тілінде түсіндірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз калпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтык іс-әрекетін таныта білді. Сондыктан да шығыс философтары оны “ал муаллим ас-сани” - екінші ұстаз деп атаған. Фараби Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да “Ғылымдардың шығуы”, “Ғьшымдар энциклопедиясы немесе тізбесі”, “Ізгі кала тұрғындарының көзкарасы”, “Музыканың үлкен кітабы”, “Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу кажеттігі жайлы”, “Акылдың мәні туралы”, “Әлеуметтік этикалык трактаттар”, “Философиялык трактаттар”, т.б. сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғьшымының философиялык- логикалык іргетасын дүрыстап қайта қалап шыкты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика, т.б. гылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор. Тарихка негұрлым терең үңілген сайын біз жеке ұрпактардың, тайпалар мен үлттардың мәдениеті мүлде окшау дамиды деген теорияның неізсіздігін соғұрлым айкын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінін дамуында із калдырған сол көрнекті кайраткерлер, пшндыіында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдениеттерінің