Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет49/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   160
Лизингтік келісімшарттың маңызды шарты лизингтік тӛлемдер сомасы 
болып табылады, ол мыналардан тҧрады:

келісімшарт мерзімін қамтитын, кезеңдегі мҥлік амортизациясы;

несиелік ресурстарды қолданғаны ҥшін лизинг берушіге тӛленетін сома;

лизинг берушіге комиссиялық сыйақы; 

лизингтік мҥлік, лизинг берушімен сақтандырылған жағдайдағы 
сақтандыру ҥшін тӛленетін сома;

келісімшартпен қарастырылған лизинг берушінің қосымша қызметтері 
ҥшін ақысы;

қосылған қҧн салығы; 

лизинг берушімен тӛленген, лизинг келісімшарты бойынша берілетін 
мҥлік салығы;

лизинг берушінің инвестициялық шығындар сомасы;

лизинг келісімшартымен қарастырылған лизинг берушінің басқа да 
шығындары.
Лизингтің тартымдылығы
кәсіпорынның қҧрал – жабдық сатып алу ҥшін 
бір мезгілде ӛз қаржылық ресурстарын жҧмсамайтындығында. Ӛйткені банктер 
оны ӛз қаражаттары есебінен сатып алады. Банктер ақырында қҧрал – 


81 
жабдықты сатып алуға деген бастапқы шығындардан жоғары болатын жалға 
беру ақысы тҥрінде табыстар алады. 
Қаржылық лизинг
(мерзімі 5-10 жыл) 
кәсіпорынды ҧзақмерзімді несиелеу нысанын сипаттайды. Сонымен қатар 
қарапайым ссудаға қарағанда оның бірқатар артықшылықтары бар. Ол несиені 
ҧсыну мен ӛтеудің шектеулі мерзімдерімен байланысты.
 
5.5 
 
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ФАКТОРИНГ 
Факторинг
деп кәсіпкердің дебиторлық қарызын ӛтеуді ӛз мойнына алатын 
(кәсіпкер тауарды алып, оның қҧнын тӛлей алмаған жағдайда) немесе 
кәсіпкерден тӛлем туралы қандай да бір серіктеске деген талабын сатып алатын 
(кәсіпкер тауар тасымалын жҥзеге асырып, бірақта сатып алушы тӛлемді 
создыруды пайдаланса) ӛзара қатынастар жҥйесін айтады. 
Фактор – кәсіпорын рӛлінде кӛбінесе банктер (кӛптеген банктер қазіргі 
таңда банк топтарына айналуда; олар тек қаржылық қызмет кӛрсетумен 
айналысып қоймайды, сонымен қатар ӛз қҧрылымында факторингтік, 
лизингтік, инжинирингтік, консалтингтік кеңселерді қалыптастыра отырып
клиенттерге кешенді қызмет кӛрсетуді жҥзеге асырады) шығады. 
Факторинг – 
бҧл
 
фактор – компаниямен клиент шоттарын сатып алу 
арқылы, клиенттің айналым капиталын несиелеумен ҥйлесетін сауда – 
комиссиялық операцияның бір тҥрі. 
Факторинг – 
ӛзіне бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық, ӛткізу, кӛліктік, 
сақтандырушы, несиелік және заңды қызмет кӛрсетуді қосатын клиенттерге 
қаржылық қызмет кӛрсетудің әмбебап жҥйе элементтерінің бірі. 
Факторингтік операциялардың таралуы қазіргі таңда тӛлемнің қарапайым 
мерзімінің 1 айдан 3 айға дейінгі аралықты қамтитындығымен байланысты. 
Егер, банк мҧндай тӛлемдер бойынша талаптарды тӛлесе, онда 
сконто
(италиян 
тілінен аударғанда sconto – баға бойынша жеңілдік) шарты қолданылады
қаражаттар айналымы кӛбейеді. 
Әртҥрлі ерекшеліктері бар белгілердің негізінде жіктелетін, факторингтік 
операциялардың бірнеше тҥрлерін бӛліп кӛрсетуге болады (15 - сурет).
Факторингтік операциялар 
ішкі және халықаралық
болуы мҥмкін. Егерде 
жабдықтаушы – фирма және оның клиенті, яғни сату – сатып алу бойынша 
тараптар, сонымен қатар факторингтік компания бір елдің территориясында 
орналасса, онда бҧл - 
ішкі факторинг
. Егерде факторингтік келісімшарттың 
қатысушылары әртҥрлі елдердің территориясында орналасса, онда бҧл – 
халықаралық факторинг
.
 
Халықаралық
факторингтік мәміледе 
тікелей және жанама
факторингті 
бӛліп кӛрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет