Нуржігіт Алтынбеков
247
Франсуа Мари Аруэ Вольтер (1694-1778 жж.) - француз ағартушыларының ұлы
өкілі. Негізгі еңбектері:
«Философиялық хаттар», «Метафизикалык трактат»,
«Тарих философиясы» т.с.с.
Вольтердің дүниетанымдық көзкарастарының негізінде
сол кездегі кеңінен
тараған деистік материализм болды. Дүниедегі сан алуан материалдық заттар мен
құбылыстар жөніндегі деректерді біз сезімдік тану арқылы аламыз. «Мен
тасты
сипаған кезде, оның орнын ала алмайтынымды өте жақсы сезінемін, олай болса бұл
арада кеңістікте орын алып жатқан бір нәрсе барын түсінемін», -дейді ойшыл.
Демокрит пен Эпикурдың
атомистік көзқарасын қолдап, Вольтер: «Дүниенің
элементтері материалдық және олар өткізбейтін созылған субстанция», - деген пікірге
келеді. Сонымен қатар И.Ньютонның ашқан тарту қасиетін қолдап,
оны ол
материяның негізгі қасиеттерінің бірі және табиғаттың әлі ашылмаған сан алуан
қасиеттері бар деген тұжырымға келеді.
Ал енді Дүниенің бәрі материалдық болатын болса, онда адамның жан дүниесін
қалай түсінуге болады? «Жан-дүние дегеніміз - адамның ойлауға және сезінуге деген
қабілеті.
Олай болса, денеден басқа өмір сүріп жатқан жан-дүние жөнінде менің
ешқандай түсінігім жоқ», - деп қорытады ұлы ойшыл.
Мұндай көзқарас, әрине, дінге
қарсы.
Мәселенің қызықтығы - сол дінге қарсы пікірді Вольтердің діни жолмен
дәлелдеуге тырысуы. «Егер осы ғажап дүниені
Құдай жаратқан болса, онда ол
материяға сезіну және ойлау қасиеттерін бере алмайды деп кім айтар екен»,
- деген
сұрақ қояды.
Екіншіден, Вольтер сол кездегі жаратылыстану деректеріне сүйене отырып,
адамнын жан-дүние құбылыстарының оның түйсіктері мен жүйесі, миымен
байланысты екенін көрсетеді.
Үшіншіден, жануарлардың да адамның дене құрылысына ұқсас мүшелері бар
екенін
көрсетіп, олай болса олар да дүниені сезініп, бұлдыр да болса дүниені тани
алады, - деген пікірге келеді.