«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет14/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
з¦н з¦ тану

Мен

тұжырымдама

Нақтылы мен

Мен

бейнесі

Адамның өзі шын мәнінде қандай екендігі туралы түсінігі

Адамның өзін айналасындағылардың қалай қабылдайтыны жөніндегі түсінігі

Идеалды Мен

ӘлеуметтікМен

Адамның шын мәнінде қандай болғысы келетіндігі туралы түсінігі

Қоғам мүшесі ретіндегі адамның ойнайтын рөлдері (студент, қызметкер баласы т.б.)


1-сурет. «мен» тұжымдамасының құрылымы.

Өзін-өзі танудың нәтижесі Мен бейнесі болып табылады. Мен бейнесі бірден пайда болмайды, алдымен өзі туралы түсінік қалыптасады. Жүйелі өзін-өзі танудың барысында бүл жеке түсініктер түтастай бейнеге жиналып, болашақта тұтастай қүрылым ретінде, яғни Мен - тұжырымдамасы ретінде қызмет етеді.

Адамның «Мен» түжырымдамасының негізі балалық шақта қалыптасады. Мектепке дейінгі жастың негізгі іс-әрекеті болып табылатын ойын үдерісінде бала түрлі әлеуметтік рөлге қатысып, өз эрекеттерін ережелерге бағындыруды үйренеді. Бұл бала сана-сезімінде оның Мен бейнесін екі бағытта: нақтылы - Мен және идеалды - Менді ажыратуға мүмкіндік береді. Мектеп жасына дейінгі балада өзін-өзі пара-пар бағалауға қабілет пайда болады. Оның негізінде бала әрекетін үлкеннің бағалауы жатады.

Зерттеушілердің көпшілігі өзін-өзі танудың даму генезисінің жолдарының бірі қарым-қатынас деп біледі. М.И. Лисинаның пікіріне сэйкес, қарым-қатынас - бұл екі (немесе одан да көп) адамның келісімге және өздерінің күштерін қатынасты реттеу мен ортақ нәтижеге жету мақсатына біріктіруге бағытталған өзара ықпалы.

Бала жас кезінен бастап өзін «Мен» есімдігімен емес, өзінің есімі бойынша, ягни өзгелердің өзіне қалай назар аудара-тындығына байланысты атайды. Бала өзін өзгелердің түжырымдары бойынша бағалайды. Оқушының өзін-өзі бағалауы -ол жақсы немесе жаман болсын - оқытушылардың жэне қүрдастарының оны қалай бағалайтындығымен аныкталады. Баланың өзін-өзі түсінуінде референт тобына (отбасы, ұжым, формальды емес топ т.б.) кіретін адамдармен қатар ол үшін аса маңызды саналатын түлғалардың пікірі шешуші рөл атқарады.

Өзін-өзі бағалау — тек өзін-өзі тану емес, сонымен қатар өзіне деген көзқарас, атап айтқанда: өзінің қасиеттеріне, күйіне, мүмкіншілігіне, физикалық және рухани күйіне деген көзкарас. Ол адамның өз алдына қойған міндеттерді шешуде құштарлық деңгейін анықтаудың негізі болып табылады. Психолог У. Джемс өзін-өзі сыйлаудың деңгейін анықтайтын қарапайым формула үсынды: өзін-өзі сыйлау = табыс/қүштарлық.

Бұл формулаға сәйкес талаптану жоғары болған сайын адам өзін сенімді сезінетіндей табыс та жоғары болуы керек. Өзін-өзі сыйлау тек талап пен табыстың ара қатынасымен анықталмайды. Онда тек өзінің жеке табыстары ғана емес, сонымен қатар тұтастай алынған әлеуметтік жағдаят та ескеріледі [41].

Қалыпты жағдайда адам өзінің барлық әрекеттерін, сезімдері мен ойларын өзіндік санаға, психикалық аппарат дамуының иерархиялық шыңы болып табылатын «Менін» өзінше бейнелеуге байланысты болады. «Мен» бақылайды, көреді, сезінеді және т.б. Затты бейнелеу «Менге» тиесілі, бірақ бейненің өзі «Мен» болып табылмайды.

Біз объектіні өзімізден тыс өмір сүретін алдымызда тұрған бір нәрсе ретінде танимыз. Өзіміздің оған қатысымызды эмоциялар арқылы сездіріп, білдіреміз. Осыған орай Гегель былай дейді: «Жан өзінің тәндік қасиетін жоққа шығару арқылы таза идеалдық тепе-тендікке дейін көтеріледі, осыдан сана құралады, «Мен» қүралады» [45].

Сөйтіп, өзіндік сана суретінде екі жакты бейнелеу пайда болатын сияқты көрінеді. Сыртқы орта және ондағы адам, яғни өзіндік сана өзіне «сырттай қарау» қабілетіне байланысты. Соның арқасында адамда өзін қоршаған ортадан жэне басқа адамдардан бөлектену мүмкіншілігі пайда болады. «Мен не туралы ойласам да, - деп жазды У. Джемс - мен әрқашанда дэл сол кезенде белгілі бір дәрежеде өзімді өзім, өзімнің жеке тірлігімді сезінемін. Сонымен бірге менің сана-сезімімнің негізінен алғанда екі жақты: бір жағынан, танылушы жэне екінші жағынан, танып білуші бөлшектер тәрізді, ягни объектілік бөлшек және субъектілік бөлшек екендігімді мен өзім сезінем ғой...». Әрине, адам өзін-өзі өз талдауының объектісіне айналдыра отырып, өзіндік «Менін» ажыратып алып, оны басқа объектілер сияқты өзінен жеке объектіге айналдырады.

М.И. Сеченов: «Өзіндік сана-сезім адамға өзінің жеке сана-сезімінің актілеріне сыни көзқараспен қарауға, яғни өзінің ішкі жан дүниесін сыртта болып жатқандардың барлығынан бөліп алып, оны талдауға, сыртқы құбылыстармен салыстыруға, демек, сана-сезімінің актілерін зерттеуге мүмкіндік береді» Адамдардың өз бейнесінің күрделі архитектоникасы бар жэне ол интегралдық сипатқа ие. Онда өзі туралы білім іс-әрекеттің субъектісі мен тұлға ретінде беріледі. Одан жалпы өзін-өзі бағалау туады жэне ол үнемі қызмет аткарады. Өзіндік бейнесінің күрделі қүрылымы оның динамизмі мен тұракты дамуын білдіреді. Бұл жеке тетіктердің, яғни жекелеген актілер мен әрекеттердің құр жиынтығы емес, сапалы қайта құрулар мен барлық бейненің тұтастай сапалы түрде өзгеру үдерісі.


Өз-өзінің бейнесі



Дара іс-әрекет тәжірибесі

Қарым-қатынастар

Үлкендермен

қарым-қатынас



Ағзаның қызметі

Заттық іс-әрекет

Құрдастарымен қарым-қатынас


Өзі- өзінің бейнесін жасаудың факторлары мен алғышарттары
Бейненің қалыптасуы мен дамуын айқындайтын факторлар қандай? Адам өзі жайлы білімді қайдан алады және оған деген түрлі көзқарасын қалай қалыптастырады? Жоғарыда айтылғандай, өз бейнесін құрастырудың екі негізгі көзі бар:

  1. адамның жеке іс-әрекет тэжірибесі;

  2. оның қоршаған ортамен қарым-қатынас тәжірибесі. Қарым -қатынас тәжірибесі өз кезегінде екіге бөлінеді:

а) үлкендермен қарым-қатынас;

б) қатарластарымен қарым-қатынас (2-сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет