіл әлемдік мәдениеттің, дүниежүзілік тарихи
практика мен ұстанымның жетістіктерін жинақтайды, бұл дәуірдің
рухани квинтэссенциясы, өзін-өзі тануы. Ол кез-келген қызметтің
идеялық-әдістемелік негізі ретінде әрекет етеді.
Құқық-бұл мемлекет қызметіне бағытталған мәдениеттің бір түрі
негізделген адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды реттеу туралы
арнайы әзірленген әлеуметтік нормалар-берілген қоғамның барлық
азаматтары үшін міндетті заңдар.
Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас
нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік
пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады.
Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі,
олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық
нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады.
77
Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік,
бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады.
Құқық-мораль, саясат, экономика, өнер сияқты мәдениеттің
ажырамас бөлігі. Құқық-сан қырлы түсінік. Ол үш түрлі мағынада
қолданылады. Алғашқысы-қоғамдағы аса маңызды қатынастарды
реттейтін нормалар жиыны және оларды бұзғандығы үшін мемлекет айып
салады. Екінші мағынасы-жеке мүмкіндік, бұл мүмкіндікке заң кепіл
береді. Бұл жерде әңгіме ар-ождан, дін бостандығы, еңбек ету, білім алу
сияқты адам құқықтары туралы болып отыр. Ең соңында біз «құқық»
сөзін заңдық емес мағынада жиі қолданамыз. Бұл да жеке мүмкіндік,
алайда, заңда белгіленбеген. Қазір бізге адамның қалыпты дамуы үшін
қоғамның рухани мәдениетін игеру қажеттігі айдан анық болып отыр. Ол
мәдениеттің басқа түрлерімен қоса құқықтық мәдениетті де қамтиды.
Олардың үйлесімі жеке адамның рухани дамуын қамтамасыз етеді.
Саясат-адамдардың саяси мәдениетке көзқарасы әртүрлі. Саяси
шешімдерге дербес келу қабілеті-адамның саяси мәдениетінің элементі.
Саяси мәдениеттің ерекшелігі оның саясаттың өзін немесе саяси
процесті құрайтындығында емес, саясат әлемі туралы пікірлер мен
түсініктер жиыны екендігінде. Саяси мәдениет көптеген онжылдықтар
бойында әртүрлі ұрпақ қалыптастырған саяси дәстүрлерді, саяси
практиканың қолданымдағы нормаларын қамтиды.
Саяси білім мен мәдениет бүгінгі күні кәсібіне, әлеуметтік
мәртебесіне қарамастан әрбір адамға керек, себебі ол қоғамда өмір сүріп,
тіршілік етіп басқа адамдармен және мемлекетпен міндетті түрде бірлесіп
әрекет етеді. Ал саяси білімі мен мәдениеті жоқ адам саяси істерде амал-
айла, қулықтың арбауына түсіп, оны саяси белсенді күштер өз
мақсаттарында пайдаланып кетуі мүмкін. Адамдардың көпшілігінің
саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды
адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың
экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан мемлекетте
адамдардың өркениетті өмір сүруіне тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам
мүдделі, өркениетті өмір сүру өнері ретіндегі саяси мәдениетті саналы
түрде қалыптастыру қазіргі заманғы қоғамның міндеті, оның дұрыс
дамуының маңызды шарты болып табылады.
Ғылым-уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы
нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын
объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп,
математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын
таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені
меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған
логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді
ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен
әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.
78
Ғылым-адам қызметінің және мәдениеттің саласы. Оның міндеті
ақиқат туралы объективті білімдерді әзірлеу және теориялық жүйелеу
болып табылады. Ғылыми таным бірқатар принциптерге негізделген. Ол
принциптер ақиқатқа жетудің ғылыми көзқарасын және ғылыми
танымның түрлерін анықтап, нақтылайды, жеткілікті талданған өзіндік
ғылыми көзқарастың кейбір ерекшеліктерін белгілейді. Ғылым этикасы-
жаңадан қалыптасып келе жатқан келешегі зор кешенді өрелі бағыт. Ол
ғылыми қызметтің әлеуметтік-этикалық және гуманистік проблемаларын
талдап, зерттейді.
Техника-бұл адам қызметінің дағдылары мен тәсілдерінің
жиынтығы. Бұл қоғам қызметінің жасанды органдарының жүйесі,
өндіргіш күштердің негізгі элементтерінің бірі. Техника еңбек процесінде
адам мен табиғат арасында аралық орын алады.
Техника қоғам өмірінің барлық жағына әсер етеді. Өнер, мәдениет,
тұрмыс, білім айтарлықтай дәрежеде техниканың әсерінен өзгереді.
Техниканың бүкіл адамзат мәдениетіне әсерін көру үшін радио, кино, ТВ,
дыбыс жазбаларын есте сақтау жеткілікті. Техника ғылыммен тығыз
байланысты, бұл байланыс өзара байланысты.
Техниканың тағы бір ерекшелігі оның мәдениетке, соның ішінде
білім, адамгершілік, өнерге әсер етуінің жүйелі және қарама-қайшы
сипаты болып табылады. Техникалық өнертабыстар адамның барлық
өмірлік әлемін өзгертуге қабілетті, оны техносфераға айналдырады.
Қазіргі
заманғы
мәдениеттегі
техниканың
басымдылығы
мәдениеттанушылардың пікірінше, «техникалық ұтымдылық» үстемдігіне
әкеледі, оның негізінде құрал-саймандық қызмет стандарттары жатыр.
Әлеуметтануда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар,
генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара
әрекеттесуінің құралдары, амалдары, нысандары, үлгілері мен
бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет
әлеуметтануда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие
болатын құндылықтар, сенімдер, мінез-құлық үлгілері мен нормалар
жүйесі ретінде түсіндіріледі.
Әлеуметтік мәдениет-әлеуметтік топтың аясында тәжірибені екшеп,
реттеуге қызмет ететін, белгілі бір байланыстағы адамдар үшін ортақ
болып саналатын әлеуметтік мәні бар құндылықтардың, мінез-құлық
нормалары
мен
қағидаларының,
түсініктердің,
нанымдар
мен
дәстүрлердің жүйесі. Әлеуметтік мәдениет немесе әлеуметтік ұжымдық
және реттеушілік мәдениет өзін әлеуметтік-мәдениеттің процесінде және
әлеуметтік қатынастарда, қоғамдық құрылымда, шаруашылық бітімінде,
саяси билікті ұйымдастыру және іске асыруда, құқықтық нормалардың
жиынтығында
көрсетеді.
Әлеуметтік
мәдениет
басқарудың
тұжырымдарын, басшының бейнесін және стратегияны қалыптастыруға
және т.б. жасауға әкеледі.
79
Әлеуметтік
мәдениеттің
аса
маңызды
бөлігі-әлеуметтік
құндылықтар мен әлеуметтік нормалар болып саналады. Әлеуметтік
құндылықтар
дегеніміз-жұртшылық
мойындаған
мінез-құлықтық
стандарттар, яғни діттелген мақсаттар және де осы мақсаттарға жету
жолдары мен құралдары жөніндегі қоғам не әлеуметтік топ қолдаған
иланымдар. Әлеуметтік құндылықтар-адамдар мен олардың топтары
арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың жемісі. Осы қарым-
қатынастар барысында жеке адамның, әлеуметтік топтың, не тұтастай
қоғамның мұқтаждығын, мүдделерін, тілегін қанағаттандыруға әлдебір
әлеуметтік құбылыстың немесе процестің қабілеттілігі байқалып,
бағаланады. Әлеуметтік реттеудің басты элементі ретінде әлеуметтік
құндылықтар оның жалпы, стратегиялық бағытын айқындайды. Мәселен,
демократиялық қоғамдағы аса маңызды әлеуметтік құндылықтар
қатарына, әдетте, бейбітшілік, адамдардың бостандығы, теңдігі мен
туысқандығы, ар-ожданы мен абыройы, әлеуметтік әділеттілік,
ынтымақтастық, азаматтық борыш, материалдық игілік, рухани байлық
және т.б. жатқызылады.
Әлеуметтік нормалар дегеніміз мінез-құлықтың, үміттің ережесі
және белгілі бір мәдениет құндылықтарына сәйкес адамдардың мінез-
құлқын, қоғамдық өмірді реттеуші әрі қоғамның тұрақтылығы мен
тұтастығын нығайтушы стандарттар. Құндылықты қатынастар өзінің
жеке өмір сүруін әлеуметтік норма көрінісінен табады. Әлеуметтанудағы
норма дегенде тек жалпы ереже ғана емес, сонымен бірге бұқаралық
көрініс процестерінің шынайы өмір сүретін типі деп түсіндіріледі.
Әлеуметтік нормалар әр түрлі негіздемелер бойынша бөлінеді.
Қоғам өмірін құндылық тұрғысынан реттеу үшін оларды құқықтық және
моральдық нормаларға бөлудің маңызы зор. Құқықтық нормалар заң
пішімінде, кейде мемлекеттік немесе әкімшілік нормативтік актілер
түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты заңи нормаларды,
санкцияларды
қолдану
жайын
анықтаушы
диспозицияларды
мазмұндайды.
Құқықтық
мәдениет
қалыптасқан
қоғамдық
қатынастардағы жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, халықтың
құқықты
тану,
меңгеру
барысындағы
немесе
оны
жалпы
сыйлаушылықтан туындайтын құқықтық санасы болып табылады.
Адамдардың бірлесе өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің
дамуынан моральдық нормалар шығады және оның орындалуын
қоғамдық пікір қадағалап отырады. Ынтымақтастық пен адамгершілікті
нығайтатын қалыптар мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға
қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей
алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға
моральдық баға бере алады. Нәтижесінде адам қасиеттерін дамыта алатын
субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз, намыс,
ізгілік секілді жоғары моральдық қасиеттер қалыптасады. Моральдық
сана тек таңдау мүмкіндігі бар жерде ғана әрекет етеді.
80
Ал, әлеуметтік нормалар тек заң және адамгершілік нормаларға
ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрпы мен дәстүрге де сүйенеді.
Салт-дәстүр-жеке адамның, топтың, халықтың және адамзаттың
мәдени ұқсастығы мен тарихи зердесінің құрамында болатын
құндылықтар, нормалар, идеялар, әдет-ғұрыптар жиынтығы. Қазіргі
әлеуметтану еңбектерінде салт-дәстүрді жайлап үйрену мен ұзаққа
созылған қандай да бір қоғамдық талаптар ғана емес, сонымен бірге
адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларға негізделуі деп қарастырады.
Әлеуметтану анықтамалары қатарында, сонымен бірге салт-дәстүрді
әмбебап мәдениет құбылысы ретінде қарастырылады.
Салт-дәстүр барлық әлеуметтік жүйелерде қызмет етеді және
олардың өмір саласындағы қажетті жағдай болып табылады. Салт-
дәстүрге немқұрайлы қатынас қоғам мен мәдениет дамуындағы
сабақтастықтың бұзылуына, адамзаттың құндылықтық жетістіктерінің
жоғалуына алып келеді.
Мәдениет
әлеуметтануын
әлеуметтік
шындықтың
белгілі
«сегментін» немесе «сферасын» зерттейтін бағыт ретінде емес, жалпы
әлеуметтік шындықты көруге ерекше көзқарас ретінде қарастыратын
көзқарас бар. Бұл тәсіл әлеуметтік құбылыстардың мағыналық сипатына
негізделген. Бұл жағдайда мәдениет әлеуметтануы шын мәнінде түсінетін
әлеуметтануға жақын әлеуметтанудың дербес жобасына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |