Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Гемолиз жəне оның түрлері



Pdf көрінісі
бет31/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   542
Гемолиз жəне оның түрлері. Гемолиз деп эритроцит қа бығы -

ның жарылып, гемоглобиннің сыртқы ортаға шығуын айтады. 

Гемолиз, тудыратын себептеріне байланысты, мынадай түрлерге 

бөлінеді.

1. Осмостық гемолиз – гипотониялық ерітінділердің əсерінен 

туындайды. Гемолиздің бұл түрі 3 сатыда өтеді. 1 саты - эритро-

цит мембранасындағы Na-К иондық насосының істен шығуы. 

Осының əсерінен торша ішіндегі иондар концентрациясы кө бе-

йіп, иондық градиент өзгереді. 2-сатыда ерітіндідегі су осмос-

тық қысым деңгейіне байланысты эритроциттердің ішіне өтіп, 

олар ісіне бастайды да, шарға айналады. Ал соңғы 3-сатыда 

ішкі қысымға шыдамай эритроциттердің қабығы жарылып, ге-

моглобин ерітіндіге шығады, гемолиз жүреді. Негізінен гемо-

лиз ерітіндінің осмостық қысымы қалыпты деңгейден екі есе 

төмендегенде байқалады.

Барлық  гипотониялық  ері тін ділер 

гемолиз тудырмайды. Эри троциттер 

ерітіндінің осмостық қы 

сымының 

бел гілі бір шама да төмендеуіне төтеп 

бере ала 

ды. Олардың бұл қасиетін 



эри  троциттердің осмостық тө зім-

ді лігі (ЭОТ) деп атайды. Бұл көр   сет-

кіш Са


2+

, НРО


4

 иондары кө 



бейсе, 

жоғарылап, ал К

+

 жəне СІ


 иондары 

көбейсе, төмендейді.

Эритроциттердің осмостық тө-

зім   ділігі мал саулығын анықтау үшін 

қажет. Қалыпты жағдайда гемолиз 

NaCl-дың 0,4 пайыздық ері тіндісінде басталады. Ал ерітіндідегі 

NaCl концентрациясы 0,34 пайызға дейін төмендесе, толық гемо-

лиз жүреді (9-сурет).

9-сурет. Эритроциттердің 

ос мос тық  төзімділігін 

бейне лей тін  сызық



43

2.  Химиялық гемолиз əртүрлі химиялық заттардың əсерінен 

байқалады. Мысалы, эфир, хлороформ, спирт, бензол, өт қыш-

қыл дары эритроциттер қабығының құрамындағы липидтерді 

ерітіп, гемолиз туырады. 

3. Биологиялық гемолиз жылан уының, гемолизиндердің жəне 

басқа биологиялық заттардың əсерінен туындайды. Гемолиздің 

бұл түрінің механизмі толық анықталмаған. Аталған факторлар 

торша мембранасының қасиеттеріне, иондық насосқа əсер етсе 

керек.


4. Термиялық гемолиз қанды мұздатып, еріткенде байқалады. 

Қан қатқанда эритроциттің ішінде мұз пайда болып, оның қабығы 

зақымдалады.

5. Электрлік гемолиз - электр тоғының əсерінен туындайды.

6. Механикалық гемолиз қанды қатты шайқағанда байқалады.

7. Сəулелік гемолиз - рентген сəулелерінің əсерімен жүреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет