Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен


Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет51/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   160
Байланысты:
Аасыпкерлык

Ӛзін-ӛзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.
 
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландырудың ішкі кӛздеріне не 
жатады? 
2.
 
Шаруашылық жҥргізу субъектісінің қаржылық қатынастарын 
сипаттап беріңіз. 
3.
 
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының қҧрамын ашып кӛрсетіңіз. 
4.
 
Басқару жҥйесі ретіндегі қаржы менеджментінің мазмҧны 
неде? 
5.
 
Қаржылық жоспарлаудың мазмҧны. 
6.
 
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. 
7.
 
Кәсіпкерліктегі факторингтің мәні неде? 
8.
 
Жеткізуші ҥшін факторингтің артықшылықтары неде? 
9.
 
Лизингтік операциялардың мәні неде? 
10.
 Лизинг субъектілері деген кімдер? Лизингтің қандай тҥрлерін 
білесіз?



85 
6
 
- тақырып: 
 
 
6.1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ КАДРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МӘНІ 
 
Ҧйым қызметінің маңызды бағыттарының бірі персоналды басқару болып 
табылады және оның экономикалық жетістігінің негізгі кӛзі ретіндегі мәнге ие.
Кәсіпорында жаңа технология пайдаланғанмен, біліксіз персонал қызмет 
атқарған жағдайда шаруашылықтың тиімділігі тӛмендейді. Сондықтан да, 
кәсіпкерлік қызметтің маңызды қҧраушысы- кадрларды басқару, персоналды 
басқару технологиясы болып табылады. 
Персоналды басқаруға деген жаңа тәсіл ӛндіріс, табыс, ҧйым мҥдделеріне 
қарағанда тҧлғаның басымдылығын тануға негізделеді. Осы жағдайға сәйкес 
басқарудың барлық жҥйелері ӛндіріс ҥрдісінде қызметкердің қабілеттерін 
толығымен пайдалануға бағытталған, ӛз кезегінде ол ҧйымның тиімді қызмет 
етуінің негізі болып табылады.
Жалпы тҥрде «кәсіпорын персоналы» тҥсінігі белгілі бір міндеттерді 
орындайтын, аталған кәсіпорынның жалдамалы қызметкерлерінің барлық 
жиынтығын қамтиды.
Ҧйым персоналы
 – 
бҧл жалға алу келісімшартымен реттелетін, заңды тҧлға 
ретінде ҧйыммен қатынаста тҧрған жеке тҧлғалар жиынтығы.
Басқару объектісі ретінде кәсіпорындардың, ҧйымдар мен мекемелердің 
персоналы болып табылады. 
Объект ретінде тек бір ғана жеке қызметкерді 
емес, еңбек ҧжымын қарастыру керек. Ӛйткені тек ҧжым ғана нақты дайын 
ӛнімді шығаруға мҥдделі және жалпы жҥйенің іс – әрекетін анықтайтын, заңдар 
мен ережелердің барлық кешеніне бағынышты болады.
Персоналды басқару субъектісі 
деп келесілерді айтамыз:
1)
ӛндірістік кадрларды дайындау, қабылдау, бейімдеу, орын ауыстыру 
ҥрдістерін және т.б.басқаратын 
функционалды аппарат
;
2)
бағынышты бӛлімшелер мен ҧжымдарға басшылықты жҥзеге асыратын 
желілік басқарушы персонал
;
3)
ҧжым мҥшелерін біріктіру, жҧмысшыларды тәрбиелеу және т.б. бойынша 
бірқатар функцияларды орындайтын 
әртҥрлі жҧмысшылар, кәсіподақ 
және т.б. қоғамдық ҧйымдар
;
4)
ҧжымдағы 
бейресми жетекшілер ( лидерлер)
.
Еңбек потенциалы
– 
бҧл адамның еңбекке қатысу шектері мен 
мҥмкіндіктерін, белгілі бір жағдайларда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу 
қабілетін, сонымен қатар еңбек ҥрдісі барысында жетілу мҥмкіндіктерін 
анықтайтын адамның жеке және интеллектуалды қасиеттерінің жиынтығы.
Жҥзеге асырылған еңбек әлеуеті адами капиталды қҧрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет