Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет94/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   321
153


 
 
Қақпақшаның қалған өңделмеген жиегін (3-тігім) негізгі 
бөлшекке бастыра көктемей, қайым тігіспен қосып тігілген 
жағдайда жиектеледі. Барлық қалған жағдайларда қақпақшаның, 
сондай-ақ жапырақшаның шетін материалдың артық жерлерін кесе 
отырып, теңестіреді. Егер моделі бойынша қақпақшада не 
жапырақшада ілгек болса, оны шалып тігеді. Соңғы бастыра 
үтіктеуден кейін бөлшек астарына теңестірілген тігіс бойымен 
бормен не қарындашпен қосып көктеу сызығын салады. 
Қақпақшаның не жапырақшаның шеттері кейіннен жөрмеу 
тігісінің қиықтарын астарға сырып тігу арқылы (2.5-сурет, 
в
, 1- 
тігім) жай жиектік жөрмеу тігісімен (2-тігім); күрделі жиектік 
жөрмеу тігісімен (2.5-сурет, 
г
); жабық қиықты көмкермені 
пайдалана отырып шеттіктеу тігісімен (2.5-сурет, 
д
) немесе 
көмкермені пайдалана отырып шеттіктеу тігісімен (2.5-сурет, 
е

өңделуі мүмкін. Осы ұсақ бөлшектердің жиегі бойынша желбіршек, 
шілтер (2.5-сурет, 
ж
); жиектеме (2.5-сурет, 
з
); көмкерме (2.5-сурет, 
и
) салынуы мүмкін. Сонымен қатар, жиект астардың беткі жағынан 
жабық қиықты бүктемелі тігіспен бүгіп тігілуі мүмкін (2.5-сурет, 
к
). 
154


Желбіршегі, шілтері, көмкермесі бар қақпақшаны не 
жапырақшаны келесідей жолмен өңдейді. Әуелі көмкермені, алдын 
ала жинақталған желбіршекті не шілтерді астардың беткі жағына 
қосып тігеді. Одан кейін қақпақшаны не жапырақшаны бөлшек 
қиықтарын теңестіре отырып және жөрмеу тігімін желбіршекті не 
шілтерді қосып тігу тігіміне мүмкіндігінше жақын сала отырып
астармен жөрмейді. Өнеркәсіптік жағдайларда бұл операцияларды 
арнайы құрылғысы бар тігін машинасында бір тігім сала отырып бір 
рет орындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет