Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет264/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

 
 
 
 
 
 


384 
-
Шеткелік (біріншілік); 
-
Орталық екіншілік (гипофизарлық), ТТГ тапшылығынан туындайды; 
-
Орталық үшіншілік (гипоталамикалық), тиролиберин тапшылығынан 
туындайды. 
Гипотиреоздың клиникалық көрінісі көп түрлі және аурудың басталу 
уақытысына тәуелді (кесте 12-4). 
Кесте 12-4.
Балалар гипотиреозының клиникалық белгілері 
Шағымы 
Жайбасарлық, ұйқышылдық, мектепте оқу 
үлгерімі төмен. Әлсіздік, жылдам шаршағыштық, 
таңғыштық, салмағының жоғарылауы.
Жалпы көріністер 
Көзқарасы немқұрайлы, сөйлеуі жай, әлсіз 
және қырылдаған дауыс. Әдетте бойының өспеуі 
(аласалық), жыныс дамуының тежелуі (кейде ерте 
дамуы), аменория не олигоменория. 
Жүрек-тамыр жүйесі 
Брадикардия, 
электрокардиограммада 
Т-
тісшесінің жазықталуы. Перикардта сұйықтық 
жиналуы мүмкін. 
Қан 
Жиі, нормохромды, номоцитарлы анемия 
АҚЖ 
Тәбеті өте төмен, іш қатуы 
Жүйке жүйесі 
Психикалық дамуы тежеледі, есте сақтауы 
нашар, сіңір рефлекстері әлсіз. Нейросенсорлық 
мүкістік, атаксия, туннельді невропатия болуы 
мүмкін. 
Сүйек жүйесі 
Тіс шығуының және аусуының тежелуі, 
сүйектік жастық паспорттықтан қалып қалуы. 
Эпифиз дисгенезиясы, сан сүйегі ұршығының 
остеохондропатиясы болуы мүмкін. 
Туа біткен гипотиреоз (ТГ). Туа біткен гипотиреозды балалар туу 
уақытысынан кешігіп туады, массасы 4000 г. жоғары. Олардың тоңғағы 
кеш шығады, іш қатуы болуы мүмкін, емуі әлсіз, жылауы сирек және 
айғайлағанда дауыс тембірі төмен. Ұйқышыл, әлсіз, гипотермия, кіндік 
қалдығы кеш түседі, сарғауы ұзаққа созылады. 
Ауыр ТГмен туған баланың сыртқы әлпеті ерекше: беті ісіңкі, мұрын 
үсті жалпақ не ішке басыңқы,гипертелоризм бас сүйек тігістері алшақ 
және еңбектері үлкен, макроглоссия, іші үлкен, кіндік жарығы, терісі 
құрғақ және мраморлы, бұлшық ет гипотониясы , сіңір рефлекстерінің 
әлсіздігі, брадикардия. Егер ТГ емдемесе, онда ауыр, қайтарылмайтын 
ақыл ой дамуының қолын қояды, бой өсунің тежелуі сирек. ТГ 
скринингінде біріншілік тест ретінде тиретропты гормон (ТТГ) кептірілген 
қан дақтарында тексеріледі. ТТГ көлемі жоғары болған жағдайды, тест 
қайталанады, дәрігер генетик және эндокринолог консультациясына 
жүгінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет