Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет375/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   542
172-сурет. Актин мен миозиннің өзара əрекеттесуінің механизмі 

(Ф. Меерсон схемасы, 1982 ж.)

Дара жиырылу процесі аяқталысымен АТФ қуаты арқылы 

кальций насосы іске қосылып, кальций иондары ет талшығының 

цитоплазмасынан саркоплазмалық торға қуылады да, онда ол 

белокпен байланысып, кальсеквестрин атты қосылыс түзіледі. 

Саркоплазмада кальций иондары концентрациясының төмендеуі 

нəтижесінде актомиозиннің АТФ-азалық белсенділігі басыла-

ды да, миозиннің көлденең өсінділері актиннен ажырайды, ет 

босаңсып, ұзарады. Бұл процесс қуат шығынынсыз пассивті 

түрде жүреді. 

Изометриялық жиырылу кезінде миозин өсінділерінің ұшы 




499

актин жіпшелеріне тік бұрыш жасай бекиді де, содан соң 45(-

қа бұралады. Осының нəтижесінде өсінді басының мойыны 

ширығып, серпінді күш тудырады. Дəл осындай принциппен 

көлденең өскіндер көрші орналасқан актин жіпшелерін тартып, 

жалпы серпінді күш туындайды (173-сурет).

Бұлшық ет жиі тітіркенсе (20 Гц жəне одан да көп) сар-

коплазмалық тордан босанып шыққан кальций иондары тітіркену 

аралығында кері қайтып үлгермейді де, оның саркоплазмадағы 

концентрациясы жоғарылайды. Бұл жағдай қарыса жиырылу 

туындауының себебі болып табылады.

Бұлшық еттің жиырылу механизмін түсіндіруде Америка 

ғалымы Дэвис ұсынған модель де көңіл аударарлық. Бұл модель-

ге сəйкес бастапқы жағдайда актин мен миозинді байланысты-

ратын көлденең өсінділердің табаны мен оның АТФ молекуласы 

арқылы миозинмен байланысқан ұшында теріс зарядтар болады 

да, өскін созылыңқы жазық күйде қалады (174-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет