2.2. Тұлғалық даму үдерісі — «Өзін-өзі тану» курсының негізгі ұғымдарының бірі
Өзін-өзі тану тек «Мен» бейнесінің қалыптасуы ғана емес, осы үдеріспен тығыз байланысты тұлғалық өсу үдерісінің де нәтижесі болып табылады [47]. Тұлғалық өсудің басты психологиялық мәні - еркіндік алу, өзін және өзінің өмір жолын табу. Ал түлғаның өзінің ішкі дүниесімен байланысуы жалпы алғанда сыртқы дүниемен араласуынан кем соқпайды. Сонымен қатар адам үшін оның (адамның ) ішкі элемін басқа адамдардың мойындауы мен құрметтеуі негізінен алғанда маңызды болып табылады. Тұлғалық өсудің адам тұлғасына қатысты шартты түрде ішкі және сыртқы деп атауға болатын бірнеше өлшемі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |