Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері


Синапстардағы қозудың құрылымы, физиологиялық қасиеттері және берілу механизмі



бет10/20
Дата25.04.2023
өлшемі238,39 Kb.
#86534
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Емтиханға арналған сұрақтар ТФП 2 курс толық

8.Синапстардағы қозудың құрылымы, физиологиялық қасиеттері және берілу механизмі.
Қозудың ет-жүкелік түйіспе арқылы өтуі. Орталық жүйке жүйесінен шығып эфференттік жүйке талшығының ұшына жеткен серпініс пресинапстық мембрананың Na+, К+ иондарына деген өткізгiштігiн өзгертеді. Бұл иондар концентрациялық және электрік градиентіне байланысты мембранадан өте бастайды. Na+ ионына мембрананың өтімділігі жоғары болғандықтан оның жүйке ішіне қарай өтуі пресинапстық мембрананы деполяризациялайды. Мұнымен бірге кальций каналдары ашылып айналадағы түйiспе саңылуынан жүйкенің ішіне карай Са2+ катионының өтуі шапшаңдайды. Са2+ ионының жүйке ұшына өтуі нәтижесінде іші ацетилхолинге толы везикулалар жылжып пресинапстық мембранадан түйiспе саңылауына өтеді, өтер алдында әдетте везикулалар жарылды да ацетилхолин босап шығады. Ол серпінс санына, оның күшiне қарай будақ-будақ болып түйіспелік саңылауға өтеді. Бір жеке серпiнiстiң әсерінен миллионға жуық ацетилхолин бөлінеді. Постсинапстық мембранаға жеткендерi ондағы холинорецепторлармен әрекеттесіп, постсинапстық мембрананың Na+ ионына деген өтділігін күшейтіп, мембрананы деполяризациялайды.
Ацетилхолиндi ыдырататын холинэстераза аз болса, ол түгелдей ыдырап үлгірмейдi және холинорецепторлардың көбi одан босамайды. Келесi қозу түйiспедегi медиаторды көбейтіп, постсинапстық қоздырушы потенциал жинақталады және тұрақты болып қалады да әрекет потенциалы тумайды, миоцит қозбайды. Өйткенi постсинапстық қоздыру потенциалы (ПСҚП) шектен тыс жинақталса, постсинапстық мембрананың қозу қабiлетi өте төмен деп кетеді. Тәжірибе жүзiнде мұндай жағдай холинэстераза әсерiн эзеринмен тоқтатса не холинорецепторлар басқа химиялық заттармен, миорелоксанттармен (кураре, листенон) әрекеттендiрiлсе пост синапстық қоздырушы потенциал тумайды, миоцит қозбайды.
Сонымен қозу түйiспе арқылы өту үшiн пресинапстық мембранадан бөлiнiп шығатын медиатор мөлшерi жеткілікті болуы қажет және медиатор уақытында ыдырап, одан босауы тиіс. Қозудың ет-жүйкелік түйіспеден өту механизмi олардың қай-қайсысында болса да қозудың өту механизмiнiң негiзiн құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет