34
Плазманың құрамында 90-92 пайыз су, 8-10 пайыз құрғақ зат
болады. Құрғақ заттың 6-8 пайызы белоктардан тұрады. Плаз-
ма белоктары альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына
бөлінеді.
Плазма белоктарының қызметі əртүрлі. Олар онкостық қы-
сым туғызып, қан құрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Плазма құрамында альбуминдер глобулинмен
салыстырғанда, көбірек болады (3-кесте). Олар тек онкостық
қысымның тұрақтылығын ғана сақтап қоймай, əртүрлі дəрі-
дəрмек препараттарын, дəрмендəрілерді, гормондарды, бояғыш
заттарды тасымалдауда да зор рөл атқарады. Глобулиндерден қан-
да түрлі қорғағыш заттар түзіліп, олар организм иммунитетін
қалыптастырады. Ал фибриноген қанның ұю процесіне қатысады.
Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиеттері өзгеріп,
ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді. Сондықтан ұйыған
қаннан сары түсті сұйық зат бөлінеді, оны қан сарысуы деп атай-
ды. Демек, қан сарысуы - құрамында фибриногені жоқ қан плаз-
масы.
Достарыңызбен бөлісу: