Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет215/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
248 
Өзінің шығармаларында Вольтер адам мәселесіне де көп көңіл бөлген. Адам - 
әлеуметтік пенде. Ол өзінің ұлылығын дүниетану және оны кайта өзгерту жолында 
айкын көрсетеді. «Адамнын табиғатындағы «өзін сактау», «өзін сүю» г.с.с. олар 
адамдарды бір-бірінен алыстатпай, керісінше, бір-біріне жакындатып, іштесіп, сүюге 
әкелетін инстинктер. Адам жалғыздан-жалғыз өмір сүре алмайды. Табиғи түрде 
пайда болатын еркек пен әйелдің арасындағы байланыстар жас ұрпақтарды дүниеге 
әкеліп, қоғамды біріктіреді», - дейді Вольтер. 
Қоғам өзінін ішінде миллиондаған адамдарды біріктіргеннен кейін, олардың 
моральдык және кұқтық карым-қатынастары саяси заңдар мен ережелер арқылы ретке 
келтіріледі. Оларды адамдардың өзі тудырады. Оған Құдайдың еш қатынасы жоқ. 
Моральдық табиғи заң - ол «өзіңе не қаласаң, баскаларға да соны жаса» бүкіл 
адамзатқа тән нәрсе. «Сиамнан бастап Мексикаға дейін шындық, қайырымдылық, 
достыкты сыйламайтын халық жок». Құдай болмаса, адамдар ойларына не келсе
соны істейді, тізгінсіз кетеді деген осы уақытқа дейін кең тараған пікірге қарсы 
шығып, Вольтер ондай адамдарды қоғамның өзі-ақ неше түрлі заңдар арқылы 
ауыздықтай алады деген пікірге келеді. Екіншіден, халықтың өзі-ақ ондай адамдарға 
теріс қарайды, бұның өзі - ондай адамдарға ең күшті тізгін. Олай болса, әр адам 
жетіле келе, қоғам өмірінде өзін таза ұстау керектігін, өзінің басқа адамдар алдындағы 
борышын бұлжытпай орындау қажеттігін түсініп орындайды, - деп қорытады 
Вольтер. 
Тарих философиясы 
Вольтер адамзат тарихын философиялық жолмен сараптауда алғашқы із 
салғандардың қатарына жатады. 
Біріншіден, тарихшылар көсемдердің жасаған істерінен гөрі, халықтардың өміріне 
көбірек көңіл бөлулері керек. 
Екіншіден, тарихшылар белгілі халықтың рухани мәдениетінің мазмұнын мұқият 
зерттеуі қажет (оған ол мораль, өнер, философия, кұқтық және саяси көзқарастар, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет