Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен



Pdf көрінісі
бет9/160
Дата17.10.2023
өлшемі2,45 Mb.
#117673
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   160
Байланысты:
Аасыпкерлык

Кәсіпкерлік қызметтің объектілері 
ретінде адамдар ӛзінің алуан тҥрлі 
қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын игіліктерді айтуға болады. Игіліктер 


15 
ретінде материалды заттар мен объектілер (оларды материалды игіліктер деп 
те атайды), сонымен қатар белгілі бір тҧлғаның қажеттілігін орындау ҥшін
атқарылатын жҧмыстары мен қызметтерін (оларды материалды емес игіліктер 
деп те атайды) айтуға болады.
Материалды игіліктер 
әрқашанда заттық (нысандық) тҥрде болады және 
адамның сезім мҥшелеріне әсері арқылы байқалады. Олардың қатарына ауа, су, 
тамақ, киім, тҧрғын ҥй, басқа да заттар мен нысандарды жатқызуға болады. 
Адамдар ӛмір сҥру барысында қолданылатын материалдық игіліктер, 
ӛзара алуан тҥрлі белгілері бойынша ерекшеленеді. Тӛмендегідей материалдық 
игілік тҥрлерін атап кӛрсетуге болады:

табиғи және адамдардың іс - әрекетімен ӛндірілген;

тҧтынушылық және инвестициялық; 

жеке және қоғамдық; 

ҧдайы ӛндірілетін және ҧдайы ӛндірілмейтін (ерекше). 
Табиғаттың дамуынан ауа, су, жер пайда болды. Бҧл адамдардың ӛмір сҥру 
жағдайларын қамтамасыз ететін 
табиғи материалдық игіліктер
. Оларсыз 
адамның ӛмір сҥруі мҥмкін емес. Бірақ, адам табиғат туындатқан заттарды 
(шикізатты) ӛңдеу барысында ӛзіне қажетті нақты заттарға айналдыра алады.
Олар ӛндірістік қызмет нәтижесінде пайда болғандықтан сәйкесінше 
ӛндірілген 
материалдық игіліктер
деп аталады. 
 
Жеке, жанҧялық, топтық, ассоциацияланған тҧтынушыларға арналған 
табиғи немесе ӛндірілген материалдық игіліктер 
тҧтынушылық игіліктер
деп 
аталады. Оларға тҧрмыстық техника, жиһаз, киім, азық-тҥлік тағамдары және 
т.б. жатады.
Инвестициялық материалдық игіліктерге 
басқа да материалдық игіліктерді 
ӛндіру, қызмет кӛрсету және жҧмыстарды орындау ҥшін қажетті шикізат, 
машиналар, қҧрал-жабдықтар жатады.
 
Мысалы, шикізатты немесе дайын ӛнімді 
тасымалдау ҥшін қажетті автокӛлік қҧралдарын инвестициялық материалдық 
игіліктерге, ал жанҧялық тҧрмыста қолданылатын – тҧтынушылық игіліктерге
жатқызуға болады.
Материалды игіліктердің иесінің сипатына байланысты, материалдық 
игіліктер
жеке және қоғамдық
деп екі тҥрге бӛлінеді. Мысалы, жеңіл 
автомобиль – бҧл жеке игілік. Ал азаматтарды тасымалдауға арналған 
автопарктің кӛліктері қоғамдық игілік болып табылады. 
Материалдық игіліктер ҥнемі ӛндіріліп келе жатқан және ерекше ӛнім 
тҥрінде де болуы мҥмкін. Ерекше материалдық игілік оның техник – 
техникалық ерекшеліктеріне, кҥрделілігіне байланысты. Ал ҥнемі ӛндірілген 
игіліктер оны ӛндіруге қажетті тетіктердің, жағдайлардың қалыптасуы мен 
дамуынан туындайды.
Материалдық емес игіліктердің
заттық нысаны жоқ. Олар адам ҥшін 
кӛрсетілген пайдалы қызмет немесе орындалған жҧмыс нәтижесінің 
тиімділігіне байланысты.
Қызмет кӛрсету аясы 
білім беру, медицина, спорт, мәдениет, демалыс 
және т.б. сияқты қоғамдық ӛмір сҥру сфераларының негізін қҧрайды. Сонымен 


16 
қатар, қызмет кӛрсету жҥйесі басқа да салаларда (техникалық сервистік қызмет 
кӛрсету, бағдарламалық қамсыздандыруды енгізу қызметтері) жҥргізіледі. 
Жҧмыстарды орындау
процедуралары кез-келген объектілердің қҧрылысы 
(қҧрылыс жҧмыстары), жӛндеу (жӛндеу жҧмыстары) ҥрдістерінде және т.б. 
жҧмыстарда кездеседі.
Қажеттіліктердің игіліктерге сәйкестік критерийі бойынша еркін және 
шектеулі игіліктер деп екіге бӛліп кӛрсетуге болады. 
Еркін,
немесе ҥнемі қол 
жетімді игіліктер болып әрқашан сҧранысты қанағаттандыруға мҥмкін
болатын игіліктерді айтады. Оларға кҥнделікті жағдайларда қолданылатын 
кейбір табиғи материалдық игіліктер (мысалы, ауа сияқты табиғи игілік) 
жатады. 
Сонымен қатар материалдық және материалдық емес игіліктер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет