Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Пат, погон, белдікше, жарты белбеу, белбеу



Pdf көрінісі
бет95/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   321
Пат, погон, белдікше, жарты белбеу, белбеу 
және 
аспа бау 
алынбалы-салынбалы болуы мүмкін немесе негізгі бөлшектердің 
бір біріктіру не жөрмеу тігістеріне бір не екі ұшымен қондыра 
тігілуі мүмкін. Оларды дайындау кезінде мынадай тігістерді 
пайдаланады: жай жиектік не көмкермелі жөрмеу тігісі, жабық 
қиықты жапсырма тігіс, жабық қиықты бүктемелі тігіс. Негізгі 
бөлшектердің біріктіру тігістеріне қондыра тігілетін ұсақ 
бөлшектердің ұштары өңделмейді. 
Алынбалы-салынбалы бөлшектерді немесе бір ұшымен қондыра 
тігілетін бөлшектерді дайындаған кезде жөрмеу тігісін пайдаланады 
және қақпақшалар мен жапырақшаларды дайындау кезіндегі ол 
операцияларды орындайды. Жөрмелген бөлшектерді жөрмелмеген 
шеті немесе ұзын жақты жөрмеу кезінде қалдырылған ұзындығы 
35...45 мм тесік арқылы айналдырады. Бұл тесікті не жөрмелмеген 
шетті бөлшектер мен олардың астарларының қиықтарын ішке қарай 
бір мезетте бүге отырып, әрлегіш тігімді салу кезінде бүгіп тігеді 
(2.6-сурет, 
а
). Қиықтарды 7...10 мм-ге бүгеді. 
Екі шеті де негізгі бөлшектердің тігістеріне қондыра тігілетін 
белдікшелер, погондар 
мен 
аспа баулар 
тігімнің бөлшек ортасында 
орналасуы арқылы жабық қиықты жапсырма тігіспен (2.6-сурет, 
б

немесе жабық қиықты бүктемелі тігіспен өңделуі мүмкін (2.6-сурет, 
в
). Соңғы жағдайда бүктемедегі қосымша ені 15 мм, дайын күйде 8 
мм құрайды. Бұл ретте бөлшектің екінші бүкпесіннің бойымен 
әрлегіш тігімді салады. 
Негізгі бөлшектердің біріктіру тігістеріне бір ұшымен қондыра 
тігілетін пат, белдікше, погон, жарты белбеу бөлшек астарының 
ортасынан өтетін қайым тігіспен айыра үтіктей отырып өңделеді. 
Бөлшектің бос шетінің пішіні әртүрлі болуы мүмкін, оны қажетті 
конфигурация сызығы бойынша ұшын жөрмеу арқылы алады (2.6- 
сурет, 
г
). Жөрмеу тігісінің ені 3...5 мм. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет