Оқулық, оқу-әдістемелік құралдар Студенттерді ойландыратын сұрақтар



бет4/19
Дата10.03.2022
өлшемі61,95 Kb.
#27384
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Дәріс 2.2

Көрнекті қоғам қайраткері, әдіскер-педагаог Е.И.Тихееваның (1865-1941) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру туралы зерттеу жұмыстары.


Мақсаты: Көрнекті педагаог Е.И.Тихееваның қарапайым математикалық ұғымдарды дамыту әдістемесінің дамуына қосқан үлесі туралы ұғымдарын қалыптастыру. Негізгі оқулық әдістемелік еңбектерімен таныстыру.

Дәріске керекті құралдар: Е.И.Тихееваның ғылыми еңбектері, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары.

Студенттерді ойландыратын сұрақтар:

Көрнекті педагаог Е.И.Тихееваның қарапайым математикалық ұғымдарды дамыту әдістемесінің дамуына қосқан үлесі қандай? Басты ғылыми еңбектерінің негізгі мәні неде?



Дәрістің жоспары:

  1. Е.И.Тихееваның қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптасрудағы еңбегі.

  2. Негізгі ғылыми туындылары мен әдістемелері.

  3. Ғылыми ізденістері.

  4. Е.И.Тихееваның еңбектерінің бүгінгі таңдағы маңызы.

Дәріс барысы:

Ағарту ісі саласындағы белгілі қайраткер, әдіскер-педагаог Е.И.Тихеева сандық түсініктердің балада қалыптасуыны әрине оның зорлықсыз және қысым көрсетуінсіз дамуы барысында жүзеге асырылуы керектігін ұсынады. Осыдан білім көлеміне, материалға жасаған әдістерге қойылатын талаптар келіп шығады. Бұл талаптар білімді жеңіл және зорлықсыз игеруге қажетті жағдайлар жасауға келіп тіреледі. Мұндай игерудің Е.И.Тихеева ұжымдық түрде оқыту жағдайларында емес, ойында және күнделікті балалар өмірінде қамтамасыз етуге болады деп санады. Өзінің «Осы заманғы балабақша» (1920 ж.), «есеп кішкене балалар өмірінде» деп аталатын кітаптарында Е.И.Тихеева мектеп жасына дейінгі балалардың жүйелі оқуына қарсы пікір айтады.

Ол балалар жеті жасқа дейін күнделікті өмір мен ойын үрдісінде санай білуге өздері үйренуі керек деп санады.

Сонымен қатар ол (өмірдің) оқытудың бүтіндей стихиялы жүргізілуіне де қарсылық білдірді. Балаладың өмірде алған сандық түсініктерін бекітуге ол жасаған дидактикалық материалмен арнаулы ойын-сабақтар ұсынылып отырылды. Санды жеңіл және елеусіз игеру үшін Е.И.Тихеева жұптық карточкалар, лото және басқа үлгідегі құралдар жасаған. Бұдан басқа ол сандық және кеңістік түсініктерін игеруде жүйелілікті қажет ететінін айтумен бірге олардың тақырыптарының қажеттігін түсіндіріп отырған. Есеп материалы ретінде табиғи материалдарды – тастарды, бұтақтарды, жапырақтарды, бүршіктерді, сондай-ақ кішкене ойыншықтарды, түймелерді, ленталарды және т.б. пайдалануды ұсынған.

Е.И.Тихеева балалар меңгеруге тиісті білім көлемін де айқындады. Мұнда мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық дамуының берік іргетасы болып табылатын алғашқы ондықты дұрыс игеруінің маңызы ерекше деп атап көрсетті. Ол балаларды цифрмен таныстыру қажет деп санады. Сол үшін ол бірінде цифрлар, екіншісінде сандық пішіндер жазылған жұптық карточкалармен жүргізілетін ойындарды ендірді. Е.И.Тихеева көрсетілген цифрға немесе сандық пішінге сәйкес ұсақ заттар салынып қойылған есептік жәшіктерді пайдалануды ұсынды. Сондай-ақ бөлменің әр жеріне жайып қойылған ойыншықтар топтарының астына цифрлар салып қоюды ұсынды. Осы тапсырмалардың барлығының негізінде Е.И:Тихеева балаларды қосу, азайту амалдарымен және цифрлар мен белгілер жазылған дайын карточкалардың көмегімен олардың «жазылуымен» таныстырды. Мысалдармен қатар мәселе есептер де ендірілді. Ол үшін әрбір қолайлы жағдайды пайдалану ұсынылды. «Баланың екі кәмпиті бар еді. Ол біреуін жеп қойды. Есеп көз алдыңда дейді,- Е.И.Тихеева. Қанша кәмпит қалды?». Ол өмір тәжірибесінен суреттер бойынша есептерді құрастыру және шешу негізінде балалар түсінігі бойынша ауызша есептерді шешуге көше алады. Сондай-ақ Е.И.Тихеева кішкене ойыншықтарды пайдаланумен балаларды есепті өздігінен құрастыра білуге үйретуді ұсынды. Е.И.Тихеева балалардытүрлі көлемдегі заттармен таныстыруға, олардың арасындағы қатынастарды игеруге: көп-аз, жуан-жіңішке, ұзынырақ-қысқарақ және басқаларға көп көңіл аударды. Өлшемдерді ажыратуға арналған ойындар арысында 5-6 жастағы балаларды көпшілік қолданатын өлшемдердің көмегімен өлшеумен таныстыру мүмкін деп санады. Осы мақсатпен ол балаларды армен таныстырды және оны қалай пайдалануға болатынын үйретті. Сондай-ақ балалар ыдыстың сыйымдылығын стаканмен өлшеу арқылы көлем туралы түсінік алады. Түрлі заттардың салмағымен және көлемімен таныстыру үшін Е.И.Тихеева таразыны пайдаланды, салмақтың көлемге байланысты қызметін ашып берді. Ол өлшемдердің бұл түрлерінің мақсатсыз тек оқу сипатында болмауы, алған білімін тәжірибелік есептермен байланстыра отырып, мысалы, «Дүкен ойыны» оларды ойындарға қосу қажет екендігін көрсетіп береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет