Бақылау сұрақтары
1. Ішкі секреция бездерінің жалпы сипаттамасы жəне олардың
жіктелуі жайлы не білесіз?
2. Гормондар дегеніміз не, олар қалай жіктеледі? Гормондардың жалпы
қасиеттерін атаңыз.
3. Гормондар əсерінің механизмін түсіндіріңіз.
4. Парагормон жəне гормоноидтар дегеніміз не?
5. Жүйке жүйесі мен эндокриндік бездер əрекетіндегі байланысты
қалай түсінесіз?
6. Ішкі секреция бездерінің қызметі қандай əдістермен зерттеледі?
7. Гипофиздің құрылым ерекшеліктерін атаңыз.
8. Адреногипофиз жəне оның гормондарының маңызын айтыңыз.
9. Нейрогипофиз жəне оның гормондары жайлы не білесіз?
10. Гипоталамус-гипофиздік жүйені жəне оның қызмет принципін
түсіндіріңіз.
11. Булығу (стресс) дегеніміз не, оған бейімделуде гипоталамус-
эндокриндік жүйенің маңызы қандай?
12. Эпифиздің қызметін баяндаңыз.
13. Қалқанша без жəне оның гормондары жайлы не білесіз?
14. Қалқанша серік бездер жəне олардың физиологиялық маңызын
түсіндіріңіз.
15. Айырша бездің қызметін баяндаңыз.
16. Бүйрек үсті бездің гормондары тұрғысында не айтасыз?
17. Стреске бейімделуде бүйрек үсті бездердің рөлі қандай?
18. Аралшық без гормондары жəне олардың зат алмасу процесін
реттеудегі маңызын атап айтыңыз.
19. Аталық жыныс безінің ішкі секрециялық қызметі қандай?
20. Аналық жыныс безінің ішкі секрециялық қызметіне тоқталыңыз.
21. Жолдас (плацента) гормондары деген не?
22. Ас қорыту ағзаларының ішкі секрециялық қызметі жайлы не білесіз?
23. Бүйрек пен өкпенің ішкі секрециялық қызметіне тоқталыңыз.
24. Простагландиндер деген не жəне олардың маңызы қандай?
25. Гормондарды мал шаруашылығында қолданудың қандай фи зио ло-
гиялық негізі бар?
25–888
|