Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері


Жүйке талшықтары бойымен қозуды өткізу заңдары



бет6/20
Дата25.04.2023
өлшемі238,39 Kb.
#86534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
5. Жүйке талшықтары бойымен қозуды өткізу заңдары:

Қозу үрдiсiнiң жүйке бойымен таралу ерекшеліктерін қозуды өткiзу заңдары деп те атайды. Олар жүйке талшыктарының морфологиялық және физиологиялык бүтіндік заңы, қозуды екі жақты өткізу заңы, қозуды жеке өткізу заңдары.




а) жүйкенің анатомиялық және физиологиялық тұтастығы;


Жүйке талшықтарының морфологиялық, және физиологиялық бүтіндік заңы бойынша жүйкенi созса, қысып жаншыса, кессе, кептірсе, оның морфологиялық құрылысы бұзылып зақымданады. Мұндай жүйке талшығы қозу үрдiсiн өткiзбейдi. Мұнымен бiрге кейбiр ұйықтататын, есiрткi заттар (новокаин, кокаин, хлороформ, эфир т.т.) әсерiнен жүйке талшығы қозу үрдiсiн уақытша өткiзбей қояды. Бұл заттар жүйке құрылымын бұзбайды, тек оның физиологиялық қасиеті өткізгіштігі, заттың әсерi тоқтағанша бұзылады да, онан соң қайтып бұрынғы калпына келедi. Жуйкелердiң бұл қасиет ерекшелігі медицинада көп қолданылады (жүйкені новокаинмен қоршау).
б) қозуды екіжақты өткізу;
Қозуды екi жақты өткiзу заңы. Жуйкенiң орындайтын қызмет түрiне (сезгiш, қозғалтқыш) қарамастан, оның қай-қайсысы болса да тiтiркенген жерден бастап қозу үрдiсiн екi жаққа (орталыққа, шетке) қарай өткізедi. Оны бақанын шонданай жүйкесiне жасаған тәжірибеден көруге болады. Денеден бөлiнiп алынған жүйкенiн екi жақтағы ұшына әрекет потенциалын тiркейтiн аспапты бекiтiп, қақ ортасынан тiтiркендіріп қоздырса, екi аспап та (жүйкенiн екi ұшындағы) сол жерге әрекет потенциалының жеткенiн көрсетеді. Мұны қозу үрдiсiнiң екi жақты өтуімен мен ғана түсiндiруге болады.
Орталық жүйке жүйесімен байланысы үзілмеген жүйкелерден қозудың белгілі бір бағытта өтуі орталыктағы нейрондар арасындағы түйiспелердiң қасиетіне байланысты. Түйiспеге дейiн қай жүйке болсада, қозуды екі жаққа қарай өткiзедi. Бұл заңдылық организмде кездесетiн жүйкелердiң қозуды антидромдық (қарама-қарсы) өткiзуi мен аксон рефлексiн түсiндiредi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет