Бір жақты өткізгіштік. Химиялық синапстардың бір жақты өткізгіштігімен байланыстырылады. Синаптикалық аппаратта қозудың таралу жылдамдығы жүйке талшықтарына қарағанда 200 рет төмен болады.
Адамдарда миелинді жүйке талшықтарында 1мм жолды импульс орта есеппен 0,00001 секундта өтеді, ал синаптикалық аймақта 1мм жолды импульс 0,002 секундта өтеді.
Қозудың өткізуiн аялдау.Синапстық аялдауның суммациямен анықталады. Жүйке орталық арқылы қозу белгілі бір кідіріспен өтеді.
(орталық синаптикалық кідіріс). Бұл кідіріс 3 себепке негізделген (кідіріс механизмі):
1.Медиаторлардың бөлінуіне уақыт қажет
2. Медиаторлардың синаптикалық саңылауаға шығуына уақыт қажет
3. Постсинаптикалық мембранада ҚПСП деп аталатын жергілікті жауаптың тууына уақыт керек және ҚПСП таралатын ӘП-на ауысуына да уақыт қажет.
Қажудың жоғарылығы.Тежелу процесінің пайда болуымен, сонымен қатар химиялық синапстардың қажудың жоғары болуымен және төменгі тұрақсыздығымен байланысты.
Жүйке орталықтардың қажуы жұмысқа қабілеттіліктің уақытша жойылуы (орталық синапстарда импульс таратылуының бұзылысымен түсіндіріледі
Механизм:
медиатор қорының азаюы
Постсинаптикалық мембрананың медиаторға сезімталдығының төмендеуі
жүйке клеткаларында энергетикалық ресурстардың азаюы
Әсерден кейінгі құбылыс. Қысқа және ұзақ мерзімді әсерден кейінгі құбылыстар болып бөлінеді. Қысқа мерзімді нейронның ұзақ ізді деполяризациясымен түсіндіріледі. Ал ұзақ мерзімді болса нейрон тізбектеріндегі қозудың айналымымен байланысты болып табылады.
Қозу ырғағының трансформациясы. Жүйке орталығы арқылы қозудың өтуі кезіндегі әсер ету потенциалы жиілігінің өзгерісімен жүзеге асады. Бірнеше механизмдері болуы мүмкін. Жүйке орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де жүйке орталығының жұмыс мүшесіне жіберетін эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Афференттік жүйкеге түскен бір стимулға жауап ретінде жүйке орталығы жұмыс мүшесіне қозу импульстарының тобын жібереді. Жүйке орталықтарынан шеткі жұмыс мүшелеріне секундына 50-200 жүйке импульстары түседі. Сезімтал жүйке бойымен жүйке орталығына келген жалғыз стимулды бірнеше импульсқа өзгерте алу
Орталықтар қозғалтқыш талшықтар арқылы бірінен соң жүретін бір қатар импульстарды жібереді