Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері


Бақылаудың формалары (іс-әрекет бойынша)



бет21/26
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100730
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері

Бақылаудың формалары (іс-әрекет бойынша): дәстүрлі-сабақ (бақылау жұмыстары, сонымен қоса жеке-дара тапсырмалар (үшдеңгейлік), тәжірибелік жұмыстар және лабораториялық жұмыстар, тестер, өзіндік тапсырмалар, сынақ, өзіндік жұмыстар \оқытушы және бақылаушы\, рефераттар); сабақтан тыс: жарыстық жобалар, рефераттар қорғау; дәстүрден тыс сабақтар: дөңгелек үстелдер, көпфункционалдық дидактикалық ойындар.
Бақылаудың формалары (функция бойынша): тұрақтандырушы – мағлұматты нақты түсінуді қадағалау; қалыптастырушы – өзгерісті тұрақтандыру (алынған жауаптың күтілген жауаппен сәйкестігін талдау, нәтижеге әсер етуші дәлелдерді табу); түзетуші – кемшіліктерді дұрыстау.
2.3 «Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау тапсырмалары» атты электрондық құралы

Білімді бақылау және оқушылардың біліктілігі нәтижелі оқу үдерісінің міндетті шарты болып табылады. Мұғалім информатикадан оқушының білімін бақылауды ұйымдастыру кезінде:



  • оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды;

  • информатика курсы мазмұнының ерекшелігіне сәйкес бақылау түрі мен әдісін бөліп алу;

  • бақылау тапсырмаларын жасағанда оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу;

  • нормативті-технологиялық және жеке тұлғаға бағдарланған әдістің бірдейлігін қамтамасыз етуді есепке алу қажет.

ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында информатика пәнінің сегіз мазмұндық желісі ажыратылып берілген, атап айтсақ: ақпаратты бейнелеу, ақпараттық үдерістер, компьютерлер, ақпараттық технология, алгоритмдеу, формальдау және модельдеу, телекоммуникация, әлеуметтік информатика мәселелері.
«Ақпаратты бейнелеу» мазмұндық желісі бойынша оқушылар: ақпарат дегеніміз не, оларды өңдеудің түрлері мен тәсілдерін; тілдің, кодтың және ақпаратты кодтаудың қызметін; ақпарат сананың негізгі бірліктерін; адамның ақпаратпен жұмыс істеу барысындағы техникалық құралдардың рөлін; ақпаратты сақтаушылар қызметін; ақпаратты қорғау құралдарының қызметін білуі тиіс.
Ал оқушылар: жанды табиғаттағы, техникадағы, адам қызметі мен қоғамдағы ақпаратты жеткізуге, сақтауға және өңдеуге мысалдар келтіруді; қандай да болмасын мәтіндегі ақпарат көлемін анықтауды; мәтінді қандай да бір тәсілмен кодтауды; ақпаратты сақтаушыларға мысалдар келтіруді; ақпараттарды қорғау тәсілдеріне мысалдар келтіруді үйренуі тиіс.
«Ақпараттық үрдістер» мазмұндық желісі бойынша оқушылар ақпараттық үрдіс ұғымын; жанды табиғаттағы ақпараттық үрдістерді; техникадағы және қоғамдағы ақпараттық үрдістерді білуі тиіс.
Оқушылар қоғамдағы, жанды табиғаттағы, техникадағы ақпараттық үрдістерге мысал келтіруді; ақпараттандыру үрдістеріне мысалдар келтіруді үйренуі тиіс.
«Компьютерлер» мазмұндық желісі. Бұл желі компьютердің тарихы мен даму кезеңдері; бағдарламалық қамтамасыз ету; компьютердің құрылысы; компьютерде әртүрлі ақпараттардың кодталуы; компьютер қызметінің логикалық негіздеріне бөлінеді. «Компьютерлер» мазмұндық желісінің базалық курста өтілетін барлық тақырыптарда оқушылар компьютердің құрылғылары, оның мүмкіндіктері туралы білімдерін тереңдете, компьютерде өзіндік жұмыс істеу дағдыларын дамыта отырып компьютермен жұмыс істейді. «Компьютерлер» мазмұндық желісін оқыту екі бағытта жүргізіледі:

  1. компьютердің құрылғыларын теориялық тұрғыда оқыту;

  2. компьютерде ақпаратпен әртүрлі әрекеттерді орындауда практикалық жұмыс істеу, яғни компьютерді қолдану дағдыларын меңгеру.

«Ақпараттық технологиялар» мазмұндық желісі.
Мектеп информатика мазмұнының міндетті минимумында оқылатын ақпараттық технологияның қолданбалы құралдарының ішіне: мәтіндік және графикалық редакторлар, мәліметтер қоры, электрондық кесте, компьютерлік телекоммуникация құралдары, мультимедия технологиясы кіреді. Бұл құралдар жалпы қызметтегі қолданбалы бағдарламалық қызмет етуге жатады, олар практикада кеңінен қолданылады және кеңінен таратылған.
Мектеп информатикасында «Алгоритмдеу» мазмұндық желісін оқытудың екі аспектісі қарастырылады: біріншісі – дамытушы аспект, яғни оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту; екіншісі – программалаушылық аспект. Компьютерлерге программа құру алдымен оның алгоритмін құрудан басталады; кәсіпқой программа құрушының ең маңызды саласы олардың алгоритмдік ойлауының дамуы болып табылады.
Информатиканың «Модельдеу және формальдау» мазмұндық желісі объект моделі, ақпараттық модель, модельдер классификациясының негізгі түрлері, модельдеудің негізгі принциптері мен идеяларын, модельдеудің негізгі кезеңдерін және олардың орындалу бірізділігі ұғымдарын анықтайды.
Информатиканың базалық курсындағы «Телекоммуникация» мазмұндық желісіндегі мазмұндық желілерді екі түрге жергілікті және ауқымды желіге бөлу принципі бойынша оқытылады. «Телекоммуникация» мазмұндық желісін оқыту барысында оқушылар компьютерлік желілердің қызметін және оларды құрудың негізгі принциптерін; интернеттің құрылымы мен қызметін; интернетте жұмыс режимін білуі тиіс. Сонымен қатар, жергілікті желіде ақпарат алмасуды, серверде ақпаратты сақтауды, желілік принциптерді пайдалануды; Outlook Express типті броузермен жұмыс істеуді; электрондық хаттар дайындауды және оларды жіберуді ұйымдастыруды; Internet Explorer типті броузермен жұмыс істеуді үйренулері тиіс.
Жоғарыда көрсетілген мазмұндық желілерге, В.П.Беспальконың ұсынған бақылау деңгейлерін ескере отырып, білімді бақылауды талдау негізінде бақылау барысындағы іс-әрекет түрлері, бақылаудың деңгейлері, уақыт аралығындағы бақылаудың түрлері және сәйкесінше бақылау тапсырмаларының түрлері ескеріле отырып жасалған, білімді бақылаудың іс-әрекеттік негіздегі түрлеріне сүйене отырып «Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау тапсырмалары» атты электрондық құрал жасап шықтық.
Бұл оқулықта оқушылардың білімін деңгейлеп бақылауға арналған тапсырмаларға мысалдар келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет