Әркімнің құрған әлемі әртүрлі, яғни әрбір Адам Өз Әлемінде Өмір Сүреді.
«Ей адамзат, Алладан қорқыңдар, несібелеріңді адал, жақсы жолмен тауып жеуге
харекет қылыңдар! Ешбір адам ризық – несібесін жеп тауыспайынша дүниеден өтпейді.
Ерте ме, кеш пе – оның бағы жанады. Сол үшін тіршілікті жақсы жолға қойып,
харамын тастап, адалын алыңдар». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Біз Кеңес үкіметінің тұсында молшылықтың емес, керісінше жоқшылықтың,
кедейшіліктің негізінде тәрбиелендік. Біз жоқшылық пен кедейшілікті санамызға сіңіріп
өстік. Қазіргі кезде байлар мен кедейлер қоғамымыздың, қоршаған ортамыздың бөлінбес
бір бөлігі болып қалыптасты. Шындығында ауқатты адамдарға қарағанда, нашар тұратын
адамдар мен кедейлер көп. Бізді молшылық пен байлық бәріне де жетеді деп не оқытқан,
не үйреткен жоқ. Өзіміздің тәрбиемізге орай осыған шүбәсіз сенеміз.
Біз ешқашанда молшылық шарттарын қабылдамаймыз, барлық күш-қуатымызды
жоқшылыққа шоғырландырамыз. «Менің ешуақытта жетістікке қолым жетпейді» деген
қағида көптеген адамдардың санасына сіңіп, көңілдеріне орнығып қалған. Олар
жоқшылықты жеңуге болады деген ойдың өзінен қорқып, жанталасып өмір сүреді.
Адам баласына Жаратушы туа салғанда-ақ өз өмірін басқаратын алапат құрал
берген. Ол – ойлау жүйесі. Осы арқылы санасын қалыптастыру. Өкінішке орай, өзінің
бақытқа және молшылық пен байлыққа жетуі тікелей өзінің санасы мен ойлау жүйесінде
бұғып жатқанын, осы сананы қолдану арқылы ауру-сырқауды білмейтін дене жасап алуға
және молшылық пен бақытқа қол жеткізуге болатынын көпшілік білмейді, бұл туралы
ойланбайды.
Егер біз жақсы ойлар ойласақ жақсы нәтижеге жетеміз, ал келеңсіз ойлар
санамызды, ойлау жүйемізді тұмшалап тастайды. Осының салдарынан аямшақ адам өзіне
жоқшылықты тартады, ал қызғаншақ адам жақсылыққа деген қалауын жоғалтады. Тіпті
сабырлы да, салмақты адамның өзі де қазіргі қалтасының шамасына қарап бағалы
заттарды көруден, қымбат киімді өлшеуден бас тарта, өзіне кедейшілік пен жоқшылықтың
есігін қалай ашып қойғанын байқамай қалады.
Өзіміздің өмір сүріп жатқан әлем, бала күнімізден сананың қабылдаған
бағдарламасына сәйкес іс-әрекет қылады. Ғарыш (Алла, Ақиқат, Шындық, Тәңір,
Жаратушы, Болмыс) – адамның ақыл-ойының деңгейіне қонбайтын, өлшеміне симайтын:
күшке, қуатқа, білімге толы. Шектеулі ақылмен – шексіздікті түбіне дейін білу мүмкін
емес. Адам санасы – Ғарыштың (Жаратушының, Жоғарғы Сананың) тозаң секілді
түйіршігі ғана. Әлем – шексіз тылсым, жұмбақ. Әр адам өзіне табиғаттың бір жұмбағы,
тылсымы ретінде қарауы керек.
Әркім өзінің әлемі жөніндегі жауапкершілікті өзіне жүктей алады
"Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме». Абай
Жауапкершілік жөніндегі заң – өзіңмен-өзің жұмыс жасағандағы шешуші сәт. Бұл идея
көпшілікке түсініксіз. Олар жауапкершілік пен өзін кінәлауды шатастырады.
Өз өміріңнің жауапкершілігін өзіңе жүктеу дегеніміз – айналаңдағы адамдарды
кінәлаудан, өсектеуден, сынаудан, көре алмаудан толықтай бас тарту.
Сіз жауапкершілікті өзіңізге жүктесеңіз, онда қуатты өмір сүре бастайсыз. Ешкімде,
ешқашанда Сізге запа шектіріп, қасірет уын ішкізе алмайды. Ешқандай да көз, тіл тію,
дуалау Сізге әсер етпейтін болады. Сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша өміріңізді ретке
келтіре аласыз. Тағдырыңыздың божысын, шылбырын өз қолыңызға алатын боласыз. Ол
үшін сізге үнемі айнаның шағылысы шартын қолдану қажет. «Сыртқы келбетің – ішкі
ақиқатың».
Адамдар өздерінің нашар тұрмыста тұратындығының жауапкершілігін мойнына
алғысы келмейді. Оларға осы қалыптарына – біреуді, қоршаған ортаны, заманды, ағайын-
туыстарын, әкімдерді, үкіметті, президентті, тіпті болмаса Жаратушыны кінәлау жеңіл.
Олар өздерінің осы жағдайларын: «маңдайыма жазған тағдырдың жазуы» – деп ақталады,
осы сенімді санасына сіңіріп, жүректеріне ұялатып алады. Осы құрдымнан шыға
алмайтындарына мүлтіксіз сенеді. Ауруға, қайыршылық пен жоқшылыққа матап-шырмап
қойған ойларды санасынан қуып, жүрегінен үркітіп жіберсе, санасы мен қалауы біртіндеп
денсаулыққа, молшылыққа, байлыққа қарай бет бұра бастайтынын сезбейді, білмейді.
Өз өміріңіздегі болып жатқан оқиғалардың бәріне зер салып, мұқият қараңыз.
Барлық жағдайларды сабақ ретінде қабылдаңыз. Мысалы, егер сіздің айналаңызда бір
белгілі оқиғалар болып жатса, бұл оқиғалар сізді белгілі бір ойға, сезім құбылыстарына
жетелесе, онда ішкі жан дүниеңізге үңіліңіз – бұл сіздің Ғазиз жаныңызда жазулы тұр.
Өмірдегі барлық жағдай – біздің ойымызға орай құрылып, тартылып жатады. Осыған
өзіңіздің өмірлік бағдарламаңызды қосыңыз. Осының бәрінен қандай тағылым алдыңыз?
Егер сізге біреудің бірдемесі ұнамай тұрса, онда бұл сіздің Ғазиз жаныңызда – түпкі
санаңызда жазулы, егер ұнап тұрса, бұл да жазулы.
Айналаңыз қалай, солай қабылдаңыз. Өзіңіз өзгеріңіз, сол кезде қоршаған Әлем де
өзгереді. Егер сіз біремеден қашқалақтап тұрсаңыз, онда бұның тасасында – қорқыныш не
ауру жасырынып жатыр. Сіз осыдан өткенде ғана тамаша тағылым аласыз.
Пенде баласы қашан өз өмірінің жауапкершілігін өзіне жүктейді, сонда ғана таңдау
еркіне мүмкіншілік пайда болады. Адам қай ойды таңдаймын десе де өз еркі. Өзіңіздің
Ғазиз жаныңыздың тәртібінің бағдарламасын, ойыңызды, сезім құбылыстарыңызды
ыждағаттылықпен зерттеңіз. Өз өміріңізді төңкеріп тастап қайта қараңыз.
Қарымта қайтару немесе бүкіл әлемдік әділеттік заңы
28 –
Қасас сүресі, 83 аят.
Кім бір жақсылық келтірсе, оған да жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе;
ол жамандықты істегендерге, істегендерінің ғана ғана сазайы беріледі.
ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 395 бет.
–
Жаратушының жасаған бүкіл әлемдік әділеттілік қарымта қайыру заңын қалай
түсіндірер едіңіз?
–
Есіңізде болсын: Жаратушының жасаған бүкіл әлемдік әділеттілік Қарымта
қайыру заңы бойынша «не ексең – соны орасың», істеген қайырымдылық пен
жақсылығың да, жауыздық пен жамандығың да тек қана осы өмірде өзіңе қайта қайтып
келеді. Кей кезде үрім бұтағына берілуі де мүмкін. Бұл – әлемнің әділет заңы. Әр пенде
жаны бөлек болғаннан кейін, өзі де бөлек. Осы фәни өмірде жасаған жақсылығы да,
жамандығы да тек өзіне, кей кездерде жеті ата аралайтын ұрпақтарына белгілі бір
мерзімнен кейін қайтып оралады.
–
Алла тағала пендесіне қанша ерік берген?
–
Алланың адам баласына ерік бергені соншалық, өз тағдырыңды өзіңе берген,
жаман болуың да жақсы болуың да өз қолыңда. Алла айтады ғой: «Сен маған бір табан
жақындасаң мен саған қырық табан жақындаймын». Мәйітті шығарар алдында молдалар
сұрайды: «Мына кісінің қарызы бар ма? », – деп. Егер адам кешірмесе Алла да
кешірмейді. Сондықтан да біз үнемі Жаратушының бақылауында болғандықтан да жаман
қылық түгіл, жаман ой ойлаудан да аулақ болуға тырысу керек.
«Адамнан жасырсаң да, Алладан жасыра алмайсың» деген қазекеңнің терең толғаулы, кең
мағынылы сөзінің түп төркіні, Алла әр пенденің жүрегінде екенінің тағы бір дәлелі.
«Бұл дүниедегі жасаған зұлымдығы – о дүниеде өзіне жасаған зұлымдығы».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с..)
–
Алла бізге алыс па, әлде жақын ба?
–
Алла тағала адамға қандай алыс болса, екiншi жағынан, Ол жүректе болғандықтан
сондай жақын. Шыбын Жан (адамның өз жаны) да, Ғазиз Жан (Жаратушы) да жүректе
орналасқан. Олар үнемi байланыста. Сондықтан, Алла тағала адамның барлық қалау-
ниетiн, ой-өрiсiн бiледi. Онан ештеңенi жасыруға болмайтын, Ол – негiзгi куәгер.
Сонымен бiрге, Ол ештеңенi де ұмытпайды. Қоғам өмiрiнде кейбіреулер түрлi заңсыз
әдiстермен кейде жасаған қылмысы үшін жаза алмай, құтылып кетуі мүмкiндiк, бiрақ
Құдай алдында жазадан ол ешуақытта құтыла алмайды. Әлемдік әділет заңы бойынша
уақыт келгенде түбiнде әркім өз сыбағасын алады. Алладан ешнәрсенi жасыруға
болмайтын болғандықтан, иманды адамдар ешкiмге зияндық келтірмейтін, таза көңiлдi
болуға ұмтылады.
«Алла тағаладан еш нәрсе жасыра алмайсың. Біреуге жамандық жасасаң артынан
жақсылық жаса, жасаған жамандығың үшін тірлігіңде жазаланасың, біреуден бір нәрсе
сұрама, аманат алма. Екі кісінің ортасында қазылық қылма».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Осыны түсiнбегендер өзiнiң жүрегiнiң әмiрiне кейде құлақ аспай, өмiрдiң түрлi
«жылтырағына» алданып, Құдайға қарсы (ұятына қарсы) көп әрекеттер жасайды. Ол
соның нәтижесiнде бүкіл әлемдік әділет Қарымта заңы бойынша оның зардабын тартып
отырады. Бiрақ ол оның себебiн түсiнбейдi, сондықтан одан сабақ та ала алмайды.
Қарымта заңына сәйкес жазықсыз кісі өлтіргендер көп ұзамай өздері де ит өліммен
өледі, не қалған өмірі азаппен, қиналумен т.б. жайсыздықтармен өтеді. Бұған нақақтан кісі
қанын мойнына жүктегендер, кісі ақысын жегендер, ұрылар, алаяқтар, парақорлар,
залымдар, өсімқорлар т.б. жатады.
Жаратушы адамдарды ниетіне қарай жазалайды, не жарылқайды. Халықтың ниеті
бұзылып кетекенде неше түрлі табиғи апаттарды: жер сілкінісін, су тасқынын, өрт, дауыл
т.б. Себебі, адамдар осы апаттарды өздері ойлау жүйесімен, ниетімен, өздеріне магнит
сияқты тартып алатындарынан мақұрым.
Мысалы, Арменияның Спитактағы жер сілкінісінде қала орнымен жер астына жоқ
болып кеткен. Зәрелері ұшқан армян мен әзірбайжандар соғысуын қолма-қол тоқтатқан.
Айт-айтпаңыз, «батырға» да жан керек.
Жаман жаққа бұрылғанда ниеттеріне орай, пенделерін Жаратушы жазалап,
тәубәсіне түсіреді. Бұған көнбесе жер бетінен жойып жібереді. Бұл туралы қасиетті Құран
кітабында талай мысалдар бар.
Інжілде мынадай сөз бар: «Ар ұятыңа қарай жаза немесе силық аласың. Өлшеміңе қарай
сыбаға аласың». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Қазақтың ата жауы, Жоңғар мемлекеті де осылай жер бетінен жоқ болып кетті
емес пе? ! Олар Абылайхан тұсында, Алла атымен берген антты, келісім шартты бұзып:
қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшыратқаны үшін,
Жаратушының қаһарына ілікті.
Жаратушының қарғысына ұшыраған сығандар өмір бойы, қияметке дейін тентіреп
өтеді. Бауырлас ұйғыр халқы аңыз бойынша Әзірет Әлінің атына ор қазғандықтан, Әзірет
Әлінің қарғысын алған: сол себепті елі, жері, отаны жоқ. 40 миллион курд халқын алайық:
бұлардың да жері, туы, отандары, ән ұрандары жоқ. Есіңізде болсын! Бүкіл әлемдік
әділеттілік Қарымта заңына сәйкес – әр адам тұрмақ, әр халықтың, елдің, рудың, от
басының, қоғамдық құрлыстың ойлау жүйесіне сәйкес өзіндік қарымтасы болады.
1999 жылы ақпан айының 20-шы жұлдызында Алматы қаласында бір
жұмыстармен жүргенмін. Бір күні жұбайым Рахпар телефон шалды, Тұрсынқожанов
Мақсұтқан мен Райхангүлдің қыздары, Дәмелінің ұзатұлу тойы Алматыда болады екен,
соған шақырып жатыр деп. Ал Мақсұтқан мен Райхангүл Алматыда бірге оқып, бірге
жүрген жақын достарымыздың біреуі. Мен Рахпарға олай болса өзің тез жет дедім, ол
борандатып әзер дегенде жетті. Біз жақта жылдың осы мезгілінде ат құлағы көрінбейтін
қарлы борандар басталады, ол келгеннен кейін Алматы – Ұржар бағытына қатынас бір
аптаға жабылып қалды. Той басталар алдында Мақсұтқанмен ауыл шаруашылық
институтында, инженерлікті бірге оқыған, студент кезімізде жатаханада, пәтерлерде
бірге жатқан Шәкір деген курд азаматы жолдасымыз бар еді, сол үйіне қонаққа шақырды.
Тәп соның үйіне келе жатқанда курдттардың жиналып алып, түріктер тұтқынға алған
көсемдерінің босатылуын талап еткен бас қосулар жер-жерде өтіп жатқан.
Шәкірдің Дина деген ұлты шешен келіншегі, бір ұлы бар. Өзі Алматыдағы белгілі
кәсіпкер. Бәрі де үйлерінде де, түзде де, қазақша майын тамызып сөйлейді. Үйіне келдік,
әңгімелесіп отырмыз, қабағы түсіп кеткен. Бір уақытта бізге қарап: «Осы қазақтар
сендерде ми жоқ! », – деді. Біз тіксініп қалдық: «Ой! Шәкір, ми жоғың қалай, ми жоқ
болса өстіп жүреміз бе? ». Шәкір сөзін ары жалғастырды: «Менің айтайын деп отырғаным
өз Отандарың, осынша жерлерің, ән ұрандарың, ел таңбаларың, туларың бар, ең бастысы
бүкіл дүние жүзі силайтын патшаларың Нұрекең бар, басқа ауылды жерлерді білмеймін,
ал тәп осы Алматының қазақтары отырып алып жамандайсыңдар.
Сендер, әр қазақ баласы осындай жетістікке, бостандыққа жеткендерің үшін
бірінші Аллаға, екінші патшаларың Назарбаевқа тізерлеп тұрып әр қазақ баласы неге
күнде алғыс айтпайсыңдар? Неге табынбайсыңдар? Он миллион қазақ бармыз деп өтірік
мақтанасыңдар, бар жоғы Қазақстанда 7...8 миллион ғанасыңдар, оның өзінің тең жартысы
ана тілін, салт дәстүрін білмейтін мәңгүрттер.
Ал біз болсақ жер бетінде 40 миллион курд халқы тоз-тоз болып тентіреп жүрміз.
Не отанымыз, не жеріміз, не еліміз, не ән ұранымыз, не елтаңбамыз, не Назарбаев сияқты
әлем мойындаған көсеміміз, не бостандығымыз жоқ халықпыз, өз патшаларыңның қадір-
қасиетін білмейсіңдер, осы азаттықтың не екенін түсінбейсіңдер! », – деп ішіндегі шер
мен мұңды бірақ, бұрқ еткізіп ақтарып тастады. Біз Мақсұтқан екеуміз не айтарымызды
білмей төмен қараған күйі, жер шұқылап, сең соққан балықтай отырып қалдық.
Тап осы жағдайды, осының алдында жасырақ кезімде КСРО-ға еңбегі сіңген
суретші, құдамыз Азат Әкімбек деген ұйғұр азаматының да аузынан естіп едім, бірақ ол
Кеңес заманында бұл әңгімеге аса мән бере қойған жоқпын.
«Арғын, Найман жиылса,
Таңырқаған сөзіме.
Қайран сөзім қор болды,
Тобықтының езіне». Абай
Енді өзіміздің қазақтың ішіндегі Тобықты руын алайық. Атом бомбасын сынақтан
өткізу алаңы неге Семей облысында: ұлы Абай данышпан мен Шәкәрім әулие туған
жерінде салынды? Қазақта басқа жер құрып қалып па? ! Әрине, жоқ. Бұл да Құдайдың
құдіретімен болған іс.
Жоғарыдағы ұлы Абайдың бір шумақ өлеңінің өзі-ақ мән-жайды айтып тұрған жоқ
па! Кезінде осы екі адамзат алыптарын руластары қабылдамақ түгілі қарсы болып,
түсінбеді. Онымен қоймай Шәкәрім әулиені атып, көмусіз құдыққа лақтыра салды емес
пе? ! Бүкіл әлемдік әділеттілік Қарымта заңына сәйкес, осы рудың жазасын, ұрпақтары
өтеді, әлі де өтеуде. Кезінде мәдениет ошағы болған Семей қаласының да жағдайы белгілі.
Артының қайырын бергей..
VIII
ТАРАУ. ЖАРАТУШЫ ҒАЛАМНЫҢ ІШІНДЕ
65 –
Талақ сүресі, 12 аят.
Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан және жерді де солар сияқты жаратқан.
Күмәнсыз Алланың әр нәрсеге күші толық жететіндігін білулерің үшін әмірлері жер мен
көктің арасына түсіп тұрады. Сондай-ақ Алланың білімі әр нәрсені ішіне алады.
ҚҰРАН КӘРИМ, қазақша мағына және түсінігі. 559 бет.
–
Жаратушы ғаламның ішінде дегенді қалай түсінеміз?
–
«Алла тағала «бiр» деген сөздiң өте терең мәнi бар. Бұл туралы Абай: «Ол «бiр»
деген сөз Алла тағала ғаламның iшiнде, ғалам Алла тағаланың iшiнде», – дейдi. Бұл
бiр қарағанда мағынасы қарама-қарсы, түсiнiксiз, жұмбақ ұғым. Қарапайым күнделiктi
көзқарас бойынша қарастыратын болсақ, онда егер бiр нәрсе екiншi нәрсенiң iшiнде
болатын болса, онда екiншi нәрсенiң бiрiншi нәрсенiң iшiнде болуы мүмкiн емес.
Сонда бұл қайшылық па? Қайшылық болмаса оның сырын қалай түсiнуге болады? Бұл
рухани болмыстың адамның ақылымен түсiнуге болмайтын бiр көрiнiсi.
«
Алла тағала ғаламның iшiнде, ғалам Алла тағаланың iшiнде» деген түсiнiк Алла
тағаланың екi құбылысын (аспектiсiн) бiлдiредi. Алла тағала ғаламның iшiнде деген
ұғым Оның ғаламның әрбiр бөлшегiнiң iшiнде екенiн бiлдiредi. Ал «Ғалам Алла
тағаланың iшiнде» деген тұжырым Оның ғарыштық, әлемдiк көрнiсiн бiлдiредi .
Алла тағала ғаламның iшiнде деген ұғымның таза рухани мәнi бар. Сондықтан
ақылмен түсiну өте қиын. Алла тағала ғаламның әрбір бөлшегінің ішінде, сонымен бірге
әрбір жан иесінің жүрегінде деген ұғымды тек қана барлық ой-өрісті жүрекке
шоғырландыру арқылы (медитация) жетуге болды. Сонда, көңілін басқаға аудармау үшін
барлық сезімдерін жауып, бүкіл ой-өрісті тек қана жүрекке шоғырландырғанда адам
баласы Алла тағаланың жүректегі құбылысын (аспектісін) көруі мүмкін. Енді бұл арада
қасиеттi жазбаларға жүгiнiп, не болмаса сол деңгейді жүрегiмен сезiп-түйсiнген ғұлама
сопылардың айтқандарына құлақ салып көрелiк.
Әбу Хамид әл-Ғазали өзiнiң «Дiн туралы сенiмдi жаңғырту» атты еңбегiнде «жүрек»
деген сөздiң бiрiншi мағынасы оның физиологиялық мәнi екенiн айта келiп, оның екiншi
мағынасы туралы былай деп жазады:
«Бұл сөздiң екiншi мағынасы – осы тәндiк жүректегi Алланың рухани сыйы (Латифа
раббанийа руханийа). Бұл сый түсiнетiн, бiлетiн және адамның iшiндегiсiн бiлетiн,
ақылшысы, тексерушi, кiналаушы және талап етушi; ол тәндегi жүрекпен байланысқан
және ол байланысты көптеген адамға ақылмен түсiндiру қиынға соғады.» Әл-Ғазали әрi
қарай бұл ұғымды түсiндiрмейтiнiн жазады. Себебi оның арғы жағын ашу үшiн рухтың
құпиясын жария ету керек, ал оны пайғамбардың өзi де жария қылмаған. Осылай
ғұламаның бұл сөзiнен Алла тағаланың жүректе бiр белгiсi (сыйы) барын, бiрақ оны
түсiнудiң қандай күрделi екенiн сезiнемiз.
Ибн Арабидiң «Геммы мудрости» атты еңбегiнен де Алла тағаланың жүректе екенiн
бiле аламыз. Ол былай деп жазады:
«Алла тағаланың «Алладан қорқыңдар» деген сөзi мынаны бiлдiредi: сiздегi айқын
нәрсе Алланы қорғасын, ал айқын емес нәрсе (ал бұл – сiздiң Аллаңыз) сiздi қорғасын, бұл
арада кiнәлау ( зимм) және мадақтау ( хамд) бар ғой. Кiналауда Оны қорғаңдар, ал Ол
мадақтауда сiздi қорғасын; осылай iзгi және бiлушi болыңыздар». Әрi қарай былай деп
жазады:
«
Алланы бiлетiн адамның жүрегi Оның шапағатымен берiлген және ол өте үлкен,
себебi онда Ұлы Алланың өзi бар».
Алла тағала әлемнiң әрбiр атомының iшiнде болса, Ол өзiнiң шексiз көп
қасиеттерiмен әрбiр атомға өзiне тән түрлi қасиеттер бередi. Атомдар бiрiгiп
молекула құрайды. Ал олардан түрлi материалдық денелер құралады. Алла тағала
әрбiр атомға өзiндiк қасиеттер бергендiктен, олардан құралған денелер де өзiндiк
түрлi қасиеттерге ие. Сөйтiп түрлi қасиеттерiмен, бейнелерімен, көлемдерiмен
әлемде көптеген бөлiктер пайда болып, әлемнiң сан-алуандығы туады.
Алла тағала әрбiр атомның iшiнде болып, олардың өзгерiстерiн басқаратын
болғандықтан, әлемдегi құбылыстардың өзгерiстері де Алла тағаланың
ырқында. Алла тағаланың бүкiл материалдық әлемдi басқаратыны және әр адамның
жүрегінде екені осылай дәлелденедi.
Бір тұтастық заңы. Өмірдің мағынасы мен мәні неде?
«Мекен берген, халық қылған Ол ләмәкән
Түп Иесін көксемей бола ма екен? –
Және Оған қайтпақсың, оны ойламай,
Өзге мақсат ақылға тола ма екен? ». Абай
Пенде баласы бар болғаны Ғарыштың бір бөлшегі болғандықтан ол бүтін болуға
ұмтылады, соған талпынады. Ньютон әлемнің тартылыс заңын ашқан. Жансыз зат бір-
біріне тартыла береді. Бұл заңның адамға да қатысы бар. Пенде бастапқыда
Жаратушысынан алыс болады. Сондықтан, жан иесі өмір бойы Жаратушысын аңсайды,
білуге, тануға ұмтылады. Бұл барлық адамдарды біріктіреді. Тек қана адамдарды ғана
емес, бүкіл жан иелерін. Барлығының мақсаты біреу-ақ, ал баратын жолдары әртүрлі.
Бөлшек бүтінге, жан Жаратушысына ұмтылады.
Қандай пенде баласына болмасын, өзінің бастауынан қашықтап кеткені өмір бойы
маза бермейді. Бұны ол өзінің бар болмысымен сезеді және осыған ұмтылады. Біздің
өмірімізде бұл қалыпты: жан тыныштығы, бақыт, қуаныш, ләззат дейді. Пенде баласы
заттық-фәни әлемде жердегі бір затқа ие болғысы келгенде, осы рахатқа шомылуды
аңсайды.
Ол ақшаның, тамақтың, ішімдіктің, шылымның, бәңгінің (наркотик) , бағалы
заттардың, ойын сауықтың, жеңіл жүрістің көмегімен осы қолдан жасалған уақытша
рахатқа шомылғысы келеді.
Уақыт өте келе осының бәрі бекершілік екеніне көзі жетеді. Қартайған шағында
текке кеткен уақытына өзегі өртеніп, өмірдегі ең басты қажетті өмірдің мәнін, өмір не
үшін берілгенін түсінеді. Өкінішке орай, бұрынғы күш-қайрат жоқ, өткен күн өлген күн,
қайтып оралмайды.
«
Өлейін деп өлмейді өлерлік жан,
Әсте өлмесін білгендей қылық қылған.
Ажал келіп бас салса, жанды ұрласа,
Өмір қайда, сен қайда, соны да ойлан». Абай
Жоғарыдағы ұлы Абайдың: «Мекен берген, халық қылған Ол ләмәкән» дегенде:
«Ол» деп Алланы, ал «ләмәкән» деген сөздің мағынасы – бұл әлемде мекенсіз дегенді
білдіреді. Оның мекені – рухани әлемде. Ал «Түп Иесін көксемей бола ма екен? », – біздің
жанымыз өзінің жаратушысы бір Алланы сағынады, көксейді, іздейді. Бұл жерде: «Түп
Ие» деп Алланы айтып отыр. «Және Оған қайтпақсың, оны ойламай» дегенде, біздің
баратын жеріміз Алланың алды екенін меңзейді, бұл жерде: «Оған» деп Алланы айтып
отыр.
«Өзге мақсат ақылға тола ма екен? » дегенде: фәни өмірге келген адамның алдында
бірақ мақсат болу керек: ол Жаратушының алдына шамаң келгенше жүрегіңнің кірін
аршып, имандылық жолмен қайтуың керек екенін айшықтайды. Өкінішке орай
көпшілік пендеде бәрі керісінше!
Қандай болмасын пендеден сұраңызшы, сенің осы фәни өмірге келгендегі
мақсатың не деп? Ол пенденің: біреуі дүние, біреуі мәнсап, енді біреуі атақ, тағы біреуі
қатынын, келесісі жанұясын айтып шатып-бұтып сандырақтап кетеді. Тек қана есіне
түспейтіні – Түп иесіне яғни Жаратушысына имандылық жолымен қайту.
Осы шарасыздықтан шығатын жол іздеп мешітке барып Алланы сүюге тырысады,
бірақта Жаратушы туралы білімі жоқ болғандықтан бұл іс-қаракеті іске аспайды. Алла
сондай алыста, Ол қайда? Біз Алла туралы түк те білмейміз, өйткені теологиядан (Тео-
Құдай, логия-ілім) хабарымыз жоқ, мешіттерде осы туралы айтса да қабылдай алмаймыз.
Өйткені қазіргі таңда осыны толықтай түсіндіріп айта алатын дін өкілдері өте сирек.
Пенде баласына Жаратушы сананы бергенде, осы сананы өмір сүру барысында
жетілдіріп, толықтырып, өзінің бар болмысымен Ғарыш әлемінің даму барысына
өзіндік қайталанбас үлесін қосу үшін берген.
Бұл мәңгілік: «Өмірдің мағынасы мен мәні не? », – деген сұрақтың қысқа да, нұсқа
жауабы.
Әрбір пенде баласы өзінің Ғазиз жанымен өмірдің мәні мен мағынасы, басты мақсаты –
осы әлемде тіршілік еткеннен кейін, өзінің құрып алған әлемі Ақиқатпен үйлесімді,
Ақиқатпен жымдасып бірігіп кетуін қалайды, осыған ұмтылады. Басқаша айтсақ, адамның
санасы мен Ғазиз жаны жымдасып бірігіп, бір бүтін құрау.
Тек осы жағдайда ғана ол біртұтас болып, өз тағдырының Жаратушысы бола алады.
Өзінің Жаратушы Иесін табады, өзінің түп Иесіне қайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |