Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Каспийліктер мен қазақтар туыс емес пе екен?



бет46/50
Дата26.09.2022
өлшемі1,41 Mb.
#40403
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер Смағұлов С 09

Каспийліктер мен қазақтар туыс емес пе екен?
Әр заманда Каспий суына әр тайпа өзінше ат қойып отырған. Сондай атаулардың саны 70-тен асады. Оның ішінде әйгілілері – Гиркан, Хазар, Хвалын, Дербенд, Абескун, Хажытархан және Каспий. Сонымен қатар Каспий «Теңіз суы» деп те аталған. Қазақтардың «Атырау теңізі» деген кездері де болған. Бүгінде дүниежүзіне Каспий аты ғана мәшһүр. Тек ирандықтар Каспийді «Хазар теңізі» деп атайды. Ал Каспийдің түбірі «қазвин» сөзінен шығады. Арабтар Каспийді әлі күнге «Қазвин теңізі» деп отыр. Тарихта бұл төңіректі «каспиан» немесе «қазвиан» деген қауым мекендегені айтылады. Шамасы, сол қазвиандар ІХ ғасырда иахуди дінін қабылдап, жөйітке қосылған хазарлардың арғы атасы болса керек. Ал қазвиан мен қазақтың туыстығы қаншалықты, бұл – тарихшылар табағындағы сыбаға.
Топан судың сарқыты
Каспий теңізі бір кездегі топан судан қалған қалдық су ретінде есептеледі. Оның дәлелі – Маңғыстау мен Үстірттегі әктас шөгінділері. Ал шөгіндінің су басқан жерде қалатыны белгілі. Сол әктасты жағалаудағы жұрт тәп-тәуір кәдеге жаратып отыр. Қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштердің жартысынан көбіне мекен болған осы өлкедегі мазарлар мен қойтастардың дені әктастардан салынған.
Әктастың қасиеті су мен жел тиген сайын шымырлана түседі екен. Мысыр пирамидаларының да әктастан қалануы талайды аңдатса керек. Каспий суының бүгінгі деңгейі де салыстырмалы мөлшер болып табылады. Өйткені су деңгейі әр жүз жылда бір көтеріліп, бір қайтып тұрған. Белгілі су маманы Нариман Қыпшақбаевтың айтуынша, ХІХ ғасырда Каспий суы көтерілген кезінде Құрманғазы «Топан» күйін шығарған екен. Бұл күндері Қазақстан жағалауындағы су деңгейі тұрақтанғанымен, Иран жағалауындағы су көтеріліп барады. Ғалымдар оны геосинклиналь құбылысымен байланыстырып жатады.
Каспийдің балықтарына дейін «білімді»
Каспийдің балықтары да ақылды. Олар ұрық шашатын кезде теңіздің солтүстік батысына үймелейді де, қайтарда сол барған жолымен кері жөңкиді. Теңіздің оңтүстік жағалауы терең болғандықтан, балық атаулының дені сонда тіршілік етеді. Сондықтан жағалаудағы кейбір елдер балықтан көбірек басып қалу үшін олардың ұрық шашып, үйірімен көшетін маусымын аңдып отырады. «Көшке» тұтқиылдан шапқан кезде, қармақ қарулы, ау ауыр тартып кетеді. Бұл қарақшылар назарынан да тыс қалып отырған жоқ. Сондықтан теңізшілер қырағылығына қоса, қоғамның белсенділігі де қажет. Айталық, Иран дінбасылары бір кезде Каспийдегі «ұзын мұрын» балығын сақтау үшін оны жеуді харам деп таныған пәтуа шығарды. Кейін «ұзын мұрынның» тұқымы қалпына келгенде, оны қайтадан халал ғылып жариялаған кездері болған… Ал итбалықтар әруағы бізді әлі де әуреге салып келе жатқан жоқ па?..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет