Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет193/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

101-сурет. Жүйке жүйесінің ішек қимылына əсері: 

А - симпатикалық жүйкені 

тіркендіргенде, Ə - кезеген жүйкені тітіркендіргенде байқалатын өзгерістер. Сурет-

тегі сызық - тітіркендірген мезгі

л



245

лады) əсерімен жүреді. Ішектің бұл бөлімінде қорытылмаған бе-

лок қалдықтары шіріп, көмірсулар ашиды. Көмірсулардың ашу 

процесі кезінде ұшпалы май қышқылдарының едəуір мөлшері 

түзіледі.

Бүйенде, мес қарындағы сияқты белоктар ыдырап, амин 

қышқылдары қайта түзіледі, аммиак пайда болып, бактерия бе-

локтары синтезделеді, белокқа жатпайтын азотты заттар соры-

лып жəне кері бөлініп отырады. Бүйен мен мес қарын арасында 

үйлесімді қатынас қалыптасады: мес қарындағы биохимиялық 

жəне микробиологиялық процестер күшейсе, олар бүйенде 

бəсеңсиді жəне, керісінше, бұл процестер мес қарында бəсеңсісе, 

бүйенде – күшейеді (Т.Несіпбаев). Бүйен микроорганизмдері 

түрлі амин қышқылдарын оның ішінде алмастырылмайтын 

қышқылдарды да түзуге қатысады. Бүйен мен қан айналым 

жүйесінің арасында алмасу процесі қарқынды жүреді. Бүйен 

қандағы көмірсулардың ыдырау өнімдерінің (əсіресе, ҰМҚ), 

амин қышқылдарының құрамдық сипатын сақтауда маңызды рөл 

атқарады (Т. Несіпбаев).

Тоқ ішекте белоктардың айтарлықтай көп мөлшері ыдырап, 

организмге сіңеді. Жылқыларда белоктың 39 пайызы, сиырда 

31, шошқада 30 пайызы тоқ ішекте қорытылады. Күйіс малы 

тоқ ішекке өткен клетчатканың 30 пайызын, ал жылқы 40-50 

пайызын қорытып, негізінен ҰМҚ түрінде сіңіреді. Тоқ ішекте 

белоктардың шіруінің нəтижесінде аммиак, көмір қышқыл газы, 

күкіртті сутегі жəне уытты аминдер - крезол, фенол, индол, скатол 

түзіледі. Бұл улы заттар қанға сіңіп, бауырға тасымалданады да, 

сол жерде күкірт қышқылымен немесе глюкурон қышқылымен 

қосылып, залалсызданады. Сонымен қатар тоқ ішекте əртүрлі 

биохимиялық процестер жүреді: сульфидтер түзіліп, билирубин 

стеркобилинге, холестерин - копростеринге айналады. Тоқ ішек 

арқылы несепнəр мен кейбір минералды заттар бөлінеді.

Тоқ ішекте жынның жылжу жылдамдығы 9-10 есе баяулап, 

ас қорыту процесі аяқталады, мұнда түзілген қоректік заттардың 

ыдырау өнімдері сорылады. Тоқ ішекте судың пəрменді түрде 

сорылуының салдарынан азық қалдықтары сусызданып, нəжіске 

айналады. Нəжістің құрғақ затында орта есеппен 10-20 па-

йыз протеин, 5 пайыз май, 40 пайыз клетчатка, 35 пайыз ерігіш 

көмірсулар, 5 пайыз күл болады. Шамамен нəжістің 35-55 пайы-

зы өлі микроорганизмдерден тұрады.

Тоқ ішекте жүретін микробиологиялық жəне биохимиялық 

процестердің күйіс қайырмайтын мал үшін, əсіресе, жылқы 




246

үшін, маңызы өте зор. Жылқы бүйені конус пішінді келеді де, 

оның ұзындығы 1 м, сыйымдылығы 32-37 литрге жетеді. Демек, 

қарынмен салыстырғанда, оның сыйымдылығы 2 есе көп, сон-

дықтан оны жылқының қарыны деп те атайды.

Жылқы бүйенін үш бөлікке: бүйен басына (бүркеншік), дене 

тұлғасына жəне бүйен ұшына бөлуге болады. Бүйен қабыр ға сын-

дағы екі қабат бірыңғай салалы еттердің жиырылуының əсе рі-

нен ондағы жын жақсылап араласып, шайқалады. Ащы ішектен 

түскен жын бүйеннің үлкен иіні бойымен жылжып отырып, оның 

дене тұлғасына өтеді де, бұл жердегі химуспен жақсылап арала-

сады. Үлкен иін бойында толқынды жəне қарсы толқынды əлсіз 

жиырылулар кездеседі. Ал, бүйеннің негізгі жиырылуы оның 

ұшынан басталып, дене тұлғасына тарайды да, бүркеншікке келіп 

бітеді. Бүйен толып, жынның деңгейі көтерілген соң бүйеннің 

жоғары жағы белдеулене жиырылады да, ондағы химустың біраз 

бөлігі бүркеншікке түседі. Бұл жерде жын жақсы шайқалып, 

араласады да, қайтадан бүйеннің тұлға денесіне өтеді. Осын-

дай бүйен бүркеншігінің кері бағытталған жиырылуы белгілі 

ырғақпен əр 15-20 секундтан кейін қайталанып отырады. Бүйен 

қабырғасындағы сақиналы ет қабаты жиырылғанда, онда буыл-

тықтар пайда болып, жын жақсырақ араласа түседі. Бүйен толған 

соң, оның жоғары жағында екпінді жиырылу басталады. Бұл 

қимылдың белгілі ырғағы болмайды да, 50 секунд пен 7,5 минут 

аралығында қайталанып отырады. Бүйен бүркеншігі мен дене 

тұлғасы жиырылғанда оның қуысындағы қысым жоғарылап, 

жынның біраз бөлігі қартаға өтеді.

Бүйеннің жиырылу жылдамдығын жүйке жүйесі реттейді. 

Кезеген жүйке оның жиырылуын күшейтеді, ал симпатикалық 

жүйке баяулатады. Бүйен қуысындағы жынның оның кілегейлі 

қабығына механикалық əсерінен бүйеннің жиырылуы күшейеді.

Бүйен қуысында ащы ішекте басталған қоректік заттардың 

ыдырау процесі одан əрі жалғасады. Ащы ішектен өткен амила-

за, сахараза жəне лактаза ферменттерінің əсерімен көмірсулар 

өздерінің ақырғы ыдырау өнімдеріне моносахаридтерге айна-

лады. Пептидаза, полипептидаза ферменттері белоктарды амин 

қышқылдарына ыдыратады. Бұл процестердің жүруіне бүйен 

куысындағы əлсіз сілтілік орта да (РН - 7,5-7,3) қолайлы жағдай 

туғызады.

Бүйен қуысындағы азықтың қорытылуына онда өніп-өсетін 

мик-роорганизмдер бөлетін ферменттер де көп ықпал етеді. Қазіргі 



247

кезде жылқы бүйенінде əртүрлі қарапайым микроорганизмдер 

(инфузориялар), алуан түрлі бактериялар жəне ашытқылар бола-

тыны анықталды. Осы микроорганизмдердің əсерінен бүйенде 

көмірсулардың сүт қышқылды ашу процесі қайта басталады. 

Инфузориялар мен бактериялардың қатысуымен бүйенде орга-

низмде ең қиын қорытылатын клетчатка да ыдырап, сүт, сірке, 

майлы қышқылдар мен көмір қышқыл газы, метан, сутегі сияқты 

газдар түзіледі. Бүйенде орта есеппен рациондағы əрбір 100 г 

құрғақ затқа 6 грамм шамасында ҰМҚ түзіледі. Бүйендегі микро-

организмдер қиын қорытылатын өсімдік белоктарын да ыдыра-

тып, амин қышқылдарын, төменгі қатардағы май қышқылдарын, 

аммиак сияқты қосылыстар түзеді. Май қышқылдары қанға 

сіңіп, организмде майлар мен белокты синтездеуге жұмсалады. 

Бүйендегі белоктың жалпы мөлшерінің 13 пайызы бактериялар, 

ал 25 пайызы инфузориялар денесінің құрамына кіреді. Бұл ми-

кроорганизмдер қартада қорытылып, олардың құрамындағы бе-

локтар организм үшін қоректік заттың қосымша көзі болады.

Бүйенде өңделген жын жылқыда қартаға, күйіс малдарын-

да қимаға өтеді. Жылқы қартасының жалпы ұзындығы 6-9 м, 

сыйымдылығы 100 л жетеді. Қарта мен қиманың кілегейлі қа-

бығында бүрлер болмайды, есесіне шырыш түзетін бокал тəрізді 

торшалар көп мөлшерде кездеседі. Кілегейлі қабық көптеген 

қатпарлар құрып, онда бездердің түтіктері ашылады. Қарта 

қабырғасындағы бездердің жалпы саны 100-150 млн. жетеді. 

Кілегейлі қабық астында көптеген лимфа түйіндері орналасады. 

Қарта мен қима сөлінің көп мөлшері (98 пайызы) судан тұрады. 

Оның құрамында түрлі органикалық, бейорганикалық заттар 

жəне лейкоциттер кездеседі. Қарта сөлі құрамындағы сілтілік 

қо сылыстар көмірсулар ашыған кезде пайда болған ұшпалы май 

қышқылдарын бейтараптап, оның қуысындағы қышқыл - сілтілік 

тепе-теңдікті бір деңгейде (РН - 6,9-7,1) ұстап тұрады.

Қарта мен қимада аз мөлшерде болса да майлар да ыдырайды. 

Бұл процесс липаза ферменті мен кейбір микроорганизмдердің 

қатысуымен жүреді. Қартада микроорганизмдердің əсерімен хо-

лестерин жəне өт пигменттері де ыдырайды.

Қоректік заттардың ыдырауымен қатар тоқ ішекте микро ор-

ганизмдердің қатысуымен В тобындағы дəрмендəрілер жəне К 

дəрмендəрісі түзіледі. Айта кетер жай, тоқ ішекте дəрмендəрілерді 

түзетін бактериялармен қатар оларды пайдаланатын микроорга-

низмдер де өседі. Бұл микроорганизмдер тобы белгілі бір тепе-



248

теңдікте тіршілік етеді де, сол арқылы дəрмендəрілер түзу жəне 

пайдалану процестері реттеліп отырады.

Тоқ ішектің соңғы бөлімдерінде жын реакциясы қышқылдық 

ортаға қарай ығысып (РН - 6,2), ас қорыту процесі тоқтатылады. 

Тоқ ішекте сіңіру процесі ащы ішекпен салыстырғанда, əлдеқайда 

баяу жүреді. Сондықтан көмірсулар мен белоктардың ыды-

рау өнімдерінің біраз бөлігі организмге сіңіп үлгермей нəжіс 

құрамында бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет