Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері


Жұлында 20 – 30 минуттан соң туындайды



бет14/20
Дата25.04.2023
өлшемі238,39 Kb.
#86534
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Жұлында 20 – 30 минуттан соң туындайды.
Гипотермиялық жағдайда бұл уақыт ұзарады, бұл нейрохирургияда қолданылады
Жүйке орталықтарындағы суммация.Уақыт бойынша суммация және кеңістік суммация болып бөлінеді.
Уақыт бойынша суммация бір синапс шегінде ғана жүруі мүмкін. Оның негізінде қоздыратын постсинапстық потенциал (ҚПСП) немесе тежейтін постсинапстық потенциалдардың (ТПСП) жиынтығы жатыр. Тек қозу немесе тек тежеу ғана суммацияланады.
Кеңістік суммациясы бірнеше синапстардың қоздыратын постсинапстық және тежейтін постсинапстық потенциалдардың жиынтығынан құралады. Қозу, тежелу және қозу мен тежелу де бірге суммациялануы мүмкін.

3. Жүйке орталығында қозудың жинақталу түрлері мен механизмдері


Жүйке орталықтарында қозудың жиынтығы болуы мүмкін.
Қосылымның екі негізгі әдісін бөліп көрсетуге болады: уақытша және кеңістіктік. Уақытша жинақтау кезінде қозудың бірнеше импульстері бір синапс арқылы нейронға келеді, жиынтықталады және онда әрекет ету әлеуетін генерациялайды, ал кеңістіктік жинақтау импульстер бір нейронға әртүрлі синапстер арқылы келіп түскен жағдайда көрінеді.
Оларда қозу ырғағының өзгеруі жүреді, яғни оған келетін импульстер санымен салыстырғанда жүйке орталығынан шығатын қозу импульстерінің санының азаюы немесе ұлғаюы.

4. ОЖЖ координациялық әрекеттірінің қағидалары: жалпы соңғы жол, иррадиация, концентрация, доминанта, жеңілдеу (жол салу), окклюзия, посттетаникалық потенциация, индукция, реципрокты (түйісу) иннервация, кері байланыс, субординация.


ОЖЖ-ң координациялық қызметінің принциптері
1. Жүйке орталықтарында қозудың конвергенциясы.
2. «Жалпы соңғы жол» принципі.
3. Доминанта принципі.
4. Қозудың дивергенциясы және иррадиациясы.
5. Жеңілдету (жол салу).
6. Окклюзия.
7. Посттетаникалық потенциациясы.
8. Реттілік индукция құбылысы.
9. Реципрокті иннервация принципі.
10. Кері байланыс принципі.
11. Субординация принципі .
12. Тізбекті және ырғақты рефлекстер.
ОЖЖ жұмыс қызмет етудiң үйлестiретiн ұстанымдары
Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде ағзаның қызметтерінің үйлестірілуі дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген. Координацияның жалпы заңдылықтары немесе принциптері айқындалған.
Координация бір орталықтарды қоздыра отырып, келесі біреуін тежелуін таңдаулы түрде қамтамасыз етеді.
Координация — бұл ОЖЖ - де біріккен рефлекстерін, барлық ағза қызметінің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Координация құбылыстары ОЖЖ барлық бөлімдерінде кездеседі және келесі жүйке орталықтарының қасиеттері негізінде құрылады, олар конвергенция, дивергенция, иррадиация, индукция, доминанта, жеңілдету (жол салу), окклюзия, посттетаникалық потенциация, индукция, реципрокты иннервация (жұптастыру).
Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық жүйке жүйесіндегі бір нейронда әр түрлі жолдармен жүретін импульстар тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Әр түрлі талшықтардағы импульстердің бір нейронда тоғысу кезінде олардың әлсіреуі де (окклюзия), кушеюі де (жеңілдену) мүмкін. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылы бір мезгілде жүйке орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке-жеке тітіркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс. Әр түрлі жүйке жолдары арқылы импульстер 2 не 3 нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады.
Жалпы ақырғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық жүйке жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы (берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар эфференттік және қондарма нейрондардың денелері мен дендриттерінде көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол әр түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады және организмдегі кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы ақырғы жолы бар рефлекстерді одақтастар және онтогонистер деп ажыратады. Біріншілері бірін-бірі қолдайды, күшейтеді, ал екіншілері, керісінше бірін-бірі тежейді, яғни, өзара жалпы ақырғы жол үшін «күреседі».
Жалпы соңғы жол принципінің түрлері
Бірлескен рефлекстер – егер соңғы нейрон деңгейінде өзара әрекеттескен рефлекстер күшейеді
Антагонист рефлекстер – бұл кезде жалпы соңғы жол үшін рефлекстердің конкуренциясы жүреді, белгілі бір рефлекс басқа бір рефлексті тежейді.
Бұл құбылыспен ОЖЖ-гі фундаментальді қызметтік принцип байланысты – ДОМИНАНТА принціпі
Иррадиация принципі. Орталық жүйке жүйесінде қозудың таралуын иррадиация деп атайды. Егер әсер ететін тітіркендіргіш күшті және ұзақ әсер ететін болса, иррадиацияның көрініс беруі де жоғары болады. Бір жүйке орталығында пайда болатын қозу көрші жатқан жүйке орталығына да тарала алады. Бұндай қозу таралуын ондағы нейрондар өсінділерінің толып жатқан тармақтарының және әр түрлі жүйке орталықтарын өзара байланыстырып жатқан аралық нейрондар тізбектерінің болатындығы қамтамасыз етеді.
Иррадиацияның 2 түрі бар
Жүйелік немесе бағытталған, ағзаның бейімдеушілік қызметін қамтамасыз етеді (маңызы бар иррадиация)
Жүйелік емес, диффузды – маңызы жоқ иррадиация
Индукция принципі. Жүйке орталығында қозу тежелуге немесе тежелу қозуға жылдам ауысады, сонымен қатар бір жүйке орталығының қозуына байланысты екінші бір жүйке орталығының қозуы тежеледі немесе бір жүйке орталығы тежелгенде екіншісінің қозуы күшейуі мүмкін. Бұны қозу мен тежелудің индукциясы деп атайды. Қозу мен тежелудің өзара әрекеттесуі өзара индукция құбылысына негізделеді. Егер бір аяқты бүгетін еттермен байланысты жүйке орталығында қозу туғанда, оның жазғыш еттерімен байланысты тежелу туады (теріс индукция), ал екінші аяқты жазғыш еттерімен байланысты орталықта қозу туғанда, бүгуші еттерімен байланысты керісінше, тежелу туған (оң индукция). Антогонистік еттердің жүйке орталықтары бір мезгілде қарама-қарсы күйде болады. Бұл реципроктық иннервация. Реципроктық иннервацияға байланысты туатын тежелуі – реципроктық тежелу деп атайды.
Рефлекстердің реципроктық иннервацияға негізделген бірін-бірі тежеуін бірмезгілді теріс индукция деп те атайды.
Рефлекторлық әрекеттердің үйлестіру механизмінде жүйке орталығы күйінің контрасты өзгерістерінің де маңызы үлкен. Мәселен, жүйке орталығын тежеуші әсерлер аяқталысымен онда қозу туа алады (бір ізді оң индукция), немесе қозу аяқталысымен тежелу туады (бір ізді теріс индукция).
Доминанта принципі. Бұл принципті А.А.Ухтомский ашты және оны ол жүйке орталықтары жұмысының негізгі принципі деп есептеді. Доминантаның мәнісі – белгілі бір жағдайда белгілі бір жүйке орталықтарындағы қозу басқа жүйке орталықтарындағы қозудан күшті және басым бола алады. Күші басым қозу ошақтары өзінен әлсіз қозу ошақтарына қарағанда доминантты роль атқарады. Мұндай доминанты жүйке орталығы бір жағынан әлсіз қозуларды тежейді, екінші жағынан, өздерін солардың есебінен одан әрі күшейте, тұрақтандыра түседі. Осыған орай орындалатын рефлекторлық реакциялар үйлесімді, белгілі бір мақсатқа, пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттер іске асады. Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері: 1) жоғарғы қозғыштық; 2) қозудың тұрақтылығы; 3) қозуды жинақтай алуы; 4) қозуды тудыратын әсер тоқтағаннан кейін де ұзақ сақталуы.
Кері байланыс принципі. Кері байланыстар үрдістерінің маңызына айрықша мән бергендерінің бірі Н.А.Бернштейн болды. Ол физиологиялық үрдістердің өздігінен реттелу механизмдерін зерттеу барысында, рефректорлық реакциялар орындалу үшін «рефректорлық шеңбер» керек, ал бұл «шеңбердің» маңызы звеноларының бірі «кері байланыстар» деп есептеледі. Кері байланыс рефлекторлық реакцияны бағалауға, қателік кетсе әр уақыт үзіндісінде түзету ендіруге мүмкіндік береді.
Окклюзия-Афферентті талшықтардың екі тобын бір мезгілде тітірткендіру барысында, әрқайсы бұлшықеттің күшті рефлекторлық жиырылуының әсерінен эффект тудырады, осы рефлекстердің, бөлек алғанда, өз көлемі бойынша арифметикалық жинақтарының көлемінен кем болып табылады.
Жол салу
Әрбір бастапқы импульс жүйке орталықтардың қозғыштығын жоғарлатып, келесі тітіркендіргішке жауапты жоғарлатады
Жол салу түсінікті 1882 жылы неміс физиолог З. Экснер еңгізген
И.П. Павлов жол салудың шартты рефлекстердің пайда болуына қатысты екенің айтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет