Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


ҚОЛ СҰҒУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН АДАМДЫ ҰСТАУ



Pdf көрінісі
бет112/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   136
Байланысты:
КИТАП АДМ

34.4.ҚОЛ СҰҒУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН АДАМДЫ ҰСТАУ 
КЕЗІНДЕ ЗИЯН КЕЛТІРУ
Әлбетте,қылмыс жасаған адам өз ісіне мемлекет алдында 
жауап беруі тиіс. Бұл міндет қылмыскердің ұстаған,оны бұдан 
былай залалсыз еткен уақыттан басталады.Қылмыскерді ұстау 
мен бостандықтан айырудың құқықтық негізі болып оның қылмыс 
жасауы табылады. Оны ұстауға барлық азаматтар, соның ішінде 
мүддесіне қол сұғылған жәбірленушілер де, сондай-ақ ұстау 
міндеті жүктелген  лауазымды адамдар да хақылы.
Қол сұғушыны ұстау заңды болу үшін төмендегі жалпы 
талаптар орындалуы керек;
1.   Зиян тек қана қылмыскерге келуі тиіс.
2.  Оны ұстау шараларын қол сұғушылық болған соң шұғыл 
қолдану керек.
3. Зиян келтіруден басқа жолмен ұстау мүмкін болмауға 
тиісті.
4.  Қол  сұғушылыққа  келген  зиян  мөлшері  ол  жасаған 
қылмыстың ауырлығы мен сипатына сай келуі керек. Түймедей 
зардп әкелген қылмыскерге түйдей зрдап келтіруге болмайды.
Ұсталушының қылығына қатысты талаптар қандай?
Бірінші талап - ұсталушы қылмыс жасауы керек. Кей жағдайда 
ол күшіне енген сот үкімінен, кейде ұстаушының көз алдында 
қылмыс  жасаудан  туындайды.  Қылмыстық  құқықтық  ұстау 
шаралары әкімшілік теріс қылық жасағандар мен қылмыстық 
жауаптылыққа жасы етпегенрге қолданылмайды.
Екінші талап ретінде қылмыс жасаушының құқық қорғау 
органдарға  табыстауға  ұмтылған  адамнан  қашуы,  бұлтаруы 
табылады.
Ұстаушының қылығына қатыты талаптар;
1.  Нақты  сол  қылмыс  жасаған  адамды  ұстау.  Қылмыс 
жасамаған  адамды  күштеу,оған  қажетті  қорғану  жағдайын 
іске  асыруға  мүмкіндік  береді.  Бұндай  негіз  егер  ұстаушы 
қылмыскерді тиісті органдарға апару үшін емес өзінше жаза 
қолданып, жәбірлеу мақсатында қолға түсіруге ұмтылса,қылмыс 
жасауында да пайда болады. 
2.  Дене жарақаты әртүрлі ауырлықтағы немесе мүліктік 
зиян келтірілуі керек.
3.  Оны ұстау қылмыс жасау кезінде, яки ол болған соң 
іске асуға тиісті.


329
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген 
зиян жағдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс қажетсіз келтірген 
кезде,  олардың  ұсталатын  адам  жасаған  қылмыстың  сипаты 
мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына 
көрінеу сай келмеуі,ұстау шараларын асыра сілтеу деп саналады. 
Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана 
қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.(ҚК 33-бөлік).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет