Қозудың әрекеттен кейін жалғасуы және пролонгациясы (созылуы) Тітіркендіргіштің әсері аяқталған соң жүйке орталықтардың жауабы сол мезгілде аяқталмайды.
а) қысқа уақыттық- бірнеше мс созылады және іздік деполяризациясымен түсіндіріледі
б) ұзақ уақыттық бірнеше минутқа,сағатқа,күнге созылуы мүмкін.Оны рефлекторлық орталықтың тұйық нейрондық тізбегі бойынша жүйке импульстарының циркуляциясымен байланыстырады. ( Лоренто де Но тұзағы).
Қозудың пролонгациясы Синапстардың біреуінде қажу құбылысы пайда болса сол кезде ғана қозу жойылады немесе тежегіш синапстың әрекетінен.
Пролонгацияның маңыздылығы есте сақтау кезінде негізгі орын алады
Жүйке орталықтарының тонусы. Қызмет атқаратын мүшенің тонусына байланысты болады. Жүйке орталықтарының тонусын сақтап тұратын қызмет атқаратын мүшеден афферентация маңызды орын алады. Мүшелердің деафферентациясы қозғалыс орталықтарына сай тонустар мен қаңқа бұлшықеттерінің тонусының төмендеуіне әкеліп соқтырады (Бронжестің тәжірибесі). Орталық жүйке жүйесінде биоэлектрлік құбылыстарды зерттеуден мынадай ерекшілік анықталды: тыныштық күйде болғанның өзінде жүйке орталықтарынан, ондағы нейрондардан ылғи да белгілі жиіліктегі жүйке импульстері шығып шеткі мүшелерге қарай бағытталып отырады. Сондықтан да олардың тұрақты тонусы (қозу күйі) болады деп есептейді.
Жүйке орталықтардың әрдайым қозып тұруы Себебі:
ретикулярлы формациядан импульстердің келіп әсер етуіне, гуморальды фактордың (гормондар, СО2 и т.б.) және ОЖЖ шеткері рецепторларынан ұздіксіс келетін афференты импульстерге байланысты.
Жүйке орталықтардың пластикалық қасиеті Белгілі бір жағдайға жүйке орталықтардың бейімделуі және қызметтік мағынасының өзгеруі
Оттегі жетіспеушілігіне сезімталдылық Ми организмге түсетін оттегінің 1/6 немесе 1/8 бөлігін жұмсайды.
Бас ми жасушаларында оттегі жетіспеушілігі кезінде 5-6 минуттан соң қайтымсыз өзгерістер туындайды.