33.7 Бұйрықты немесе өкімді орындау Бұл да Қазақстандық қылмыстық құқық үшін жаңа ереже-
лердің бірі. ҚК37-бабы бойынша өзі үшін міндетті бұйрықты
немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның осы
кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін заңсыз
бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жазаға тартылады.
Заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау үшін қасақана
қылмыс жасаған адам жалпы негіздерде қылмыстық жауапқа
тартылады. Заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау қылмыс-
тық жауаптылыққа ұшыратпайды.
Бұйрықты орындау жолымен келтірілген зиян келтіруді
реттейтін қылмыстық құқықтық принциптердің неміс әскери
қылмыскерлерінің ісі жөніндегі халықаралық Нюрнберг три-
бунасында қалыптасқанын ауызға ала кеткен жөн.
Бұйрықты немесе өкімді орындаудың заңға сәйкес болуы
үшін қойылатын талаптар:
1. Қалыптасқан тәртіп пен нысанды сақтай отырып
берілсе,бұйрықты немесе өкімді орындау бағынышты адам
үшін міндетті болуы керек.
2. Мазмұны мен нысаны бойынша да бұйрық немесе өкім
заңды болуға тиісті. Заңсыз екені тайға таңба басқандай көрініп
тұрған бұйрықты немесе өкімді орындау оны орындаушыны да,
берушіні де жауаптылықтан құр қалдырмайды. Көріну заңсыздығы
оның айқын қылмыстылығын көрсетеді.