Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері


Жүйке талшықтарының түрлері, олардың құрылымы мен физиологиялық қасиеттері



бет5/20
Дата25.04.2023
өлшемі238,39 Kb.
#86534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Емтиханға арналған сұрақтар ТФП 2 курс толық

4. Жүйке талшықтарының түрлері, олардың құрылымы мен физиологиялық қасиеттері.
Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттерінің бңрң оның қозғыштығы, екіншісі - қозуды өткізу. Қозғыштық (тітіркендіруге жауап ретінде қозу үрдісінің пайда болуы) қозғыш тіндерінің бәріне тән қасиет. Олар қозу үрдісін жасушалық мембрананың бойымен жылжытады. Қозуды өткізу жүйке үшін тек физиологиялық қасиеті ғана емес, оның орындайтын негізгі қызметі.
Жүйкелердің қозуды өткізу механизмі мен ерекшеліктері олардың құрылысына байланысты. Жүйке талшықтары миелинді (майлы қабықты) және миелинсіз (майлы қабықсыз) болып екіге бөлінеді. Сезгіш, қозғалтқыш жүйкелердің көбі миелинді талшықтардан тұрады, ал вегатативтік ганглийден кейінгі (постганглилік) талшықтардың көбі миелинсіз болады. Әр жүйке талшығы цилиндр тәрiздi бiлiктен тұрады. Бiлiктiң сыртын мембрана - аксолемма каптаған, ал оның iшi аксоплазмаға толған. Аксоплазмада ұзынна бойы жіпшелер жарыса орналасқан өте жiңiшке, диаметрi 10-40 нм нейрофибрилдер мен микротүтіктер бар. Олардың арасында көптеген митохондрийлер мен микросомдар болады. Миелиндi жүйке талшыктарының бiлiгiн сыртынан майлы қабық бiрнеше рет орайды (Шван жасушасы). Миелиндi қабық жүйке талшығын тұтас жаппайды. Ол әрбiр бiр мкм сайын үзiлiп отырады. Қабықтың үзілген жерi Ранвье үзілісі деп аталады. Екi үзiлiсiнiң аралығындағы миелин қабығының ұзындығы жүйке талшығының жуандығына (диаметрiне) сәйкес болады. Жуан жүйке талшықтарында Ранвье үзiлiсi бірінен бірі алшағырақ орналасады. Талшықтың жуандығы 10-20 мкм болса, екi Ранвье үзiлiсiнiң арасы 1-2 мм-дей. Миелинсiз жүйке талшығы тек бiр кабат Шван жасушаларымен жабылған.
Қозу үрдiсiнiң жүйке талшығы бойымен жылжуы, яғни серпiнiстiң өтуi аксолемманың қызметі. Майлы қабық изолятор рөлін атқарады, оның электрлiк кедергiсi жоғары. Сондықтан жүйке талшығын миелин кабығы тұсынан микроэлектродтар арқылы тiтiркендiрсе ол қозбайды. Қозу үрдісі тек Ранвье үзiлiсiнде ғана пайда болады. Миелин қабығы жүйке талшығында зат алмасуын реттейдi және бiлiктiң өсуi мен қоректену (трофикасы) де осы миелин қабығының қызметi. Нейрофибрилдер түрлі заттарды: белок, медиатор, органеллаларды нейрон денесiнен жүйке талшығының ұшына дейiн және кері нейронға қарай тасымалдайды. Бұл заттар нейрофибрилдер мен микротүтіктер бойымен жылжиды. Бір тәулiктiң iшiнде жуандығы орташа жүйке талышығының бойымен мыңдаған митохондрий жылжиды. Осы тасымалдау жұмысын орындау үшiн АҮФ қышқылы энергиясы жұмсалады. Энергияны қолдану үшiн аксоплазмада Са2+ ноны жеткiлiктi болу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет