Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Ұсақ бөлшектерді өңдеу



Pdf көрінісі
бет93/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

2.2.6. 
Ұсақ бөлшектерді өңдеу
 
Белбеу, белдікше, погон, пата, жапырақша, қақпақша, аспа бау, 
бастырма сияқты барлық ұсақ бөлшектерді астармен дайындайды. 
Ұсақ бөлшектердің пішініне және негізгі материалдардың 
қалыңдығына қарай астарды қиып не тұтас пішіп орындайды. Астар 
өлшемдері барлық жөрмеу қиықтары бойынша негізгі материал 
бөлшегінің өлшемдерінен 2...6 мм-ге аз болады (материал 
қалыңдығына байланысты). 
Ұсақ бөлшектерге қаттылық беру үшін олар желімдік не 
желімсіз астармен қатырмалануы мүмкін. Желімдік астарды жөрмеу 
тігісіне 2...3 мм-ге кіріп тұратындай өлшемде пішеді. Жалпы ұсақ 
бөлшектерді дайындау олардың қиықтарын шеттік тігістермен: 
жөрмеу, шеттіктеу немесе бүрмелеу тігістерімен өңдеуден тұрады. 
Қақпақшалар 
мен 
жапырақшаларды 
белгілі бір реттілікпен 
жай жиекті немесе көмкермелі жөрмеу тігісін пайдалану арқылы 
өңдейді. Модель бойынша талап етілген жағдайда, пішім 
бөлшектерін қатырмалайды. Одан кейін негізгі бөлшек пен астарды 
беткі жақтарын ішке қаратып қояды және қиылған астар 
жағдайында үш жағынан (2.5-сурет, 
а

1
-тігім) немесе тұтас 
пішілген астар жағдайында екі жағынан (2.5-сурет, 
б
, 1-тігім) 
жөрмейді. Жөрмеу сырт бөлшекті материал қалыңдығына қарай 
бұрыштарда 1,5...3 мм-ге қойып, ені 5...7 мм тігіспен астар жақтан 
жүргізіледі. 
Өнеркәсіптік 
өндірісте 
қақпақшаларды, 
жапырақшаларды 
жөрмеу 
кассеталық 
типтегі 
жартылай 
автоматтарда жүргізіледі. 
Жөрмегеннен кейін бөлшектің бұрыштардағы қосымшаларын 
кертпелейді немесе ені 2...3 мм тігіс қалдыра отырып қияды. 
Бөлшекті беткі жағын қаратып айналдырады, бұрыштарын және 
негізгі бөлшек жиектемесін ені 0,5...2 мм астар жақтан түзейді де, 
астар жақтан баса үтіктейді. Қажет болған жағдайда айналдырып, 
түзегеннен кейін бөлшекті шет бойынша шалып тігеді, одан кейін 
барып баса үтіктейді. 
Моделге байланысты шет бойымен бөлшекке беткі жағына бір 
инелі не көп инелі машинада бір, екі не бірнеше әрлегіш тігімдер 
салады (2.5-сурет, 
а

2
-тігім). Кей жағдайда өнеркәсіптік өндірісте 
жиектемені айналдыра көктеу және кейіннен бастыра үтіктеу 
операциялары болмаса, негізгі матадан көмкерменің тегістігін 
бақылау үшін әрлегіш тігімді астар жақтан салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет