Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Негізгі бөлшектерде қатпарлар мен



Pdf көрінісі
бет92/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

2.2.5. 
Негізгі бөлшектерде қатпарлар мен 
әрлегіш тігістерді орындау
Қатпарлар бұйымның бөлшектерге көлемді пішін беретін 
әрлегіш элементі болып табылады, сондықтан бүкпенің бір түрі 
болып есептеледі. Қатпарларды дайындаған кезде бөлшекті бүгеді 
және пайда болған бүктелген жерді – қатпарды – бөлшек қиығының 
бойымен немесе бүгілген жерді бойлай, материалдың екі қабатын 
біріктіре отырып, бекітеді. Қатпар тереңдігі әртүрлі болуы мүмкін. 
Тереңдігі 1...3 мм өте ұсақ қатпарларды 
бүкпесіндер 
деп атайды. 
Қатпарлардың сыртқы түрі, олардың саны және орналасқан 
жерлері әртүрлі болады. 
Қатпарларды дайындаған кезде жұмыс мынадай реттілікпен 
жүргізіледі. Қатпарлардың орналасқан жерлерін бөлшектің ішкі 
және беткі жағынан бор сызықтарымен не кертпелермен белгілейді, 
оларды қол не машина инешаншымдарымен көктейді де, жатқыза 
үтіктейді. Одан кейін қатпарларды қайым, бастыма не жапсырма 
тігіспен біріктіреді. Салынған белгіні алып тастайды, қатпарларды 
қиық (қиықтар) бойымен бекітеді де, қатпарды бос болуы тиіс 
бөлікте уақытша бекітеді. Жұмсақ қатпарларды жатқыза үтіктемей- 
ақ салады, бөлшек қиығы (қиықтары) бойынша ғана бекітеді. 
Бұйым етегіне дейін жететін қатпарларды бұйым етегін өңдегеннен 
кейін барып өңдейді. 
Дайындалған қатпарлар тегіс болып, жақтары симметриялық 
болуы тиіс; қатпардағы әдіптер негізгі бөлшекке тығыз жабысып 
тұруы тиіс. Топтық қатпарларда бекітпелер бір деңгейде орналасуы 
тиіс, ал қатпарлардың тереңдігі бірдей болуы керек. 
Әрлегіш тігістердің киім безендіреді, олардың ешқандай 
конструктивтік мәні жоқ. Әрлегіш тігістердің арасында оларды 
бедерлі тігістер мен көмкермелі тігістерге бөледі. Барлық осы тігіс 
түрлері 1.3.5-бөлімшеде келтірілген реттілікпен бөлшектерде 
алдын ала белгі сала отырып дайындалуы мүмкін. 
152




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет