1. Қаңқа және тегіс бұлшықеттердің қызметі. БҰЛШЫҚЕТТЕРДІҢ ЖИЫРЫЛУЫ
Адам мен омыртқалы жануарларда кездесетін ет тiнi құрылымына қарай көлденең жолақты қанқа етi, көлденең жолақты жүрек етi және бірыңғай салалы ет болып үшке бөлiнедi.
Көлденең жолақты еттер катарына қаңқа еттері тіл, көз, жұтқыншақ, көмей, өңештің жоғарғы бөлiгiндегi еттер жатады. Қанқа еттерінің қызметі ми қыртысымен тығыз байланысты, сондықтан олар адам денесiнде ерiктi қимыл - әрекеттерді камтамасыз етедi.
Бiрыңғай салалы бұлшыкеттiң де адам (жануар) үшiн маңызы өте зор. Ол теріде, ағзалардын, сөл мен несеп түтiктерiнiң, қан және лимфа тамырларының, өкпе, кеңiрдек, жыныс ағзаларының кабырғаларына орналаскан. Бұл ет аталған қуысты ағзалар мен түтіктерді кеңейтіп тарылтадыда бүкіл iшкi ағзалар қызметiне әсер етеді.
2. Бұлшықеттердің физиологиялық қасиеттері. Бұлшықет қозғыш тiндердiң бірi, демек, басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер - қозғыштық, қозуды өткiзу бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшыкеттiң ерекше касиеті жиырылу.
Ет тінінің қозғыштық дәрежесi қозу табалдырығы арқылы анықталды. Көлденең жолақты қанқа етi жүрек етiне қарағанда қозғыштау келеді, яғни оның қозу табалдырығы әлдеқайда төмен болады. асы бул кеттин козгыштык дарежесi журек болды еткен де темен , демек , ол булшыкеттiн тiтiркендiру табалдырыгы борiнек дарды .
Ет талшықтарының қозуды өткiзу шапшаңдығы сомалық жүйке талшықтарынікінен көп төмен. Қозу ет талшығы сарколеммасын бойлай әртүрлi жылдамдықпен, атап айтқанда: қаңқа етiнде секундiне 3,5-14 м, жүрек етінде 0,9-1 м, ал бiрыңғай салалы етте 0,5 мм-ден 5-10 см-дей жылдамдықпен тарайды.
Eт тiні созылғыш (серпімді) келедi. Оның созылғыштығы резеңкеге қарағанда шүбәсіз, яғни босатқанда ет талшығының ұзындығы тура бастапқы созбай тұрғандағы қалпына келеді.
Бұлшықеттің негізгі кызметі және физиологиялык касиеті - жиырылып жазылу. Жиырылу белгiлі тiтiркендiргiш әсеріне берілетін жауап, яғни ет ұзындығының қысқарып қатаюы (тонусының жоғарылayы).
Жүрек етi мен кейбiр бiрыңғай салалы, яғни ішек, лимфа тамыры қабырғаларындағы қасиетi де бар. Қанқа етiнiң мұндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесiнiң әсерінсіз жиырылмайды. Қанқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен, оның iшiнде ми қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек етi мен бiрыңғай салалы еттi адам (жануар) өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып жазылуын және автоматиялық қасиетін вегетативтiк жүйке жүйесi реттейді. Ет пен жүйке байланысы бұзылса немесе түрлі себептермен ет ұзак уақыт жиырылмаса, ет талшықтары құрылымы өзгерiп, семiп калады (атрофия). Ал керiсiнше еттi арнайы әдістермен әдейi шынықтырса, жеке ет талшықтары үлкейiп, бұлшықеттiң көлемi ұлғаяды (гипертрофия) болады.
Тәжірибе жүзiнде еттi тiкелей өзiне не жүйке аркылы әсер ете отырып қоздыруға болады. Бұлшықеттiң жиырылуы оның сырттан келiп түскен тiтiркенiске жауабы. Бiр эфференттiк жүйке тармақталып көптеген ет талшықтарымен түйiсiп соншама мионервальдық түйіспе құрады. Бұл бұлшықеттiң қозғалтқыш бірлігі (моторлық бiрлiк) боп саналады. Қозғалтқыш бiрлiгiндегi ет талшықтарының жалпы саны 3-6-дан 2000-га дейiн жетедi. Мысалы, саусақ бүгетін бұлшықеттiң қозғалтқыш бірлігiнде 10-25, дене мен қол етiнде 500, балтыр етiнде 2000 ет талшығы болады. Қозғалтқыш бiрлiгiндегi ет талшықтары жүйке талшығынан келген серпініске түгелдей бір мезгілде жиырылады. Жылықандыларда тез және баяу жиырылатын моторлық бiрлiктер болды. Тез жиырылатын еттер ақ еттерде, ал баяу жиырылатындар қызыл еттерде кездеседі.