385 Тиреотоксикоз Тиреотоксикоз - тиреоидты гормондардың көптігінен дамитын
синдром. Нәресте тиреотоксикозы сирек кездеседі (әдетте транзиторлы)
жәпе анасының тириостимулдеуші антиденелерін транплацентарлы
тасымалдаудан туындайды.
Ересек балалар тиреотоксикозы көбіне диффузды токсикалық зобта
кездеседі.
Қалқанша
безінің
аденомасында,
ракта,
тиреооидты
гормондарының дозасын артық енгізгенде, аутоиммунды тиреоидте,
иодтың артық мөлшерінде тиреотоксикоз дамуы мүмкін.
Балалар тиреотоксикозының клиникалық белгілері 12-5 кестеде
берілген.
Кесте 12-5. Балалар тиреотоксикозының клиникалық белгілері
Жалпы көріністері
Тәбетінің жоғарлығына қарамастан, арықтығы,
шөлдегіштік, ыстыққа төзімділік, бой өсуінің
жеделдеуі, қыз балаларда менархе тежелуі, ер
балаларда гинекомастия болуы мүмкін.
Көз симптомдары
Көз
көруінің
бұлыңғырлығына,
көрудің
қосарлануына
шағымданады.
Көз
саңлуы
кеңейген, сирек кірпік қағуы (қалыптыда
минутына 3-5 кірпік қағылады), көз алмасының
жоғарыдан төмен қозғалысында, жоғарғы қабық
нұрлы
қабықтан,
қалыс
қалады
(Греффе
синдромы), жақын тұрған затқа көз тіккенде
конвергенциясының
әлсіздігі
(Мебиус
симптомы)
,
қабақ
терісінің
гиперпигментациясы, экзофтальм
Тері
Мақпал, жылы, ылғалды
Бұлшық ет
Бұлшық ет гипотрофиясы, күшінің төмендігі
Жүрек тамыр жүйесі
Жұрек ұшы соғысының күшеуі, тахикардия,
жүректен тыс шуылдар, аритмия, пульстік
қысымның жоғарлауы.
АҚЖ
Перистальтика күшеуі
Жүйке жүйесі
Қозғыштық,
ашушаңдық,
эмоциональды
лабильділік, құлық қонуының төмендігі, сіңір
рефлексінің жоғарлауы, тремор