Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері


в) қозуды оқшаулап өткізу



бет7/20
Дата25.04.2023
өлшемі238,39 Kb.
#86534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Емтиханға арналған сұрақтар ТФП 2 курс толық

в) қозуды оқшаулап өткізу;
Қозуды жеке өткiзу заңы. Әрбiр шеттегi жүйке құрылымында жүздеген - мыңдаған жүйке талшықтары болатыны белгілі. Олай болғанымен де әрбiр талшық қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай, тек өз бойымен өткiзiп, тек өзiмен ғана байланыскан ет талшықтарына (ағза бiрлiгiне) тұп-тура жеткiзедi. Бiр эфференттік (әкететiн) жүйке талшығы бұтақталып 3-3000-ға дейiн ет талшықтарымен байланысады (моторлық бiрлiк).
Жүйке орталығынан әрбiр жүйке талшығы қозуды өз бойымен қозғалтқыш бiрлiгiне жеткiзiп ондағы талшықтарын ғана жиырылтады. Осыған байланысты әр кимыл көңiлдегiдей боп орталықтың әсерiн бұлжытпай дәл орындайды. Егер қозу жанында жаткан жүйке талшықтарының бәрiне таралатын болса, онда организм қалай болса солай қимылдап қажеттi қимылдар жасай алмас едi, яғни мақсатына жетпес еді. Серпіністі жеке өткiзуде изолятор рөлін атқаратын миелин қабығының және талшықтар арасында кездесетін электрлік кедергілердiң де манызы аз емес. Үш айға жетпеген баланың қимылы қозғалтқыш жүйкелерiнiң миелин қабығы жетілмегендіктен көңілдегідей дәл орындалмайды.


г) жүйкенің салыстырмалы шаршамайтындығы.
Жүйке талшықтарының қажымауы. Жүйке талшыктарының қозуды өткізу ерекшелігіне жүйкенiң көпке дейiн қажымауы да жатады. Денеден жекеленген жүйкенi ұзақ уақыт тітіркендiрес ол қажымай қозуды көпке дейiн өткiзедi. Жүйкенiң бұл қасиетi түрлi тәжірибелермен дәлелденген. Ет талшықтарының тез қажитыны белгілі. Сондықтан Н.Е.Введенский бақаның ет-жүйке препаратының етке жақын жерiнен тұракты тоқты өткізіп анодтық блок арқылы оның өткiзу қасиетiн уақытша бұзады (физиологиялық бүтiндiгiн) да жүйкені үздiксiз айнымалы токпен тiтiркендiреді. Мұнда қосу етке қарай блоктан өте алмайтын болады - ет жиырылмайды, яғни қажымайды, ал жүйке қозуды өткізу қызметін тоқтатпастан атқарып тұрады. 8-10 сағаттай уақыт өткен соң анодтык блокты тоқтатса ет жиырылып, үздіксіз тітiркендiрiлген жүйкенiң қажымайтынын көрсетеді. Бернштейн осындай тәжiрибені кураре уымен мионевральдык түйіспені блоктап, жүйкенi 4 сағаттай үздiксiз тiтiркендіру аркылы Н.Е.Веденский тәжiрибесiнiң қорытындысын дәлелдеп берді.
Жүйкенiң қажымау себебінің бірі онын зат алмасу қарқыны етпен салыстырғанда әлдеқайда төмендігі, екіншіден жүйке талшығы қозуды өткізу қызметін атқару үшін қуатты өте аз пайдаланады, үшіншіден ыдыраған заттар етке қарағанда жүйкеде 1000 есе тез қайта түзіледі (ресинтезделеді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет