Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері



бет18/20
Дата25.04.2023
өлшемі238,39 Kb.
#86534
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Емтиханға арналған сұрақтар ТФП 2 курс толық

Қозудан кейінгі тежелу.Қозудан кейінгі жүйке орталығының қозғыштығының уақытша төмендеумен сипатталады. Осы қозудың бір механизмі – ұзақ мерзімдегі іздік гиперполяризацияның нәтижесіндегі нейрон қозу табалдырығының уақытша жоғарылауы.
Пессимальды тежелу.Ұзақ әрі қүшті тітіркенуден пайда болады. Механизмдерінің бірі постсинапстық мембрананың медиаторға сезімталдығының төмендеуінен тұрады (рецепторлардың десенситизациясы).
Қайтымды тежелу. Жұлынның мотонейрондарына тән. Жұлыннан шыққаннан кейін мотонейронның аксоны аралық тежеуші нейронды белсендіретін коллатеральды құрайды. Ол өз кезегінде мотонейронды тежейді.
Латеральды тежелу. Қозу көзіне жақын орналасқан жүйке орталықтарына тежелу процесінің таралуын болжайды.
Реципрокты тежелу. Ілесетін тежелу антагонистік бұлшықет топтарының жұмысы негізігде көрсетілген. Бүгілу бұлшық еттерінің қозуы бір мезетте жазылу бұлшық еттерінің тежелуін тудырады немесе керісінше болады.

1. Жұлынның қызметі.


2. Сопақша мидың қызметтері және оның өмірлік орталықтары.
3.Ортаңғы мидың құрылымы мен қызметі.
4. Мишықтың қозғалыс қызметін реттеудегі рөлі және оның зат алмасуды реттеуге қатысуы.
5.Таламустың нейрондық ұйымы және қызметтері.
6. Гипоталамус қызметтері
7. Үлкен ми қыртысының қызметтері

1.Вегетативті жүйке жүйесінің (ВЖЖ) жалпы сипаттамасы. Симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық бөлімдер, олардың қызметтері.


Орталық жүйке жүйесінің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты денелік және вегетативтік деп екіге бөлінеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің морфологиялық ерекшелігі:
- Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерден тұратын вегетативтік жүйке жүйесінің нейрондары орталық жүйке жүйесінің кейбір бөлімдерінде ғана орналасқан.
- Вегетативтік жүйке жүйесі қос нейронды, олардың біреуі ми мен жұлын бөлімдерінде , екіншісі шеткі ганглийлерде орналасқан.
- Вегетативтік жүйке денелік жүйкеден әлдеқайда жіңішке.
- Әрбір ағзада симпатикалық және парасимпатикалық жүйке тарамданған.
ВЖЖ ның физиологиялық ерекшелігі:
- Вегетативтік жүйкелер негізінен эфференттік жүйкелер. Олар қозуды орталықтан шеткі орналасқан ағзаларға жеткізеді.
- ВЖЖ қозу қабілеті денелік жүйке жүйесіне қарағанда әлдеқайда төмен, ал қозу табалбырығы керісінше жоғары.
- ВЖЖ ның талшықтары қозу өте баяу өтеді.
- Вегетативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар - ацетилхолин не адреналин бөлінеді.
Вегетативтік жүйке жүйесі ішкі ағзалар қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер ағзалар қызметіне, әдетте қарама - қарсы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парасимпатикалық жүйке керісінше, оны сиретіп , әлсіретеді. Бірақ бұл мызғымас заңдылық емес: вегетативтік жүйке жүйесінің екі бөлімі әрдайым қарсылас әсер ете бермейді.Симпатикалық жүйке көздің қарашығын кеңейтеді, ал Парасимпатикалық жүйке оны тарылтады.
Метасимпатикалық жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі сияқты вегетативті жүйке жүйесінің бір бөлігі болып табылады.Метасимпатикалық жүйеге висцеральды мүшелердің қабырғаларында орналасқан және айқын қозғалғыштығы бар микроганглийлер кешені (жүрек, несепағарлар, ішек, асқазан) кіреді.
1.Ішкі секреция бездері туралы түсінік. Эндокриндік бездердің түрлері, олардың гормондары.
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемді мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәлімет гуморальдық жолмен ( қан, лимфа, тін аралық сұйықтық) жүреді.
Қызметтердің гуморальды реттелуінде маңызды рольды ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Эндокриндік бездердің сөлін шығаратын өзегі болмайды. Без жасушалары қан және лимфа каппилярларымен өте жиі торланған. Эндокриндік бездердің өзегі бар, ол белгілі бір ағзаға ашылады да өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
Ішкі сөлініс бездеріне - гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады. Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер.
2. Гормондар. Гормондардың жіктелуі
- әрекет ету орны бойынша
- химиялық табиғаты бойынша
- әсері бойынша
- нысана жасушаларға әсер ету механизмі бойынша
(әр топта мысалдар көрсетілсін).
3.Гормондардың қызметтері мен биологиялық қасиеттері.
4.Гормондардың әсер ету механизмдері.
5.Гипоталамо-гипофизарлық жүйелерінің маңыздылығы
Ішкі сөлініс бездері жасап шығаратын заттар - гормон деген атауға ие. Гормон арқылы зат алмасу , өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді.
Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық тіндер мен ағзаларға және бүкіл денеге әсер ете алады:
1) метаболизмдік - зат алмасу үрдістерінің әртүрлі жағдайларына, жиілігіне әсері;
2) морфогенетикалық - конформациялық құрылымдық үрдістерде ажырату әсері ;
3) кинетикалық - қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторларға әсер етеді;
4) түзетуші - тіндер мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері ;
Гормондардың құрылымы салыстырмалы күрделі келеді және жеке бөліктері әртүрлі қызмет атқарады. Актондар - гормонның жасушаға арнайы әсерін қамтамасыз ететін бөлігі; гаптомерлер - гормонның әсер ету жерін, нысана жасушаларын іздейтін бөлік. Гормон құрылымының үшінші бөлігі белсенділік дәрежесін реттейді.
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. Гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды жолмен байланысады.

1.Қалқанша безінің гормондарының жалпы сипаттамасы.


Адамның және жоғары сатыдағы омыртқалылардың қалқанша безі 4 түрлі гормон бөліп шығарады— тироксин( тетрайодтиронин), трийодтиронин және тирокальцитонин, катокальцин.
Қалқанша безі тіні эпителий жасушалары— құрамында йод бар гармондар түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин. Гормондар тек бос қалпында ғана әсер етеді. Трийодтирониннің белсенділігі тироксиннің белсенділігінен 6-10 есе жоғары. Тироксиннің және трийодтирониннің энергия алмасуына тигізетін әсері, олардың “калоригендік” — жылу өндіру ықпалынан өте жақсы көрінеді. Т3 және Т4 әсері сонымен қатар мынандай: жасуша ішіндегі және сыртындағы орталардағы электролиттердің мөлшер айырмасының сақталып тұруына көмектеседі; тіндердің катехоламиндерге сезгіштігін жоғарылатады; адреналин және норадреналиннің гликогенолиздік және гпирегликемиялық әсерін күшейтеді; ең маңыздысы даму және өсуге әсері. Әсіресе бұл төлдерде жақсы байқалады. Мысалы: бақаның итбалығы йодсыз бақаға айнала алмайды. Бұл Т3 және Т4 тің ағзадағы өсуге деген ықпалын байқатады.
Қалқанша безінің үшінші гормоны- тирокальцитонин. Бұл гормонды денеде қальций сақтайтын гормон деп атайды. Оның кальций және фосыор гомоестазын реттеудегі маңызы мол. Себебі ол қан плазмасында қальций және фосфор иондарының деңгейін төмендетеді. Бұл гормондар үшін бүйрек және сүйек тіндері жасуша-нысана болады.

2. Қалқанша безінің гормондары, олардың кальций мен фосфор гомеостазын реттеудегі рөлі


Сүйекте кальцитонин сүйек тіндерінен кальцийдің шығуын әлсіретіп, сүйек тінін бұзатын жасушалар- остеокластар қызметін тежеп, сүйек тінін түзетін жасушалар остеобластар қызметін белсендіреді.
Сол сияқты сүйек құрамындағы фосфор қышқылы тұздарының деңгейін төмендетеді. Тирокальцитонин несеп құрамымен кальций , натрий , фосфаттар шығарылуын күшейтеді. Бұл гормон фосфор кальций алмасуына , қалқансерік безі гормоны - паратгормонға қарсы әсер етеді . Тирокальцитонинның бөлінуі қандағы кальций деңгейіне байланысты , аталған гормонның қанға түсуін гиперкальциемия ( кальцийдің көп болуы ) жоғарылатады , ал гипокальциемия ( кальцийдің аз болуы ) төмендетеді.
3. Қалқанша маңы безінің гормондары, олардың кальций мен фосфор гомеостазын реттеудегі рөлі.
Кальцийді реттеуші гормондарға паратгормон жатады. Және фосфордың алмасуына да әсер етеді. Паратгормон үшін нысана болатын ағзалар , сүйек тіні , бүйрек және ішектер . Осы ағзалар арқылы паратгормонның қандағы кальцийдің қалыпты мөлшерінің сақталуы іске асады. Қандағы Са деңгейінің өзгеруі паратгормонның жасалып бөлінуінің негізгі реттеушісі болады : гипокальциемия гормонның бөлінуіне әсерін тигізеді , ал гиперкальциемия оны тежейді . Паратгормонның әсер ету тетіктері әлі толығымен анықталмаған. Паратгормон сүйекте сақталған кальцийді қанға шығарады, сондықтан қанға осы гормонды қосымша енгізу немесе оның қалқансерік безінен шамадан артық бөлінуі гиперкальциемияға әкеледі. Паратгормон остеобластар— құрылыс үрдістерін қамтамасыз ететін жасушалар қызметін тежейді. Бүйректе паратгормон фосфаттардың кері сіңуін төмендетеді де, ал кальцийдің кері сіңуін жоғарылатады. Паратгормонның несеп арқылы Na, Ca иондарының, фосфаттардың шығуына көмектесетіні анықталған. Паратгормонның әсерін іске асыруда, кальцийдің ішек арқылы сіңуінің күшеюінің маңызы зор.

4. Ұйқы безінің эндокриндік қызметі және оны реттеу.


Қарынасты безі немесе ұйқы безі — аралас сөлініс безге жатады.
Ұйқы безінің эндокринді бөлігін панкреаттық (лангерганс) аралшықтары құрайды. Олардың пішіні дөңгелек немесе сопақша болып, әр түрлі без бөлікшелерінде орын тебеді. Аралшық жасушалары А, В, Д, Д және РР болып бірнеше түрге бөлінеді. Ең көп кездесетін В-жасушалар инсулин гормонын түзіп, қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны гликогенге айналдырады. А-жасушалар түзетін глюкагон гормоны, керісінше, гликогенді глюкозаға айналдырып, оны қанға өткізеді. Д- жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Бұл жасушалардың гормоны А- жасушалар гормондарының түзілуін тежейді. Д- жасушалар қан қысымын төмендететін, ұйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтетін гормон бөледі. РР-жасушалар гормоны қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің түзілуін реттейді.

6. Бүйрек үсті безінің қыртысты затының гормондары, олардың зат алмасуды және дене қызметтерін реттеудегі рөлі.


Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтардан тұрады. Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 ке бөлінеді:
Глюкокортикостероидтар
Минералокортикостероидтар
Андрокортикостероидтар

— Глюкокортикостероидтардың физиологиялық әсері.


ГКС зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді, әсіресе катаболизмдік ( диссимиляция ) үрдістерді күшейтеді. Мұндай жағдайда терінің, бауырдың, еттің , майдың , дәнекер және лимфа тіндерінің жа сушалары нысана- жасуша ретінде болады. Тіндерде ГКС- дың әсерінен бірқатар ферменттердің (трансаминаза , оксидаза, гидролаза т.б.) белсенділігі күшейеді.

— Минералокортикоидтардың физиологиялық әсері.


МКС - дың негізгі физиологиялық әсеріне су мен тұздардың алмасуына ықпалы жатады. Бұл бүйрек тінінде, тер және сілекей бездеріне, асқорыту жолының шырышты қабатындағы жасушаларға әсер ету арқылы іске асады. Бүйректегі түтікшелердің аппаратының ұшқары бөлімінде натрийдің кері сіңуін альдостеронның арттыруы іс жүзінде дәлелденді. Бұған қоса альдостеронның әсерінен калий, сутек , аммоний организмнен шығарылтады.

— Андрокортикостероидтардың физиологиялық әсері.


Жыныс гормондарына қарағанда бұлар анағұрлым әлсіздеу келеді . Де генмен бұлар жыныс бездерінде түзілетін гормондар тәрізді әсер етеді . Бұлардың маңызы әсіресе балалық , кәрілік шақта зор болады . Адам қартайып , жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрекүсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші ағза болып қалады .

7. Бүйрек үсті безінің милы затының қызметі.


Бүйрекүсті безінің милы қабатында негізгі 2 гармон бар. Олар - адреналин жəне ноадреналин. Адреналин негізінен организмде көмірсулардың алмасуына жəне біршама ғана липидтердің алмасуына əсер етеді. Адреналиннен ноадреналиннің айырмасы - ол зат алмасуына айтарлықтай əсер ете алмайды. Адреналин қан қысымын жоғарылатады; бауырдағы гликоген мөлшерін азайтады; қан ұюын тездетеді; жүректің жиырылу ырғағын тездетеді. Қан қүрамында глюкоза концентрациясы төмендеген кезде жəне жүйке қозған кезде, кенеттен күтпеген ауыр жағдай болған кезде адреналин секрециясы артады. Стресс жағдайы кезінде гликоген ыдырауының күшейетіні байқалады, қан құрамында глюкоза мөлшері кенеттен көбейеді де, ол зəрмен бірге бөлініп шыға бастайды.

Бүйрекүсті бездерінің милы қабатының гормондарының физиологиялық әсері . Катехоламиндердің организмге әсері өте көп және жан - жақты.


1. Адреналин жүрек - қантамырлар жүйесіне өте күшті әсер етеді.
2. Ішектің бірыңғай салалы еттеріне әсер етеді. Оның тонусын төмендетіп қозғалысын тежейді.
3. Бронхының бірыңғай салалы еттерін босаңсытады.
4. Көздің қарашығын үлкейтеді.
5. Жүкті әйелдің жатырының бірыңғай салалы еттерінің жиырылу ына әсер етеді.
6. Тері түктерінің қапшықтарының етін жиырады, сондықтан адам ның эмоция кезінде төбе “ шашы тік тұрады ”.
7. Көмірсулардың алмасуына әсер етеді.
8. Бауыр еттеріндегі гликогенолизді күшейтіп, гипергликемия мен Глюкозурияны тудырады;
9. Майдың алмасуына әсер етеді. Ол липолизді күшейтіп липоге незді басады, майдың тотығуын күшейтеді. Мұның бәрі күшті тітіркендіргіштің әсері кезінде организмнің энергиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағытталған.

1. Қан жүйесі туралы түсінік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет