Түйiспелердiң физиологиялық қасиеттерi:
1. Қозу түйiспе арқылы көбінесе медиатордың қатысуымен өтеді.
2. Түйіспеде қозу бір-ақ бағытта - пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға қарай өтедi. Бұл түйiспенiң құрылысы мен қозу үрдісінің өту механизмiне байланысты.
3. Түйіспе әрекетi ұзаққа созылмайды, тез аяқталады. Түйiспе тез қажиды. Қажу медиатор мөлшерiнiң азаюына байланысты.
4. Қозу баяу өтеді, түйiспеде 0,2-0,5 мс кiдiредi, мұны түйіспелік кiдiрiс дейдi. Бiрыңғай салалы етте түйiспелiк кiдiрiс 5-10 мс. Түйiспелiк кiдiрiс қозу үрдсiнің өту механизмiне байланысты.
5. Түйіспенiң қозғыштық қасиеті жүйкеге қарағанда көп төмен, ширақтығы аз (100-125 гц), рефрактерлiк кезеңi ұзақ.
6. Түйiспеде алғашкы қозу толқыны келесi қозудың өтуін жеңiлдетеді - жол салады, із қалдырады. Түйiспеде медиатордың көбеюіне байланысты қозу жинақталады.
7. Түйіспелердiң қай-қайсысы болса да кейбір химиялық фармакологиялық заттарға, мәселен ганглиоблокаторларға сезімтел келеді. Түйіспенің фармакологилық заттарға деген сезiмталдығы, түрлi блокаторлармен әрекеттесуі бірдей емес. Осыган байланысты қабылдағыштар бірнеше түрге бөлінеді.
1. Жүйке орталығы туралы түсінік
Жүйке орталығы - дененің белгілі бір қызметін реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығы. Бұл жүйке жасушалары бір анатомиялық құрылымның ішінде ықшам орналасуы мүмкін немесе бір функцияны реттеуге қатысатын, бірақ ОЖЖ көптеген бөліктерінде орналасқан нейрондар тобын білдіреді.
Нейрондық желілер жануарлардың, адамдардың миындағы өзара байланысқан нейрондар жүйесі. Бұл кеңірек ұғым, өйткені сериялы тізбектерден басқа, бұл параллель тізбектерді, сондай-ақ тізбекті және параллель тізбектер арасындағы байланыстарды қамтиды. Нейрондық желілер күрделі тапсырмаларды орындайтын құрылымдар, мысалы, сенсорлық желілер ақпаратты өңдеу тапсырмасын орындайды.
2. Жүйке орталықтарының негізгі қасиеттері: қажу, қозуды бір жақты өткізу, синапстық (орталық)кешігу, химиялық заттарға және оттегінің жеткіліксіздігіне жоғары сезімталдық, таңдамалы сезімталдық, тітіркену ырғағының трансформациясы, қозудың әрекеттен кейін және ұзаруы, ырғақтылық, тонус, тежелу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |