Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет217/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
250 
жөнінде», «Эмиль, я тәрбие жөнінде» т.с.с. 
 
Адам мәселесі 
Руссо адамның табиғатынан екі алғашқы өзімен бірге туатын нәрсені байқайды. 
Олардың біреуі «бізді өзімізді сақтап, жақсы өмір сүруге ынталандырса», екіншісі - 
әрбір сезімдік жанның зардап шегуін, өліп-кұруын көргенде табиғи тітіркенушілікті 
тудырады. 
Егер Т.Гоббс адамның өзін сақтауға бағытталған табиғи инстинктінен 
өзімшілдікті (эгоизм) тудырса, Руссо оның өмірге келуіне дейін көп уақыттың өткенін 
көрсетеді. Руссоның ойынша, адамның өзін сүю сезімі басқалардың зардабын 
көргенде оларды аяу сезімімен теңеледі, көбінесе соңғы сезім басым болып, 
басқалардың қайғы-қасіретіне ортақ болуға әкеледі. 
- Өзінің табиғи жағынан алсак, адам - ізгілікке ұмтылатын пенде. Егер адам ізгі 
іс-әрекет жасап, өзінің өзімшілдігімен күресе білсе, оның бұл қасиеті терең етек 
жаяды. Бірте-бірте ізгілікке ұмтылу кажеттікке айналып, адамға рақат әкеледі. 
Баскалардың алдындағы адамның борышы - ол ізгіліктің сыртқы көрінісі ғана. Дл 
табиғи сезімнен шығатын басқа адамдарға деген ізгі іс-әрекет -ол ең биік дәрежедегі 
адамгершілік, - деп қорытады Руссо. 
Бірақ адамның баскаларға деген ізгі сезімін дамытуға тежеу жасалса, ол өзінің 
қарама-қарсылығына айналып, эгоизмді, яғни өзімшілдікті тудырады. 
Өркениетті қоғамдағы адамдардың, бір жағынан алғанда, адамды сүюі, 
әділеттілік, ізгілікке деген іңкәрі байқалса, екінші жағынан, ол сыртқы сезімнің, 
өзімшілдіктің шеңберінде екенін көреміз. Осы екі бір-біріне қарсы сезім тарихта 
қалай пайда болды? 
Бұл сұраққа жауапты ол адамдардың арасындағы теңсіздік қалайша пайда болды 
деген сұраққа жауап беру арқылы шешуге тырысады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
251 
Теңсіздік мәселесі 
Егер Руссоға дейінгі ойшылдар теңсіздіктің түп-тамыры, бір жағынан, зорлық-
зомбылыққа, екінші жағынан, діни- рухани алдау-арбауда деп есептесе, Руссо оның 
шынтуайт себептері бар деген ойға келеді. Оны ол адамның ақыл-ой иесі ретінде 
жетілуге деген қабілетінен көреді. Адам еңбек етіп, өзін-өзі асырау жолында қармақ 
пен жіпті, садақ пен жебені, малдың терісінен киімді т.с.с. ойлап шығарды, отты 
игерді. Олар үлкен аңдарды ұстау үшін бір-бірімен оқтын-оқтын бірігіп, оның 
пайдалылығын байқады. 
Руссоның ойынша, үй салу адамдардың өміріндегі алғашқы үлкен төңкеріс болды, 
өйткені үймен бірге отбасы дүниеге келді, ол тарихи алғашқы әлеуметтік бітім еді. 
Бұл кезде әлі мемлекет дүниеге келген жок, сондықтан бұл уақыт - алтын заман
адамдар бір-бірінен тәуелсіз, олар табиғаттың бақытты балалары. 
Екінші төңкеріс теңдікті жойып, адамдарды құлдық пен қайыршылыкка әкелді. Ол 
- жекеменшіктің пайда болуы. Оның негізін қалаған бірінші адам өз үйінің маңайын 
коршап: «Бұл -менікі», - деді, ал калған адамдар оны мойындады, - деген пікір 
айтады. Әрине, Руссо бұл құбылыстың терең тамырына шейін жетеді, өйткені 
жекеменшіктің пайда болуы алғашқы қоғамның экономикалык дамуымен тығыз 
байланысты болатын. 
Жерді өңдеп, егін егудің өзі оны бөлуге әкеліп соқты. Осыдан жекеменшік, 
теңсіздіктің өзі-ақ пайда болады, тіпті біз алғашында жер тепе-тең бөлініп еді деп 
есептесекте. 
«Ең күшті өзінің еңбегімен басқалардан гөрі көбірек өндірді, ең өнерлі, тапқыр 
өзінің еңбегінен пайданы көбірек көрді», - дейді Руссо. «Жерді өңдеп, егін егу азық-
түлікті көбейтіп, қажеттіктен артық қалатын байлықтың көзін ашты. Ал мұның өзі 
әртүрлі кәсіптерді туғызып, өндіргіш күштерді әрі қарай дамытты. Әсіресе темірді 
балқытып, игеру ауыл шаруашылығында колданатын құралдарды анағұрлым 
жетілдіріп алатын өнімді молайтты. Байлық аз топтың қолында шоғырланып, көпшілік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет